4-СЫНЫПОҚУЛЫҒЫНДАҒЫ ШЫҒАРМАСЫ Ана тіліне тағзым Ана тілі – біздің туған анамыз
Анамыздай сыйлап ,бағып,қағамыз
Ана тілін бағаласақ қалай біз
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз
Ана тілін кім аялай білмесе
«Анасынан безген ұл» деп қараңыз
Бұл өлеңнің негізгі идеясы аты айтып тұрғандай Ана тілінің құрметі. Бұл өлеңді оқушыға түсіндірген кезде ең алдымен не үшін АНА ТІЛІ деп аталатынын түсіндіріп өту керек. 4-сынып оқушысы Ана қадірін,оның қаншалықты қымбат,жанашыр екенін аз да болса түсінеді. "Ана тілі" ұғымы барлық этносқа тән болса да, этностық көзқарас тұрғысынан бұл ұғым әр түрлі («туған тіл», «ұлт тілі», «ата-баба тілі», «ана тілі», т.б.) атала береді.
Қазақ дәстүрі бойынша,дүниеге келген нәрестенің құлағына алғаш шалынған ананың үн-әуезі оның ақ сүті арқылы баланың бойы мен барша болмысына дарып, адамға ғана сыйланатын құдіретті күш – тілге ұласады, сондықтан оның тілі ана құрметіне бағышталып, «ана тілі» аталып кеткен. Өлең шумағанда айтылғандай ана тілін қаншалықты жақсы меңгеріп,құрметтсең сеніңде өзге ұлттар алдында деген бағаң,абыройың сондай болмақ. Егер өз тіліңнен ұялып,өзге тілдерде мақтанышпен сөйлейтін болсаң,онда сен өздігіңді, мәдениетіңді,кім екеніңді жоғалтқанмен тең боласың. Осы сөздер арқылы оқушының санасында Ана тіліне деген құрметті арттыра аласыз және де осыдан ой түйген оқушы ,болашақ ұрпақ шала сөйлеуден біраз тыйылары сөзсіз.