2. Президенттікке кандидатқа Конституция мен осы Конституциялық заң қоятын талаптарға оның сәйкестігін азаматтың өзін-өзі ұсыну туралы өтініші немесе республикалық



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата03.03.2017
өлшемі6,45 Mb.
#6788
1   2   3   4   5

                №2 аудандық сот 

отырысының хатшысы.  

Биыл  Ассамблея  жылы  болып 

жарияланды.  Киелі  қазақ  елін 

татулық  пен  келісімнің,  қауіпсіздік 

пен бейбітшілікке бөлеген Қазақстан 

халқы Ассамблеясы 20 жасқа толып 

отыр.  Ассамблея    20  жылда  өзінің 

өшпестігін  танытып,  біздің  бейбіт 

қоғамның 

ажырамас 

бөлігіне 

айналды. 

Ассамблея  бірлік пен татулыққа 

шақыратын  негізгі  ұйым.  Төле 

би  бабамыз:  «Береке  мен  байлық 

бірлігі  мықты  елде  ғана  болады. 

Берекелі ел ғана болашағын болжай 

алады» деген нақыл сөзі ойға түседі. 

Ел  келешегін  пішіп  айту  үшін  ең 

басты тұрақтылық қажет. Ел бірлігі 

– Қазақстанның тұтастығына әкеліп 

соқтыратындығы ақиқат. 

Қазақстан  Республикасының 

Президенті 

Н.Ә. 

Назарбаев 



Халқымыз «тар жерде табысқан, кең 

жерде  келіседі»  демейтін  бе  еді?! 

Ең  тар  замандарда  қазақ  құшағына 

алған  өзге  этнос  өкілдері  бүгінде 

өз  бауырларымыз  атанып,  бізбен 

бір  халыққа  айналды.  Қазақ  елі 

–  130  астам  ұлттар  мен  ұлыстар 

мекендейтін  әртүрлі  этностардың 

және  этномәдени  ошақтардың  құт-

мекені  болып  табылатын  көпұлтты 

мемлекетке айналып отыр. 

Ел иесі - қазақ халқы да ешкімге 

шетқақпайлық  көрсеткен  жоқ. 

Қазақтар көшіп келген өзге ұлттарға 

қолда  барын  бөлісті,  бір  нан  болса 

бөлісіп  жеді.  Аштық  кезінде 

берілген  бір  үзім  нанның  қадыр-

қасиетін  қалыптастырып,  қоныс 

аударушыларды  достық  көңілмен 

қарсы алды. Ұлтына, тілі мен діліне 

қарамай  барша  этнос  өкілдерінің 

теңдігін  Ата  заңымызда  айқындап 

алдық.  Ол  Конституцияның  14-

бабының  1-тармағында  «Заң  мен 

сот  алдында  жұрттың  бәрi  тең» 

деп  белгіленіп,  ал  аталған  баптың 

2-тармағында  тегiне,  әлеуметтiк, 

лауазымдық 

және 

мүлiктiк 



жағдайына,  жынысына,  нәсiлiне, 

ұлтына,  тiлiне,  дiнге  көзқарасына, 

нанымына,  тұрғылықты  жерiне 

байланысты  немесе  кез-  келген 

өзге  жағдаяттар  бойынша  ешкiмдi 

ешқандай  кемсiтуге  болмайды 

делінген.

Қазақ елі  – бір шетінен екінші 

шетіне  дейін  құс  қанаты  талатын 

ұлан-ғайыр кең өлке. Жерінің кеңдігі 

сияқты, халқының да пейілі кең. 

Қазақстан  халқы  Ассамблеясы 

халықаралық  арена  таныған,  бірлік 

пен  келісімді  ту  еткен,  еліміздің 

тұрақтылығы  үшін  еңбек  еткен 

қоғамдық-саяси  ұйымға  айналып 

отыр.  Ассамблея  жалпы  ұлттық 

идея,  бұл  ұйым  қазақ  жерін 

мекендейтін 

өзге 


ұлттардың 

мүддесін қорғайтын ұйым ғана емес, 

сонымен қатар жергілікті халықтың 

да  мүддесін  ескеретін,  халықты 

бірлікке  шақыратын  бірлестік. 

Алғашында  Ассамблея    Қазақстан 

Республикасының 

Президенті 

жанындағы ақыл-кеңес беру органы 

ретінде  құрылып,  күшті  құқықтық 

базасы 

мен 


қоғамдық-саяси 

мәртебеге ие Конституциялық орган 

ретінде дамып келеді. 

Негізінен 

Ассамблея 

Елбасының  ұлттық  идеяларының 

қатарына кіретін ұйым ретінде: 

Біріншіден,    қоғамдық  бірлес-

тік  болып  дамыды.  Қазақстан 

Республикасының 

«Қоғамдық 

бiрлестiктер туралы» 1996 жылғы 31 

мамырдағы N3 Заңының 2-бабында 

«Қазақстан  Республикасында  саяси 

партиялар,  кәсiптiк  одақтар  және 

азаматтардың  ортақ  мақсаттарға 

жету  үшiн  ерiктi  негiзде  құрылған, 

заңдарға қайшы келмейтiн басқа да 

бiрлестiктерi қоғамдық бiрлестiктер 

деп 


танылады. 

Қоғамдық 

бiрлестiктер 

коммерциялық 

емес  ұйымдар  болып  табылады» 

делінген.

Екіншіден,  құқықтық  базасы 

қалыптасты.  Яғни,    Қазақстан 

халқы  Ассамблеясының  мәрте-

бесін 


анықтайтын 

Қазақстан 

Республикасының 

«Қазақстан 

халқы  Ассамблеясы  туралы»  2008 

жылғы  20  қазандағы  N  70-IV  Заңы 

қабылданды.  Осы  Заң  Қазақстан 

Республикасындағы 

мемлекеттiк 

ұлттық  саясатты  iске  асыруға, 

қоғамдық-саяси 

тұрақтылықты 

қамтамасыз  етуге,  мемлекеттiк 

және 


қоғамның 

азаматтық 

институттарының 

этносаралық 

қатынастар  саласындағы  өзара  iс-

қимылының  тиiмдiлiгiн  арттыруға 

бағытталған  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясының 

мәртебесiн, 

оны  қалыптастыру  мен  жұмысын 

ұйымдастыру тәртiбiн айқындайды.

Үшіншіден,  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясы 

Конституциялық 

құқықтық  мәртебеге  ие  болды. 

Қазақстан 

Республикасының 

Конституциясының 

44-бабының 

20-тармағына  сәйкес  «Қазақстан 

Республикасының 

Президентi 

«Қауіпсіздік  Кеңесін  және  өзге 

де 


консультативтік-кеңесші 

органдарды,  сондай-ақ  Қазақстан 

халқы Ассамблеясы мен Жоғары Сот 

Кеңесін құрады» делінген. Сондай-

ақ  Конституцияның  51-бабының 

1-тармағында  «Мәжілістің  тоқсан 

сегіз  депутатын  сайлау  жалпыға 

бірдей,  тең  және  төте  сайлау 

құқығы  негізінде  жасырын  дауыс 

беру  арқылы  жүзеге  асырылады. 

Мәжілістің 

тоғыз 


депутатын 

Қазақстан  халқы  Ассамблеясы 

сайлайды»  деп  көрсеткен.  Осы 

нормалар 

шеңберіне 

сәйкес 


Қазақстан  халқы  Ассамблеясы 

Қазақстан 

Республикасының 

Конституциясылық  орган  ретінде 

қалыптасқан.

Біріншіден, Ассамблеяның кез-

келген саяси ұйымнан артықшылығы 

ол әлеуметтік, экономикалық, ұлтар 

мен  ұлыстардың,  партиялық  және 

партиядан тыс, діни наным сеніміне 

қарамастан азаматтарды біріктіретін 

саяси күш екендігінде.  

Екіншіден,  құқықтық  базасы 

қалыптасқан, 

Конституциялық 

орган ретінде қалыптасқандығы.

Үшіншіден, 

Қазақстанды 

мекендейтін  барлық  халықтардың 

мүддесін қорғайтындығы.



Болат Абдулдаұлы  

Сериев, 

І.Жансүгіров атындағы 

ЖМУ ұйымдастыру жұмысы, 

әлеуметтік  және студенттік 

сұрақтар жөніндегі проректор 

орынбасары, з.ғ.к., доцент.

Алимент төлеу қарыз емес, 

әкелік парыз

Әр ажырасудың  себеп-салдары да, өзіндік ақиқаты да әр түрлі. 

Соңғы  статистикалық  мәліметтерге  көз  жүгіртсек,  әрбір  үшінші 

жұптың  некесі  бұзылып,  ажырасқандар  санын  толықтыруда. 

Осы орайда, ажырасудың ең кермек дәмін тататын, әрине, есі әлі 

толық кірмеген балалар екендігін ескере бермейтініміз өкінішті-

ақ. Олардың қалауы да, арман-тілегі де іске аса бермейді.

Ең  өкініштісі  әр  ажырасудың  артында  күлталқаны  шыққан 

қаншама тағдыр тұр.

Әкелік  борышын  тек  алимент  төлеумен  шектеп  жүрген 

азаматтар  қаншама.  Тіпті  сол  азғантай  нәпақаны  төлеуден 

жалтарып, хабарсыз жүрген қайран әкелер де аз емес. Ондайлар 

саны елімізде жүз мыңға жетіп қалған екен. Қазір қоғамда бауыр 

еті баласының алдында материалдық жағынан қарызға белшеден 

батқан әкелерді жазалаудың қатаң жолдары қарастырылды.

Борышкер  алимент  төлеу  туралы  сот  шешімін  немесе  сот 

бұйрығын  орындамаған  жағдайда  әкімшілік  жауапкершілікпен 

қоса қылмыстық жауапкершілікке де тартылады. 

Яғни, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Әкімшілік құқық 

бұзушылық туралы кодексінің 669 бабына сәйкес сот үкімін, сот 

шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты 

орындамағаны  үшін  10  айлық  есептік  көрсеткіш  мөлшерінде 

төлем  немесе  5  тәулікке  дейін  әкімшілік  қамауға  алу  ретінде 

жауаптылық көзделген.

Сонымен қатар, бір жыл ішінде әкімшілік жаза қолданылған 

адам  қылмыс  құрамы  анықталған  жағдайда  ҚР  Қылмыстық 

кодексінің  430  бабының  1  бөліміне  сәйкес  3  жылға  дейінгі 

мерзімге  бас  бостандығын  шектеуге  және  сол  мерзімге  бас 

бостандығынан айыруға жазаланады.

Сол сияқты баласымен кездесуден де қашып жүрген әкелерде 

аз емес. Ажырасқанда сот шешімі бойынша әке баласын қалаған 

кезде көріп тұруға рұқсат алады емес пе? Сондықтан баласы үшін 

уақыт тауып, жауапкершілікті ұмыт қалдырмаса екен. Өзін, екі көзі 

жаутаңдап күтіп отырған баласын көз алдында әрдайым елестетіп 

жүрсе жақсы болар еді.

Кемеңгер  Абай  атамыздың  «Адамның  бір  қызығы  бала 

деген», - ұлағатты сөзі бар емес пе? Ендеше неге сол балапанды 

тағдырдың тәлкегіне тастап кете беру керек? Әрине, өте өкінішті 

– ақ.  Ажырассаңыздар да, ақылдан алжаспай, баланың алдында 

берген уәделеріңізді орындауға міндеттісіздер. 

Сондықтан,  алимент  төлеу  қарыз  емес,  әкелік  парыз  екенін 

әрбір әке біле жүрген жөн. 

    Р. Саят, 

аудан прокурорының көмекшісі.

Заң және Сана



Неке  және  отбасы

2014  жылы  ауданымызда  225 

(2013 жылы 133) ұрлық тіркелсе, оның 

121 (2013 жылы 87) мал ұрлығы болып 

табылды. 

Байқап 


отырғандарыңыздай, 

мал  ұрлығының  жылдан-жылға  өсуі, 

олардың  ашылмай,  қылмыскерлердің 

жазаға тартылмауы, бұл мәселеге көңіл 

бөліп,  бірлесе  қимылдауды  қажет 

етеді.


Әрине,  қылмыстың  бұл  түрімен 

күресу 


қылмыстық 

ізге 


түсу 

органдарының өздерінің ғана қолынан 

келеді  деуге  болмайды.  Осы  орайда, 

аудан  тұрғындарының,  мал  иелерінің 

өздерінің  де  ат  салысып,  кез-келген 

мәлім  болған  жағдайды  қылмыстық 

ізге  түсу  органдарына  хабарласып, 

көмектессе,  бұл  мәселе  бір  шешімін 

табады деген ойдамын.

Сонымен  қатар,  2014  жылы  69 

жол көлік оқиғасы тіркелсе, оның 19-ы 

спирттік ішімдік ішкен жүргізушілермен 

жасалған  және  5-і  малдардың 

қатысуымен болған.  Осы орайда, аудан 

тұрғындарына,  малдарды  қараусыз 

жіберу  қылмыскерге  оңай  олжа 

ғана  емес  сонымен  қатар,  жол-көлік 

оқиғасына  да  себеп  болатындығын 

айта кеткім келеді. 

Өз  кезегінде  малдарды  қараусыз 

жіберу, 

олардың 


белгіленбеген 

жерлерде  жайылуы,  мал  иелерін 

заңмен  белгіленген  жауапкершілікке 

тартуға да әкеп соғады.    

Атап 

айтқанда, 



Қазақстан 

Республикасының  Әкімшілік  құқық 

бұзушылық  туралы  Кодексінің  633 

бабының талаптарына сай, автомобиль 

жолдарының  бөлінген  жолақ  шегінде 

белгіленгеннен  тыс  жерде  мал  жаю— 

жеке тұлғаларға – үш,  шағын кәсіпкерлік 

субъектілеріне  немесе  коммерциялық 

емес  ұйымдарға  –  жиырма,  орта 

кәсіпкерлік  субъектілеріне  –  отыз,  ірі 

кәсіпкерлік субъектілеріне  елу айлық 

есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл 

салуға әкеп соғады.

Сонымен  қатар,  осы  баптың 

бірінші бөлігінде көзделген,  адамдарға 

жеңіл  дене  зақымдарын  келтіре  

отырып,  көлік  құралдарын  немесе 

өзге  де  мүлікті  бүлдіре  отырып,  жол-

көлік  оқиғасына  әкеп  соққан  не  осы 

баптың  бірінші  бөлігінде  көзделген 

әкімшілік  жаза    қолданылғаннан 

кейін  бір  жылда  қайталап  жасалған 

құқық  бұзушылықтар  жеке  тұлғалар- 

ға–  бес,  шағын  кәсіпкерлік  субъек-

тілеріне 

немесе 


коммерциялық 

емес  ұйымдарға–  жиырма  бес,  орта 

кәсіпкерлік субъектілеріне–қырық, ірі 

кәсіпкерлік  субъектілеріне–бір  жүз 

айлық көрсеткіш мөлшерінде айыппұл 

салуға әкеп соғады.

Аталған  Кодекстің  147  бабының 

талаптарына  сай,  ұйымдық-құқықтық 

нысандарына 

қарамастан, 

ауыл 

шаруашылығы  ұйымдарының,  шаруа 



немесе  фермер  қожалықтарының, 

жеке  қосалқы  шаруашылықтардың 

егістіктердің,  маяларын малдың немесе 

құстың  таптауы,  ауыл  шаруашылығы 

дақылдарының  алқапта  жиналған 

астығын  бүлдіру  немесе  жою  не 

екпелерін зақымдау  жеке тұлғаларға– 

жиырма,  лауазымды  адамдарға—    елу 

айлық  есептік  көрсеткіш  мөлшерінде 

айыппұл салуға әкеп соғады.

Осы  баптың  бірінші  бөлігінде 

көзделген,  әкімшілік  жаза  қолданыл-

ғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап 

жасалған  дәл  сол  әрекеттер    жеке 

тұлғаларға  –  қырық,  лауазымды 

адамдарға—  жетпіс  айлық    есептік 

көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға 

әкеп соғады.

Сонымен  қатар,  Кодекстің  370- 

бабының  талаптарына  сай,  ормандар 

мен  орман  қоры  жерлерінде  заңсыз 

шөп  шабу  және  мал  жаю  –  ескерту 

жасауға  немесе  жеке  тұлғаларға  екі 

айлық  есептік  көрсеткіш  мөлшерінде 

айыппұл салуға әкеп соғады.

Бұл  орайда,  мал  иесі  көрсетілген 

айыппұлдарды  төлеп  қана  қоймай, 

сонымен 


қатар, 

«Қазақстан 

Республикасының  орман  заңнамасын 

бұзудан  келтірген  залалдың  мөлшерін 

есептеуге 

арналған 

базалық 

ставкаларды бекіту туралы» Қазақстан 

Республикасы  Үкіметінің  31.05.2007 

жылғы 


№441 

қаулысына 

сай, 

келтірілген залалды да өтейді.



Осыған  орай,  жоғарыда  аталған 

заң  талаптарын  біле  жүрген  Сіздерге 

септігін  тигізіп,  қаражаттарыңызды 

үнемдеп,  заң  бұзушылықтарына  жол 

бермейді деп сенемін.

Аталған  мақаланы  жариялай 

отырып,  кез-келген  заң  талаптарын 

түсінбеген 

жағдайда 

аудандық 

прокуратураға  келіп,  заңға  түсіндірме 

алуларыңызға болады. 

Сонымен  қатар,  кез-келген  заң 

бұзушылықтары  орын  алған  жағдайда 

аудандық 

прокуратураға 

2-22-37 

(аудан  прокурорының  орынбасары 

Т.Төлегенов) 

телефоны 

арқылы 

хабарлаңыздар.       



Т. Төлегенов, 

аудан  прокурорының 

орынбасары,   кіші әділет кеңесшісі.

“Жүріп  -тұруы   қиын  бірінші топтағы мүгедектерге  жеке  көмекшінің  және есту  

кемістігі бар  мүгедектерге ымдау  тілі  маманының  қызметтерін ұсыну  үшін  мүгедектерге  

құжаттарды рәсімдеу” мемлекеттік  көрсетілетін қызмет  стандарты  және  регламенті 

1. «Жүріп  -тұруы   қиын  бірінші топтағы мүгедектерге  жеке  көмекшінің  

және есту  кемістігі бар  мүгедектерге ымдау  тілі  маманының  қызметтерін 

ұсыну  үшін  мүгедектерге  құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін  

қызметін  аудандық  жұмыспен  қамту    және  әлеуметтік    бағдарламалар 

бөлімдері  көрсетеді.

Өтініштерді  қабылдау және  мемлекеттік қызмет  көрсету  нәтижелерін  

беру  көрсетілетін  қызметті беруші  арқылы жүзеге  асырылады.

Мемлекеттік  қызметті    көрсету  мерзімі:    көрсетілетін    қызметті  

берушіге  құжаттардың  топтамасын  тапсырған сәттен бастап-10(он) жұмыс 

күн ішінде;

Көрсетілетін  қызметті алушыға  қызмет көрсетудің  рұқсат  етілген ең 

ұзақ уақыты -30 минуттан аспайды.

Мемлекеттік  қызметті  көрсету  нысаны: қағаз түрінде.

Мемлекеттік  қызметті  көрсету  үшін  қажетті құжаттар  тізбесі:

1) 


Осы мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет стандартына қосымшаға 

сәйкес нысан бойынша  өтініш;

2) 

Көрсетілетін  қызметті  алушының  немесе заңды өкілінің жеке 



басын куәландыратын  құжат;

3) 


Мүгедекті  оңалтудың    жеке  бағдарламасынан  үзінді  көшірме 

(МӘСК-тен);

4) 

Мүгедектігі туралы  анықтама.



Салыстырып  тексеру  үшін  құжаттардың    түпнұсқалары    және  

көшірмелері ұсынылады, содан кейін  құжаттың  түпнұсқалары  көрсетілетін  

қызметті алушыға қайтарылады.

Көрсетілетін    қызмет  алушы    қажетті    құжаттардың    барлығын 

тапсырған    кезде    көрсетілетін    қызметті    беруші  көрсетілетін    қызметті  

алушыға  тіркелген  және  мемлекеттік  көрсетілетін қызметті алатын күні,  

құжаттарды  қабылдаған  адамның  тегі мен  аты-жөні  көрсетілген талон 

береді.


Мемлекеттік  қызметтер    көрсету  мәселелері    бойынша    көрсетілетін  

қызмет  берушінің  және  оның  лауазымды  адамдарының    шешімдеріне, 

әрекеттеріне шағымдануы:  аудан әкімдгінің кеңсесі  арқылы жұмыс күндері 

қолма  –қол    қабылданады.  Көрсетілетін    қызметті  берушінің,  әкімдіктің 

мекенжайына  келіп  түскен  көрсетілетін    қызметті  алушының    шағымы  

тіркелген  күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні  ішінде  қаралуға жатады.

Егер  өтініш  беруші    арнаулы  әлеуметтік    қызметтерді    алушы  болып 

табылатын болса,  жүріп-тұруы қиын  бірінші топтағы мүгедектерге жеке 

көмекшінің  және есту кемістігі  бар мүгедектерге  ымдау тілінің маманының  

қызметтерін    ұсыну  үшін    оларға    құжаттарды    рәсімдеу    көрсетілетін 

қызметті    берушінің    әлеуметтік    қызметкерінің  жәрдемдесуімен    жүзеге 

асырылады.

  Көрсетілетін  қызметті  алушының  мемлекеттік  қызмет  көрсетудің  

тәртібі мен  мәртебесі туралы ақпаратты  көрсетілетін қызметті  берушінің  

анықтамалық    қызметтері,  мемлекеттік  қызметтер  көрсету    мәселелері  

жөніндегі біріңғай байланыс  орталығы арқылы  алуға мүмкіндігі бар.

Осы  мемлекеттік  көрсетілетін    қызметтің    регламентіне    сәйкес 

көрсетілетін қызмет алушының Стандарттың 9-тармағына  сәйкес құжаттар  

топтамасымен    бірге  жүгінуі,  мемлекеттік    қызмет    көрсету    бойынша  

рәсімді бастауға   негіздеме  болып  табылады.

Мемлекеттік  қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін  ресімдер  

мазмұны, оны  орындаудың  ұзақтығы:

1) 

Құжаттарды  қабылдау, оларды тіркеу  және  мемлекеттік



көрсетілетін  қызметті алатын күні,  құжаттарды қабылдаған  адамның  

тегі мен  аты-жөні  көрсетілген  талон  беру.  Отыз минуттан  аспайды.

2) 

Құжаттарды қарау  және   жауапты орындаушыны  анықтау. Бір



жұмыс күннен аспайды.

3) 


Ұсынылған құжаттарды қарау, хабарламаны  ресімдеу  және 

көрсетілетін  қызметті  берушінің  басшысына қол қоюға  жіберу  үш 

жұмыс күнінен аспайды.

4) 


Хабарламаға қол қою. Нәтижесі- жүріп -тұруы   қиын  бірінші

топтағы  мүгедектерге    жеке    көмекшінің    және  есту    кемістігі  бар  

мүгедектерге  ымдау  тілі  маманының  қызметерін ұсыну  мерзімі көрсетілген  

құжаттарды  ресімдеу  туралы хабарлама. Бір жұмыс күннен аспайды;

5) 

Мемлекеттік    көрсетілген  қызметтің    нәтижесін  беру  отыз 



минуттан аспайды.

Айгерім АлғАдАй,

 аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар 

бөлімі, мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға үйден әлеуметтік көмек 

көрсету бөлімшесінің меңгерушісі. 

4

Хантәңірі

g. hantaniri@mail.ru.

2015— Қой  жылы, сенбі, 14  наурыз

ҚазаҚ  тарихын  сөйлеткен  ғалым

-  Кеңес  Нұрпейісұлы  Нұрпейіс  1935 

жылдың  15  наурызында  Алматы  облы-

сы  Кеген  ауданының  (қазіргі  Райымбек 

ауданының)  Саты  деген  шағын  ауылында 

дүниеге келген;

-  1942-1945  жылдар  аралығында  Ал-

маты 


облысы 

Райымбек 

ауданының 

Қарабұлақ  ауылындағы  балалар  үйінде 

оқып,  тәрбиеленеді;  1946-1952  жылдар 

аралығында  Алматыдағы  №18    Жамбыл 

атындағы ер балалар мектебінде оқиды;

- 1952-1957 жылдар аралығында Киров 

атындағы  ҚазМҰУ-нің  (қазіргі  әл-Фара-

би  атындағы  ҚазҰУ)  тарих  факультетін 

бітіреді;

1957-1958 



жылдар 

аралығында 

ҚазМҰУ-дің тарих факультетінде оқытушы  

болып жұмыс істейді;

1958-1965 



жылдар 

аралығында 

Қазақстанның 

Ұлттық 


Ғылым 

академиясының    Ш.  Уәлиханов  атындағы 

Тарих және этнология институтының   кіші 

ғылыми қызметкері болып істейді;

-  1963  жылы  «Советы  Северо-Восточ-

ного Казахстана в борьбе за установление 

и  укрепление  власти  рабочих  и  крестьян» 

(Солтүстік- Шығыс Қазақстан кеңестерінің 

жұмысшы  және  шаруалар  билігін  орна-

ту  мен  нығайтудағы  күресі)  тақырыбында 

кандидаттық диссертация қорғайды;

-  1965-1976  жылдар  аралығында  осы 

Академик,  ғалым Кеңес Нұрпейісов 80 жаста

Өмірдерек

институттың    аға  ғылыми  қызметкері  бо-

лып істейді;

- 1973 жылы «Крестьянские Советы Ка-

захстана в 1917-1929 гг.» /История органи-

зации, укрепления, практической деятель-

ности  аульных  советов/  (Қазақстанның 

шаруалар кеңестері /ауылдық кеңестерінің 

1917-1929  жылдарда    құрылуы,  нығаюы 

және  практикалық  қызметінің  тари-

хы/)  атты  докторлық  диссертациясын 

қорғайды;

-  1976  жылдан  бастап  ҰҒА  Ш. 

Уәлиханов  атындағы  Тарих  және  этно-

логия  институтының  Кеңес  дәуіріндегі 

Қазақстан  тарихы  бөлімінің  меңгерушісі 

болып істейді;

1977-1990 жылдар аралығында ҚР ҰҒА 

«Хабаршы-Вестник»  қоғамдық  ғылымдар 

сериясы 

журналының 

редакциялық 

алқасының жауапты хатшысы болады;

- 1980 жылы профессор атағын алады;

-  1982  жылы  еліміздің  тарихы  туралы 

жетпісінші  жылдардың  аяғында  жарық 

көрген  бес    томдық  «Қазақ  ССР  тари-

хы  -  көне  заманнан  бүгінге  дейінгі»  атты 

ұжымдық  еңбектің  авторларымен  бірге 

Қазақ  ССР  Мемлекеттік  сыйлығы-ның 

иегері атағын алады;

- 1989 жылы Қазақстан Ұлттық Ғылым 

шығатын  «Отан  тарихы»  журналының 

редакциялық  алқасының  және  Швеци-

ядан  шығатын  «Орталық  Азия  және  Кав-

каз»  атты  қоғамдық-саяси  журналының 

редакциялық алқасына мүше болады;

-  2001  жылы  ғылым  қайраткері  номи-

нациясы бойынша «Алтын адам» атағының  

иегері болды;

-2003 


жылы 

Қазақстан 

Республикасының  Ұлттық  ғылым  акаде-

мия-сының академигі болып сайланды;

-2004 

жылдан 


бастап 

Алматы 


облысының 

мемлекеттік 

мұрағаты 

шығаратын  «Туған  өлке  –  Родной  край» 

атты 

тарихи-өлкетану 



және 

мұрағат 


журналының  бас  редакторы  қызметін 

атқарды;


-  2005  жылы  «Парасат»  орденімен  ма-

рапатталды.

-  Кеңес  Нұрпейісұлының  ғылыми  же-

текшілігімен 28 кандидаттық,  9 докторлық 

диссертация қорғалды.

-  2007  жылдың  9  желтоқсанында  73 

жасқа  қараған  шағында  ұзаққа  созылған 

ауыр 


науқастан 

Кеңес 


Нұрпейісұлы 

Нұрпейіс қайтыс болды. 

сына  еңбек  сіңірген  қайраткері»  құрметті 

атағы берілді;

-1998 

жылы 


республикамыздан 

академиясының 

коррес-

пондент-  мүшесі  болып 



сайланды;

-1993 


жылдан 

бас-


тап  республикадағы  та-

р и х и - а ғ а р т у ш ы л ы қ 

«Әділет» 

қоғамының 

құрылтайшысы,    мүшесі,  

Алматы  қалалық  бөлімше-

сінің төрағасы болды;

-1993 


жылдан 

бас-


тап 

«Қазақ 


тарихы» 

журналының 

редак-

ция 


алқасының 

мүшесі 


қызметін атқарды;

- 1995 жылы «Қазақстан 

Республикасы  білім  беру 

ісінің үздігі» белгісімен ма-

рапатталды;

- 1997 жылы Әлеуметтік 

Ғылымдар академиясының 

толық мүшесі болады;



Фотошежіре

Фотошежіре

Белгілі ғалым- тарихшы, академик, тарих ғылымының докторы 

Кеңес Нұрпейіс өмірінің жарты ғасырын орталық тарих  ғылымы мен 

жоғары  мектепке  арнады.  Жылдар    өткен  сайын  мерейтой  иесінің 

ерекше тұлғасы айқындала түседі.

К.  Нұрпейіс-  тарих  ғылымының  аса  қайырымды  да  қабілетті 

қайраткерлерінің бірі ғана емес, сонымен бірге оның жанашылдарының 

бірі. Ол үнемі тарихи зерттеудің жаңа жолы мен әдістерін іздеу үстінде 

жүреді және Қазақстан Республикасы тарихының зерттелмеген, тылсым 

тұстарын зерттеуге, тереңдеп баруға бар қажыр- қайратын жұмсайды. 

Ол қазіргі таңдағы Қазақстан тарихының аса маңызды мәселелері мен 

ғылыми-  теориялық  зерттеулерге    деген  қызығушылығы  жөніндегі 

өзіндік  бай  эрудициясын  тоталитарлық  режим  жылдарындағы 

Қазақстанда  болған  саяси  ауқымды  білімі  және  байқауларымен, 

сондай-ақ  Алаш қозғалысы тарихын қоса алып келеді.

К. Нұрпейіс – қоғамдық белсенділігі жоғары, сергек адам, туған 

өлкесін де зерттеуге жаны құмар, қағылез ғалым.

Ғалымның  өмір  жолы  1935  жылдан  Алматы  облысы  Кеген 

ауданындағы  /қазіргі  Райымбек/  Саты  ауылынан  басталады.  Ол 

әкесінен ерте айырылып, 1942-1945 жылдары Қарабұлақ  ауданындағы 

балалар үйінде тәрбиеленді. Сонда бастауыш білім алды. 1952 жылы 

К.Нұрпейіс Алматы қаласындағы №18 орта мектепті үздік бітірді.

Тарихқа деген іңкәрлігі, өз халқының өткенін зерттеуге және түп- 

тұқиянын білуге деген ұмтылыс талапты жасты 1952 жылы С. М. Киров  

атындағы  Қазақ  Мемлекеттік  университетіне  /  бүгінде  Әл-  Фараби 

атындағы  Қаз  ҰУ/  әкеледі.  К.  Нұрпейіс    оқудың  алғашқы  күнінен 

бастап-ақ    тәлімгер-  педагогтер  мен  бірге  оқитын  жолдастарының 

назарын  табандылығы  мен  эрудициясына,  сұңғыла  ойы  мен  терең  

біліміне  аударады.  Төменгі  курста  жүрген  кезінде-ақ  оның  ғылыми 

баяндамалары  мен  хабарламалары  оқытушылар  мен  студенттердің 

үлкен  қызығушылығын  тудырады.  Өйткені  осы  еңбектерінде  Кеңес  

Нұрпейіс өзін дереккөздерге талдау жасай алатын, кез келген ғылыми 

проблеманың  болмысына  бойлай  алатын,  ең  бастысы,  кез  келген 

аудиторияда өз ұстанымын сауатты әрі дәлелді көрсете білетін болашақ 

зерттеуші ретінде көрсетті. Сол кездің өзінде-ақ К.Нұрпейіс, негізінен, 

дәстүрден де алыстап кетпей, тарихшылар мен қоғам қайраткерлерінің 

түрлі пікірлерін тарих ғылымындағы жаңа үрдістердің тууы мен дамуын 

бейнелей  отыра,  өзіндік  бір  ерекшелікпен  жинақтады.  Сондықтан 

университетті  үздік  бітірген  Кеңес  Нұрпейістің    білім  ордасында 

қалдырылуына ешкім де  таңданбады.

Осы  ЖОО-дағы  аз  ғана  уақыт  аралығында  жас  ғалым  өзінің 

жұмысқа  деген  салмақты  және  жауапкершілікті  көзқарасымен, 

аудитория ынтасын жаңа ғылыми идеяларға аудара білу, олардың сол 

уақытта өте өзекті, сонымен бірге ғылымда әрқилы бағаланып жүрген 

мәселелерге деген қызығушылығын оята алу дарынымен әріптестері 

мен студенттердің құрметіне ие болды.   




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет