2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ «Молекулалық кинетикалық теорияның негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары
10.2.1.1 - молекулалық кинетикалық теорияның негізгі қағидалары мен идеал газды сипаттау
10.2.1.2 - қатты дененің, сұйықтың, газдың модельдерін молекулалық кинетикалық теорияның негізінде сипаттау
10.2.1.3 - кристалл және кристалл емес қатты заттардың құрылысын ажырату
Бағалау критерийі
Білім алушы
МКТ негізгі қағидаларын түсіндіреді және физикалық шамалардың тәуелділігін сипаттайды
Зат күйлерін МКТ негізінде сипаттайды Заттардың құрылысын ажыратады
Ойлау дағдыларының деңгейлері
Білу және түсіну
Орындау уақыты
20 минут
Тапсырмалар 1.Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары [2]
1.Зат бөлшектерден тұрады
2.Заттың температурасы көтеріліп тұр
3.Зат бөлшектері үнемі қозғалыста болады
4.Заттың тығыздығы оның тегіне байланысты
5.Зат бөлшектері бір-бірімен әрекеттеседі
A)1.2.3 B)3.4.5 C)1.3.5 D)1.2.5 E)2.4.5
2.Идеал газ бен нақты газдардың сипаттамаларын сәйкестендіріңіз [3]
№
Газдардың түрлері
Газдардың сипаттамалары
1
Идеал газ
А.газдың молекулалары өте көп
B.молекулалары өте аз
C.өзара әсерлесу күштері молекуланың аса көптігінен байқалмайтын газ
2
Нақты газ
D.молкулаларының өзара әсерлесуі бір-бірімен және ыдыс қабырғасына соқтығысуымен анықталатын газ
E.ыдыс қабырғасына түсіретін қысымын анықтайтын формуласы p=1/3 nm0 ῡ2
F.ыдыс қабырғасына түсіретін қысымын анықтау мүмкін емес
3.Заттардың молекулалық құрылымдарын МКТ тұрғысынан сипаттаңыз [4]
№
Молекулалардың орналасуының сызбасын салыңыз
Молекулалардың өзара әрекеттесуі қалай жүретінін сипаттаңыз
Заттардың күйлеріне қарай молекулалық құрылымының айырмашылықтарын МКТ тұрғысынан түсіндіріңіз
қатты
сұйық
газ
4.Мына кестедегі бос орындарды толтырыңыз [2]
Аморфты денелер
Кристалл денелер
Нақты балқу температурасы жоқ
анизатропты
Шыны , пластмасса ,смола
Атомдары белгілі бір ретпен орналасады
Өндірісте сұранысқа ие
5. Заттың қатты күйіне тән қасиеттерді анықтаңыз [2]
1)кезкелген көлемді қабылдайды
2) белгілі пішіні болады.
3) көлемін сақтайды
4) оңай сығылады
5)көлемін сақтамайды
A)1және3
B)2және3
C)2және 4
D)1және4
E)1және 5
Бағалау критерийі
Тапсырма №
Дескриптор
Балл
Білім алушы
МКТ негізгі қағидаларын түсіндіреді және физикалық шамалардың тәуелділігін сипаттайды
1
Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын анықтайды
2
2
Идеал газ бен нақты газдардың сипаттамаларын сәйкестендіреді
3
Зат күйлерін МКТ негізінде сипаттайды
3
Заттардың молекулалық құрылымын МКТ тұрғысынан сипаттайды
4
Заттардың құрылысын ажыратады
4
5
Қатты және аморф денелердің қасиеттерін анықтайды
Берілген сипаттама бойынша заттың күйін аныктайды.