2. орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі нормативтік құқықтық актілері


Информатиканы оқыту әдістері мен формалары



бет7/13
Дата10.06.2023
өлшемі134,56 Kb.
#100391
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
иоә

8.Информатиканы оқыту әдістері мен формалары.

"Информатика” курсы бойынша толық оқытудың əдістемелік жүйесін құру курстың оқу пəні болып қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Сондықтан оның құрамдас бөліктерін талдап, негізгі құрылымын анықтап, көрсетпейінше пəннің әрі қарай дамуы мүмкін емес. Оқытудың мазмұны мен құрылымы анықталғанннан кейін, қалған компоненттерді қалыптастыру əрбір оқытушының, зерттеушінің жеке шығармашылығы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.


Іс-əрекет əдісі - бұл қойылған мақсатқа жетуге əкелетін оны жүзеге асыру тəсілі. Тиімді əдісті таңдай отырып, қалаған нəтижеге жетудің ең қысқа сенімді жолын аламыз. Ал оқыту əдісі – білім беру мазмұнын меңгеруді, оқушылардың ақыл-ой əрекеті мен қабілеттерін дамытатын жəне оның құралдарымен өз бетімен білім алу жүйесі деп түсінеміз. Оқыту əдісі
оқыту мақсатын, меңгеру тəсілі мен оқыту субъектілерінің өзара əрекеттесі сипатын көрсетеді .
Мультимедия технологияны қолдану әдістемесі:
1. Оқытуды басқару жүйесін сабақтың әр түрлі кезеңдерінде жетілдіріп отырады. Оқудың мотивациясын күшейтеді:
2. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамытатын оқыту мен тәрбиенің сапасын арттырады, оқушылардың дайындық деңгейін арттырады;
3. Компьютер тек ойын ойнайтын құрылғы емес, басқа да мүмкіндіктері бар екенін көрсетеді.
Мультимедиалық сабақтар оқушыларды жаңа әдіс-тәсілдерімен қызықтырады. Сыныпта мұндай сабақ үстінде оқушылар өз ойын «өз сөзімен» айтатын шынайы қарым-қатынас туады, олар тапсырманы ынтамен орындайды, оқып жатқан материалға қызығушылықпен қарайды, оқушы компьютер алдындағы қорқынышын жоғалтады. Оқушылар информатика пәні бойынша оқулықпен, анықтамалық және басқа әдебиетпен жұмыс істеуді үйренеді. Оқушыларда жоғары нәтиже көрсетуге, қосымша қиын тапсырма алып орындауға қызығушылықтары пайда болады.
Оқыту формалары – мұғалім мен оқушы арасында мақсатты, нақты ұйымдастырылған, мазмұны толыққан және әдістемелі қамтамасыз етілген, танымдық және тәрбиелік қарым-қатынастың өзара әрекеттестік жүйесі. Оқыту формасы мазмұнның, оқыту құралдары және әдістердің мақсатты ұйымдастыру тұтастығы негізінде жүзеге асырылады [23, 316 б.].
В.Г. Крысько [23] оқыту формаларын үш топқа: жоспарлыоқыту (сабақ, дәріс, семинар, үй жұмысы, емтихан және т.б.), жоспардан тыс (бригадалы-зертханалық сабақтар, консультация беру, конференциялар, үйірмелер, экскурсиялар, ілгерілету бағдарламасы бойынша сабақтар) және қосымша (топтық және жеке сабақтар, теңестіру топтары, репетиторлық) деп бөледі.
Қазіргі көптеген басылымдарда жалпы оқу формалары және оқу-тәрбиелік процесті ұйымдастыру формалары болып ажыратылады [6,13,45 және б.].
Жалпы оқу формалары – жаппай, ұжымдық, топтық, жұптық, жеке және оқушылардың ауысымды құрамы деп бөлінеді [45]. Жалпы оқу формалары негізін – оқушылардың өзара және мұғаліммен оқушылар арасындағы ерекше комуникативті әрекеттестіктері құрайды.

Жаппай оқыту формасы – оқушылардың бәрі бір мақсатта, бірыңғай екпінмен бір мазмұнды немесе бірдей әрекеттерді игергенде қолданылады, мұғалімнің бүкіл сыныппен жұмыс жасауы болжанады. Бұл, ауызекі, көрнекі, практикалық әдістерді, сондай-ақ білімді бақылау үрдісінде жүзеге асырғанда қолданылатын, оқуды ұйымдастырудың дәстүрлі түрі, информатика сабағында өз мәнін жойған жоқ.


А.И. Бочкин [3] айтқандай, компьютердің ықпалы мұғалімнің көрсеткенін оқушылардың дереу жаңғыртып орындау мүмкіндігімен айқындалады. Бұл ретте, мұғалім оқушылардың жаппай және жеке жұмыс әрекеттерін ұйымдастыру және бағдарламалық басқаруымен қатар, олардың компьютерлерін сәйкес режімдерге (жаппай немесе жеке әрекеттерін) ауыстырып, сондай-ақ оқушылардың барлық жұмыс орындарында компьютерлік ортаның бірыңғай жағдайын орнатады.
Оқытудың жаппай формасында оқушылардың іс-әрететтері мұғалімнің басқаруымен жүзеге асатыны айқын. Бірақ, әрекеттердің жалпы тәсілдерін игерген сайын, оқушылардың жұмысы да жекелене түсетінін (көмек сұрамайды) айта кету керек.

Ұжымдық оқыту формасының жаппай оқытудан


айырмашылығы, сынып оқушыларының арасында лидері бар қарымқатынас ерекшеліктерімен қалыптасқан жеке ұжым ретінде қарастырылады.

Топтық оқыту формасында – оқушылар әртүрлі негізінде, алуан түрлі мерзімге құралатын топтарда жұмыс жасайды. Бұл компьютерлік техниканы қолданғанда оқытудың әдеттегі түрі, мысалы, жаңа бағдарламалық өнімдерді игергенде, жобалармен жұмыс жасағанда, компьютер тапшы болғанда және т.б. жағдайларда. Топтың ішінде қарқынды ақпарат алмасу пайда болады, сондықтан деңгейі және ынтасы әртүрлі оқушылардан құралған топтарда топтық оқыту түрін қолдану тиімді болады.

Жұптық оқыту – негізгі іс-әрекет тапсырманы өзара талқылап, бірін-бірі оқытып, бірін-бірі бақылап отыратын екі оқушы арасында жүзеге асады [45]. Белгілі бір кезекпен оқушылардың жұптарын ауыстырып оқыту формалары бар, сол арқылы жұптық оқыту түрін ұжымдық оқытумен біріктіруге мүмкіндік береді.

Жеке оқыту формасы – мұғалімнің бір оқушымен ғана жұмыс жасауы (сабаққа қосымша дайындық, тьюторлық жұмыс, кеңес беру және т.б.). Зертханалық жұмыс кезінде сабаққа дайындықсыз келген оқушыларды теориялық материалды қосымша оқыту үшін ЭЕМ-нен алшақтату да кейде пайдалы.


Оқытуды ұйымдастыру түрі – уақытпен шектелген оқыту үрдісінің жеке буынының құрылымы.

Оқытуды ұйымдастыру формасы – бұл тарихи қалыптасқан, өзіне тән жүйелілік пен тұтастық, өздігінен даму, жеке тұлғалық пен әрекеттілік сипатты бар, қатысушылардың құрамы тұрақты, сабақты өткізудің белгілі бір тәртібі бар, орнықты және логикалы аяқтаған педагогикалық үрдістің ұйымдастырылуы [6].


ЭЕМ жекелеп оқыту формасын қайтадан жаңғыртты. Педагогикалық бағдарламаларды және мультимедиа курстарының таралымын көбейту мен Интернет ресурсын пайдалану арқылы оқытудың жаппай формаларының мына: ең үздік мұғалімдерден сабақ алу, ақпараттың әртүрлі көздерін пайдалану артықшылықтары сақталады. Компьютер жаппай және жеке оқыту арасындағы қайшылықты жояды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет