2-тақырып. ЭКОНОМИКАДАҒЫ ЖАЛПЫ ТЕПЕ-ТЕҢДІК. ЖИЫНТЫҚ СҰРАНЫС ПЕН ЖИЫНТЫҚ ҰСЫНЫСТЫҢ БАЗАЛЫҚ ҮЛГІСІ ИГІЛІКТЕР НАРЫҒЫ. КЕЙНСШІЛДІК МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ НЕГІЗІ Дəріс жоспары:
1 Жиынтық сұраныс жəне оған əсер етуші факторлар.
2 Жиынтық ұсыныс, оның кейнстік жəне классикалық үлгілері.
3 АD-АS үлгісіндегі макроэкономикалық тепе-теңдік.
4 Классикалық үлгідегі макроэкономикалық тепе-теңдік.
5 Кейнстік төңкеріс. Кейнсшілдік макроэкономикалық тепе-теңдік.
6 Тұтыну мен жинақтау функциясы. Инвестициялар жəне олард ың түрлері.
Макроэкономикада «АD-АS» үлгісі шығарылым көлемі мен баға деңгейінің ауытқуларын, олардың өзгеруінің себептері мен салдарларын жалпы түрде зерттеу үшін қажетті базалық үлгі болып табылады. Бұл үлгінің көмегімен мемлекеттің экономикалық саясатының əртүрлі нұсқаларын қарастыруға болады.
Жиынтық сұраныс (AD) – бұл макроэкономикалық субъектілердің белгілі бір уақыт кезеңінде (əдетте, 1 жыл ішінде) өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтерге деген жиынтық шығындары. Ол белгілі бір уақытта сол макроэкономикалық субъектілер тарапынан өз сұраныстарын тапқан жиынтық шығарылым көлемінің экономикадағы бағасының жалпы деңгейімен өзара байланысын сипаттайды.
АD (ағылшын тілінен, aggregate demand) екі жағдайда – жабық жəне ашық экономика тұрғысынан қарастырылады.
Y D (АD) = C + I + G
мұндағы, Y D – жиынтық сұраныс ( ЖҰӨ немесе ұлттық табыс);
С – тұтыну шығындары; I – инвестициялық шығындар;
G – мемлеке-тік шығындар.
Ашық экономикалық жүйеде АD толыққанды мынадай төрт макроэкономикалық элементтен (құрауыштардан) құралады:
1 Үй шаруашылықтарының тұтыну шығындары (С).
2 Фирмалардың инвестициялық шығындары (I).
3 Мемлекеттік шығындар (G).
4 Таза экспорт (X n ).
Ал АD-ның формуласы негізгі макроэкономикалық теңдік ретінде былай жазылады:
Y D (АD) = C + I + G + X n
Жиынтық сұраныс қисығы – бұл бағаның берілген əрбір деңгейінде сатып алынуы тиіс тауарлар мен қызметтердің көлемін бейнелейтін графикалық көрініс, яғни өндіріс көлемі мен бағаның жалпы деңгейі арасындағы кері тəуелділікті сипаттайтын қисық.
Жиынтық ұсыныс (AS) – бұл экономикада бағалардың əртүрлі деңгейінде өндірушілердің нарыққа ұсына алатын (немесе өндірілуі тиіс) соңғы тауарлары мен қызметтерінің жалпы саны. AS-ті (ағылшын тілінен, aggregate supply) басқаша, нақты ЖІӨ деп те атайды.
Жиынтық ұсыныс (AS) қисығы – бұл ұсыныс көлемінің елдегі бағалардың орташа деңгейіне тəуелділігін көрсететін графикалық көрініс
Тақырыптың мазмұны.
Қазіргі макроэкономикалық ғылымда жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың арасындағы тепе-теңдікті сипаттайтын екі теориялық бағыт бар. Біріншісін XIX ғасырдың бірінші жартысында классикалық саяси экономияның өкілдері қалыптастырды жəне XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысы аралығында сол классиктердің ізбасарлары –неоклассик-экономистер дамытты. Ал екінші бағытты Дж. Кейнс жəне оның ізбасарлары 1936 жылдың басында алға тартты.
Классикалық мектептің макроэкономикалық моделі ең алдымен француз экономисі Ж. Б. Сэйдің атымен байланысты Сэй заңының тұжырымдамасына негізделеді. Бұл заң «тауар ұсынысы өзінің сұранысын тудырады, өндірілген өнімдер автоматты түрде табысты қамтамасыз етіп отырады» деген қағидаларға сүйенеді. Сэйдің ойынша, экономика тек өндірушілерден тұрады, Т-Т формуласы бойынша бір тауарды екіншісімен айырбастау
бартерлік келісімдер принципімен жүріп отырады. Мысалы, 1936 жылы ағылшын экономисі Дж. Кейнс «Жұмыспен қамтудың, ақшаның жəне пайыздың жалпы теориясы» деген əйгілі еңбегінде өзінің жаңа макроэкономикалық идеяларын ұсынды. Классикалық теория екі негізгі алғышартқа сүйенеді. Біріншіден, жиынтық шығындар деңгейі
Y n = C + I + G + X толық жұмыспен қамту кезінде өндірілген өнімдерді сатып алуға жетпейтіндей жағдай орын алмайды деп болжайды, яғни жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың бір-біріне тең болмау (AD≠AS)
жағдайының орын алуы мүмкін емес. Екіншіден, егер мұндай жағдай орын ала қалса, онда бағалар, жалақы көрсеткіштері жəне пайыздық қойылым дереу өзгереді, жиынтық сұраныстың төмендеуімен қатар өндірістің құлдырауы жылдам өтеді, əрі аса маңызды болмайды, яғни жағдай икемді көрсеткіштер арқылы тез арада қалпына келе бастайды. Ал ақша нарығы инвестициялар мен жинақтардың теңдігіне жəне ресурстардың толық қамтылуына əрқашанда кепілдеме беріп отырады. Тек табиғи деңгейімен бара-бар «еркін» жұмыссыздық орын алуы мүмкін, бірақ ол да икемді жалақылар арқылы жылдам реттеліп отырады. Бұл жиынтық сұраныс AD пен жиынтық ұсыныстың AS тепе-теңдік нүктесінде өндірістің нақты көлемі Y əрқашанда потенциалды деңгейіне Y* тең дегенді білдіреді. Кейнстік теория мұндай өзін-өзі реттеу механизмінің орын алуын жоққа шығаратындығы жөнінде жоғарыда айтқанбыз. Ұлы депрессия кезеңінде алынған
эмпирикалық мəліметтер негізінде Кейнс реттелмейтін экономикада толық жұмысбастылық тың орын алмайтындығын, тіпті болса да оның тек кездейсоқ жағдайларда ғана орын алатындығын дəлелдей алды. Жиынтық
сұраныс пен жиынтық ұсыныстың теңесуі (4.1-сурет) əдетте, ресурстардың толық қамтылуы деңгейімен сəйкес келмейді:
А нүктесінде AD=AS теңдігі орындалады, бірақ өндірістің нақты көлемі əлеуетті деңгейінен кіші болып табылады Y0 < Y*.
Кейнс өзінің зерттеулерінде психологиялық факторларға (бейімділік, қалаушылық, күтушілік, ұмтылыс) көп мəн бере отырып, мұндай сəйкес келмеушіліктің себептерін əртүрлі экономикалық агенттердің əртүрлі мотивтер мен əсер ететін алуан түрлі факторларға байланысты жүзеге асыратын өздерінің инвестициялар жəне жинақтау бойынша жоспарларының сəйкес келмеуімен түсіндіреді. Макроэкономикада тұтынуға байланысты əртүрлі теориялар қалыптасқан. Соның негізгілерінің бірі ретінде Кейнстің тұтыну теориясына біз кеңірек тоқталамыз. Бұл тұжырымдама бойынша тұтынудың көлемі мен құрылымын қолда бар табыс көрсеткіші анықтайтындығын айттық. Мұнда қолда бар табыс DI (disposable incom) немесе Y d = Y – T, яғни жеке табыс минус жеке табыс салықтары.
Кейнстің қарапайым тұтыну функциясы:
C = C (Y - T),
мұнда, С – тұтыну шығындары, Y – табыс, Т – салықтар.
Жоғарыда атап өткендей, Кейнстік теорияның классикалық мектеп өкілдерінен айырмашылығы, оның ойынша адамдар өз табыстарын тұтыну мен жинаққа бөлгенде пайыздық қойылымға емес, психологиялық факторларды басшылыққа алады. Кейнс өзінің тұтыну теориясына сəйкес, адамдардың мінез-құлқын сипаттайтын негізгі психологиялық заңды ашты.
Тұтынуға деген шекті бейімділік (MPC – marginal propencity to consume) – қолда бар табыстың кез келген өзгерісінде тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын шығындар өсімінің пайыздық үлесі.
MPCd = ΔC / ΔY ,
мұнда, МРСd – тұтынуға деген шекті бейімділік; ΔC – тұтыну шығындарының өсімі; ΔY – қолда бар табыстың өсімі. Тұтынуға деген орташа бейімділік (АPC – average propencity to consume) – үй шаруашылықтарының тауарлар мен қызметтерді сатып алуға жұмсайтын қолда бар табыстарының бөлігі.
АPC d = C / Y ,
мұнда, АРСd– тұтынуға деген орташа бейімділік; C – тұтыну шығындарының мөлшері; Y – қолда бар табыстың мөлшері. Жинақтауға деген шекті бейімділік (MPS – marginal propencity to save) – қолда бар табыстың кез келген өзгерісінде жинақ өсімінің пайыздық үлесі.
MPS d = ΔS / ΔY ,
мұнда, МРS d– жинақтауға деген шекті бейімділік; ΔS –жинақтың өсімі; ΔY – қолда бар табыстың өсімі. Жинақтауға деген орташа бейімділік (АPS – average propencity to save) – үй шаруашылықтарының жинақтауға қал-
дыратын қолда бар табыстарының бөлігі.
АPS d = S / Y ,
мұнда, АРS d– жинақтауға деген орташа бейімділік; S – жинақ мөлшері; Y – қолда бар табыстың мөлшері. Тұтынуға шекті бейімділік пен жинақтауға шекті бейімділік қолда бар табыстың қосымша бірлігінің қаншасы тұтынуға жұмсалатынын жəне қаншасы жинақтауға кететінін көрсетеді. Сондықтан олардың қосындысы əрқашанда 1-ге тең болады:
MPC + MPS = 1
Тұтыну мен жинақтау функциялары оң көлбеулі болып табылады. Егер қолда бар табыс пен тұтыну шығындары тең болса, онда тұтынудың қисығы координат басынан 45° градуста болады. Алайда, шын мəнінде табыстың бір бөлігінің жинақтауға кететіндігі белгілі, сол себепті тұтынудың нақты қисығы одан төмен орналасады.
Енді Кейнстің қарапайым тұтыну функциясы былай өрнектеледі:
C = a + b (Y – T),
мұнда, а – автономды тұтыну (табысқа байланысты емес тұтыну); в – тұтынуға деген шекті бейімділік.
Жинақтау функциясы:
S = - a + (1 - b) (Y – T),
мұнда, S – жеке сектордың жинақтары, 1-b – жинақтауға шекті
бейімділік.
Макроэкономикада, инвестициялар – бұл пайда табу мақсатында жеке жəне мемлекеттік сектор капиталдарының ұлттық экономикаға немесе шетел экономикасының əртүрлі салаларына ұзақ уақытқа салынуы. Инвестицияның негізгі үш түрін бөліп көрсетуге болады:
1 Өндірістік инвестициялар (ғимараттар, құрал-жабдықтар, машиналар, т.б. түріндегі негізгі капиталға салынатын инвестициялар).
2 Тауарлы-материалдық қорларға инвестициялар (шикізаттар, отын-материалдар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнімдер, т.б.)
3 Тұрғын үй құрылысына инвестициялар.
Инвестицияға əсер ететін негізгі фактор – пайыздық қойылым.
Пайыздық қойылым мен инвестицияның көлемі арасында кері
байланыс бар. Инвестицияға сұраныс қисығы – пайыздық қойылымның кез келген шамасында салуға мүмкін болатын инвестицияның көлемін сипаттайтын графикалық көрініс