2-сынып Абдрахман Асылбек Өмірі және шығармашылығы абдрахман Асылбек



бет14/21
Дата19.12.2023
өлшемі1,01 Mb.
#141100
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
Байланысты:
МНО-МУЙНАНОВА МАДИНАБАНУ-БӘ

3-СЫНЫП ОҚУЛЫҒЫНДАҒЫ ШЫҒАРМАСЫ
ҚЫСҚЫ КЕШ
Кешкі аспанда алай-түлей
Соққан боран көк дүлей;
Кейде ұлиды аш бөрідей,
Кейде жылап сəбидей.
Тозған лашық қамысындай
Суылдайды кей уақыт;
Түн қатқан бір жолаушыдай
Қағады əйнек бейуақыт.

Бұл өлең табиғат лиракасы түрінде жазылған болып, ақын қыс мезгілінің кешкі көрінісін ерекше шеберлікпен суреттеген. Боран қалай соғып жатқанын,оның дыбысын жылаған сәбиге теңеп суреттейді. Өлеңнің толық нұсқасында қыстың аязды ызғары мен боранын бейнелей отырып көктем,жаз мезгілдерін аңсау туралыда қысқаша баяндалған.


4-сынып
1.Базарбай Исаев
ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Базарбай Исаев - 1941 жылы 5 қазанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы қазіргі Манап ауылында туған.
Қызылорда қаласындағы педагогикалық (қазіргі Қорқыт ата атындағы) институтының филология факультеті қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін бітірген. Шиелі аудандық «Өскен өңір», Қызылорда облыстық «Ленин жолы» (қазіргі «Сыр бойы»), «Жас алаш», «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінің редакцияларында істеген. 1977—1986 жылдары Қазақ КСР Ішкі істер министрлігінің аппаратында жауапты қызмет атқарды.
1986-1990 жылдары «Жалын» баспасында аға редактор, 1990—1995 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігінің «Сақшы» — «На страже» газетінде тілші, редактордың орынбасары, редактор, 1996 жылдан бастап шекара әскерлері Әскери институтының редакциялық-баспа бөлімі бастығының орынбасары, 1997 жылдан «Улан» — «Гвардия» газетінің бас редакторы, «Қазақстан сарбазы — Воин Казахстана» газеті жауапты редакторының орынбасары болған.
ҚР Қарулы Күштерінің запас-тағы полковнигі, Жаңақорған ауданының құрметті азаматы.
«Отызыншы көктем», «Ақ жауын », «Ақ қайнар »,» Көктем шерткен күй», «Бақыт қүсы», «Қауышу мен қоштасу» , «Сезім селі», «Мөлдір», «Арайна» атты жыр жинақтары жарық көрген. А.Чайковскийдің «Алыс жүлдыздың жарығы» повесін, Н.Думбад-зенің «Алаң болма, апа!» романын, С.Радионовтың «Магнитофон-дағы жазу» повесін қазақ тіліне аударған. Жазушының «Өң мен түс», «Алтынай, ақ көйлек», «Көрбала және тергеуші», «Жігіт пен жендет» атты прозалық шығармалары бар.
Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1994).[1]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет