2. орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі нормативтік құқықтық актілері



бет1/13
Дата10.06.2023
өлшемі134,56 Kb.
#100391
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
иоә


2.орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі нормативтік құқықтық актілері
Орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етудің негізгі нормативтік құқықтық актілері бекітілді. 
2021-2022 оқу жылында білім беру үйымдары білім беру процесін ұйымдастыру кезінде "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа алуы және оқу-тәрбие процесін төмендегі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асыруы тиіс.
1. "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" ҚРБҒМ 2018жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығы (өзгерістермен және толықтырулармен 2020 жылғы 28 тамыздағы №372бұйрық)
2. "Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы" ҚРБҒМ 2020жылғы 13 тамыздағы №345 бұйрығы.
3. "Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" ҚРБҒМ 2017жылғы 14 ақпандағы 66 бұйрығы.
4. "қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудң 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы" әдістемелік нұсқау хаты.


3.«Информатиканы оқыту әдістемесі» пәні педагогикалық ғылым ретінде. ИОӘ-нің басқа пәндерді оқыту әдістемесімен байланысы. Информатиканы оқыту әдістемесінің кейбір ерекшеліктері
Информатиканы оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым ретінде
Жалпы білім беретін орта мектепте «Информатика және есептеуіш техника негіздері» курсының енгізілуімен қатар педагогика ғылымының жаңа саласы – информатиканы оқыту әдістемесі (ИОӘ) қалыптаса бастады.
«Информатиканы оқыту әдістемесі» пәнінің зерттейтін нысаны информатиканы оқыту болып табылады. Ғылыми мамандықтардың ресми жіктелуі бойынша, қоғам талабына сәйкес, қазіргі даму кезіндегі информатиканы оқу заңдылықтарын зерттейтін, педагогиканың бұл бөлімі «Информатиканы
оқытудың теориясы мен әдістемесі» деген жаңа атауға ие болды. Әйтсе де қалыптасқан, «Информатиканы оқыту әдістемесі» атауы оқулықтарда, нормативті құжаттарда әлі де қоланылылуда.
Информатиканы оқыту әдістемесі жас ғылым болғанымен, негізсіз қалыптаспаған. Жеке ғылыми пән
бола тұра, қалыптасу кезеңінде басқа ғылымдардан білім жинақтап, өз дамуында осы білімдерден алынған нәтижелерге сүйенеді. Ол ғылымдар – философия, педагогика, психология, жас ерекшелік
физиологиясы, информатика, сондай-ақ орта мектептің басқа да жалпы білім беру пәндерінің жалпыланған практикалық тәжірибесін атауға болады


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет