1934 жылы 12—18 маусым күндері Қазақстан жазушыларының I съезі өтіп, онда идеялық тәрбие жүргізудегі қуатты құрал кеңестік әдебиет болуы керек екендігі баса айтылды.
Қазақ кеңес әдебиеті фольклор дәстүріне сүйенді. Мәселен, Жамбыл Жабаев (1846—1945 жылдары) шығармаларында ел өмірінің айтулы оқиғалары көрініс тапты. Жаңа өмір мен кеңес адамдарын ақын Нұрпейіс Байғанин (1860—1945 жылдары) өзінің эпостық жырларына арқау етті. Иса Байзақов (1900—1946 жылдары) шығармашылығы нағыз халықтық мәнге ие болды.
Жамбыл Жабаев
20—30-жылдар қазақ кеңес әдебиетінде проза, драматургия және әдеби сын сияқты жаңа жанрлар дамыған кезең болды. І.Жансүгіров «Жолдастар» романын жазды, С.Мұқанов «Байдың ұлы», «Достар», «Ботагөз» романдарын тудырды. Қазақ драматургиясын дамытуда Мұхтар Әуезовтің рөлі зор. Қазақ театр өнерінің дамуы оның есімімен тығыз байланысты.
Ресми билік құптаған негізгі тақырып — кеңестік қоғамның құрылуы және дамуы, қазақтардың туған өлкесін түлетуге қосқан үлесі, жергілікті халықтың социалистік еңбектегі ерлігі, т.б. болып саналды. 1934 жылы республикада Қазақ әдебиеті баспасы ашылды.
Баспадан социалистік реализм рухындағы әр түрлі жанрдағы шығармалар жарық көре бастады. Бұл кезде Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері — И.Шухов, П.Кузнецов, Г.Шарипов, т.б. жазушылар көпшілікке танылды. Д.Снегиннің «Шығыстан соққан жел», «Жетісу» жөне «Менің қалам» атты жинақтары жарық көрді. Латиф Ансари жас ұйғыр ақындарының «Таңғы сәуле» атты өлеңдер жинағын құрастырды.
Сонымен бірге Коммунистік партия тарапынан идеологиялық бақылаудың күшеюіне байланысты көптеген әдебиет өкілдері қудалауға түсе бастады. 1937—1938 жылдардағы қуғын-сүргін барысында қазақ әдебиеті өзінің бетке ұстар өкілдерінен айырылды.
Қазақ әдебиетінің ұлттық ағымының өкілдері — Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы, Ө.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, т.б. қуғын-сүргінге ұшырады. Осы жылдары қазақ кеңес әдебиетінің көрнекті өкілдері — С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, т.б. да қудаланған болатын. Саяси қуғын-сүргін қазақ әдебиеті мен тілінің дамуына айтарлықтай зиянын тигізді.
2.Нәзирагөйлік дәстүрде қайта түлеген шығармаларды атаңыз?
2. Нәзирагөйлік дәстүрде қайта түлеген шығармаларды атаңыз?
М. Әуезовтың «нәзира» дәстүріне берген анықтамасы: «... бір тақырыптың әр ақында қайталауы еш уақытта аударма деп танылуы керек емес. Ол өзінше бір қайта жырлау, тыңнан толғау немесе ақындық шабыт- шалым сынасып, жырмен жарысу есепті бір салт еді. Шығыс поэзиясы бұл салтты заңды деп біліп, осы дәстүрге «нәзира», «нәзирагөйлік» деп атау да берген»
Қазақ жерінде нәзира дәстүрімен жырланған шығармалардың авторлары: Т. Ізтілеуов, Ш. Жәңгірұлы, Ш. Құдайбердіұлы.
Физули нұсқасы бойынша Ш. Құдайбердіұлы «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасын жазды.
Шығыс хикаяларының желісіне құрылған қисса-дастандар: Бозжігіт, Сейфүлмәлік, Таһир-Зүһра, Жүсіп-Зылиха.
«Нәзира» сөзі араб тілінен аударғанда «жауап» деген мағына береді.
«Бозжігіт» дастаны өзінің тақырыбы, оқиғасы, құрылысы жағынан «Қозы Көрпеш-Баян-сұлы» жырына жақын.
Мақсатқа жету жолында жасалған қажымас қайсарлықтың үлгісі ретінде жырланатын дастан- «Сейфүлмәлік».
«Сейфүлмәлік» дастанының қазақша нұсқасына тән ерекшелігі: эпикалық дәстүр мен ертегі дәстүрі өзара ұштасып жатады.
«Таһир-Зүһра» дастанында жырлаған ең басты нәрсе – махаббатқа адал болу, достықты аялау, мақсатқа жету, қиындықтармен күресе білу.
«Мұңлық-Зарлық» дастаны мен Абайдың «Ескендір» поэмасы арасындағы байланыс: «Қалтаға бір уыс топырақ әкеп салғанда қалтадағы алтын-күміс асып-тасып төгіле бастайды». «Таразының сүйек тұрған жағына топырақ шашқанда ғана таразы басы «солқ» етіп жоғары шығып кетеді»
3. Нәзирагөйлік дәстүрдің әдеби байланыс түріндегі көрінісі жайлы қандай зерттеушілер пікір айтқан?
Нәзира нәзирагөйлік (араб тілінен – жауап, ұқсату мағынасында) – Шығыс поэзиясында орта ғасырларда қалыптасқан әдеби үрдіс. Бір ақын жырлаған тақырыпты кейін басқа ақынның қайта жырлауы немесе алғашқы шығармаға екіншінің “жауап” қатуы. Бұл орайда бастапқы туындының сюжеті, кейіпкерлері, өлең ырғағы, ұйқасы, көркемдеу құралдары пайдаланылады. Ол 11 ғасырдан бастап сарай поэзиясында әдебиет тартысы, ақындық талантты сынау құралы ретінде қолданылған. Фердоуси сарынымен Нәзира үлгісінде жыр жазған Низамидың“Хамсасын” бағдарға алған нәзирагөйлік дәстүрі 13 ғасырдан өрістей бастаған. “Хамсаға” (“Бес кітап”) “жауап” жазу үрдісі дамып, бір ғана “[[Ләйлі – Мәжнүн” дастанына жүзден астам Нәзира жазылған. Низами дастандарының желісінде Дехлеуи, Науаи, Жәми, Фищули сынды шайырлар бай мұра қалдырды. Нәзирагөйлік дәстүрі қазақ поэзиясында да дамыды. Алғашқы мифтерден, “Құран” желілерінен, “Мың бір түн”, “Тотынама”, “Шахнама”, “Ләйлі-Мәжнүн”, “Жүсіп-Зылиха” т.б. ізімен жазылған қисса, дастандар қазақ әдебиетінде көптеп саналады. Соның бірі – Шәкерімнің “Ләйлі- Мәнжүн”, дастаны (1907). Ал Абайдың ортағасырлық шығыс дастандарынан тамыр алатын “Ескендір”поэмасында нәзиралық үлгіден гөрі “дара сипат” басым. Қазақ әдебиеттану ғылымында Нәзира әдеби үрдісін М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев, Б.Кенжеваев, Р.Бердібай,Ш.Сәтбаева, А.Қыраубайқызы зерттеді.
4. XIX ғасырдағы әдебиеттің дәстүрлі әдеби үлгілермен сабақтастық, ерекшелік жөннен зерттелу мәселелері.
Қазақ әдебиеті ХІХ ғасырда аса бір елеулі, құнарлы кемелденуді , түрленіп, түлеуді бастан кешті. ХІХ ғасыр қазақ әдебиетінің бел асқан кезеңі болды. Әдебиет тарихының мәселелері түпкілікті қозғала бастаған жиырмасыншы ғасырдың басынан бері ХІХ ғасыр әдебиеті айрықша назарда болды : шұқшия зерттелді.
Бұл дәуірдің әдебиет үлгілері , оның туу жасау себептері тек қана сырт мазмұндау емес, көркемдік негіздерімен дәлелденіп, айғақтала бастады. ХІХ ғасыр әдебиетінің сан-саласы, оны туғызушылардың өмірбаяны, шығармашылық мұрасы ғылым назарына ілікті. Өкінішке орай, түрлі саяси қаулы-қарар: әдеби мұраны ары тартып, бері тартып саясаттың, идеологияның көкпарына айналдырған тұстар аз болған жоқ: ол уақыттарда көркемдік әлем , сөз өнері жайлы ғылым жаландыққа, жасандылыққа барды, тоқыраған сәттері болды.
Бұл дәуірдің әдебиет үлгілері , оның туу жасау себептері тек қана сырт мазмұндау емес, көркемдік негіздерімен дәлелденіп, айғақтала бастады. ХІХ ғасыр әдебиетінің сан-саласы, оны туғызушылардың өмірбаяны, шығармашылық мұрасы ғылым назарына ілікті. Өкінішке орай, түрлі саяси қаулы-қарар: әдеби мұраны ары тартып, бері тартып саясаттың, идеологияның көкпарына айналдырған тұстар аз болған жоқ: ол уақыттарда көркемдік әлем , сөз өнері жайлы ғылым жаландыққа, жасандылыққа барды, тоқыраған сәттері болды.
Соның өзінде әдебиеттану ғылымы әдеби мұраны жиып, теріп, жариялап, бастырып: зерттеу ісін тоқтатқан жоқ.
Қазіргі күнде қолымызда ХІХ ғасырда жасаған қазақ әдебиеті үлгілерінің қырау мұрасы бар: сол әдебиетті туғызушылардың өмірбаян, шығармашылық ғұмыры жайлы толып жатқан мәнді, маңызды мәлімет бар. Негізігі, басты сипаттары, ерекшелектері қамтылған ғылыми-зерттеу еңбектер бар.
5. Ауызша әдебиет пен жазба әдебиет үлгілерін айқындай, саралай түсу мәселелері. Жазба әдеби тілдің табиғатына бойлай түсу, жанрлық даму, т.б. мәселелер.
Ауыз әдебиеті— халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы.
Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады. 1846 жылы ағылшын Вильям Томс ұсынған “фольклор” (ағылшынша lolk — халық, lore — білім, даналық) сөзі де ауыз әдебиеті атауы үшін халықаралық ғылым атау ретінде орныққан. Бұлардың қай-қайсысы да бірінің орнына бірі қолданыла береді. Бірақ мағыналары бір емес. Мысалы, “халық поэзиясы” дейтін ұғым өлең түрінде айтылатын поэзиялық жанрларды жинақтап атауға лайық болса, “халық шығармашылығы” — халық шығармашылығы мен өнерінің барлық түрлерінің жалпы атауы, “ауызша сөз өнері” — прозалық та, поэзиялық та шығармалардың ортақ ұғымы.
Қазақ әдебиетiнiң ежелгi бастаулары б.з.б. 3 — 1 ғ-лар аралығында пайда болған “Алып Ер Тоңға”, “Шу батыр” дастандарында жатыр. Осынау жазбалардағы оқиғалардың қазақ халқының арғы тарихымен тығыз байланыста өрбiгендiгi соңғы уақыттардағы ғылыми iзденiстер барысында толық дәлелдендi. Орхон-Енисей жазба ескерткiштерi ұлттық әдебиетке тiкелей қатысты үш түрлi мәселенiң басын ашып бердi. Бiрiншiден, қазақ жазба әдебиетiнiң түп-тамыры Түрiк қағандығы тұсынан басталатыны белгiлi болды. Екiншiден, өз дәуiрiнiң кескiн-келбетiне сай дамыған мәдениетi мен өнерiнiң болғанын айғақтады. Үшiншiден, жазба жәдiгерлер поэтик. қуатымен, тарихи шежiрелiк сипатымен және ой тереңдiгi, мазмұн байлығы, көркемдiк қасиетi жағынан түркi тайпаларында сөз өнерiнiң жоғары дәрежеге жеткенiн көрсеттi.
Жазба ескерткiштерiнде ауыз әдебиетi үлгiлерiнiң мол орын алуы, кейiн сопылық поэзияда фольклорлық түрдiң қолданылуы — фольклорлық мұра қашан да жазба әдебиеттiң қайнар көзi, өркен жаюына ықпал жасайтын үлкен арна болғанын аңғартады. Халықты тарихи және рухани тiршiлiгiмен бiрге жасасып келе жатқан қоғамдық құбылыс ретiнде фольклор ұлттың көркемдiк ой-көзқарасын, эстет. талап-талғамын, танымдық түсiнiгiн қалыптастырумен қатар, түркi әдебиетiне ғана тән әдеби дәстүр туғызды. Түрiк қағандығы құлағаннан кейiн түркi тiлдi тайпалардың мәдениетi, өнерi, әдебиетi және тiлiнiң тарихи дамуы мен өркендеуiнiң негiзгi орталығы қазақ даласы болды. Қазақстан мен Орта Азияда ислам дiнiн таратушылар түркi тайпаларының арасында мұсылмандықты рухани байлықтың ықпалымен орнықтыруға күш салды. Алайда арабтардың мәдени және әдеби мұрасы, рухани дүниетанымы мен дамуы мүлде бөлек елдiң ғасырлар бойы жасаған дәстүрiн бұзып, не жойып жiбере алмады. Керiсiнше, оны байытып, өркендеуiне ықпал жасады.
6. ХХ ғ-дың 60-жылдары, кейінгі кезең әдебиеттану ғылымындағы күрделі зерттеулер. Жаңа тенденциялар. Әдеби мұраның басылым ісінің жандануы. Әдебнет мәселелерінің кең ауқымды жанрлық, стильдік, тарихилық, т.б. жолмен соны зерттеулермен толығуы.
1960-70 жылдар – Қазақтың қазіргі заман поэзиясына жаңа есімдерді алып келумен қатар, рухани және әлеуметтік өміріміздің, қоғамымыздың кезеңге лайық шындығын ашуда, поэтикалық формалар /түрді/ мен образды, бейнелеу құралдарын барынша терең тамырлы дамытуда, қазақ әдебиеті үшін жаңа бір күрделі кезең болды. Позиядағы айтарлықтай жаңа бір құбылысқа айналды. Ұлы М.Әуезов сөзімен айтқанда жыл келгендей жаңалық сездіре келген Т.Молдағалиев, С.Жиенбаев, Қ.Мырзалиев, М.Мақатаев, Ж.Нәжімеденов, Т.Айбергенов, М.Шаханов, т.б. ақындар әдебиет есігін өзіндік үнімен, өзіне лайық даусымен батыл еніп, еркін ашты.
Қазан төңкерісінен кейін, көп ұзамай: «Революцияны жақтайсың ба, жоқ оған қарсысың ба?» деген жалауды көтеріп, оған нақты жауап іздеді де, идеялық мазмұнына, әрі шығармашылығына қарай төрт топқа бөлінді.
Біріншісі – Кеңес үкіметіне сеніп, қолына қалам да, қару да алып күрескен Сәкен Сейфуллин, Баймағанбет Ізтөлин т.б. ақындар тобы. Екіншісі – бұл дүниенің болашағына барлай қарап, баянына үлкен ой көзімен қараған Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов т.б. ақындардың жұлдызды шоғыры. Үшіншісі – әдебиетке демократтық бағыт ұстаған нағыз бұқарашыл ақындар – Сәбит Дөнентаев, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров. Төртіншісі – еңбекші бұқара, халық арасынан шыққан ел ақындары – Жамбыл Жабаев, Иса Байзақов, Нұрпейіс Байғанин, Нартай Бекежанов т.б. тегеурінді талант иелері. Жалпы лирика туралы анықтаманы көп келтіруге болады. Түп тамыры лириканың ертедегі гректердің музыка аспабы деген ұғымды беретін болса, ауыспалы мағынасында ақындық шабытқа да баланады. Лиризм сыршылдық сипатты танытса, екінші бір мағынасында сыршылдық күйге түсуді, сыршылдық сезімге берілуді сипаттайды. Лирик деп сыршыл ақынды атасақ, лирика деп ақынның өзінің, жан сезімін білдіретін шығарма түріне баласақ, екіншіден, лирика деп лирикалық шығармалардың сипатын да жатқызамыз. «60-70 жылдардағы қазақ лирикасы» деп тақырып бекітіп, қалам алуымыз да тегін емес. Бұрын жекебасқа табынушылық, үгіт-насихат, ұраншылдық кезеңді басынан кешкен қазақ әдебиеті, қолтығы созылып, бұл жылдары шынайы лирикаға ден қойды. Грек сөзі - Лирикада көркем әдебиет тегінің бірі ретінде, ақынның дүниеге арақатысы, өмірге көзқарасы, толқынды көңіл күйін, терең тынысты сезімін, іңкәр жүрегін кең полотнода суреттеу, образды бейнелеу арқылы көрсетіледі десек те, кез келген серілік пен әсер лирика тудыра бермейтіндігін де ескергеніміз мақұл. Ақынның өзі өмір сүрген әлеуметтік мәні бар, адамгершілікке, гуманизмге толы, философиялық толғаныстар қоғамдық көзқарастар, халықтық махаббатқа тұнған сезім өрнектері – лирика деген құдіретті қасиетке ие болады
7. Арнайы монографиялық еңбектер. Әдебиеттанудағы ақтандақтарды толықтыру жолдары. XIX ғасырдағы қазақ әдебиетін зерттеуді ілгері дамытудың өзекті мәселелері.
Қазақ әдебиеті тарихының" төртінші томында ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдеби процестерге талдау жасалға, ал бесінші томы осы ғасырдығ ІІ жартысына арналады. Сол кезеңдегі әдебиеттің даму ерекшеліктері сарапталып, белгілі сөз зергерлерінің мұралары қазақ әдебиеттану ғылымында зерттеліп келеді. Халық әдебиеті мен жыраулар поэзиясы оның алдындағы құнарлы қабат ретінде алынып, ХІХ ғасыр кезеңіндегі қазақ әдебиетінің жай-күйі және жаңа әдебиеттің өркендеу жолына ұласу заңдылықтары ескеріледі.
Қазақ халқының ХІХ ғасырдағы әдебиетінің шынайы рухы, ұлттың азаттығы мен елдің тәуелсіздігі жолындағы өзекті арқауы, көкейкесті мүддесі патшалық Ресейдің отаршылдығы тұсында да, Советтік саясат жылдарында да жеткілікті деңгейде ашылмай, айтылмай келген еді. Бірқатар ақындардың шығармашылығы кеңестік идеология қалыбымен жаңсақ бағаланып отырды. Бұл кітапта қазақ әдебиетінің ерекше тегеуірінді, рухы асқақ, идеялық-көркемдік шарықтау дәуірі - ХІХ ғасырдағы ішкі жаңғыру заңдылықтары тарихи шындық тұрғысынан сараланып отыр. Көркем әдебиет пен қоғамдық-әлеуметтік құбылыстардың сабақтастығы, сонымен қатар ұлттық әдебиеттің халықтық қасиеті тұңғыш рет ғылыми түрде негізделіп, басты сипаттары мен заңдылықтары дәйектелді. Көптеген ақындардың мұралары қайта қаралды, архивтерде тұмшаланып жатқан деректер назарға алынды, жаңа көзқарас тұрғысынан бағаланды. Тәуелсіздік алғанға дейін әдебиет тарихындағы орны жете сараланбай келген Көтеш Райымбекұлы, Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы сынды бірнеше ірі ақындардың шығармашылығына назар аударылды. Шал Құлекеұлы, Махамбет Өтемісұлынан бастап бірқатар көрнекті тұлғалардың туындылары арнайы талданды.
Қазақ әдебиеті тарихының ең бір құнарлы, дәстүрі берік, мазмұны бай кезеңі ХІХ ғасыр. Бұл ғасыр үлкен-үлкен құбылысты оқиғаларға да, күрделі де шиеленісті әлеуметтік тартыстарға да толы болғандығы дүние тарихының парақтарынан да белгілі. Ондай тарихи кезең құбылыстары қазақ даласына соқпай өткен жоқ. Қазақ елі бұл кезеңде де ауыр күндерді басынан кешті. Он сегізінші ғасырдың аласапыран дәуірінің зардаптары жалғаса түсті. "Ақтабан шұбырынды" атанған зарлы заманнан өткен қазақ жұрты, қазақ хандығы тағы да бір қилы заман, қиын кезеңге аяқ басты. Сол дәуірдің оқиғалары мен тарихи шындығы, негізінен, қазақ әдебиеті шығармаларында көрініс тапты. ХІХ ғасырдағы қазақтың ұлттық әдебиетін дәуір шындығынан бөліп қарау мүмкін емес. Бұл кезеңде әдебиет пен халық тарихы біте қайнасып, кірігіп кеткендей еді. Соған орай әдебиет те жаңа сапалық деңгейге көтерілді. Қазіргі әдебиеттануда "жаңа дәуір әдебиеті" деп атала бастаған бұл кезеңдегі әдебиет шынында да тарихи алғышарттары мен себеп-салдарларына орай дәстүрлі арнадан шығып жаңа сипаттарға ие бола бастады. Жыраулық әдебиеттің мектептері, әдеби дәстүр уақыт талаптарына сәйкес соны көркемдік соқпақтарға ойысты. Қоғамдық-әлеуметтік мәселелер, саяси тақырыптар, күнделікті қауым тірлігіндегі жақсылы-жаманды көріністер тікелей әдеби шығармалардың өзекжарды саздарына, көкейкесті сөзіне ұласып отырды
Блиц-тест (сұрақ нөмірін қойып, жанына дұрыс жауаптың әріпін көрсету керек):
1.А
2.С
3.Е
4.В
5.А
6.В
7.С
8.С
9.С
10.А
11.Д
12.А
13.С
14.В
15.В
16.С
17.Е
18.А
19.В
20.С
Достарыңызбен бөлісу: |