4. Жердің геофизикалық өрістерін көрсетіңіз Геофизикалық өріс деп жер қыртысының геологиялық құрылымының ерекшеліктеріне тығыз байланысты физикалық өрісті айтады.
Барлау геофизикасы геологиялық ортада пайда болған табиғи немесе жасанды өрісті зерттеуге бағытталған. Табиғи өрістер құрамына: гравитациялық, магниттік, табиғи радиоактивті және кейбір табиғи электр өрістері кіреді.
Жасанды өрістер қатарына тұрақты және ауыспалы электромагнитті және серпінді тербеліс тараған орта кіреді. Жасанды электромагниттік өріс гальваникалық немесе индукциялық әдістермен жасалады. Гальваникалық әдісте жерге қадалған екі электрод арқылы тұрақты немесе ауыспалы ток жібереді. Серпінді тербелістер өрісін жарылыстың көмегімен немесе жарылыссыз импульсті көздер (вибраторлар) арқылы қоздырады.
Геофизикалық өрістің төрт түрі дараланады, олар: бақыланған, қалыпты, қалыпсыз және жүйеленген өрістер; бақыланған Геофизикалық өріс. — нақтылы өлшенген өріс; қалыпты Геофизикалық өріс — өлшенген өрістер жиынтығының орташа мөлшерімен сипатталатын өріс; қалыпсыз Геофизикалық өріс — нақты өлшемдері қалыпты өріс көрсеткіштерінен айтарлықтай айырма беретін өріс; жүйеленген Геофизикалық өріс— өлшенген өрістерді белгілі бір жүйеге сәйкес саралау нәтижесінде алынатын өріс.
5. Жердің ішкі сфераларын сипаттаңыз: жер қыртысы, мантия және ядро. Жер қабатының құрылымы — диаметрі 6357-6378 км-ге тең эллипстік (дөңгелекке жуық) шаршы нысандас Күн жүйесіндегі Күннен әрі қарай санағанда үшінші ғаламшар.
Жер негізгі 3 геосферадан тұрады:
-жер қыртысы,
-мантия,
-ядро.
Жердің физикалық қасиеттері мен температурасы тереңдеген сайын өзгереді.
Жердің ішкі өзегін ядро деп атайды. Жердің ядросын радиусы 3486 км-дей құрайды. Ол сыртқы және ішкі ядроға (субядроға) бөлінеді. Бұл екеуінің арасында сыртқы ядро құрамына кіретін аралық белдем бар. Ядро шекарасында бойлық сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы 13,6 км/с-тан 8,1 км/с-қа дейін кемиді, субядро шегіне тау 11,2 км/с-қа дейін артады. Субядродағы сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы тұрақты.
Жердің келесі қабаты — мантия (гр. mantion—жамылғы). Мантия жоғарғы (900 км-ге дейін) және төменгі (900—2900 км) мантияға бөлінеді. Мантия жер көлемінің 83%-ын, жалпы салмағының 67%-ын құрайды. Жоғарғы мантияның 250—300 км тереңдігінде қаттылығы мен беріктігі төмендеу, тұтқыр қабат орналасқан, оны астеносфера деп атайды. Болжал бойынша мантия құрамы ауыр минералдарға бай, негізінен, магний мен темірден тұрады. Астеносфера қабатынан басқа мантиядағы заттар қатты кристалдардан құралған. Мантия тектоникалық қозғалыстармен, магмалық, жанартаулық, т.б. процестермен тығыз байланысты
Жердің ең беткі жұқа қатты қабығы — жер қыртысы. Жер қыртысы деп - литосфераның жоғарғы қабаты, жер бетіндегі барлық сулар - гидросфера, жерден 20 шақырым биіктікке дейінгі атмосфераның төменгі қабатын және бүкіл тірі ағзалардың өмір сүру аймағын айтамыз. Географиялық қабықтың пайда болуынан ірі табиғи кешендері материктер мен мұхиттар пайда болды. Дүние жүзінде 6 материк немесе құрлық бар. Олар: Еуразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Аустралия, Антрактида. Мұхиттардың саны 4: Тынық, Атлант, Үнді, Солтүстік мұзды мұхиттары.