2-сұрақ 1930-1988 жылдар аралығындағы зерттеулердегі етіс категориясына қатысты ұстанымдар



бет5/6
Дата25.05.2023
өлшемі22,07 Kb.
#97556
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
2 сұрақ морф

-ыт/-іт, -қыз, -тыр, -ыр/-ір сияқты қосымшалардың жалғануы арқылы жасалса, беделді етіс осындай туынды сабақты етістіктерге немесе негізгі сабақты етістіктерге аталған жұрнақтардың үстелуінің нәтижесінде ғана жасалады. Осындай ерекшеліктеріне байланысты Ы.Маманов [83], С.Исаев [84] еңбектерінде сабақты етістік пен өзгелік етісті біріктіру қисынсыз болатыны туралы айтылады. Аталған ғалымдар сабақты, өзгелік етіс табиғатын дұрыс түсінуіне байланысты негізгі етісті етіс категориясына қосуға болмайтынын да дәлелдейді.
Бірқатар түркологтар төрт етістің жасалуына негіз болады деп есептеп, негіз етісті (основной или исходный залог) етіс категориясының құрамына қосып жүр. Оның басқа етістер сияқты өзіндік көрсеткіші де, етіс категориясына тән мағынасы да жоқ.
Қазақ тілінде негізгі етісті етістің бір түрі деп көрсеткен еңбектердің қатарына: «Қазақ тілінің грамматикасы» (етіс категориясын жазған – А.Хасенова); А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі. Морфология»; Ш.Бектұров, М.Серғалиев «Қазақ тілі» т.б. еңбектерді жатқызуға болады.
Бұл туралы С.Исаев: «Негізгі етіс деп аталатын етіс түрінің етістік түбірі деген ұғымнан, мейлі негізгі түбір, мейлі туынды түбір, мейлі күрделі түбір болсын, не семантикалық жағынан, не формалық жағынан, не синтаксистік қызметі, басқа сөздермен қарым-қатынасы жағынан ешбір айырмашылығы жоқ екен. Бұл – бір. Екіншіден, грамматикалық я лексика-грамматикалық категория түрлеріне негіз болатын тұлға‚ яғни негізгі етіс деп аталған, дұрысында‚ етістік түбірі деген тұлға ол категорияның бір түрі бола алмайды, категория шеңберіне енбейді, сол категория түрлеріне негіз ғана болады. Сондықтан негізгі етіс деген етіс категориясының түрі жоқ, етіс категориясына, түрлеріне негіз болатын негізгі, туынды, күрделі етістік түбір деген ғана ұғым бар»‚ - дейді [С.Исаев, 178]. Ендеше, етіс категориясына қойылатын талаптың, анықтаманың шеңберіне мағыналық жағынан да, тұлғалық жағынан да мүлде келмейтін форманы етіс деп тану – әлі де талас тудыратын мәселе сияқты.
Қ.Кемеңгерұлы етіс аффикстерінің бірінің үстіне бірі үстемелене, күрделене қосылу жағдайын да егжей-тегжейлі зерттеген. Ғалым етіс жұрнақтары қатар келгенде, етістікке қалай болса солай жалғана бермей, белгілі бір ретпен орналасатынын айтады. Атап айтқанда, сабақты, беделді етіс қосымшаларынан кейін ырықсыз етіс жұрнақтары жалғана алатынын

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет