2-сұрақ 1930-1988 жылдар аралығындағы зерттеулердегі етіс категориясына қатысты ұстанымдар



бет1/6
Дата25.05.2023
өлшемі22,07 Kb.
#97556
  1   2   3   4   5   6

2-сұрақ
1930-1988 жылдар аралығындағы зерттеулердегі етіс категориясына қатысты ұстанымдар
Түркологияда, оның ішінде қазақ тіл білімінде ғалымдар назарын аудартып, көптеген талас тудырып жүрген мәселенің бірі – етіс категориясы. Ғасырдан астам уақыт бойы сөз болғанмен, бұл мәселе төңірегінде әлі де шешіле қоймаған түйткілдер баршылық.
Бүкіл түркологияда етіс категориясының бар-жоқтығы 1957 жылға дейін дау туғызып келсе, Қ.Кемеңгерұлы өзіне дейінгі зерттеушілердің еңбегін сараптай отырып, тіл табиғатын терең түсінген білгір лингвист ретінде 20-жылдардың өзінде-ақ етіс категориясының қазақ тіліне тән екенін ашып айтып кеткен. Ғалым бұл категорияны «етіс» («залог») деп дұрыс танумен қатар оның түрін, көрсеткіштерін де нақтылап көрсетіп берген. Сонымен қатар М.А.Казем-Бек, Н.И.Ильминский, М.Терентьев, П.М.Мелиоранский еңбектерінде етістің бір түрі ретінде берілген «отрицательный залогты» Қ.Кемеңгерұлы етіс қатарына қоспайды. Бүгінгі таңда да етістіктің бұл түрі болымсыздық категория ретінде танылып, етістен бөлек қарастырылып жүр. Сол сияқты Н.И.Ильминский еңбектерінде «уменьшительная форма», «Грамматика киргизского языка» деген кітапта «усилительный залог» көрсеткіштері ретінде танылған -ңқыра/-ңкіре жұрнақтарын да Қ.Кемеңгерұлы етіс категориясына қоспайды.
Казем-Бек‚ «Грамматика алтайского языка», М.Терентьев еңбектерінде – 5; Н.И.Ильминскийде – 6; «Грамматика киргизского языка» деген кітапта 8 түрлі етіс көрсетілсе, Қ.Кемеңгерұлы етістің 6 түрін көрсетеді. Олар: салт (средний), сабақты (действительный), өздік (возвратный), ырықсыз (страдательный), ортақ (взаимный), беделді (понудительный) етіс. Ғалымның етістерді топтастыруы П.М.Мелиоранскийдің жіктеуіне ұқсас. Бұл классификация бүгінгі таңдағы етістерді топтастыру үрдісіне біршама жақын.
Қ.Кемеңгерұлының етісті топтастыруында өзінің рухани ұстазы А.Байтұрсынұлы жіктеуімен ұқсас келетін тұстары да, ерекшеліктері де баршылық:


А.Байтұрсынұлы

Қ.Кемеңгерұлы

1. өздік: -ын/-ін
2. ырықсыз: -л
3. ортақ: -ыс/-іс
4. салт
5. сабақты
6. беделді: -дыр
7. өзгелік: -ғыз
8. шығыс: -стыр
9. өсіңкі: -қыла
10. дүркінді: -ңқыра

1. өздік (возвратный): -ын/-ін
2. ырықсыз: (страдательный): -ыл/-іл
3. ортақ (взаимный): -ыс/-іс

4. салт (средныий)
5. сабақты етіс -ыт/-іт, -ыр/-ір, -дыр/-дір, -қыз/-кіз
6. беделді етіс: -ыт/-іт, -ыр/-ір, -дыр/-дір, -қыз/-кіз

прогрессивный вид: -қыла/-кіле
многократный вид: -ңқыра/-ңкіре

Салт, сабақты, өздік, ырықсыз, ортақ етістерді екі ғалым да бірдей таныған. А.Байтұрсынұлы жіктеуіндегі беделді етіс, өзгелік етіс, шағыс етістерді Қ.Кемеңгерұлы жинақтап, беделді етіс түрінде берген. «Оқу құралында»



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет