Бұл шығармада сөз өнері ерекше көрсетілген. Алматының табиғатын,тіршілігін оқырманға жеңіл тілмен түсіндіріп берген. Өзінің туған қаласымен мақтаныш сезімі, сол қаланың
болашағын көркем суреттеуі, тіпті ертегіге ұқсатып қызықтыруы осы шығарманың әсемдік бейнесі секілді. Осы шығармамен балаларды таныстыра отырып, өз қаласын,
ауылын сипаттау беруді сұрасақ,баланың туған елге деген патриоттық сезімі олан әрі күшеюіне сепебкер болады.
3.Несіпбек Айтұлы
ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Несіпбек Айтұлы (туған кездегі есімі —
Несіпбек Тұрысбекұлы Айт; 22 қыркүйек 1950, Шәуешек, Тарбағатай аймағы, Шығыс Түркістан — 16 қазан 2023) —
қазақ ақыны, аудармашы, журналист. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2011), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2012).
Өмірбаяны
1950 жылы 22 қыркүйекте Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағы, Шәуешек ауданына қарасты Теректі ауылының Апиынды бұлақ деген жерінде дүниеге келген.
1962 жылы ата-анасымен атамекенге оралып, орта мектепті бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Баршатас ауылында бітірген. Еңбек жолын Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде бастаған. 1974 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.
1974–1984 жылдары «Балдырған» журналы
поэзия бөлімінің меңгерушісі, «Жалын» баспасында редактор, 1984–1994 жылдары Қазақстан жазушылар одағында әдеби кеңесші, 1995–1996 жылдары «Ақын»
қауымдастығының директоры, 1997–2001 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде сын бөлімінің, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі болып, 2001 жылдан бері Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университетінде, Президенттік Мәдениет орталығында қызмет істеген. «Алтын тамыр» журналының бас редакторы болған.
Достарыңызбен бөлісу: