2-сұрақ 1930-1988 жылдар аралығындағы зерттеулердегі етіс категориясына қатысты ұстанымдар



бет3/6
Дата25.05.2023
өлшемі22,07 Kb.
#97556
1   2   3   4   5   6
-ыт/-іт, -тыр, -қыз, -ыр/-ір жұрнақтары жалғану арқылы жасалған етіс түрі – сабақты етіс те, сабақты етіске (негізгі, туынды) аталған қосымшалар үстеліп, сөйлемде тура толықтауышпен (прямое дополнение – Қ.К.) қатар барыс септікті жанама толықтауыштың (косвенное дополнение – Қ.К.) да болуын қажет ететін етіс түрі беделді етіс болуы керек. Ендеше, сабақты етіс етіске тән өзіндік мағынасы мен арнаулы көрсеткіштері болуына байланысты етіс категориясынан өз орнын алуы керек сияқты. Ал сабақты етіс етіс ретінде танылатын болса, онымен оппозиция құрайтын, яғни тура толықтауышты (объектіні) керек етпейтін салт етіс те осы категория шеңберінде қарастырылуы қажет тәрізді. Олай болса, түркологияда неше жылдар бойы талас тудырып жүрген негізгі етістің орнына А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлдарының жолымен салт, сабақты етістерді етіс қатарында тануға әбден болатын сияқты.
Қ.Кемеңгерұлы етіс жұрнақтарының салт етісті сабақты етіске айналдыра алатынын айтып, «Қазақша-орысша тілмашта» етістерді жеке реестр ретінде бергенмен, етіс қосымшаларын сөз тудырушы жұрнақтар қатарында танымайды.
Қ.Кемеңгерұлынан кейінгі зерттеушілер, негізінен, ғалымның топтастыруын басшылыққа алғанын байқаймыз. Мәселен, Қ.Жұбанұлының етістерді жіктеуі Қ.Кемеңгерұлы еңбектерімен сабақтас. Екі ғалымда да сабақты, салт, өздік, ортақ, ырықсыз етістердің берілуі бірдей. Көрсеткіштері ұқсас болғанмен, «понудительный залог» Қ.Кемеңгерұлында «беделді етіс» деп аталса, Қ.Жұбанұлында «өзгелік етіс» делінген:


Қ.Кемеңгерұлы

Қ.Жұбанов

сабақты етіс
салт етіс
өздік етіс
ортақ етіс
ырықсыз етіс
өзгелік етіс: -тыр/-тір, -қыз/-кіз, -ыт/-іт, -ыр/-ір

сабақты етіс
салт етіс
өздік етіс
ортақ етіс
ырықсыз етіс
өзгелік етіс: -тыр/-тір, -қыз/-кіз, -ыт/-іт, -ыр/-ір

өсіңкі етіс: -ңқыра/-ңкіре



прогресивный вид (өсіңкі етіс):
-ңқыра/-ңкіре

Қ.Жұбанов беделді, өзгелік етістерді топтастырып беру себебін былайша түсіндіреді: «Бұрынғы өзгелік етіс пен беделді етісті екеуін бір қостық. Үйткені екеуі де – өзге біреу арқылы істелетін іс. Өзге біреуге беделіңді саласың ба, қорқытасың ба – бәрібір. Тіл мұнысын айырмайды» [Қ.Жұбанов, 381].


Сол сияқты «Қазақ тілі грамматикасында» вид (сыпат) түрінде берілген

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет