Объективтілігі және тәуелсіздігі. Аудиторлар объективтілігін сақтай отырып, мүдделер қақтығысынан бойларын аулақ салғаны жөн. Аудиторлық жұмыстарды жүзеге асыруда олар мәні (яғни табиғи мінез-құлығымен) бойынша және көрер көзге де (формально) тәуелсіз болғаны абзал.
Тиісті (жете ынта-ықылас аудару). Аудиторлар кәсіби стандарттарды сақтауы қажет, өз білімдерін жоғарылату және кәсіби міндеттерді толық орындап, қызмет сапасын ұдайы жақсартып отыруға тиіс, сондай-ақ қабілеттері мен қасиеттерін ең жоғары мүмкіндік деңгейіде пайдаланғаны жөн.
Қызмет көлемі мен сипаты. Аудиторлар көрсетілген қызметтің көлемі мен түрін анықтап, өзін-өзі ұстаудың кәсіби кодексінің принциптерін сақтауы керек. әрбір аудитор өзін-өзі ұстау мәнерінің негізгі ережелерін үйреніп, кез келген жағдайда болу мүмкін проблемаларды анықтауа негіз ретінде қолдануға тиіс.
Аудиттің этикалық принциптерін ХБФ, кәсіби бірлестіктер және аудиторлар ұйымдары әзірлейді. Бұл принциптердің көпшілігі заңнамалық түрде бекітілген. Аудит этикасының негізі 1996 жылдың шілдесінде қабылданған және 1998 жылдың қаңтарында жаңа редакцияда бекітілген кәсіби бухгалтерлердің этика Кодексі болып табылады.

Бұл Кодекс кәсіби бухгалтерлерге, яғни бухгалтерлерге, аудиторларға, қаржылық сарапшыларға және т.б. арналған. Кодекстің тікелей мазмұны анықтамаларды, кіріспелерді, әлеуметтік бастамаларды, мақсаттарды, іргелі қағидаттарды аннотацияны қамтиды.
Анықтамалар Кодексте жартылай қалың қаріппен белгіленген терминдердің мағынасын ашады (олардың мазмұны 3-қосымшада келтірілген);
Анықтамалар Кодексте жартылай қалың қаріппен белгіленген терминдердің мағынасын ашады (олардың мазмұны 3-қосымшада келтірілген);