Сабақтың тақырыбы



бет1/11
Дата31.12.2021
өлшемі93 Kb.
#22144
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Зат есімнің синтаксистік қызметіне мысалдар келтіру


Сабақтың тақырыбы: Зат есім. Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты, грамматикалық категориялары, синтаксистік қызметі

Базалық:

-Зат еcімнің лексика-грамматикалық сипаты туралы түсінік қалыптастырады;

-Зат есімнің грамматикалық категорияларын нақтылайды;

- Зат есімнің синтаксистік қызметі туралы мәлімет алады.



Кәсіптік: Теориялық білімін тәжірибеде қолдануға, өндіріске жақындатуға, кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға бейімдейді.

Коммуникативтік: Болашақ тіл мамандарына өз ойларын жеткізе білуде әдеби тіл нормаларын сақтай отырып, сауатты сөйлеуге дағдыландыру

Проблеманы шешу: Зат есімнің лексика-грамматикалық сипатын, грамматикалық категорияларын, синтаксистік қызметін оқыту арқылы басқа сөз таптарынан ерекшеліктерін айқындау

Сабақтың міндеттері:

а)Білімділік: Оқушыларға зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты, грамматикалық категориялары, синтаксистік қызметі туралы мәлімет беру, жасалу жолдарын тәжірибелермен ұштастыру, меңгерту

ә)Тәрбиелік: Оқушыларды бір-бірін тыңдап, сыйлай білуге, берілген тапсырмалар мен ойындар арқылы адамгершілікке, сыйластыққа, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, тәрбиелеу. Ізденушілік, еңбексүйгештік қаблеттерін арттыру, мысалдар арқылы елжандылыққа баулу, ұлттық құнды әдеби мысалдарды дәріптеуге үйрету

б)Дамытушылық: Теориялық білімдерін жан-жақты салыстырулар жүргізе отырып дамыту, жүйелі түрде білімдерін көрсете алуға дағдыландыру, ақпараттық материалдар арқылы білімдерін толықтыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін шыңдау



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет