2-сынып Тақырыбы: Біздің қызықты әлеміміз



бет2/3
Дата22.01.2023
өлшемі245,7 Kb.
#62350
1   2   3
Байланысты:
Біздің қызықты әлеміміз

5-кезең:Тосын сұрақтар
1.Қай бала дұрыс отыру ережесін сақтап отыр?

2.Достарыңа беруге болмайтын гигиеналық құралдарды ата



3. Өсімдіктер неге қолшатырдың астына жасырынды?



4.Екі суретке ортақ не бар?



6-КЕЗЕҢ: Үй тапсырмасы «Балалар және театр»
1-топ: «Үйшік» ертегісі. Қуыршақ театры
Бұл орманда болған оқиға еді. Ашық алаңқайда кіп-кішкентай ескі үйшік тұрған. Бірде оны қасынан жүгіріп өтіп бара жатқан тышқан көреді. Тышқан тоқтап:
– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп сұрайды.
Ешкім жауап қайтармайды.Тышқан бос үйшікке кіріп, осында тұрып жатады.
Біраз уақыттан кейін үйшіктің маңына секіріп бақа келеді.
– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? 
– Мен тықырлауық тышқанмын! Ал сен кімсің?
– Мен бақылдауық бақамын. – Кел, бірге тұрайық.
Бақа «бақ-бақ!» деп бақылдап, үйшікке секіріп кіреді. Тышқан екеуі тіл табысып, бірге тұрады.
Енді үйшік қасына ытқып-ытқып қоян жетеді.
– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп сұрайды.
– Мен тықырлауық тышқанмын! 
– Мен бақылдауық бақамын. Ал сен кімсің?
– Мен қорқақ қоянмын!
– Кел, бірге тұрайық.
Қоян да үйшікке кіреді. Осылай үшеуі бірге өмір сүре бастайды.
Алыстан бұл үйшікті түлкі көреді. Ақырын басып жақын келіп, терезесін қағады да:
– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп сұрайды.
– Мен тықырлауық тышқанмын! 
– Мен бақылдауық бақамын. 
– Мен қорқақ қоянмын! Ал сен кімсің?
– Мен қу түлкімін!
– Кел, бірге тұрайық.
Үйшіктен түлкіге де орын табылды. Достар енді төртеу болды.
Үйшікке тілі салақтап, айналасына алақ-жұлақ қарап қасқыр жетеді. Ол есікті қағып, қырылдаған дауысымен:
– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп сұрайды.
– Мен тықырлауық тышқанмын! 
– Мен бақылдауық бақамын. 
– Мен қорқақ қоянмын! 
– Мен қу түлкімін! Ал сен кімсің? – Мен сұр қасқырмын!
– Кел, бірге тұрайық.
Қасқыр қысыла-қымтырыла ішке кіреді. Әйтсе де кіп-кішкентай үйшікке бесеуі де сыйып кетеді. Барлығы қосылып, ән айтады. Тату-тәтті өмір сүреді.
Бір күні жидек теріп жүрген аю үйшік тұрғындарының салған әнін естиді. Ол үйшікке жақын келіп, бар дауысымен:
– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп ақырады.
– Мен тықырлауық тышқанмын! 
– Мен бақылдауық бақамын. 
– Мен қорқақ қоянмын! 
– Мен қу түлкімін! 
– Ал мен болсам, сұр қасқырмын! 
Ал сен кімсің?
– Мен қорбаңбай аюмын! 
– Кел, бірге тұрайық.
Аю ары-бері тырбыңдап үйшікке кірмекші болады. Бірақ оның басы енгенімен, денесі сыймайды. Амалы таусылған аю:
– Ендеше мен үйшіктің шатырына шығып тұрайын, – дейді.
– Жоқ, сен дәусің! Сені кішкентай үйшігіміз көтере алмайды. Қиратасың ғой, – деп шырылдайды іштегілер. – Қорықпаңдар, түк те болмайды, – деп аю олардың сөздеріне құлақ аспайды.
Кіп-кішкентай үйшіктің тұрғындары амалсыздан келіседі. Аю қорбаңдап үйшіктің төбесіне шығады. Сол-ақ екен, ескі үйшік сықырлап, шашылып қалады. Тықырлауық тышқан, бақылдауық бақа, қорқақ қоян, қу түлкі, сұр қасқыр – барлығы аман-есен үйшіктен шығып үлгереді.
Аюға олар ренжімейді. Қайта барлығы бірігіп, бөренелерді тасып, тақтайларды сүргілеп, жаңа үйшік тұрғызуға кірісіп кетеді. Осылайша, достар өздеріне әп-әдемі, жап-жаңа үйшік соғып алыпты. 


2-топ: «Көлеңке» театры.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет