2 зертханалық жұмыс Жұмыстың тақырыбы: Галогендер. Жұмыстың мақсаты



бет2/2
Дата13.02.2023
өлшемі36,5 Kb.
#67620
1   2
Хлор алу тәсілдері. Әр түрлі тотықтырғыштармен әсер ету арқылы хлорсутек қышқылынан хлор алу

  1. Пробиркаға аз ғана мөлшерде марганец (ІV) оксидін салып, оған концентрленген хлорсутек қышқылын құю. Бөлінген хлорды алақанмен бетке қарай бағыттап, ептеп иіскеу. Реакция теңдеуін жазу.

  2. Пробиркаға 2-3 түйір калий перманганатын салып, штативпен бекіту. Концентрленген хлорсутек қышқылын ептеп бірнше тамшысын қосу. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазу.

  3. Пробирка түбіне әбден ұнтақталған калий дихроматынан кішкене салып, концентрленген хлорсутек қышқылын құю. Қоспаны ептеп жылыту. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазу.

  4. Пробиркаға кішкене хлорды ізбес салып, хлорсутек қышқылының 20% - ті ерітіндісінен аздап құю. Реакция теңдеуін жазу.

Бромның қасиеттері

  1. Пробиркаға 2-3 мл бром суын құйып, оған күйдіргіш натр ерітіндісін құю. Ерітінді түсінің өзгеруін қалай түсіндіруге болады? Реакция теңдеуін жазу.

  2. Пробиркаға бірнеше тамшы бром суын құйып, оны 5 мл дистильденген сумен сұйылту және 5-10 тамшы хлороформ қосу. Пробиркадағы қоспаны жақсылап араластыру. Байқалған құбылысты түсіндіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет