2-Тақырып. Стандарттардың негізгі топтарының мазмұны, жіктелуі және сипаттамасы



бет4/13
Дата16.02.2023
өлшемі49,58 Kb.
#68337
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
2-Тақырып. Стандарттардың негізгі топтарының мазмұны, жіктелуі ж-melimde.com

Техникалық стандарттарды сақтау. Аудитор стандарттар мен олардың интерпретациясын (түсіндірулерін) сақтау керек. Осыған сәйкес олар өз құзыретіндегі қызметтерді ғана көрсеткені дұрыс. Кәсіби қызметті атқару кезінде ол баса назар аударып, қызметті жоспарлау және бақылау бойынша ұсыныстар жасап, қорытынды шығару үшін қажетті егжей-тегжейлі ақпарат болуы керек.

Аудиторлардың кәсіби этика Кодексі

Аудит қызметінің негізгі мақсаты – ол өте жоғарғы деңгейдегі мамандар арқылы аудит қызметін көрсету. Ондай қызмет атқару үшін тек қана білгір маман болып қана қоймай өте мәдениетті, тәрбиелі, әдепті, адал адам болуы қажет.

Этика –мораль мен адамгершілікті зерттейтін ғылым.

«Этика» сөзінің мағынасы – тиянақты, әдепті, текті кісі деген түсінік береді. Өз кезегінде адам әдепті болуы үшін тек түсінігінде, білгірлігінде ғана емес, оның жан дүниесі, мәдениеттілігі, адалдығы таза адам деген сияқты түсінікке тұратындай адам болуы керек.

3. Аудиторлардың кәсіби этика Кодексі

Этика екі түрге бөлінеді:


  • жалпы жан дүние этикасы;

  • мамандық этикасы.

    Қандай мамандық болса да олардың этикасы мамандық негізінде қалыптасқан қызмет саласының ерекшелігіне негізделген әдептілік, ізеттілік, философиялық тұрғыдан анықталған.

    1988 жылы Сертификатталған (сертификатталған) америкалық бухгалтерлер институты (АҚШ): AICPA мәжілісінде бухгалтер-аудиторлардың өзін-өзі ұстаудың кәсіби Кодексінің жаңа нұсқасы қабылданды.

    3.Аудиторлардың кәсіби этика Кодексі

    Оның ішінде олардың кәсіби тәртібін көрсететін мынандай 6 жағымды ережелер қамтылған:


  • Міндеттері. Аудиторлар өз міндеттерін орындауда жоғары кәсіби және моральдық сапаларын танытуы керек, өз қызметінің барлық түрінде дәл әрі жан-жақты ойластырылған өз пікірін қалыптастыруы керек.

  • Қоғамның мүдделері. Аудиторлар өзіне мынандай міндеттемелер жүктеуі тиіс. Қоғам мүддесіне қарай әрекет қызмет етіп, оның сенімін ақтап, жоғары кәсіби шеберлігін көрсету керек.

  • Адалдық. Қоғамның сеніміне ие болуы үшін аудиторлар өзінің кәсіби міндеттерін адал әрі мінсіз орындауы керек.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет