2. Пациентті оқыту кезеңдері этаптары Пациетті оқыту мақсаты


Оқыту жоспары нәтижелі болуы үшін келесі әдістерді қолдануға болады



бет4/5
Дата03.05.2023
өлшемі18 Kb.
#89296
1   2   3   4   5
Оқыту жоспары нәтижелі болуы үшін келесі әдістерді қолдануға болады:
· демонстрация –мейірбике пациентке өзіне күтім жасау дағдыларын көрсетеді( тіс пастасвн пайдалану,балдақты қолдану ,АҚҚ өлшеу және т.б); әрбір дағдыны нақты қайталап көрсету- оқыту жоспарының мақсатына жету барысындағы ең маңыздысы болмақ;
· кеңес беру –мейірбике пациенттің әр этапты қалай орындап жатқанын сырттай бақылайды және пациентке қиын болған іс-машықтар кезінде кеңес беріп отырады.
· Рольдік ойын –өте тиімді оқыту түрі, әсіресе әлеуметтік дағды кезінде; бұл тәсілде пациенттің үй жағдайында өз – өзіне күтім жасай алмау қажеттілігі мен мүмкіншіліктері анықталады және жаңа дағдылар пайда болады( әңгіме жүргізе білу, нақты ортада өзін сенімді ұстау), өз – өзін танып білу деңгейі өседі, қиындықтарды шешудің жаңа жоы пайда болады.
 
5. Оқыту нәтижелерін бағалау. Жоспарды жүзеге асырғаннан кейін оның нәтижелерін зерделейді.
Оқыту нәтижелерін бағалау төмендегідей болуы мүмкін:
· Пациент ақпаратты жақсы қабылдады және тиімді дағдыларды игерді(ақпараттың маңыздылығын және мағынасын түсінеді, мейірбике көмегінсіз дағдыларды орындай алады);
· Пациент ақпаратты және дағдыларды толық меңгерген жоқ(көрсеткіштерді шатастырады,жауаптары мен іс – әрекеттерінде сенімсіз);
· Пациент ақпаратты меңгере алмады немесе дағдылары дамыған жоқ.
Соңғы жағдайда мейірбике оқыту жоспарын дұрыс құрмаған, пациенттің күйін және оның қызығушылықтарын ескермаген , дұрыс мақсат қоя алмаған немесе орындалмайтын ,мүмкін емес оқу жоспарын құрған. Оқыту жоспарын толық қайта қарап шығу қажет. Қандай жағдай болмасын, мейірбике пациентке оқу жоспарының нәтижесін айту керек, себебі пациент алға қойылған тапсырмаларды қаншалықты сәтті орындағаны жайлы білуі қажет. Өз кезегінде пациент өзін қалай бағалайтыны да маңызды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет