2 Зертханалық жұмыс Оқытудың аудиовизуальдық және техникалық құралдарын сипаттау технологиясы Мақсаты



Дата20.02.2023
өлшемі72,17 Kb.
#69425
Байланысты:
2 Зертханалық жұмыс


2 Зертханалық жұмыс
Оқытудың аудиовизуальдық және техникалық құралдарын сипаттау технологиясы
Мақсаты:

  • Оқытудың аудиовизуальдық және техникалық құралдарының құрылғысын және техникалық жағын қарастыру;

  • Интернет ресурстарын пайдалануды үйрену;

  • Оқытудың техникалық құрылғылары жайлы ақпараттарды іріктеу, талдау және жүйелеу іскерліктерінің қалыптасуына жағдай жасау.



3 – тапсырма



  1. Құралдың аты.


Диапроектор – оқытудың аудиовизуальдық және техникалық құралдарын сипаттау технологиясындағы құрылғылардың бір түрі болып саналады.

  1. Әрекет ету принциптері

Диапроекторлар әсіресе ХХ ғасырда қарқынды дами бастады. Диапроекторлар тек қана 35 мм- ден аспайтын, кинопленкадағы кадрдың өлшемі 18x24 мм болатын диафильмдерді көруге арналған құрал.

  1. Сипатталу параметрлері.

Диапроектор екі жақты жұмыс атқарады. Біріншісі қарапайым тәсілмен, яғни проекция дәл экран бетіне түсу арқылы. Екіншісі түсіру бетіндігі әйнекке сәуленің түсуі арқылы. Әйнектерді қолдану экранға дейінгі ара қышықтықты қысқартып, бөлмені толықтай қараңғыламай-ақ диафильдерді үлкен өлшемде көруге мүмкіндік береді.

  1. Құрамы.

Диафильмдер параболалық түрде орналасқан әйнектерден, линзалық конденсордан, диафильмдерді ауыстырып және айналдырып отыратын диапозитивтерден және проекциялық объективтен тұрады. Диафильмдерді ауыстыру қолмен немесе программа құрылған жағдайда автоматты түрде орындалуы мүмкін.
5. Әр құрал түрінің айырмашылық ерекшеліктері.
Диапроекторлардың басты ерекшеліктері оларда вентилятор болмағандықтан, олар шу шығармай жұмыс істейді. Сондықтан оқу процесінде оқушылардың алған ақпараттарын өз ойларында нақты бір модульдік бейнеге қалыптастыру үшін диапроекторларды қолданған өте тиімді.


6. Құралды сату орны.

  1. Sulpak сауда үйі

  2. Logy Com

  3. Планета электроники сауда үйі

  4. ALSER электроника сауда үйі

7.Құрал түрінің болжанған құны
40000 тг. Диапроектор Regio
45000 тг. Диапроектор Свет
50000 тг. Диапроектор ФД-2
55000 тг. Диапроектор Экран
8.Оқыту үрдісінде құралдың қолдану аймағы мен әдістері.
Диапроекторлардың оқу үрдісінде алатын орны ерекше. Себебі, көптеген жағдайларда диафильдерді оқушылыр немесе студенттер жаңа сабақты меңгергендеріне қарап өздері жасай алады. Диафильмдерді өздері жасай отырып, белгілі бір бейнені қалыптастыра отырып, жаңа сабақты толығымен түсінуіне үлкен көмегін тигізеді.
9.Оқыту үрдісін жүргізуде және жоспарлауда, оқытуды басқаруда құралды қолданудың мүмкін аймақтары.
Оқыту үрдісінде диапроекторларды сабақ жоспарының жаңа сабақты түсіндіру және сабақты бекіту барысының бөлімінде қолданған тиімді. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңінде сабаққа байланысты диафильмдерді қолдану арқылы теорияны оқушылардың тез және нақты түрде қабылдауына мүмкіндік жасайды. Көбінесе диапроекторларды музейдерде, тарих, география сабақтарында қолданады.
10. Оқыту көзқарасы тұрғысынан құралдың параметрлері.
Оқытуда оқушыларға диапроекторларды пайдаланып диафильмдерді көрсету үшін қолданады. Диапроекторлар тек қана 35 мм- ден аспайтын, кинопленкадағы кадрдың өлшемі 18x24 мм болатын диафильмдерді көруге арналған құрал.
11.Ақпарат тасу құралдары түрлері, шығын материалдары.
Сандық фотоаппараттың ақпарат тасу құралдары:

    • CF (compact flash)

    • MicroSD (micro secure digital card)

12.Ақпарат тасушы ерекшеліктері.
USB ажыратқыш бөлшек көмегімен диафильмдерді компьютерге жеткізуге көмегі зор.
13.Ақпарат тасушыларды сату орындары.
1) Sulpak сауда үйі

  1. Logy Com

  2. Планета электроники сауда үйі

  3. Alser сауда үйі


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет