Физиологиялық ерекшеліктері
бет 2/3 Дата 10.11.2022 өлшемі 8,78 Mb. #48933
Физиологиялық ерекшеліктері: 1. Талдағыштар адекватты (өзіне тән) тітіркендіргіштерге өте сезімтал болады. 2. Адекватсыз тітіркендіргіштерге талдағыштардың сезімталдығы төмен болады 3. Адаптация - талдағыштардың ұзақ әсер ететін тітіркендіргіштер күшіне бейімделуі 4. Вебер-Фехнер заңдылығына бағыну. Тітіркенудің сезілетін күш өсімі алдыңғы әсер еткен күштің белгілі бір мөлшеріне жетсе, яғни сол күштің 1/30 бөлігі болса ғана ол түйсінілетін болады. Мынадай теңдеумен көрсетіледі: I/I = constanta; I – тітіркендіргіш күші, I – күш өсімі. 5. Ақпаратты тану, өңдеу және кодтау. Тітіркендіргіштер туралы ақпараттар топтасқан серпіністер арқылы миға жеткізіледі. Олардың стандартты өлшемдері болады (амплитудасы, ұзақтығы, формасы), топтар (пачка) ішіндегі серпіністердің саны, жиілігі, уақыты тітіркендіргіш түріне байланысты. Көру сезім жүйесі миға келетін барлық сенсорлық ақпараттың 90%-ін жеткізеді. Көру сезім жүйесі миға келетін барлық сенсорлық ақпараттың 90%-ін жеткізеді. Көз ағза ретінде 2 бөлімнен тұрады: Жарық сәулесін сындыратын; - Жарық сәулесін қабылдайтын (торлы қабат). Жарық сәулесін сындыратын жүйелер: Мөлдір қасаң қабық Алдыңғы камера Көзбұршағы Шыны тәрізді дене Адам көзінің сындыру күші: - алыстағы заттарға қарағанда - 59 Д болады; - жақын тұрған заттарға қарағанда - 70,5 Д болады. Көздің құрылысы Көз алмасы - дөңгелек формалы, 3 қабаттан тұрады. Қабықтар ядроны бірінен соң бірі кезектесіп қоршап тұрады. 1. Сыртқы - фиброздық 2.Ортаңғы - тамырлы 3. Ішкі - торлы Сыртқы қабаты алдыңғы мөлдір бөлігі - қасаң қабық пен артқы ақшыл түсті ақ қабық немесе склерадан тұрады. Қасаң қабық – мөлдір, тегіс, жылтыр, сфералы, тамырсыз, аса сезгіштік , оптикалық гомогенділігімен ерекшелінеді.Бұл қабық көз алмасының алдыңғы бөлімінде орналасады және барлық қабаттардың 1/6 бөлімін құрайды. Сырқы қабатының қызыметі қорғаныс, қасаң қабықтыкі (мөлдір болғандықтан және дөңес) оптикалық немесе жарық сындырушы. Қасаң қабық 5 қабаттан тұрады: 1.Эпителий регенерацияға қабілетті, 2.боуменов қабаты- жарақаттарға төзімді , 3. десцемет қабаты-инфекцияға қабілетті, 4.строма, 5.эндотелий. Қасаң қабықта қан тамырлары жоқ, сезімтал талшықтарға бай. Қасаң қабықтың ортасында диск тәріздес болып тұратын тесік - көз қарашығы. Достарыңызбен бөлісу: