2. Танымдық белсенділікті қалыптастырудың құрамы мен оның мазмұнын



бет1/3
Дата18.04.2023
өлшемі39,76 Kb.
#83737
түріЛекция
  1   2   3

Лекция 11. Оқу дағдыларын қалыптастырудың аспектілері мен деңгейлері
Жоспар:
1. Оқу дағдыларын қалыптастырудың аспектілері мен деңгейлері
2. Танымдық белсенділікті қалыптастырудың құрамы мен оның мазмұнын


Психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі талдауда көрсетілгендей, "оқу дағдысы" терминінің негізінде түсінік жатыр. Ол әртүрлі салада талдауды талап етуші көп аспектілі феномен ретінде керінеді:

  • Биологиялық.

  • Психологиялық.

  • Педагогикалык.

Биологиялық аспект - дағды мәселелері түсінігімен байланысты белсенді бастама адамда энергияның жиналуының нәтижесі болып табылатындығы жөнінде түсінікпен тығыз байланысты. Ол өзін-өзі ретке келтірумсн негізделеді. Адамның ортаға бейімделуін камтамасыз ететін оған тән тұкым қуалау қасиеті. Осы өзара карым-қатынас кезінде ағза мен оның тіршілік ету шарттарымен аралығында туатын қарама-қайшылықты жоюға бағытталған физиологиялық механизмдер ғана туып қоймайды, сонымен катар осы әсерді жоюға мүмкіндік беретін және мінез-құлық құруға өткен оқиғаға емес, алда болатын оқиғаға бағытталған мүмкіндік беретін физиологиялық механизмдер де туып отырады (П.К.Анохин).
Психологиялық аспект тұргысынан жалпы психика жөніндегі детерминистік түсінік беру сұрағының бір бөлігі ретінде қарастырылады. Мұнда дағды ішкі шарттар арқылы болатын сыртқы себептерінің әрекетінде көрінеді, сыртқы шарттардың нәтижесі және ол ішкі сапаларға тәуелді. Ішкі мен сыртқының қарым-қатынасы өзбеттіліктен және сыртқы әсер жауап беру белсенділігінің өсуінде көрінетін күрделі шарттардың жоғарылауына сай өзгеріп отырады.
Дағды субъектінің объектіге катынасын қарастырады. Ол қатынас мына сәттердің болуын қалайды: объектілерге бағытталған ыңғайлы таңдаушылық; объектіні тандаудан кейін мақсаты, тапсырмаларды қою; іс-әрекетте объектінің қалыптасуы; мәселені шешуге бағытталуы. Практикалық әрекеттің жүру барысында субъект қоршаған әлемге әсер етеді, таниды, өз қажеттіліктері мен мақсатгарына сәйкес құрады.
Әлеуметтік тұлғалық аспект мәселелері іс-әрекет кезіндегі тұлғаның оқу дағдысын зерттеумен байланысты. Тұлғалық белсенділік - адамның тек табиғи қасиеті ғана емес дегенге сүйенеді.
Педагогикалық аспектідегі дағды мәселесін зерттеу берілген түрлі түсіндірумен байланысты:

  • Оқу дағдысы баланың таным іс-әрекетіне (мақсатқа жетудің тиімді жолдарын таңдау, талпыныс, дайындық жүзеге асыру) деген қатынасын сипаттайтын тұлғаның бір белгісі ретінде түсіндіріледі.

Педагогикалық аспект түрғысынан оқу дағдысының үш түрін бөліп карауға болады- акыл-ой дағдысы, интеллектуальды және таным дағдылары.
Ақыл-ой дағдысы элементарлы іс-әрекеттен бастап шығармашылықтың күрделі түріне дейінгі барлык денгейдегі нағыз әмбебап іс-әрекет шарты болып та-былады. Ол түрлі модификацияларда көрінуі мүмкін:
- ықпалдандыру жаңалығынан туған зейін және бағдарлы зерттеу іс-әрекетіне бағытталған зерттеу ретінде;
- интелектуальды ынталылық түріндегі (Д.Б.Богоявленская) көрсеткен тұлғалық дарын ретінде.
Интеллектуальды дағды өзіндік шарттарға сай ой әрекеті ретінде түсіндіріледі. Оның пікірі бойынша, интеллектуальды белсенділік интеллектуальды және интеллектуальды емес (алдымен мотивациялық) факторлардан көрінетін жүйенің интегралды қасиеті болып табылады.
Танымдық белсенділік — жалпы белсенділік феноменінің маңызды саласы, оның негізі ретінде адамның ең маңызды қасиеті болып табылады: қоршаған әлемді тек шындықтағы биологиялық және әлеумеггік мақсатта ғана тану емес, сонымен қатар, адамнын әлемге деген ең мәнді қарым-қатынасымен, яғни оның алуан түрлілігіне енуге үмтылуымен, санада мәнді жақтарын бейнелеуімен, себеп-салдарлы байланыстар, зандылықтар, қайшылықтарымен түсіңдіріледі.
Танымдык белсенділік адамға өте маңызды және күрделі құрылым ретінде өзінің психологиялық анықтамаларында көптеген тұжырымдамаларға ие.
Танымдық белсенділік жеке адамның орнықты қажеттілігіне , мінезіне айналу үшін оның бойында өз күші және білім игеру қабілетімен қатар дербес танымдық іс-әрекетке оң көзқарас қалыптастыру керек.
Танымдық белсенділік көп түрлі тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен тығыз байланысты. Танымдық әрекеттің белгілі бір ғылым саласымен тандаулы қатынасы, танымдық өрекеті, оларға қатысу және қатысушылармен танымдық қарым-қатынасы маңызды келеді. Сонымен бірге, адамның барлық жоғаргы таным процестерін өзінің даму деңгейінен белсендендіруде танымдық белсенділік түлғаның шындықты қайта қүру әрекеті нәтижесінде ұдайы ізденіске жетелейді.
Балалардың жеке тұлғасында танымдык. белсенділігінің дамуы бес-алты жас аралығында қарқынды келеді. Бұл әсіресе баланың логикалық тапсырмаларды белсенді орындауы, жауап кілтін табуға ширақ келуі, білуге деген ұмтылысы танымдык ойындар аркылы оқу әрекетінің міндеттерін шешуде айқын көрінеді.
Жеке адамның қоғамдағы орны, атқаратын рөлі, позициясы оның іс-әрекетінен байқалады. Оның іс-әрекет нәтижесі жүріс-тұрысын, болмысын, бағыттылығын анықтайды. Жеке адам қандай да болмасын іс-әрекетпен айналысуды, оны танып, біліп, жүзеге асырудағы әдет-дағдыларын қалыптастырады.
Ендеше, жеке адамның танымдық іс-әрекеті оқу және тәрбиелеу барысында қалыптасады. Адам тәрбиесі арқылы дарытылатын жүріс-тұрыстың қандай формасы болса да, оған қалай жетуге қажеттігін түсінуі керек және қандай әрекеттер жүзеге асыратындығын ұғынуы керек. Бұл сол индивидтің танымдық іс-әрекетінің ұйымдастырылуы болып табылады.
Танымдық іс-әрекет оқу процесінің құрамына кіріп, арнаулы оқу орындарында қалыптасатын, күрделі психологиялық білім. Сондықтан да танымдық іс-әрекет феноменін жеке алып қарау қиындықты кездестіреді.
Адам өмірге келгеннен кейін, қоршаған дүниемен тікелей байланыс жасап, оны танып біледі. Өмір жолының қай кезеңінде болмасын адамның таным процестерінің қалыптасуы, жетілуі одан белгілі іс-әрекеттер жүзеге асыруды талап етеді.
Психология осы таным процестерінің даму қалыптасуын сөз еткенде ол адамның іс-әрекеті екені, кей жағдайда ескермейді. Адам дүние тануында, өз қажеттілігін өтеу мақсатымен қабылдайды, оны ой елегінен өткізіп ойланады. Бұл процесс қабылдаудың, ойлаудың немесе түсінудің жемісі ғана емес, адамның ортамен санасының арасындағы процестерді жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекет нәтижесі. Ендеше, барлық таным процестері ( түсіну, қабылдау, ойлау, ес) танымдық іс-әрекеттер құрамындағы әрекет, іс-тәсілдер арқылы жүзеге асырылып отырады.
Өзінің ойын тілдік формамен жеткізу, іс-әрекеттің жүзеге асуына жағдай жасайды. Танымдық іс-әрекеттің бұл екі жағы бір-бірімен қатарласа отырып, бір-бірімен иерархиялы түрде жүзеге асырылады. Танымдық іс-әрекет екі жақты диадалдық жолмен орындалатындықтан біріккен іс-әрекетті байқатады. Адамның өзі өзінің ішкі ойымен, саналық әрекетімен қандай да болмасын танымдық іс-әрекет орындайды. Мұндағы кейіпкерлер адамның өз басы.
Іс-әрекет ұғымы түрткі ұғымымен тығыз байланыста. Іс-әрекет түрткісіз болмайды, болуы да тиісті емес. Ендеше, қоғамдық қарым-қатынастағы іс-әрекет белгілі түрткі, қажеттіліктер арқылы орындалып, дүниеге келеді.
Адам қандай да болмасын, іс-әрекетті жүзеге асыруда белгілі әрекеттетді, іс-әрекеттерді орындайды. Сөйтіп, іс-әрекеттегі мақсат көзделген процестер адамдардың ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан тарихи әрекетінің жемісі.
Оқу-мектеп жасындағы балалардың негізгі танымдық әрекеті. Баланың жалпы психикалық дамуы мектепте оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты.
Баланың оқу әрекеті-күрделі, жан-жақты үрдіс, ол баланың барлық әрекетін, рухани күштерін керек етеді. Баланың ақыл-ой еңбегі белсенді әрекет болуға тиісті. Ол оқушының жалпы психикалық даму ерекшеліетеріне байланысты болады. Баланың ақыл-ой әрекеті, оның қажеттері мен қызығулары, сезім мен ерік сияқты т.б. психикалық үрдістерімен байланысты іске асырылып отырады. Оқушының өзігінен оқуының жемісті болуы үшін ақыл-ой еңбегінің дағдыларын қалыптастыру керек.
Баланың ақыл-ой еңбегін белгілі жүйемен жасауға, оның жалпы мәдениетін арттырып отыруға көңіл аудару керек. Ең алдымен, баланы өз жұмысының мақсат-міндеттерін анықтауға үйрету керек.
Егер бала әрбір оқу жұмысын (тапсырмасын) не үшін, қандай мақсатпен жасау керектігін, ол қандай жаңа нәтиже (жаңа білім, дағды) беретінін білсе, онда оқушы әрекетінің саналылығы артады.
Дағды немесе ізденімпаздық, оқушының берілген тапсырманы басқаның көмегінсіз орындауымен ғана шектелмейді. Ол алдына саналы түрде мақсаттар қойып, соған сәйкес өзінің іс-әрекетін бағыттап отыру мүмкіндігіне ие болуы керек. Оқушылардың дағдысын қалыптастыру мәселесінің сан қырлылығын ескеріп және компьютерлік техниканың көмегімен оқу үрдісін жекелеуге мүмкіндік беретін, тұлға мен оқу іс-әрекет теориясының негізгі қағидаларына сүйене отырып біз оған мынадай анықтама береміз. Оқу дағдысы деп мотивациялық-тұлғалық, мазмұндық-амалдық және процессуалды-жігерлік бөліктерінен тұратын тұлғаның интегралдық құрылымын, сипаттамасын айтамыз.
1. Мотивациялық-тұлғалық (өзін-өзі тану, өзіне-өзі сену, дамыту, өзінің танымдық қабілетін дамытуға және қызығуын қанағаттандыруға ұмтылу).
2. Мазмұндық-амалдық (тіректік білім, жалпы дидактикалық және арнайы дидактикалық дағдылар, білімін жетілдіру дағдысы).
3. Процессуалды-жігерлік (танымдық іс-әрекет үрдісінде кездесетін қиындықтарды жеңуге дайындық, өз бетінше жұмыс істей алу дәрежесі, танымдық белсенділікке ұмтылыс).
Көптеген авторлардың еңбектеріне жасалған талдаулар танымдық белсенділікті қалыптастырудың құрамы мен оның мазмұнын анықтауда ғалымдар әр-түрлі ой-пікірлер ұстайтынын көрсетті. Біз зерттеу нысанын, оқушылардың өз іс-әрекетін басқару құрылымын, оларда қалыптасатын танымдық белсенділіктің құрамын анықтаудың негізі ретінде алдық.
Мотивациялық-тұлғалық бөлік оқушылардың оқу үрдісіне ынталылығын қамтамасыз ететін қажеттіліктен, қызығудан, ізденімпаздықтан құралады.
Мазмұндық-амалдық бөлік негізгі білім жүйесі мен жаңа білімді өз бетінше жетілдіру мүмкіндігін ашатын басты білімдер жүйесінен және оқу-танымдық іс-әрекеттер тәсілдерінен құралады.
Процессуалды-жігерлік бөліктің негізін оқушыларда таным кезіндегі кездесетін қиыншылықтарды жеңу үшін жұмсалатын ерік-жігердің болуы және оны өзінің дербес іс-әрекетінде жүзеге асыру дайындығы құрайды.
Осы үш бөлік оқу үрдісінің барлық кезеңдерінде диалектикалық тұрғыда бір-бірімен өте тығыз байланыста болатындығы анықтады. Осы бағытта жүргізілген жұмыстарға жасалған талдаулар мен өз байқауларымыз: бізге оқу дағдысының негізгі бөліктерін мынадай белгі-шарттар мен көрсеткіштердің жиыны арқылы анықтауға мүмкіндік берді. Дағдының әр бөлігі өзіне тән белгілі бір қызмет атқарады: мотивациялық-тұлғалық қызығуды, оқу-танымдық қызығушылықты оятады. Мазмұндық-амалдық оны іске асыру үшін негіз жасайды және жүзеге асыруға мүмкіндік береді, процессуалды-жігерлік оның аяқталуын қамтамасыз етеді. Әр бөлік өз қызметі арқылы оқу-танымдық дағдының белгілі бір кезеңін жүзеге асырады.
Егер: а) оқу-танымдық белсенділіктің мотивациясы тұрақты болып, қызығудан қажеттілікке ауысатын болса; ә) оқушылар негізгі интеллектуалды іс-әрекеттерді және өзіндік жұмыстарды жүзеге асыра алатын болса; б) оқушының өзінің танымдық іс-әрекетін басқару сипаты сыртқыдан ішкі қажеттілікке ауысса; в) оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетті шығармашылық, зерттеушілік сипатқа ие болса, онда олардың танымдық дағдысы қалыптасты деп саналады.


Сурет 1

Біз оқушылардың танымдық оқу дағдысын қалыптастырудың негізгі жолының бірі ретінде олардың сыныптық және сыныптан тыс дербес оқу-зерттеу жұмыстарында компьютердің мүмкіндігін пайдалануді таңдадық. Сонымен қатар оқушылардың танымдық дағдысын қалыптастыруда төмендегідей дидактикалық шарттар орындалуы тиіс деп есептейміз:


-оқытудың алдыңғы қатарлы әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы қалыптасатын теориялық білімнің болуы;
-компьютерлік технология мен модельдеуді қолдану арқылы оқушылардың оқу және оқудан тыс жұмыстарының жасалғаны үнемі қадағалануы, білім сапасының анықталуы.
Осы жасалған теориялық моделдің негізінде танымдық белсенділіктің қалыптасу деңгейлерінің сипаттамасын, оның бөліктерінің қалыптасу деңгейлерін жалпылау деп қарастыруға болады.
Мотивациялық-тұлғалық бөлік танымдық оқу дағдысының қалыптасуының төмендегідей деңгейлеріне ие.
1. Танымға ұмтылу, негізінен, жаңа білім игеруге бағытталады. Игерілген негізгі білім жүйесі тек алған білімді қайта еске түсірумен шектеледі.
2. Танымға ұмтылыс білімін толықтыру тәсілдерін игеруге және ол білімнің көзін табуға бағытталады. Негізгі білім жүйесі оны берілген алгоритм бойынша шығарылатын есептерді шешу деңгейінде игерілген.
3. Танымға ұмтылыс білім игеруге, оны толтыру тәсілдерін табуға және осы әдістерді жетілдіруге бағытталады. Негізгі білім жүйесі алған білімін еске түсірумен қатар оны шығармашылық түрде қолдана білетіндей деңгейде игеріледі.
Біздің пікіріміз бойынша, мазмұндық-амалдық бөлік танымдық оқу дағдысының қалыптасуының мынадай деңгейлерімен сипатталады:
1. Дағды онша маңызды емес мәліметтерді қабылдау және оны қайталау деңгейінде қалыптасады. Оқу-танымдық іс-әрекетттің мақсыта игерілетін тапқырыптың мазмұнына сай келмейді олар тапсырмалар мен есептерде нақтыланбайды. Сондықтан, жоспарлау сәйкес келмейді.
2. Дағды жалпы мазмұнының негізгі идеясы анықталмай тұрып, қабылдау мен еске түсіру деңгейінде қалыптасады. Оқу дағдысының мақсаты тақырыпқа сай келгенімен, қойылған тапсырмаларға сәйкес нақтыланбайды. Жоспарлау жұмыстың барлық кезеңін толық қамтымайды.
3. Дағды хабардың негізгі мазмұны мен мақсатын танып, қабылдау деңгейінде қалыптасады. Оқу –танымдық іс-әрекеттің мақсаты анықталады және есептерде шешуде нақты айқындалады. Осыларды есепке ала отырып жұмыстың нақты жоспары жасалады.
Процессуалды-жігерлі бөлік танымдық дағдының қалыптасуының келесі деңгейлерінен тұрады :

  1. Танымды қиындықтарды жеңу дайындығы төмен. Оқушылардың ерік –жігері әлсіз, сабақ үстінде өздерін босаң ұстайды, жұмысты аяғына дейін атқармайды. Оқу-танымдық іс-әрекетте өз бетінше дағдылық жүйелілік танытпайды т.б.

  2. Таным кезіндегі қиындықтарды жеңуге дайындық оқу-танымдық іс-әрекеттің қөпшілік түрлерінде байқалады. Оқушылар сабақ кезінде ынталанып, жұмысты аяғына дейін атқаруға тырысады. Бірақ үлкен қиындықтарды жеңуге табансыздық танытады.

  3. Танымдық қиындықтарды жеңуге дайындық оқу-танымдық іс-әрекеттің барлық түрінде байқалады, оқушылар кез-келген тапсырманы аяғына дейін орындап шығады, жыл бойы жүйелі түрде жұмыс істейді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет