2. Петициялық қозғалыстың басталуы Қарқаралы петициясы


Сайлау жүйесін қайта құру жөніндегі ұсыныстар



бет3/6
Дата27.10.2022
өлшемі42,14 Kb.
#45865
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
жарас

Сайлау жүйесін қайта құру жөніндегі ұсыныстар


Жоғары билік органдарына жолданған петицияларда болыстарды, ауыл старшындарын және олардың хатшыларын тек сауатты қазақтардан ғана тағайындау ұсынылды. Бұл қызметтеріне кірісер кезде олардың бәрі де ант қабылдап, ешқашан қызмет бабын пайдаланып, халыққа қиянат жасамауға уәде етуге тиісті болды. Шаруа бастықтарының орнына бітістіруші судьялар қызметін енгізу талап етілді. Петиция авторларының пікірі бойынша, бұл қызметке жеткілікті дәрежеде сауаты мен білімі бар қазақтар тағайындалуы тиіс еді. Сайлау науқаны кезінде мүдделі топтардың арасындағы күрес пен алауыздықты болдырмау мақсатымен де кейбір шаралар ұсынылды. Біріншіден, шектен тыс әділетсіздігі, немесе өзіне қолайлы белгілі бір кандидаттың сайлануына мүдделі екені белгілі болған әкімшілік өкілдері қызметінен аластатылуы тиіс делінді. Екіншіден, әкімшіліктің ондай аласталған өкілдері уездің мүлде өзге болыстарынан шақырылған адамдармен алмастырылуы тиіс болды. Үшіншіден, өздерінің жағымсыз қылықтары әшкереленген адамдарды жаңа сайлауға жібермеу талап етілді. Сондай-ақ қазақ халқы өкілдерінің Ресей империясынын заң шығарушы ең жоғары органы Мемлекеттік Думаға сайлануы да талап етіп қойылды.
Осылардың барлығына ортақ қасиет, ортақ ерекшелік олардың қазақ қауымының саяси сұраныстарына мүмкіндігінше толық жауап беруге атсалысуы еді.
Қазақстанға саяси-азаттық қозғалыстардың алғашқы ұрығын жер аударылып келген орыс революционерлері – социал-демократтар әкелді. Олар тыйым салынған әдебиеттерді,үкіметке қарсы ұрандар таратып, саяси ұйымдар құрды.
Солардың ішінде Қарқаралыда қоныс тепкен орыс демократтарына келсек, олар жергілікті халық арасында революциялық идеяларды таратты. Негізгі мақсаттарын іріктеп бөліп, қазақ интеллигенциясының сана-сезіміне әсер ете бастады. Мысалы, 1884 жылы Қарқаралыға саяси жер ауып келген Анна Сабурова, Александр Никвист, Александр Григорьев, 1890-1903 жылдары келген Ермолай Савин, Петр Лимарев, Осип Браун, Иван Гусев, Николай Беляев, т.б, Рессейде және басқа шетелдерде жүріп жатқан тап күресі жайлы жаңалықтарды үнемі ауыз екі жеткізіп отырды (Бақтыбаев Ә. Қарқаралыда солай болған… Қарқаралы журналы. 2004, №2 ). Толық емес мәліметтерге қарағанда 1868-1910 жылдары Қарқаралыға 120 адам жер аударылып келген (Шаймұқанов Д.А., Аршабеков Т.Т., Қасиетті мекен – Қарқаралы. Қ., 2004. 45-б.). Олар жергілікті интеллигенция өкілдері мен оқушы жастарды, жұмысшыларды саяси үйірмелерге тартып, байланыс жасап тұрды. Үйірме мүшелері Омбыда, Қызылжарда басылып шығатын үнпарақтарды көшіріп, көбейтіп, таратып отырды.
Дала өлкесінде Семей, Өскемен, Павлодар, Ақмола, Қарқаралы, Көкпекті қалалары саяси жер аударылып келгендердің мекеніне айналды.
Халық қозғалысының кең түрде таралуына түрткі болған жағдай 1905-1907 жылдардағы орыс революциясы еді. Бұл жерде айта кететін бір жай, халықтың шашыранды көтерілістерін туындап келе жатқан ұлттық интеллигенция біріктіруге ұмтылды. Өзінің саны жағынан аздығы мен әртектілігіне қарамастан өлкедегі ұлт-азаттық қозғалысты басқарды.
Семей облысының ұлттық интеллигенциясының идеялық-саяси іс әрекетінің тоғысқан жері Қарқаралы уезі болды. Дәл осы жерде олардың жаңа тарихи кезеңде қазақ халқының отаршылдыққа қарсы күресінің жетекшілері ретінде қалыптасуы мен бұрынғы көшпенді малшыларға саяси күрестің әліппесін, саяси құқықтары мен еркіндігіне қол жеткізудің түрлері мен тәсілдерін үйретуі өткен еді. Бұған куә Қарқаралыда әрекет еткен Ә.Бөкейханов, Ә.Ермеков, А.Байтұрсынов, Ж.Ақбаев, Мұхаммед – Мақсұт Хамидуллин – Бекметовтің, т.б. қызметі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет