2-сынып Абдрахман Асылбек Өмірі және шығармашылығы абдрахман Асылбек



бет18/21
Дата19.12.2023
өлшемі1,01 Mb.
#141100
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
МНО-МУЙНАНОВА МАДИНАБАНУ-БӘ

3.Бақытжан Тобаяқов
ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Бақытжан Ошақбайұлы Тобаяқ (21.4.1953 жылы туған, Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Бостан ауылы) - ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1994), КСРО өнертапқышы (1986), Қазақстанның еңбегі сіңген мәдениет қайраткері (2003).

  • 1973 жылы ҚазПТИ-ді бітірген.

  • 1993 жылы ҚазМУ-ді бітірген.

  • Ш.Шокин атындағы Энергетика ғылыми зерттеу институтының аспирантурасын бітірген.

Еңбек жолын Өскемен жылу энергетикалық орталығында жөндеуші ретінде бастаған. Кейін республикалық «Қазтехэнерго» кәсіпорнында (1973) инженер.Энергетика министрлігінде инженерТашкент көлік қатынасы инженерлік институтының филиалында оқытушыҚазақтың Энергетика ғылыми зерттеу институтының ғылыми қызметкер (1976-86) болды.
1986-99 жылдар аралығында баспа орындарында «Қазақ энциклопедиясы», «Зерде», «Қаржы-қаражат» журналында, «Халық Кеңесі» газетінде, ҚазАқпарат-та, «Хабар» агенттігінде, т.б. әр түрлі жауапты қызметтер атқарды. Қазір ұлттық «KEGOC» энергетикалық компаниясында бөлім бастығы.

  • «Бостан» (1994)

  • «Темірқазық» (1999)

  • «Сонар» (1999)

  • «Металдар құпиясы» (1997)

  • «Егемен елдің экономикасы» (1995)

  • «Адамзат тірлікті дәулет білмек...» (2000)

  • «Құланиек» (2000)

  • «Алматы көшелері» (2001), т.б. өлең жинақтары мен ғылыми-танымдық кітаптары жарық көрген.

4-СЫНЫП ОҚУЛЫҒЫНДАҒЫ ШЫҒАРМАСЫ

Тәуелсіздік әні
Ата-бабам аңсаған
Азаттықты қарсы алам
Жер-жаһанға ғаламға:
«Бостанмын» деп жар салам
Азаттықтың ұраны-
«Алаш» еді жыр-әні
Қалықтайды көгімде
Еркіндіктің қыраны.
Желтоқсанның ызғары
Қариды ғой бізді әлі
Құрбан болған құрбы үшін
Жүрегіміз сыздады
Тәуелсіздік! Тау етем
Әуелетем, әндетем
Азаттықтың ақ таңы
Өлшенбейтін мәнге тең.

Бұл өлеңде ақын Желтоқсан оқиғасы туралы сөз қозғаған секілді. Сол күнге қаншама адамдар Тәуелсіздік үшін жандарын пида етті.Қаншама ата-бабамыз тәуелсіздікті аңсап,көре алмай кетті. Осы өлеңнің де негізгі идеясы осы Тәуелсіздікті аңсау болып тұр. Осы өлең арқылы оқушылардың патриоттық сезімін күшейтіп, тәуелсіздіктің қадіріне детуге үндеу керек деп ойлаймын.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет