20 " " 11 сыныпқа арналған тәрбие жоспары



бет6/27
Дата19.04.2023
өлшемі337,58 Kb.
#84214
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
11 сынып 22-23

Тәрбие сағаты

«Адам болам десеңіз.......»

Күні




Класс жетекші:




Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)




Сабақтың мақсаты:

өз өмірі мен денсаулығының құнын түсінеді, салауатты өмір салты туралы білімін тәжірибеде пайдаланады, өмірлерінен жағымсыз әдеттерді шығаруға тырысады;



Құндылықтарды дарыту

Ішкі тыныштық

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары



Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)



Адам еркіндігі
Адамзаттың аспанында жарқырап тұратын жұлдыздар сияқты өте биік сөздердің арасында «еркіндік» сөзінің орны ерекше. Адамға еркіндіктің ауадай қажет екенін барлық адамдар түсінеді және келіседі, ол керемет құндылық, байлық: еркіндіксіз өзің бола алмайсың, өз қылықтарың үшін жауап бермейсің, өзіңді өзің көрсете де алмайсың. Бірақ осы «азаттық», «еркіндік», «бостандық» дегеннің өзі не, оны қалай түсінуге болады? «Еркіндік» және «жауапкершілік» ұғымдарының бір-біріне қандай қатысы бар, қандай байланысы бар? «Сөз бостандығы», «ар бостандығы», «баспасөз бостандығы», «демократиялық бостандық», «ерікті, азат қоғам» – біз бұл сөздерді үнемі естиміз және пайдаланамыз. Бірақ бостандық, азаттық деген не? Ол шын мәніндегі байлық, игілік пе? Көпшілік кейде адамның күші, байлығы, билігі және де басқа ресурстары қаншалық көп болса, ол кез келген мәжбүрлеуден азат, тағдырдың кез келген сынынан соншалықты азат деп ойлайды. Алайда билік пен байлық кей жағдайда өзін өзі қолдаудың жүйесіне, құралына айналады. Адам оларды өзі үшін сақтап қалуға қаншама күш, жігер, көп уақыт жұмсайды, мұндайда азаттық, еркіндік, бостандық туралы ой миыңа кіріп те шықпайды. Бенедикт Спиноза бостандықты санамен, оқу-ағартумен, адамның білімділігімен байланыстырып, еріксіздікті, тәуелділікті надандықтың көрінісі, соның салдары деп санаған.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.

Сұрақтар



1.«Еркіндік» дегеніміз не?
2.Адамның бойындағы қандай қасиеттері оның адамдық болмысын көрсетеді? Бұл орайда еркіндік қаншалықты маңызды? Мысал келтіріңіздер.
3. Белсенді өмірлік ұстанымы бар адамның әрекетінде жалпыадамзаттық қандай құндылықтар көрініс береді деп санайсыз?






Компьютер


Сабақ басы (13 мин)



Төменде берілген тапсырмамен мұқият танысып шығып, сахналық қойылымдар дайындаңыздар. • Оқушылардың шағын топтары (3-5 адамнан) адамның басты құқықтары мен бостандықтары көрсетілген карточкалар алады. • 7-10 минут ішінде карточкадағы сөздермен аяқталатын жағдаят ойлап, оны сахналау қажет. • Әр топ өзі даярлаған сахналық қойылымын көрсетеді.
Карточкалар
• Әрбір азаматтың өз пікірін және ойын айтуға құқығы бар.
• Әрбір азаматтың қай жерде тұрғысы келсе, сонда тұра алады. Әрбір азаматтың өз елінен кетуіне және қайтып оралуына құқығы бар.
• Әрбір адам өз елінің азаматы болу құқығы бар. Ешкім азаматтығынан айрылу немесе азаматтығын өзгерту құқығынан айрылған жоқ.
• Ешкім басқа біреудің құлы бола алмайды.
• Әрбір азамат билік органына сайлауға және сайлануға құқықты. Сайлау жалпыға бірдей, еркін және тең болуы тиіс!



Оқушылар
Адамгерші-ліктің 7
қағидасын атайды.
Қанатты сөздерді оқып, ой-пікірлерін ортаға салады.

Презентация

Ортасы (20 мин)



Адамгершілік деген ұғымды қалай түсінесіз?

Оқушылар ойын анық,нақты жеткізеді

презентация

Соңы



Балалар еркіндікті санамен оқу ағартумен,адамның білімімен байланыстырып, еркіндік бізге ауадай қажет екенін есімізге сақтап ,жүрегімізді таза ұстап ішкі тыныштығымызды сақтайық.

Бейнежазба көрсетіледі



презентация


Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет