Оқу мақсаты 9.3.2.3 Ықтималдықтың классикалық анықтамасын білу және есептер шығару үшін оны қолдану
9.3.2.5 Геометриялық ықтималдықты есептер шығаруда қолдану
Бағалау критерийіБілім алушы: Есептер шығаруда ықтималдықтың классикалық анықтамасын қолданады Есептер шығаруда ықтималдықтың геометриялық анықтамасын қолданады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейіЖоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
Жәшікте 5 қара, 4 қызыл және 3 ақ шарлар бар.
а) Жәшіктен бір шар алынды. Алынған шардың қызыл болуының ықтималдығын табыңыз.
Жәшіктен бірінен соң бірі 3 шар алынды. Бірақ алынған шарлар келесі шарды алғаннан бұрын, қайтадан орнына салынып отырды. Бірінші алынған шардың қара, екінші алынған шардың қызыл, үшінші алынған шардың ақ болу ықтималдығын есептеңіз.
Радиустары 2 см және 4 см болатын екі концентрлі (центрлері беттескен) дөңгелектер берілген. Үлкен дөңгелек ішінен кездейсоқ белгіленген нүктенің: а) кіші дөңгелекке