Жетінші «Аудит қорытындысы бойынша есеп беруді жасау және ұсыну” тобында аудиторлық есеп беру формалары мен мазмұнына қатысты ұсыныстар берілген(700-799).
Сегізінші “Мамандандырылған салалар” тобында арнайы мақсаттарға арналған аудиторлық тапсырмалар бойынша аудиторлық есеп берулер ерекшеліктері ашып көрсетіледі(800-899).
Тоғызыншы топ “Ілеспе қызметтер” Аудитордың ілеспе қызметтерді (шолу бойынша тапсырмаларды орындау, қаржылық есептілікті дайындау, келісілген рәсімдерді жүзеге асыру) орындауы кезінде қамтамасыз етуге қажетті есеп берудің мақсаттарын, принциптерін, процедуралары мен рәсімдерін ашып көрсетеді.
Оныншы «Халықаралық аудиторлық тәжірибе туралы ереже» тобында 14 арнайы стандарттар қарастырылған.
9 топ стандарттары үш таңбалы нөмірлеуге, ал оныншы топ төрт таңбалы нөмірлеуге ие.
1) Негізгі постулаттар - бұл аудиторлық қызметтің жалпы стандарттарының негізін білдіретін қажетті шарттар мен логикалық принциптер, зандылықтар.
2) Жалпы стандарттар – бұл алға қойылған міндеттерді тиімді, әрі кәсіби түрде орындауы үшін аудитор жоғары сапалы маман және өз ісінің шебері болуы тиіс. Аудиторға қойылатын негізгі талаптар:
Аудиторға қойылатын негізгі талаптар:
даярлығы;
құзыреттілігі;
тәуелсіздігі;
ақпаратты алуға, тексеруге және оған баға беруге, қорытынды шығаруға, ұсыныс жасауды дайындауға тиісті көңіл бөлу.
1. Стандарттар тұжырымдамасы және жіктелуі
3) Жұмыс стандарттары - бұл тексеру міндетін орындау кезінде аудитор басшылыққа алатын ережелер.