2 практикалық сабақ тақырыбы



бет1/2
Дата14.10.2023
өлшемі42,05 Kb.
#114289
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Сәлім Айдана КОК-217 Практикалық жұмыс №2


Студенттің аты-жөні: Сәлім Айдана
Топ: КОК 217
Тексерген: Қажыбай Аян Төлегенұлы

2 практикалық сабақ тақырыбы: XIX ғасыр әдебиетінің қазақ әдебиеттану ғылымында зерттелуі. XIX ғасыр әдебиетінің теориялык тарихы. Әдеби шығармалардың жанрлық-көркемдік сипаттары




Сабақ жоспары:
1. ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ әдебиетінің негізгі сипаттары, басты сарындары.
2. Әдебиет және қазақ қауымының әлеуметтік тұрмыс-тіршілігі.
3. XIX ғасырдағы әдебиет үлгілерінің сақталуы, басылым жайы.
4. Қазақ әдебиеті тарихында бұл дәуір әдебиеттің жанрлық, көркемдік негіздер жөнімен зерттелуі, бағаланып, ғылыми жүйеге түсуі.
5. Ш.Уәлиханов, В.Радлов, Т.Потанин, т.б. шығыстанушы зерттеушілер қазақ әдебиеті туралы. Шоқан Уәлихановтың қазақ өлеңін тұңғыш рет ғылыми негізде түрге бөлуі.


Сабақтың мақсаты: XIX ғасырдағы әдеби мұраны қазақ әдебиетінің бай тарихын әдебиет теориясы, әдеби сын аясында ала отырып, сол мұрамен сабақтастықта қарастырып, ғылыми негіздер жөнінен жүйелеп танысу; бұрын-сонды жасалған, тиянақталған зерттеу проблемаларын меңгере отырып, әдебиет тарихы мәселелерін әрі қарай карастыру, ғылыми негіздерді тарату, ашу, айғақтау, бекіту.
XIX ғасырда жаңа сапаға көтеріліп, түрлі жанрда жасаған бай әдеби мұраны көркемдік арналар, жаңа мән, сипаттарға ойысудың беталыс, бағдарлары, көркем ойдың даму заңдылықтары тұрғысынан ғылыми негіздеуді жетілдіру, жандандыру.
Студентерге өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалар: (мына сұрақтар мен тапсырмаларды жазбаша түрде орындау қажет):
1. XIX ғасырдағы әдеби мұраны хатқа түсіріп, жүйелеп, тұжырымдаудағы Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, Г.Потанин, B.Радлов, Ильминский, Ә.Диваев, М.-Ж.Көпеев, X.Досмұхамедұлы, А.Байтұрсынов, М.Әуезов, С.Сейфуллин, C.Мұқанов, Ә.Қоңыратбаев, Е.Ысмайлов, Қ.Жұмалиев, т.б. ғалымдар еңбектері. Ш.Уәлихановтың өмірі мен шығармашылық қызметі туралы аз жазылған жоқ. Сырттай қарағанда бәрі де зерттелген сияқты. Әйтсе де, ғалымның төл әдебиеттануға тікелей байла­нысты еңбектерінің әлі де ашыл­маған қырлары жеткілікті. Тап мүддесі дейтінді желеу еткен отаршылдық пиғыл Шоқан шы­ғармаларынан да кемшіндік табуды талап еткен кездер болды. Кеңестік шектеу саясаты ұлттық әдебиеттану ғылымының дамуына, сондай-ақ, шоқантануға да зиянын тигізді. Қазан төң­керісіне дейін жарияланған қазақ басылымдарындағы Шоқан жайлы материалдар кеңестік дәуірде пайдаланылмады, сынға ұшырады. Алаш арыстарының ол туралы жазғандары ескерусіз қалды. Ғалым жоғары бағалаған «Едіге» жырын сөз етуге тыйым салынды. Оның шығармаларының ана тілімізде толық жарық көрмей, түрлі сылтаулармен бүркемеленіп келуі де талай құпия қатпарлардан сыр аңғартса керек.

қазақ жерінде алғаш рет қазақ мектебін ашып, қазақ оқулығын жазып, ағарту ісіне барлық күш-жігерін жұмсады. «Алтынсарин прагматизмі, елі үшін батылдық жасағандығынан туған дұрыс-бұрыс қадамы ХХ ғасыр басында өмір жүзіне шыққан Алаш қайраткерлеріне сабақ болып қалды. Ыбырайды өзге тұстастарынан ерекшелендіретін қасиеті – ағартушы-практик болғандығы еді»- дейді тағы да сол алаштанушы Д.Қамзабекұлы. Расында да, Ыбырай Алтынсарыұлы дегенде біз ең алдымен ұстаздың ағартушылық істерін есімізге аламыз.


Ыбырай Алтынсарыұлының еселі еңбегін айтпас бұрын профессор В.В. Григорьев пен шығыстанушы, педагог-миссионер Н. И. Ильминскийді тілге тиек етіп өткеніміз жөн болар. В.В. Григорьев қазақ халқына шын жаны ашыған үлкен ақыл иесі болды. Ол Орынбордағы алғаш ашылған қазақ мектебінің өмірін жіті бақылап отырды.

Аса зерделі жанның асыл қасиетін терең сезінген Мұхтар Әуезов: «Өз шығармаларын былай қойып, басы ашық үлгілерді жазып алып, біздің дәуірімізге жеткізген еңбек Мәшһүрде мол екенін және естен шығармауымыз керек. Сондықтан қазақ жазба әдебиеті мен ауыз әдебиетінің ғылымдық бір саласы историография бөлімінде Мәшһүрдің ол түрдегі еңбегіне әрдайым орынды баға берілуі шарт»,- деп жазған екен. Мұхтар Әуезовтей Мәшһүрдің қадір-қасиетін соншама терең түсінген қазақ аз шығар деп ойлаймыз.


2. М.Әуезов, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, Ә.Бөкейханов, т.б. қазақ әдебиеті тарихын жасауды қолға алуы. Әдебиеттің түрі мен тегіне байланысты жанрлық классификация жасауы. Зар заман ақындары – қазақ жазба әдебиетінің басы. 


Бұл туралы М.Әуезов, Х.Досмұхамедұлы, С.Мұқанов тұжырымдары.
Қазақ қоғамындағы түрлі саяси күйдің әдебиетке жаңа сарындар, әлеуметшілік, азаматтық бағыт әкелгендігі.М.Әуезовтің ХІХ ғасыр әдебиетін тұтастай зар заман әдебиеті атауы.
С.Мұқанов ХІХ ғасыр әдебиеті тарихын:
1) ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы ұлт
бостандығын жырлайтын әдебиет;
2) ХІХ ғасырдың 50-70 жылдарында «Зар заман»
әдебиеті;
3) ХІХ ғасырдың 70 жылдарынан бастап просветительдің (мәдениетке үндеуші) әдебиет деп
жүйеленуі.
ХІХ ғасыр әдебиетінің жанрлық, көркемдік негіздер жөнімен зерттелуі. Ш.Уәлиханов, В.Радлов, Т. Потанин, т.б. шығыстанушы 
зерттеушілер қазақ әдебиеті туралы.МӘуезов,,А.Байтұрсынов,
Х.Досмұхамедұлы.Бөкейханов, т.б. қазақ әдебиеті тарихын жасауды 
қолға алуы. Әдебиеттің түрі мен тегіне байланыстыжанрлық 
классификация жасауы. Қазақ әдебиеті тарихының, қазақ
әдебиеті теориясының алғашқы оқулықтары. Олардың құрылым,
ғылыми жүйесі. С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Ә..Қоңыратбаев,
т.б. ғалымдардың әдебиеттің тарихы,
әдебиет теориясына  қатысты еңбектері. ХІХ
ғасыр әдебиетінің ХІХ ғасырдың І жартысындағы , ІІ жартысындағы
әдебиет болып бөлінуі, түрлі ағым- бағыттардың, әдеби
әдіс-тәсілдердің сол тұстағы айқындалу жөндері.Әдеби
мұраны бағалау жайлы 1957 жылғы қаулы. Қазақ  әдебиетінің
тарихын дәуірлеу мәселесіндегі екі түрліконцепция. Алпысыншы 
жылдар әдебиеттану ғылымындағы күрделі зерттеулер.
Жаңа тенденциялар. Әдеби мұраның басылым ісінің жандануы.Жетпісінші, сексенінші, тоқсаныншы жылдарда әдебиет мәселелерінің кең ауқымды
зерттеулермен толығуы. Арнайы монографиялық еңбектер.
Әдебиеттанудағы ақтаңдақтарды толықтыру жөндері. Сол орайда ХІХ
ғасырдағы қазақ әдебиетін зерттеуді ілгері дамытудың өзекті мәселелері.
ХІХ ғасыр әдебиетін зерттеу, ғылыми жүйелеудің қазіргі көкейкесті 
жайлары.  Әдеби жанрлардың саралау, көркемдік- саяси ағым, бағыттарды
қарастыра, айқындай түсу. Әдеби мұраға көзқарасымызда уақыт әкелген оң өзгерістер.

3. Қазақ әдебиеті тарихының, қазақ әдебиеті теориясының алғашқы оқулықтары. Олардың ғылыми жүйесі.


Ұлттық әдебиеттану ХХ ғасырдың 80-90 жылдар тоғысында белгілі бір себептер негізінде туындаған идеологиялық қиындықтардың шешімін табу жолында еңбек етуде. Бұл саладағы жұмыс екі бағытта жүргізіліп келеді: идеологизация мен әдебиетке деген таптық көзқараспен қатар, ХІХ және ХХ ғасырлардағы отандық классикаға деген нигилистік көзқарасты жою. Бір уақыттары гуманитарлық ғылым салалары басынан өткерген теориялық дағдарыстың біртіндеп игерілуі әдеби процеске деген тарихи көзқарастың қайта оралғандығын, көне дәуірден бүгінге дейінгі қазақ әдебиетінің тарихын ғылыми негізде қайтадан зерделеп, жаңғыртуға деген ұмтылысты танытады.

Әдебиеттің 10 томдық жаңа тарихы эстетика заңдылықтары тұрғысынан көркем сөз эволюциясы бойынша жаңаша кезеңдерге бөлінетін болады. Бұл қазақ әдебиетінің өз көркемдік дамуында үш үлкен этапты жүріп өткендігін көрсетеді: 1) Абайға дейінгі әдебиет (ежелгі және ортағасырлық кезең); 2) Абай дәуіріндегі әдебиет (жаңа дәуір); 3) Абайдан кейінгі әдебиет (қазіргі кезең).1 том - қазақ фольклорының тарихы2 том - ежелгі әдебиет тарихы3 том - ортағасыр және қазақ хандығы кезеңіндегі қазақ әдебиетінің тарихы4 том - ХІХ ғасырдың І жартысындағы қазақ әдебиетінің тарихы5 том - ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ әдебиетінің тарихы6 том - ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихы7 том - ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ әдебиетінің тарихы8 том - ХХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақ әдебиетінің тарихы9 том - ХХ ғасырдың 60-80 жылдарындағы қазақ әдебиетінің тарихы10 том - тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиетінің тарихы


4. XIX ғасыр әдебиетінің XIX ғасырдың I жартысындағы, II жартысындағы әдебиет болып бөлінуі, түрлі ағым-бағыттардың, әдеби әдіс-тәсілдің белгілі бір кезеңдердегі айқындалу жөндері. Әдеби мұраны бағалау жайлы 1957 жылғы партия қаулысы.


Ресейдің отаршылдық саясатындағы батыл бетбұрыстар. 1822 жылғы әкімшілік билеу жүйесіне енгізілген өзгеріс. Хандық биліктің жойылуы. Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілістің туу себептері, тарихи сабақтары. (1836-1838) Ішкі Бөкей ордасы (1801). Хан Жәңгір және тарихи шындық. Көтеріліс тарихы және оның ел әдебиетіне ықпалы. Махамбет Өтемісұлы, Шернияз Жарылғасұлы, Алмажан Азаматқызының поэзиясындағы ұлт-азаттық сарын.

XIX ғасыр әдебиетінің XIX ғасырдың I жартысындағы, II жартысындағы әдебиет болып бөлінуі, түрлі ағым-бағыттардың, әдеби әдіс-тәсілдің белгілі бір кезеңдердегі айқындалу жөндері. Әдеби мұраны бағалау жайлы 1957 жылғы партия қаулысы. Қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу мәселесіндегі 


2 концепция. 
XIX ғасыр әдебиетін түрлі атаулармен айғақтауда бұл әдебиеттің әдеби үлгісі, көркемдік негіздерінен гөрі мазмұндық, саяси мән жағынан берілген жалпы бағаның басым болғандығы. Керітартпа романтикалық, сыншыл реалистік, т.б. атаулар әдебиет ерекшелігіне қатысты болғанымен, көркемдік-теориялық негіздерден гөрі сырт саясатқа орай айғақталғандығы. 
60-жылдар, кейінгі кезең әдебиеттану ғылымындағы күрделі зерттеулер. Жаңа тенденциялар. Әдеби мұраның басылым ісінің жандануы. Әдебиет мәселелерінің кең ауқымды: жанрлық, стильдік, тарихилық, т.б. жолмен соны зерттеулермен толығуы. Арнайы монографиялық еңбектер. Әдебиеттанудағы ақтаңдақтарды толықтыру жолдары. XIX ғасырдағы қазақ әдебиетін зерттеуді ілгері дамытудың өзекті мәселелері. 
XIX ғасырдағы әдебиеттің дәстүрлі әдеби үлгілермен сабақтастық, ерекшелік жөннен зерттелу мәселелері. 
Ауызша әдебиет пен жазба әдебиет үлгілерін айқындай, саралай түсу мәселелері. Жазба әдеби тілдің табиғатына бойлай түсу, жанрлық даму, т.б. мәселелер.


Сызбалар, тапсырмалар және ситуациялар (мына тапсырмаларды жазбаша түрде орындау қажет):
1. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басында қазақ әдебиетінің, фольклорының дамуына үлес қосқан ақындарға қандай атаулар берілген?
ХХ ғасырдың басы – қазақ халқының тарихында бүкіл қоғамдық
ой-пікірдің өрлеуіне мүмкіндік туып, Ресей патшалығы əдейі
тұмшалаған ой-сананың ояну дəуіріне жол ашқан кезең. 
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ ағартушылары
мен ақын-жазушылары аңсаған ілім-білімді үйренуге үндеу – ХХ
ғасырдың бас кезінде біршама нəтижесін беріп, алдыңғы қатардағы
қазақ азаматтарын елді ояту, азаттыққа қол жеткізу мақсатына
жетеледі. Оқыған зиялылар арасынан ел бағытын айқындар саражолды жаңылмай нұсқап, адастырмас даңғылға алып шығуға ұмтылған
жаңа тұлғалар шоғыры таныла бастады. Сол көш бастаушылардың
алдыңғы қатарында қазақ ақын-жазушылары да болғаны талассыз
шындық.
Бұл тұстағы, яғни ХХ ғасырдың бас кезіндегі мəдени-əлеуметтік
дамудың бір көрінісін қазақша кітаптардың көптеп шығып, ел арасына кеңінен тарауы аңғартса керек. Қазақ кітаптарының даму тарихына арналған еңбектерде ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ
кітаптарының сапалық жағынан да, сандық жағынан да күрт өсуі
дəлелді айтылған. Бұл тұстағы, яғни ХХ ғасырдың бас кезіндегі
мəдени-əлеуметтік дамудың бір көрінісін қазақша кітаптардың
көптеп шығып, ел арасына кеңінен тарауы аңғартса керек. Қазақ
кітаптарының даму тарихына арналған еңбектерде ХХ ғасырдың бас
кезінде қазақ кітаптарының сапалық жағынан да, сандық жағынан
да күрт өсуі дəлелді айтылған. Мəселен, зерттеуші Ə. Жиреншин
400 кітап атауын атаса, Ү. Суханбердина мен Д. Сейфуллинаның
толықтырылып, 1996 жылы жарық көрген жаңа көрсеткішінде 1807-
1917 жылдар аралығында 963 кітап аты аталады. Қазақ зиялыларының ағартушылық, демократтық бағыттағы
күрескерлік идеяларын өрістете түсуіне 1905-1907 жылдардағы
орыс революциясының да əсері болмай қойған жоқ. Патша
əкімшілігінің революциялық дүмпуден кейін шарасыздықтан
бұратана халыққа кейбір еркіндіктер беруі себепті (1905 жылғы
17 октябрь манифесі) қазақтың алдыңғы қатарлы зиялыларының
үгіт-насихаттық, əдеби-шығармашылық қызметтеріне жол ашылып, ел сөзін сөйлеуге азда болса мүмкіндік туды
1925 жылғы 18 мамырда Қазақстанда Пролетар-шаруа жазушылардың Қазақ ассоциациясы (ҚазАПП) құрылды. ҚазАПП жаңа социалистік әдебиет жасау ісін қолға алды.
Мәдениеттегі кез келген құбылыс таптық, пролетарлық күрес тұрғысынан бағаланды. Халық шығармашылығының көптеген түрлері, мысалы, «Едіге», «Қобыланды батыр» реакцияшыл, ұлтшылдық көзқарастағы шығарма деп жарияланды. А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, М.Дулатұлы қуғынға ұшырады. Абай шығармалары талқылауға түсті.
Басқа жанрлардың арасында бірінші орынға саяси лирика шығарылды. Кеңестік жарқын шындықты жабырқау өткен өмірмен салыстыру тәсілі кең қолданысқа енді. ҚазАПП қызметінде қазақтың ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті дәстүрлерін жоққа шығару көзқарасы барған сайын белең ала бастады.
Қазақ көркем әдебиетіндегі осы екі ағым арасында 1922—1923 жылдары, содан соң 1926-1928 жылдары қызу пікірталас болып өтті. 20-жылдардың ортасы мен соңында қазақ әдебиетіне Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Тәжібаев, А.Тоқмағамбетов, Ғ.Орманов секілді талантты жастар келіп, кеңес адамдарының — ауыл және қала еңбеккерлерінің бейнесін жасады. Қазақ кеңес ақын-жазушыларының шығармашылығында В.И.Ленин бейнесі жеке тақырыпқа айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет