2-ші тақырып бойынша Тәуелсіз қоғамдағы тұлғаның



Дата27.03.2023
өлшемі15,61 Kb.
#76563
Байланысты:
2-ші апта


2-ші тақырып бойынша
Тәуелсіз қоғамдағы тұлғаның (ерік бостандығы тұжырымдамасы)
Ерік – бұл адамның өз мінез-құлқын саналы реттеу қабілеті, өзінің барлық күшін қойылған мақсатқа жетуге бағыттауды білдіретін ұғым. Ерік – іс – әрекеттің саналы реттелуіне негізделген психиканың ерекше формасы. Іс – әрекетті орындау тұлғаның іс – әрекет элементтерін ұйымдастыруы және басқаруы болып табылады, яғни іс-әрекет процесін және өзін басқару. Еріктік іс – әрекет тұлға қасиеттерімен (өмірлік тілекпен, ұмтылыстармен, сенімдермен және т.б.), іс – әрекеттің мазмұнымен, өмірлік жағдайлармен детерминантталған. Мінез-құлықтың еріктік реттелуі – мақсатқа жету немесе белсенділіктен бас тарту үшін ақыл-ой және дене күшін саналы түрде бағыттау болып табылады.
Еріктік амал кезеңдері мен ерік сапаларын қалыптастыру. Ерікті әрекеттермен амалдар мәнісі мен құрылымы жағынан өте күрделі процесс. Немесе ерікті амал – бұл мазмұны тұрғысынан өте курделі психологиялық әрекет. Бұл әрекет бірнеше кезеңдерден не сатылардан тұрады. Ерік қимылы адамның даму процесінде біртіндеп жетіліп, қалыптасатын күрделі процесс Адамның еркі алдын ала қойылған мақсатқа сай орындалатын әрекет, қылықтардан көрініп отырады. Бірақ жүру, көбейту кестесі келеміндегі ауызша есеп, жақын, туыс адамдармен сөйлесу тағы сол сияқтылар ерікті қажет ететін әрекеттерге жатпайды. Бұл әрекеттер мақсатты, бірақ олардағы ерікті талап ететін сәттер елеусіз. Еріктік әрекеттер мақсаттың және сол сияқты, оларды орындау барысында кездесетін кедергілердің, қиындықтардың болуымен, оларды орылдау кезінде бастан кешетін толғаныстардың болуымен сипатталады.
Қазіргі таңдағы студенттердің психологиялық портретін құру
«Студент» тeрмині латын сөзінен шыққан, орысшаға аударғанда іждағатты жұмыс жасайтын, әртүрлі іс-әрекеттермен шұғылданатын, яғни білім алуға ынталанған адам.
Студeнт белгілі жастағы адам және жеке тұлға ретінде сипатталуы мүмкін: психологиялық жағы – психологиялық үдерістер, жағдайлар және қасиеттердің бірлігін көрсетеді. Психологиялық жағынан, ең бастысы, психикалық үдерістердің жүзеге асуына, психикалық жағдаяттардың пайда болуына, психикалық құрылымдардың көрінісіне тәуелді болатын – психикалық қасиеттер (бағыттылық, темперамент, мінез-құлық, қабілеттер). Дегенмен, нақты студентті зерттеу кезінде, әр индивидтің ерекшеліктерін, олардың психикалық үдерістерін және жағдаяттарын ескеру керек.
Бұл жақтaрын зерттеу студенттердің қасиеттері мен мүмкіндіктерін, оның жасына байланысты және тұлғалық ерекшеліктерін көрсетеді. Сонымен, егер студентке белгіл жастағы адам деп қарасақ, оған қарапайым, құрама және сөз сигналдары, абсолютті және әртүрлі сезім анализаторлар оптимумы, күрделі психомоторлық құрылымдардың және басқа дағдылардың иірімділігі тән болады. Басқа жастағы адамдарға қарағанда, жасөспірімдік шағында оларда үлкен жылдамдықтағы оперативтік еске сақтау, және зейіннің тез басқаға ауысуы, вербалды-логикалық есептерді шығаруы және т.б. мүмкіндіктері басым болады.
Сонымен, студенттік жас барлық алдындағы психологиялық, даму үдерістеріне негізделген ең жоғары, «шың» жетістітерге жетуімен сипатталады.
Егер студент жеке тұлға ретінде зерттелсе, онда 18-20 жас – адамгершілік және эстетикалық сезімдерінің ең көрнекті дамыған, мінез-құлықтың қалыптасу мен тұрақтану кезеңі, және, ең маңыздысы, ересек адамның әлеуметтік ролінің толық кешенін игеру: азаматтық, кәсіби-еңбектік және т.б. Бұл кезең «экономикалық белсенділіктің» басталуымен байланысты, демографтар оны адамның жеке өндірістік іс-әрекетке кірісу, еңбек биографиясының басталу және өзінің меншікті от басын құру кезеңі деп түсінеді. Бір жағынан, мотивацияның, барлық құндылық бағдар жүйесінің өзгеруі, келесі жағынан – мамандандырылуына байланысты арнайы қабілеттердің қарқынды қалыптасуы, бұл жасты мінез-құлық пен интеллектінің тұрақтануының орталық кезеңі сипатында бөліп көрсетеді. Ол спорт рекордтарының, көркем шығармашылықтың, техникалық және ғылыми жетістіктердің уақыты. Студенттік жас – интеллектуалдық және физикалық күштің дамуының көптеген оптимумдарына жететін кезең болып сипатталады. Бірақ, кейбір кезде осы мүмкіндіктер мен олардың нақты жүзеге асуының арасында «қайшылықтар» қатар жүреді
Эмоционалдық интеллектіні дамыту бағдарламасын құру.

Эмоционалды интеллект немесе EQ (ағылш. Emotional intelligence) – адамның эмоцияларды тану, басқа адамдардың ниеттерін, уәждері мен тілектерін түсіну, сондай-ақ практикалық мәселелерді шешу үшін өз эмоциялары мен басқа адамдардың эмоцияларын басқару қабілеті дағдылары мен қабілеттерінің жиынтығы. Эмоционалды интеллект-соңғы онжылдықтағы ең танымал ұғымдардың бірі. Дүниежүзілік экономикалық форумның сарапшылары оны 2020 жылы ең маңызды 10 дағдыға енгізді. Егер эмоционалды интеллект дамымаған болса, адамға өз эмоцияларын тану және басқа адамдардың жағдайын оқу өте қиын.


Brighton School of Business and Management мәліметтері бойынша, жұмыстағы EQ hard skills-тен екі есе маңызды, ал сұралған қызметкерлердің 44% - ы бұл көрсеткішті тиімді көшбасшылардың ерекшелігі деп санайды. EQ деңгейі жоғары болса, сіз жасай аласыз:
⮚ жұмыс қысымымен және күйзелісімен күресе аласыз;
⮚ келіссөздер кезінде өзіңізді және басқаларды тиімді басқарасыз;;
⮚ командамен тиімді жұмыс атқара аласыз;
⮚ жанжалдарды шешесіз.
Өзін-өзі тану-бұл адамның өз эмоциясы мен мотивациясын дұрыс түсіну, оның күшті және әлсіз жақтарын бағалау, өмірдегі мақсаттары мен құндылықтарын анықтау қабілеті.
Өзін-өзі реттеу-бұл сіздің эмоцияларыңызды басқара білу және импульстарыңызды ұстау.
Мотивация – бұл мақсатқа жету үшін оған ұмтылу қабілеті.
Эмпатия – бұл басқалардың эмоцияларын түсіну, шешім қабылдауда басқалардың сезімдерін ескеру және басқа адамдарға эмпатия болу қабілеті.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет