2-тақырып. Моңғол кезеңіе дейінгі Орталық Азиядағы түркі ілдес этностардың этномәдени интеграцияы кезеңдері. Сұрақтар



бет13/35
Дата27.02.2023
өлшемі246,35 Kb.
#70359
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35
Байланысты:
Лекция тарих

Археологиялық ескерткіштері
Қоңыртөбедегі қаңлы обасынан табылған сасанилік бедерлі асыл тастар (б. з. ЫВ—В ғғ.): 1 — сердолик, 2-4 — халцедон. Бір кездерде қаңлылар мекендеген аудандардан археологтар қоныстар мен қорымдар тапты. Бұл ескерткіштер ҚауыншыОтырар-ҚаратауЖетіасар археологиялық мәдениеттеріне жатқызылды. Біріншісі - Ташкент жазирасына, екіншісі - Сырдарияның орта ағысындағы Қаратау беткейлерінен Таласқа дейінгі аудандарға, үшіншісі - Қуаңдария мен Жаңадария аңғарына таралған. Қаңлы дәуіріндегі Орталық Азия аймақтарына салыстырмалы сипаттама берген кезде Сырдарияның сағасынан Ферғанаға дейінгі біртұтас мәдени-шаруашылық өңір айқындалады. Ол өңірге отырықшы егіншілік-малшылық экономика, іргелі архитектурасы мен қорғаныс кұбылыстары, қоныстанудың жетекші үлгісі ретіндегі аздап бекініс жасалған қоныстар, қолөнердің нашар дамуы, ақша айналысының шектеулілігі және басқа да белгілер тән болған25. Шардараға жақын жердегі Ақтөбе қонысы қауыншы мәдениетінің, ең жақсы зерттелген ескерткіші болып табылады. Ол Сырдарияның сол жақ жағалауына орналасқан. Қала орны үш жағынан дуалмен, ал Сырдария жағынан қазылған ормен қоршалған. Қала орнының орталығында орналасқан биіктігі 20 метрге жуық дөңгелек төбе (шоқы, оба) ерекше көрінеді. Төбе аумағында және Ақтөбе 2-нің басқа бөліктерінде қазба жұмыстары жүргізілді.
Қазбалардың біреуінен Сарай үйі толық аршылды. Ол тікбұрышты, көлемі 28х18,5 м болып шықты. Сарай шаршылап орналасқан бес жайдан, кіру кешені мен құрылысты батыстан шығысқа қарай орап өтетін екі дәлізден тұрған. Оның орталығында шаршы зал (3,6х3,6 м) бар, ол басқа жайлардың бәрімен арқан арқылы өтетін жолдармен байланысқан. Бір кездерде оның төбесі жалпақ етіп жабылған. Зал қабырғаларының биіктігі қазіргі кезде 6 метрге жетеді. Зал еденінің ортасында құдық бар. Үй солтүстік-батыс бұрышына салынған, мұржасыз камин үлгісіндегі ошақпен жылытылған. Залдың айналасына орналасқан жайлар дөгалана иіліп, ал олардың біреуі күмбездеп жабылған, бұл күмбез Орта Азия мен Қазақстандағы ертедегі үлгімен жабылған күмбездердің бірі болып табылады. Бөлмелердің бірінде баспалдақ бар, онымен көтеріліп үйдің шатырына шығады. Сарайдағы бүкіл құрылысы — қабырғалар, тіреулер, арқа жолдары тікбұрышты ұзынша және төрт бұрышты шаршылы шикі кірпіштерден қаланған. Қазба жұмыстарын жүргізген кезде керамиканың бай жиынтығы: көзелер, сапты аяқтар, табалар, құмғандар, шүмекті құмыралар жиналды, олар біздің заманымыздың Ы жартысындағы ескерткіштердің материалдарына ұқсас келеді. Керамикалық бұйымдардан басқа ұршық бастар, жебелердің үш қыры бар ұңғылы ұштары, алтын сырға, бір жүзді пышақтар, сүйек ұршықтар, қола сақина, қызыл шыныдан көз салынған алтын қапсырма табылды, олар біздің заманымыздағы Ы — ЫВ ғасырларға жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет