2-сұрақ 1930-1988 жылдар аралығындағы зерттеулердегі етіс категориясына қатысты ұстанымдар



бет2/6
Дата25.05.2023
өлшемі22,07 Kb.
#97556
1   2   3   4   5   6

-ыт/-іт‚ -ыр/-ір‚ -қыз‚ -тыр т.с.с. жұрнақтардың сөздің соңғы дыбысына қарай ауысып отыратынын, алайда олар сөзге бірдей мағына үстейтінін көрсетеді.


Сол сияқты өсіңкі, дүркінді етістерді етіс категориясына қоспаған. Сондықтан А.Байтұрсынұлы етістің 10 түрін көрсетсе, Қ.Кемеңгерұлы
6 түрін ғана көрсетеді. А.Байтұрсынұлы әр етіс түрін даралап, әрқайсысының көрсеткіштерін көрсетіп, оған өзінше ат беруге тырысса, Қ.Кемеңгерұлы оларды мағыналық, тұлғалық ұқсастықтарына байланысты басын біріктіріп, жинақтауға ұмтылған.
Қ.Кемеңгерұлының «Оқу құралы» орыс топтарына қазақ тілін үйрететін еңбек болғандықтан, кітаптағы етіс атауларының бәрі орысша берілген: возвратный, страдательный, взаимный, действительный, средний, понудительный залог.
Алайда «Қазақ тілі грамматикасында» орысша атаулардың қасына қазақ тіліндегі баламасын ұсынуда А.Байтұрсынұлы ұстанған атауларды пайдаланады. Тіпті етіс ретінде танымай, вид (сыпат) деп көрсеткен «многократный вид», «прогрессивный вид» деген атаулардың баламасын беруде де А.Байтұрсынұлы терминдерін сол күйінде (өсіңкі етіс, дүркінді етіс) пайдаланады. Оның себебі – А.Байтұрсынұлы терминдері ол кезде көпшілікке әбден танылған, орныққан терминдер болды да, оқушының материалды тез игеріп, меңгеріп алуы үшін әрі түсіндіріп отырған нәрсесі «көктен түспеген», тілімізде бұрыннан бар нәрселерді енді басқаша танытып, көрсетіп отырғанын білдіру үшін Қ.Кемеңгерұлы аталған терминдерді әдейі қолданған деп ойлаймыз.
Қ.Кемеңгерұлы алғашқылардың бірі болып беделді етістің өзіндік ерекшелігін түсінген. Ғалым -ыт/-іт‚ -қыз‚ -тыр‚ -ыр/-ір жұрнақтары салт етіске жалғанса, беделді етіс емес, сабақты етіс жасалатынын, ал беделді етіс болуы үшін аталған қосымшалар сабақты етістіктерге жалғануы керектігін айтады. Сонымен қатар Қ.Кемеңгерұлы беделді етіс болу үшін тура толықтауышпен қатар жанама толықтауыштың да болуы шарт екенін ескертеді. Ғалым сындыр, отырғыз сияқты сабақты етістер мен сындырт, жүргіздір, қаздыр, сұрат секілді беделді етістерді салыстыра отырып, көрсеткіштері бір болғанмен, олар түрлі етіске жататынын айтады. Сонда, Қ.Кемеңгерұлының түсіндіруінше, тура толықтауышты ғана қажет ететін, салт етістерге

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет