-ңқыра/-ңкіре жұрнақтарын Қ.Жұбанұлы өсіңкі етіс көрсеткіші ретінде береді. Ал -қыла/-кіле деген «многократный вид» түрін етістік түбірінің бәріне бірдей жалғана алмай, бірді-екілі түбірде ғана кездесетіндіктен, Қ.Жұбанов оны етіс қатарына қоспайды.
А.Байтұрсынұлы жіктеуіндегі беделді етіс, өзгелік етіс, шағыс етістерді топтастырып, бір етіс түрінде беру, дүркінді етісті (многократный вид) етіс қатарына қоспау жағынан келгенде, Қ.Кемеңгерұлы мен Қ.Жұбанов еңбектері өзара ұқсас. Қ.Жұбанов өсіңкі етісті етіс қатарына шартты түрде қосып отырғанын айта келіп, былай дейді: «Өсіңкі етіс мағынасы жағынан етіс емес, сонда да құрылысы жағынан (етіс үстеулері сияқты мұның үстеуі түбір мен -ма-ның аралығына тығылатын болғандықтан) етіске ұқсас болғандықтан, жетінші етіске мұны да санадық».
Алайда былайша қарастыратын болсақ, дүркінді етіс қосымшалары да етістік түбірі мен болымсыздық жұрнағының арасына кіре алады: атыңқырама – атқылама, созыңқырама – созғылама, тебіңкіреме – тепкілеме т.б. Ендеше, бұл арада өсіңкі етіс пен дүркінді етіс бөлек қарастыруға көнбейтін сияқты. Қ.Кемеңгерұлы өсіңкі етісті де, дүркінді етісті де етістер қатарына қоспай, вид (сыпат) категориясына жатқызады.
Қ.Жұбанов 1929 жылы 2-4 маусымда Қызылорда қаласында өткен ғылыми-орфографиялық конференцияда сөйлеген сөзінде туыс жүйелі емленің (морфологический принцип) қазақ тілінің табиғатына сәйкес келмейтінін айта келіп, Қ.Кемеңгерұлының «Грамматика казакского языка» деген еңбегіне сүйенеді. Яғни Қ.Жұбанов Қ.Кемеңгерұлының аталған кітабымен таныс болған әрі етістерді топтастыруда осы еңбекті басшылыққа алған деп ойлаймыз.
А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы, Қ.Жұбанұлы еңбектерінде етіс категориясында танылған салт, сабақты етістер 30-жылдардың аяғынан бастап оқулықтар мен грамматикаларда етіс қатарынан ығыстырыла бастайды:
Қ.Кемеңгерұлы «Оқу құралы» 1928, 1929
|
С.Аманжолов «Қазақ тілінің грамматикасы» 1939
|
С.Кеңесбаев, С.Жиенбаев «Қазақ тілінің грамматикасы» 1942
|
Ғ.Бегалиев, Н.Сауранбаев «Қазақ тілінің грамматикасы» 1948
|
І.Кеңесбаев, К.Аханов, А.Ысқақов «Қазақ тілінің грамматикасы» 1965
|
өздік: -ын/-ін
|
–
|
өздік: -ын/-ін
|
өздік: -ын/-ін
|
өздік: -ын/-ін
|
ортақ: -ыс/-іс
|
ортақ: -ыс/-іс
|
ортақ: -ыс/-іс
|
ортақ: -ыс/-іс
|
ортақ: -ыс/-іс
|
ырықсыз: -ыл/-іл
|
ырықсыз: -ыл/-іл
|
ырықсыз: -ыл/-іл
|
ырықсыз: -ыл/-іл
|
ырықсыз: -ыл/-іл
|
беделді: -ыт/-іт, -ыр/-ір
-тыр, -қыз
|
өзгелік: -ыт/-іт, -ыр/-ір
-тыр, -қыз
|
өзгелік: -ыт/-іт, -ыр/-ір
-тыр, -қыз
|
өзгелік: -ыт/-іт, -ыр/-ір
-тыр, -қыз
|
өзгелік: -ыт/-іт, -ыр/-ір
-тыр, -қыз
|
салт
|
–
|
–
|
–
|
–
|
сабақты
|
–
|
–
|
–
|
–
|
І.Кеңесбаев 1939 жылы жарық көрген «Қазақ тілі» атты оқулығында [82] Қ.Кемеңгерұлы, Қ.Жұбановтардың үлгісімен етістің 6 түрін көрсетіп, салт, сабақты етістіктерді етіс ретінде танығанмен, кейінгі еңбектерінде етістің 4 түрін ғана атайды. Етіс түрлерін (өздік‚ ортақ‚ ырықсыз‚ өзгелік) тану жағынан кейінгі ғалымдар арасында алшақтық байқалмайды. С.Аманжолов қана өздік етісті етіс қатарына қоспайды.
Сонымен, 30-жылдардың аяғынан бастап, көрсеткіштері бірдей болғандықтан, сабақты етіс пен беделді (өзгелік) етіс біріктіріліп, салт, сабақты етістер етіске тән мағынасы мен қызметіне қарамастан, етіс аясынан алшақтатыла бастады. Бұл үрдіс 1957 жылы Уфада өткен етіс мәселесін қарастырған координациялық кеңесте де өріс алды. Бұл арада, сабақты етіс пен беделді (өзгелік) етістің басын біріктіру керек дегенде, аталған етістердің өзіндік ерекшеліктері ескерілмей қалып отыр. Біріншіден, сабақты етісте тура толықтауыш қана қатысады, ал өзгелік етісте тура толықтауышпен қатар барыс септігіндегі жанама толықтауыш та болуы шарт; екіншіден, сабақты етіс салт етістікке
Достарыңызбен бөлісу: |