2007  ббк 74. 00 Б 12 Пiкiр жазғандар



Pdf көрінісі
бет19/33
Дата06.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#7706
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33

Кiтаппен жұмыс әдісі

Мектеп  тәжiрибесiне  кiтап  енген  дәуiрден  бастап,  оны-

мен  жұмыс  iстеу  аса  маңызды  оқу  әдісiне  айналды.  Бұл 




әдістің  ұтымды  тарапы  –  оқушы  қажет  материалды    өзіне 

қолайлы жағдай мен уақыт мерзiмiнде, қалаған жеделiкте көп 

қайталап,  меңгеруге  мүмкіндiк  алады.  Оқу  кiтаптары  негiзiн-

де  педагогикалық  қызметтердің:  оқыту,  оқу-үйрену,  дамыту, 

тәрбиелеу, ынталандыру, бақылау-реттеу (түзету) – бәрiн бiр-

дей орындауға болады.

Өкiнiшке  орай,  бастауыш  мектепте  кiтаппен  жұмыс  iстеуге 

қажеттi мән берiлмеуде. Педагогтардың көрнекi-жарқын, әсерлi 

әдістердi әсiрелей көп пайдалануынан сабақтағы кiтап, онымен 

жұмыс қажетсiз дүниеге айналып, көлеңкеде қалады. Нәтиже 

ашынарлық: балалар аз оқиды, тiптi де оқымайды, оқыса, әрiп 

не  буын  басын  қосып,  бiрiктiре  алмайды,  осыдан  оқығанын 

түсiнбейдi.  Мұның  тауқыметi  бастауыш  сыныпты  бiтiрiп,  орта 

мектепке өткен балалар тағдырына үлкен зиян келтiруде. Ал 

осыған  байланысты  барша  қиыншылықтарды  жеңiп,  баланы 

жасынан ең алдымен кiтап оқуға, онымен жұмыс iстеуге үйрету 

алғашқы  оқу  тетiгiн  ұстаған  бастауыш  сынып  мұғалiмiнің 

қолында.

Кiтаппен жұмыс оқушылар үшiн өте күрделi қиын оқу әдісi. 

Мектептің  парызы  балаларды  өзбетiнше  кiтап  пайдалануға 

баулу. Бұл әдістi қолдануға қойылатын басты талаптар: еркiн 

оқып, оқығанды түсiну ептiлiктерiн тәрбиелеу; оқылып жатқан 

материалдың  негiзгi  мәнiн  бөлектей  ұға  бiлу;  оқылғанның 

өзектi  тұжырымдарын  өрнектеп,  жаза  бiлу  және  (тiрек-конс-



пекттер) түзуге үйрету.  

Өзбетiнше кiтаппен жұмыс iстеуде-

гi негiзгi мақсат – оқу материалымен танысу, жүгіртiп көзден 

өткiзу,  жеке  бөлiктерiн  оқу,  нақты  қойылған  сұрақтарға  жауап 

iздестiру,  материалды  мұқият  зерттеп,  игеру;  мысалдар  мен 

мәселелердi  шешу,  бақылау  тестерiн  орындау,  ақырында, 

қажет болса, материалды жаттап алу.

Мектеп  тәжiрибесiнде  кiтаппен  жұмыс  iстеудің  екi  түрі  кең 

қолданымға  түскен:  бірінші  сабақта  мұғалiм  басшылығында 

және  екінші  сабақта  меңгерiлгендi  бекiту  және  кеңейту 

мақсатында  жүргізілетін  үйдегi  өзiндiк  жұмыстар.  Педагог  ба-

лаларды бiлiм топтау жолында кiтапты пайдалануға дайындай 

отырып,  жаңа  материалды  бұрын  өтiлген  қай  материалмен 

байланыстыру,  бiрiктiру  немесе  салыстыру  қажет  болатынын 

түсiндiредi,  көрсетедi.  Егер  жұмыс  сабақ  барысында  орында-





латын  болса,  материалды  кiтап  бойынша  игеру  үдерісi  жеке 

бөлiмдерге келтiрiледi де, әрқайсысы өз алдына бақыланады, 

тексерiледi.  Мәтiн  үзiндiсiн  оқып  болудан  бала  тыныстап, 

қажеттi  әрекеттердi:  түсiну,  есте  қалдыру,  салыстыру,  теңеу 

және т.б. – орындауға кiрiседi. Оқушының кiтап мәтiнi бойын-

ша  үй  жұмысы  дәрiсте  қабылдап,  есте  қалғандарын  қайта 

жаңғыртудан басталады. Сабақта игерiлгендi оқулық мәтiнiмен 

бiрiктiру  –  кiтаппен  жұмыс  жасаудың  қалтықсыз  дұрыс  жолы. 

Кiтап  оқуда  шәкiртке  қойылатын  шарт  –  мүмкін  болғанша 

мәтiн мазмұнын есте қалдыруға тырысу. Сондықтан оқушыны 

мәтiннің  баяндалу  тәртiбiн  аңдауға  үйретiп,  оқу  барысында 

мәтiн  мазмұнының  ойдағы  жоспарын  түзуге  баулу.  Тiрек  кон-

спект түзiп, негiзгi мән-мағына қамтушы сөздер, сөз тiркестерi 

мен  сөйлем-тұжырымдарды  жазуға  үйрету  –  оқу  тиiмдiлiгiнің 

артуына себепшi өте маңызды жағдаят.

Кiтаппен  жұмыс  алып  бару  оқушылардың  өзiндiк  бақылау 

дағдыларын  қалыптастыруына  байланысты  келедi.  Оқушы 

материалды бiлетiнiн кiтапты қанша рет қайталап оқығанымен 

емес,  сол  оқығанының  мазмұнын  саналы  да  толық  баяндай 

бiлу ептiлiгiнің дәрежесiмен бағалауы тиiс. Бұл үшiн балаларда 

уақытының көбiн материалды жәй оқуға емес, ал оны жадтан 

қайта жаңғыртып, белсендi қайталап тұру әдетiн қалыптастыру 

қажет.


Кiтаппен  жұмыс  әдісiнің  кемшiлiгi  –  оқушының  көп 

уақыты  мен  күш-қуатын  қажет  етуiнде,  сондықтан  бұл 

әдіс  ысыраптылығымен  ерекшеленедi.  Сонымен  бiрге  ол 

оқушылардың  даралық  өзгешелiктерiн  ескеруде  қолайсыз. 

Төмен  сапада  құрастырылған  кiтаптар  өзiндiк  бақылау  мен 

оқу  үдерісін  басқаруға  қажет  жеткiлiктi  материалдарды 

қамтымайды.  Осыдан  мұғалiм  тек  жоғары  дәрежеде  түзiлген 

кiтаптарды  таңдап,  мiндеттi  түрде  кiтаппен  жұмыс  тәсiлiн 

басқа  да  оқу  әдістерiмен  ұштастыра  пайдалануға  тырысады.  

өз  сабақтарында  кiтаппен  жұмыс  ұйымдастыруды  күнделiктi 

әдетiне айналдырады.

Сонымен,  кiтаппен  жұмыс  мектеп  тәжiрибесiнде  басқа 

әдістер  қатарында  тең  құқылы  әрi  маңызды  оқу  әдісi  ретiнде 

жоғары дәрежеде пайдаланатын болып, қайта тiктеледi. Оқушы 



223

тыңдап, қабылдағаны ғана емес, тiптi түсiнгеннің  өзiнде – тез 

арада  ұмытады,    ал  өзі  мұқият  оқыса,  одан  ұққанын  бiлiм 

қорына қосып, жадынан шығармайтын болады.



Оқудың көрнекi әдістерi

Бастауыш  мектептегi  көрнекi  әдіс  мақсаты  –  балалардың 

табиғи сезiмдiк тәжiрибесiн байыту әрi кеңейту, бақылағыштық 

қабiлетiн  дамыту,  заттардың  нақты  қажеттерiмен  танысып, 

меңгеру,  өзiндiк  бiлiм  топтап,  игергендерiн  жүйелестiруге 

сүйенiш  болар  дерексiзденген  (абстракт)  ойға  өтуде  қажет 

жағдайларды  жасау.  Бастаушы  сыныптарда  қолданылатын 

көрнекiлiк түрлері: табиғи заттар, суреттер, көлемдi, дыбысты 

және  сызылма көрнекi құралдар.  Көрнекiлiк құрал-жабдықтар 

саналуан:  қоршаған  болмыс  заттары  мен  құрал-жабдықтары, 

мұғалiм  және  оқушылардың  қимыл-әрекеттерi,  нақты  заттар 

мен  үдерістер  бейнесi  (суреттер,  картиналар),  заттардың  өзі  

(ойыншықтар,  картон  бейне  кесiндiлерi),  рәміздік  өрнектер 

(карта,  кесте,  сұлба    және    т.б.).  Оқушылар  бақылауын 

ұйымдастыруда  мұғалiмнің  өте  сақ  болғаны  лазым.  Мұғалiм 

тәжiрибесiнде  көп  ұшырасатын  кемшiлiк  –  көрнекi  құралдың 

шектен  тыс  бояулы  түр-түсi  оның  оқулық  мән-мазмұнын 

көлеңкелеуi.  Жеткiлiктi  ысылмаған  мұғалiм  балалар  наза-

рын  көрнекi  құралдың  елеусiз  тараптарына  көп  аударып, 

тақырыпқа байланысты мән желiсiн жоғалтып алады. Үлестiрме 

материалдарға қажетсiз түр-түс берiледi. Сұлба, кестелердегі 

бояулы сызу, жазулар безеу үшiн емес, мән-мағынаны ажыра-

та таныту үшiн қолданылады.

Көрнекi әдістер iрi үш топқа бөлiнедi: затты көрнекiлiк (де-

монстрация),  суреттi  көрнекiлiк  (иллюстрация),  теле-видео 

әдіс.


Затты көрнекiлiк (демонстрация). Бұл әдіс көбiне таны-

сып  жатқан  құбылыстардың  даму  жағдаяттары  мен  сыртқы 

көрiнiстерiн, iшкi құрылымдары мен бiртектi заттар арасындағы 

орналасу  мекенiн  танып  бiлу  үшiн  қоданылады.  Табиғи  ны-

сандарды оқушыларға ұсыну, әдетте, оның сыртқы белгiлерiн 

(көлемi,  формасы,  түр-түсi,  бөлiктерi  мен  олар  арасындағы 

байланыстар)  көрсетуден  басталып,  кейiн  әдейi  ажыралып 


224

көрсетiлетiн  iшкi  құрылымдар  не  жеке  қасиеттерi  (жәндiк-

жануардың  тыныс  алуы,  қондырғының  жұмыс  бабы  және 

т.б.)  таныстырылады.  Бұл  әдістің  тиiмдiлiгi:  егер  зат,  үдеріс 

және құбылыспен балалардың өздерi тiкелей зерттеп, таныс-

са,  олармен  байланысты  әрекеттердi  өзбетiнше  орындап, 

аралық  тәуелдiлiктерiн  өз    тәжiрибесi  негiзiнде  ашып,    көзiн 

жеткiзсе,  оқу тиімділігі арта түседi. Оқу жұмысы оқушының өз 

танымдық  iзденiс-әрекеттерiн    арқау    етсе,    ол  басқалардың 

пiкiр,  тұжырымдарын  қайталамай,  меншiктi  бiлiм  қорын 

қалыптастырады. 

Белсендi таным әдісi ретiнде затты көрнекiлiктi қарапайым 

көрсетуден  ажырата  бiлу  керек.  Нақты  затты  тiкелей  қолға 

алып,  онымен  белсендi  мәселелi  не  зерттеу  жұмысымен  ай-

налысу кезiнде оқушы назар-зейiнi кездейсоқ белгiлерден гөрi, 

сапалық  мәндi  қасиеттерге  шоғырланып,  оларды  жылдам, 

жеңiл әрi толығырақ тану мүмкіндiгiн алады. Бұл әдістi пайда-

лануда ауызекi баянның рөлi онша үлкен емес, солай да болса, 

оқушы  бақылаулары  сөздік  тәсiлдермен  үздiксiз  байланыста 

жүргізіледi. Бала дербестiгiн (самостоятельность) көтеру үшiн,  

одан  көрген,  байқағандарын  ауызша  баяндап,  түсiндiрудi  та-

лап еткен жөн. Затты-көрнекiлiк тиiмдiлiгiнің жоғары болуы ны-

санды дұрыс таңдауға, балалардың зейiнiн  дұрыс шоғырлап, 

зерттелiп жатқан зат, құбылыстың мәндi тараптарына аударуға 

бағытталған педагог ептiлiгiне тәуелдi, сонымен бiрге әрқилы 

әдістердің  бұл  жұмысқа  ретiмен,  орынды  қатыстырылуын  да 

естен  шығармаған  жөн.  Заттай  көрнекiлiктi  қолдану  үдерісiне 

қойылатын талаптар:

– көрсетiлiп жатқан нысан толықтай балалар назарында бо-

луы қажет;

–  ол  тек  көзбен  бақыланып  қана  қоймай,  барлық  сезiм 

мүшелерiнің әсерленуiн қамтамасыз етуі керек;

–  балалар  өз  ықылас-ынтасын  нысанның  оқу  iсiне  тiкелей 

байланысты тараптарына аудара бiлу шарт;



Суреттi көрнекiлiк (иллюстрация). Бұл әдістегi көзделген 

мақсат плакат, карта, портрет, фотосурет, сурет, сұлба, көшiрме 

сурет (репродукция), жайылма модельдер және т.б. жәрдемiмен 

зат, үдерістің не құбылыстың рәміздік өрнектерiн көре отырып, 

нысанды қабылдау.


225

Затты көрнекiлiк пен суреттi көрнекiлiк оқу үдерiсiнде тығыз 

байланыста  қолданылып,  бiрiн-бiрi  толықтырып,  әсерлiлiгiн 

күшейте  түседi.  Зат,  құбылыс  не  үдерісті  тұтастай  қабылдау 

қажет болса, затты көрнекiлiк қолданылып, ал құбылыс мәнiн 

ұғу,  оның  құрылымдары  арасындағы  байланысты  тану  қажет 

болса, суреттi көрнекiлiк пайдалы. Мұндай көрнекiлiк тиiмдiлiгi 

суреттi  көрсете  бiлуге  тәуелдi.  Көрнекi  құралдарды  көрсете 

ұсыну  жолдарын  таңдауға,  мұғалiм  көздеген  нысандарының 

танымдық  үдерiстегi  қажетiн,  орнын  және  рөлiн  ойластыра-

ды, қолданылуы барынша мүмкін болған көрнекi заттар саны 

мен көлемiн анықтайды. Тәжiрибе көрсеткендей, көрнекi құрал 

саны көбейген сайын, оқу талабына байланысты мән-мағынаға 

зейiн қою қабiлетi кемидi. Суреттер алдын ала дайындалады, 

бiрақ әрқайсысы өз құндылығына орай сабақ үдерiсiнің қажеттi 

мезетiнде ғана ұсынылады.

Қазіргі  кезең  бастауыш  мектебiнде  сапалы  көрнекiлiк 

қамтамасыз  ету  үшiн  экранды  техникалық  құралдар  жиi 

қолданылуда. Диапроекторлар мен эпидиаскоптар пайдалану-

да  қарапайым,  сенiмдi,  арзан,  сақтауы  да  оңай.  6-7  жастағы 

балаларды  дифильмдердi  өзбетiнше  қолданып,  пайдалануға 

жеңiл үйретуге болады. Диафильм қолдануда келесi кезеңдердi 

есте ұстанған жөн: мақсат түсiндiру, көрсету кезiнде әр кадрға 

түсiндiрме  беру,  көрсету  аяқталғаннан  соң,  қорыту  әңгіме-

сұхбатын  ұйымдастыру,  материалды  жалпылап,  тұжырымға 

келтiру.


Видеоәдістер.  Оқу  орындары  тәжiрибесiне  ақпараттарды 

ұсынудың экрандық көздерiн (кодоскоп, проектор, киноаппарат, 

оқу бағдарламалы теледидар, видеоқондырғылар мен видео-

магнитофондар,  дисплейлi  компьютерлер,  DVD)  жеделдiкпен 

енуiнен видеоәдістi жеке оқу әдісi ретiнде тануды мойындатып 

отыр.  Бұл  әдіс  бiлiм  жеткiзуге  ғана  емес,  сонымен  бiрге  оқу 

нәтижесiн  бақылау,  бекiту,  қайталау,  жалпылау,  жүйелестiру, 

яғни  дидактикалық  мiндеттердің  бәрiн  орындау  барысында 

тиiмдiлiгi орасан.

Бұл  әдістің  оқу  және  тәрбиелiк  маңызы  оның  көрнекi  бей-

нелердi күштi әсерлендiре, ықпалды қоданымға келтiрiп, оқиға 

желiсiн  басқару  мүмкіндiгiн  беруiнде.  Егер  балалар  экран 

мазмұнына әсерлене араласып, оған байланысты өз ықпал-ни-


226

етiн бiлдiре алмаса, оларға көрiп, сезгендерiне орай бақылау, 

тексеру  жаттығулары  мен  тестерi  ұсынылмаса,  видеоәдістен 

келер пайда шамалы. Киноэкран мен теледидар дерексiзден-

ген (абстракт) ой, шығармашылық пен дербес iс-әрекет ептiлiк-

терi  мен  дағдыларын  қалыптастыруда  тигiзер  көмегi  болым-

сыз.  Мұндай  экрандық  бейнелер  көбiне  сезiмге  әсер  етiп,  ой 

толғастыруға байлау болады.

Егер  бастауыш  сынып  мұғалiмiнің  оқытуы  бағдарламалы 

ақпарат жүйелерiмен байланысты болса, онда ол видеоәдіспен 

келесiдей  дидактикалық  және  тәрбиелiк  мiндеттердi  табысты 

шешуi мүмкін:

– жаңа бiлiм ақпараттарын, әсiресе тiкелей көрiп, талдауға 

түспейтiн  жай  жүрістi  үдерiстер  (өсiмдiк  дамуы,  сұйықтық  бу-

лануы,  тау  жыныстарының  үгiлуi  және  т.б.)  мен  қарапайым 

бақылау  тәсiлiмен  мәнiн  аңғару  қиын  өте  жылдам  үдерiстер 

(серпiлiсте  денелер  соғуы,  жұлдыз,  планеталар  ағымы  және 

т.б.) жөнiндегi бiлiмдердi игеру үшiн;

–  күрделi  механизмдер  мен  машиналардың  әрекетке  келу 

принциптерiн даму желiсiмен байланыстыра түсiндiру;

–  әрқилы  iс-әрекет  түрлерінің  орындалу  тәртiбiмен  (алго-

ритм) таныстырып, оны iске асыруға үйрету;

– шет тiлi сабақтарында арнайы тiлдiк орта түзу;

–  тарих,  этика,  қоғамтану,  әдебиет  сабақтарында  оқу-

ды  өмiрмен  байланыстыру  мақсатында  видеоқұжаттар 

пайдалану;

– тест сынақтарын өткiзу;

– дағдыландыру жаттығуларын орындау;

–  сыныптағы  әрбiр  оқушы  үлгерiмiн  компьютерлi  есепке 

алу;


–  оқу  ұйымдастыруда  әрбiр  оқушының  жеке  даралығына 

орай iс алып бару;

– оқу үдерісiне жаңалықтар енгiзу, оның өнiмдiлiгiн көтеру, 

педагогикалық  басқарым  сапасын  көтеру  арқылы  ұсынылып, 

игерiлетiн ғылыми ақпарат көлемiн мүмкіндiгiнше ұлғайту.

Бұл  әдіс  тиiмдiлiгiн  көтеруде  мұғалiмнің  жеке  шебер-

лiгi  аздық  етедi,  оқудың  нәтижелiлiгi  мұндайда  видео  оқу 

құралдары мен қолданымдағы техникалық жабдықтардың са-

пасына тiкелей байланысты келедi. Оқу үдерiсiнің видеоәдіспен 


227

ұйымдастырылуы  нақты,  анық,  үлкен  ой  сарабынан  өткiзiлiп, 

мақсатты  бағытта  болғаны  әбден  қажет.  Видеоәдіс  пайдала-

нушы мұғалiм оқушыларын таныстырылып жатқан мәселелер 

шеңберiне енгiзе отырып, олардың оқу iс-әрекеттерiн бағыттап, 

тиiстi қорытындылар жасап, өзiндiк жұмыстар үдерiсiнде жеке-

дара көмек көрсетуде үлкен ептiлiкке ие болуы тиiс.

Сонымен,  көрнекi  әдістер  оқу  үдерiсiнің  барша  желiсiнде 

қолданымға  түседi.  Олардың  қызметi  -  жан-жақты,  бейнелi 

қабылдауды қамтамасыз етiп, ой-өрiс дамуына сүйенiш болу.

     

Тәжірибелік әдістер

Мұндай  әдістер  қатарында  педагогикалық  қызметте  кең 

қолданылатындары: 

жаттығулар, 

зертханалық 

әдістер, 

танымдық ойындар.

Жаттығулар  –  бiлiм,  ептiлiктер  мен  дағдылар  иге-

руге,  олардың  сапасын  көтеруге  бағышталған  жоспарлы, 

ұйымдасқан, қайталай орындау үшiн арналған оқу iс-әрекеттерi. 

Жаттығулар дұрыс ұйымдастырылмай, оқу нәтижесі және еп-

тiлiктер  қалыптаспайды.  Бұл  әдіс  ептiлiктер  мен  дағдылар 

қалыптастырып,  орнықтыруға  өте  тиiмдi,  ал  ынталандыру 

тұрғысынан - әлсiздеу.

Жаттығулар  үш  түрге  ажыралады:  арнаулы,  туын-

ды  және  түсiндiрме.  Арнаулы  –  оқу,  еңбек  ептiлiктерi  мен 

дағдыларын  қалыптастыруға  бағытталып,  көп  қайтара  орын-

дауды  көздейтiн  жаттығулар.  Егер  арнаулы  жаттығуларға 

бұрын қолданылғандары ендiрiлсе, олар туынды деп атала-

ды.  Туынды  жаттығулар  бұрыннан  қалыптасқан  дағдыларды 

қайталау және бекiту үшiн жүргізіледi. Туынды жаттығуларсыз 

дағды  жойылады.  Түсiндiрме  жаттығулар  оқу  үдерiсiнің  бел-

сендiлiгiн  арттыру  үшiн  қолданылып,  оқу  тапсырмаларын 

саналы  орындауға  машықтандыруды  көздейдi.  Мұндай  оқу 

жұмысының  мәнi  –  мұғалiм  мен  оқушы  орындалған  не  орын-

далатын iске түсiнiктеме бередi, iске асырылатын әрекеттерге 

анықтама  берiп,  дәлелдейдi,  нәтижеде  көзделген  әрекет, 

қимылдар  анық-қанығына  жетiп,  жақсы  игерiледi.  Алғашқы 

түсiнiктемелердi  үлгерiмi  жоғары  оқушылар  бередi,  кейiн  бұл 



228

жұмысқа  бүкiл  сынып  қосылады.  Түсiндiрме  жаттығулар  әдісi 

сабақтың жоғары қарқындылығын қамтамасыз етiп, барша ба-

лалар тарапынан материалдың саналы игерiлiп, мықты бекуi-

не жәрдемiн тигiзедi.

Бастауыш мектепте ауызекi жаттығулар кең қолданылады. 

Олар тiл мен қисынды ой дамуына, танымдық мүмкіндiктердi 

көтеруге  өте  пайдалы.  Ауызекi  жаттығулардың  орындай-

тын  қызметi  әртүрлі:  оқу  техникасы  мен  мәдениетiн  көтерiп, 

ауызекi  есеп,  әңгімелеу,  бiлiмдердi  жүйелi  баяндауға 

үйрету.  Ауызекi  жаттығулардың  тiл  үйренудегi  орыны  ерек-

ше.  Мұндай  жаттығулар  бiрте-бiрте  күрделенiп  барады.  Оқу 

қызметтерi қатарында жазба жаттығулардың (стилистикалық, 

грамматикалық,  орфографиялық  диктанттар,  шығарма,  баян-

дамалар) маңызы өз алдына. Жазба жұмыстарға байланысты 

мұғалiм  қызметi  –  олардың  көптүрлілiгi  мен  жеткiлiктi  санын 

қамтамасыз ету. Жазба жаттығулар қатарына математика, су-

рет сабақтарында кең қолданылатын сызылма (графикалық) 

жұмыстар да кiредi.

Жаттығулар  тиiмдi  болуы  үшiн,  педагог  ауызша,  жазба 

орындалатын  жұмыстар  жүйесiнің  келесi  талаптарға  сай  бо-

луын  қамтамасыз  етуi  шарт:  1)  тұлғалық  сапа-қасиеттердің 

баршасының дамуы мен бекуiне бағытталуы тиiс; 2) түр және 

сан жағынан жаттығулар жеткiлiктi дәрежеде қайталанып баруы 

қажет; 3) уақыт пен күш-қуат үнемдеу талабына сай болғаны 

жөн; 4) оқушылар жұмысын әртүрлі формада басқаруға қолайлы 

түзiлуi тиiс. Оқушыларға қойылатын талаптар: жаттығу орын-

дауда саналылық; әрекеттердi орындау ережелерiн бiлу; қолға 

түсiрген нәтижелердi ескерiп бару; қайталаулар мезгiл-мезетiн 

дұрыс ұйымдастырып, белгiлеу.



Зертханалық  әдіс  оқушылардың  өзбетiнше  жүргізетiн 

тәжiрибе,  эксперимент  және  бақылауларына  негiзделген. 

Тәжiрибелер жеке-дара не топта өткiзiлуi мүмкін. Мұнда  зат-

тай  көрнекі  әдісiндегiдей  тек  сырттай  бақылаумен  шектел-

местен,  оқушылар  жоғары  белсендiлiк  әрi  дербестiкпен  тiке-

лей  нақты  жұмыс  орындауға  араласады.  Зертханалық  әдісте 

маңызды  ептiлiктер  қалыптасады:  өлшестiру  мен  есептеу, 

жұмыстың белгiлi жолдарын қайта тексеру мен жаңа тәсiлдерiн 

таңдастыру. Зертханалық әдіс күрделi келедi, себебi ол арна-


229

улы  жабдықтар  мен  мұғалiм  және  оқушының  мұқият  нақты 

дайындығын  қажет  етедi.  Оны  орындау  көп  күш-қуат  пен 

уақытқа  байланысты.  Сондықтан,  мұғалiм  зертханалық  әдістi 

жоспарлай отырып, оқушылардың өзбетiнше орындайтын оқу-

iзденiс жұмыстарының басқа оқу тәсiлдерiмен салыстырғанда 

үнемдi әрi жеңiл боларына сенiмдi болуы қажет.

Тәжірибелік  жұмыстар.  Оқушылар  iс-әрекетi  игерiлген 

бiлiмдер мен ептiлiктердi тұрмыста қолдануға орайласты-

рылады. Бұл әдістің атқаратын қызметi – бiлiм мен ептiлiктер-

дi  тереңдете  жетiлдiру,  сонымен  бiрге  бақылау  және  түзету 

мiндеттерiнің орындалуына сеп тигiзу, танымдық iс-әрекеттерге 

ынталандыру. Бiлiм және ептiлiктердi қолдану сабақтарындағы 

оқушылардың танымдық жұмыстары кезең, сатылап өтедi:

1. Мұғалiм түсiнiктемесi. Алдағы жұмысты теориялық тұрғы-

дан ұғу кезеңi.

2. Үлгi, өрнек көрсету кезеңi.

3.  Сынап  көру.  Бұл  кезеңде  2-3  оқушы  жұмыс  орындай-

ды,  ал  қалғандары  бақылайды  әрi  мұғалiм  басшылығында, 

жұмыс барысында қате, кемшiлiктер болса, ескертулер жасап, 

түзетулер енгiзiледi.

4. Жұмысты орындау. Тапсырылған жұмысты әр оқушының 

өз  бетiнше  iске  асыру  кезеңi.  Мұғалiм  жұмыс  орындау  бары-

сында қиналуы мүмкін балаларға көбiрек назар аударады. 

5. Бақылау, тексеру. Бұл кезеңде балалардың орындаған тап-

сырыстары қабылданады, тексерiледi әрi бағаланады. Орын-

дау сапасына, уақыт жұмсау, материал үнемдеу, тапсырманың 

жылдам әрi дұрыс орындалуына мән берiледi.

Тәжірибелік  әдіс  басқаларға  қарағанда  балаларды  жұмыс 

орындау барысында адал ниеттiкке тәрбиелеу тұрғысынан өте 

маңызды  келедi,  еңбек  үдерісін  мұқият  ұйымдастыруға,  бұл 

үшiн алдағы жұмыстың мақсатын пайымдауға, мiндеттерi мен 

шарттарын талдап, материалдар меңгеруге, құрал-жабдықтар 

дайындауға,  жұмыс  сапасына  тынымды  бақылау  қойып, 

қорытынды жасауға үйренедi.



Танымдық (дидактикалық) ойындар – оқушылар жол та-

уып шығуы қажет шындыққа сәйкестендiрiлiп, арнайы түзiлген 

жағдаяттар. Бұл әдістің басты мiндетi – балалардың танымдық 


230

үдерісiне  қозғау  салып,  шығармашылыққа  ынталандыру. 

Баланың  қандай  да  iске  ынта-ықыласы  болмысты  белсендi 

қайта жасау, не өзгертуге қатысуынан туындайды. Ал мұндай 

жасампаздық әрекет бала ойынында шын мәнiнде көрiнедi.

Танымдық  ойындар  әдісi  ұзақтан  келе  жатқан  тарихы-

на  ие.  Ол  ежелгi  дидактикалық  жүйелердің  өзiнде  қолданым 

тапқан.  Гуманистiк  тәрбие  жүйелерiнде  бұл  әдіс  жаңа  өрнек 

тауып,  кең  өрiс  алуда.  Оқу  барысында  ойындарды  пайдала-

ну  тәрбиешiнi  балалармен  қарым-қатынас  түзудегi  әкiмшiл-

әмiршiл  бағыттан  бас  тартуға  мәжбүр  етедi.  Балаларды 

ойынмен  қызықтырып,  оған  тосындылық  пен  еркiн  таңдау 

элементтерiн  енгiзiп,  балалардың  жазыла,  көтеріңкi  көңілмен 

iс-әрекетке араласуы үшiн ойынға мұғалiмнің өзi қатысуы тиiс. 

Дидактикалық  ойындардағы  бала  бостандығы  мен  дербестiгi 

жаңа педагогикада қалыптасып жатқан субъекттің еркiн дамуы 

және  тұлғалық  бағыттағы  оқу  идеяларының  iске  асуына  кең 

мүмкіндiктер ашылады. 

Бастауыш  мектептегi  қазiргi  заман  дидактикалық  ойын-



дары негiзiнен ережелер бойынша өткiзiледі. Ережелердi ба-

лалар  ойын  шарты  ретiнде  қабылдайды,  сол  бойынша  ойын 

мазмұны  әрекеттерiн  орындайды.  Ережеден  ауытқу  мүмкін 

емес,  онда  ойын  бұзылады.  Сондықтан  ережелер  мұқият 

ойластырылып,  ойын  алдынан  хабарланады:  бiрiншi  рет  – 

ойындық тапсырма, содан соң - оны орындау тәсiлдерi.



Ойындардың  атқаратын  қызметтерi  жан-жақты: 

танымдық  үдерiстердің  белсендiлiгiн  көтередi;  балаларда 

қызығушылық пен зейiндiлiк баулиды; қабiлеттер дамытады; ба-

лаларды оқу шарттарына араластырады; ережелер бойынша 

әрекет iстеуге үйретедi; әуесқойлық пен зейiндiлiк тәрбиелейдi; 

бiлiм және ептiлiктердi бекiтедi. Дұрыс ұйымдастырылған ойын 

ойлау үдерісін даралық сезiмдермен байытады; өзiндiк реттеу 

ептiлiгiн  дамытады,  баланың  ерiк  қабiлетiн  нығайтады.  Ойын 

арқылы бала өзбетiнше жаңалықтарға қадам аттап, мәселелер 

шешуге ұмтылыс жасайды. 

Мектеп  алды    мекемелерi  мен    бастауыш  мектеп 

тәжiрибесiнде  келесi  ойын  түрлері  жиi  қолданымда:  желісті 

(сюжеттi)-рөлдiк,  ойын-жаттығу,  сахналастырылған 

ойын, құрастыру ойындары. Оқу үдерiсiнде дидактикалық 


231

ойындардың  элементтерi  –  ойындық  жағдай,  тәсiл,  жаттығу 

пайдаланылуы мүмкін.

Дидактикалық ойындардың жалпы құрылымы келесi бiрлiк-

терден тұрады:

 сеп-түрткілiк: балалардың ойынға қатысу ниетiнің пай-

да болуына себепшi қажеттер мен қызығулар;

– бағыттаушы: ойындық iс-әрекет жабдықтарын iрiктеу;

– орындаушылық:  ойын  мақсатын  iске  асыруға  қажет  іс-

әрекеттер мен амалдар;

– бақылау-бағалау: ойын әрекеттерiн белсендi орындауға 

ынталандыру мен түзетулер енгiзу.

Желісті-рөлдiк ойын құрылымы төмендегiдей:

Кезеңдерi

Мұғалiм мақсаты

Оқушы мақсаты

Дайындық

Бастау


Ұйымдасу

Сахнаға шығару

Талдау

Жоспар және мазмұн



Тақырып және

мақсат анықтау

Рөлдердi бөлiстiру

Бақылау, басшылық

Қорытынды жасау

Түсiну


Ынта бiлдiру

Рөл алу


Қатысу

Қорытындылау

Ойын  шараларының  көптүрлілiгi  мен  көптiгi  мұғалiмге 

нақты  мiндеттi  орындауға  сай  келетiн  ойынды  таңдап  алуға 

мүмкіндiк бередi. Дидактикалық ойынды шебер мұғалiм өзiнің 

оқу-тәрбие жұмыстарының ажыралмас арқау-әдісiне айналды-

рады. Оқу сабақтары жүйесiнде ойынды пайдаланудың келесi-

дей тәсiлдерi қабылданған:

– бүкiл сабақ желісті-рөлдi ойын түрінде өткiзiледi (жаңа ды-

быс және әрiппен таныстыру сабағы; саяхат-сабақ, қоршаған 

ортамен таныстыру сабағы);

– ойын сабақтың бiр элементi ретiнде енгiзiледi;

– сабақ уақытында бiрнеше рет ойындық жағдайлар түзiледi 

(ертегi кейiпкерi, ойыншықтар, тосын тапсырма беру, жарысты-

ру және т.б. жәрдемiмен).

Дидактикалық ойындарды жоспарлау мен өткiзуде мұғалiмге 

қойылатын  басты  талаптар:  ойын  оқу-тәрбие  үдерiсiнің 

қисынына тiкелей қатысты болып, оның нақты мазмұндық сипа-

тына орай түзiлуi қажет; балаларды қызықтырғандай тартымды 


232

атау, атамалар қолданылуы тиiс; шынайы ойын элементтерiнен 

құралуы мiндеттi; бұлжымай орындалуы тиiс ережелерi болуы 

шарт; өлең, тақпақ, жаңылтпаш, санамақ т.с.с. ойын элемент-

терi мол болғаны жөн. Ойынға дайындала отырып, мұғалiм де 

өзiнің  “әртiстiк”  шеберлiгiн  баптайды:  әрекет-қимылын,  оты-

рыс-тұрысын,  айтар  сөзін  ойын  мазмұны  мен  шартына  орай 

әсем де сұлу, қызықты да тосын етiп көрсетуге тырысады. Егер 

ойын  барысында  балалар  күлiп,  мәз-мейрам  болмаса,  кейiн 

оны қуана еске алып жүрмесе, мұғалiм еңбегiнің еш болғаны.

Мектептiк оқу мәселелерiн тәжірибелік әдістердi қолданбай 

шешу  мүмкін  емес.  Мұндай  әдістер  көбiне  бекiту,  қайталау 

үдерісi және пән сабақтары мен саяхаттарда пайдалы оқу және 

ойын жаттығулары жүйесi арқылы iске асып барады.

     

 Өзiндiк жұмыс әдістері

 Өзiндiк жұмыстар барша әдістер жүйесiнің қай-қайсысына 

да  тән  оқу  шарты.  Оқушылардың  өзiндiк  оқу  жұмыстарының 

мәнi – оқу, сауат ашу, бiлiм топтау мен оны жалғастыра жетiл-

дiрiп  бару,  ептiлiк,  дағдыларға  келтiру  –  бәрi  шәкiрттің  өз 

ықылас-ынтасымен, мұғалiм қатысынсыз орындалады. Мектеп 

тәжiрибесiнде ежелден келе жатқан тәсіл – оқу жұмысының бiр 

бөлiгi сабақта орындалады, ал ұмытып қалмас үшiн, оқушы оны 

үйде қайталап, берiлген тапсырмаларды орындап, бекiтедi.

Өзiндiк оқу жұмысы ұйымдасу, орындалу формасына орай 



сыныптық  және  үйдегi  болып,  екiге  ажыралады.  Сынып 

жұмыстарының басты мiндетi – бақылау, ал үй жұмыстарының 

мiндетi  –  бекiту,  қорытындылау,  бақылау-реттестiру.  Сынып-

та  дұрыс  ұйымдастырылған  өзiндiк  жұмыстар  оқушылардың 

ырықты  зейiнi  мен  өзбетiнше  ойлау  қабiлетiн  дамытады,  мi-

незiндегi  дербестiк  қажетiн  қалыптастырады.  Сондықтан  әр 

сабақта  өзiндiк  жұмыстарды  ұйымдастыруға  елеулi  мән  бер-

ген абзал. Олар арқылы мұғалiм оқу мақсатына орай тексеру, 

дайындық,  тақырып ұсынып, ол  бойынша  жаттықтыру  секiлдi 

мiндеттерiн атқара алады. 

Тiрек болар бiлiмдер мен ептiлiктердi iске қосып, пайдалану 

(актуализация) үшiн өзiндiк дайындық жұмыстары өткiзiледi. 

Дайындық келесiдей  формада  болуы мүмкін: қандай да де-


233

ректердi қайталау, салыстыру, белгiлi ереже, әрекет тәсiлдерiн 

еске түсiру, берiлген мәтiндердi алдын ала оқу үшiн арналған 

жазба  не  ауызша  жаттығуларды  орындау.  Сонымен  бiрге  са-

налы  да  белсендi  оқу  үшiн  қажет  барша  оқу  әдістерi  өзiндiк 

жұмыстарға  байланысты  өз  риясын  табары  сөзсiз:  жоспарлы 

бақылау, картина, сурет не диафильмдердi көзден өткеру, кей-

бiр  деректердi  сипаттау,  салыстыру.  Өзiндiк  оқу  жұмыстары 

қатарына ең алдымен оқушылардың кiтап немесе басқа бiлiм 

көздерi  бойынша  оқу  материалдарымен  өзбетiнше  танысуы 

кiредi. Ал өзiндiк тексерiс жұмыстары ретiнде оқушының сы-

ныпта және үйде орындайтын оқу тапсырмаларының бәрi пай-

даланылады.

Мұғалiм әрдайым өзiндiк жұмыстар тиiмдiлiгiн қамтамасыз 

ететiн  барша  жағдайлар  мен  шарттарды  ескергенi  жөн. 

Мұндағы мақсат – оқу мазмұны мен әдістемесiн анықтап алу. 

Ал өзiндiк жұмыстар мақсаты сан-алуан: ана тiлi сабақтарының 

мақсаты  –    оқу  дағдылары  мен  ептiлiктерiн  қалыптастыру, 

оқылғанның  мазмұнын  түсiну;  математика  сабақтарындағы 

өзiндiк жұмыстар мiндетi – есептеу дағдыларын қалыптастыру, 

оларды  бекiту  және  нығайту  және  т.б.  Әр  сабақтағы  өзiндiк 

жұмыстар өз ерекшелiгiне не, осыған орай олардың формала-

ры мен орындалу әдістерiне байланысты өзгереді. Бiрақ бәрiне 

қойылатын  талаптар  жалпыға  бiрдей  ортақ.  Олардың  ара-

сында аса маңыздысы - өзiндiк жұмыстарды жеңiл әрi дұрыс 

орындауға  қажет  “тiректердің”  жеткiлiктi  болуы.  Балалардың 

көбi  сол  қиыншылық  кездесе  қалса,  қол  қусырып,  мұғалiм 

көрсетпесiн күтiп отыруға үйретiлген. Қажеттiсi, бiрiншiден, ба-

лаларды  “жоғарыдан”  көмек  күту  әдетiнен  арылту,  екiншiден, 

күнi бұрын оларды өзiндiк жұмыстарды орындауда жәрдем бо-

лар жол-жобалар және алгоритмдiк нұсқаулармен қамтамасыз 

ету, солар бойынша жұмыс барысын ретке келтiру мен нәтижеге 

орай түзетулер енгiзуге үйрету қажет.

Алгоритм  –  көптеген  бiртектi  тапсырмаларды  орындау-

да  қолданылатын  ойлау  тәсiлдерi  мен  ой  амалдарының  iске 

қосылу  тәртiбi.  Оқушыларды  “ереже  бойынша  әрекет”  ету-

ге  үйретуде  алгоритм  маңызы  орасан.  Әлi  бейтаныс  болған 

жаңа  әрекеттердi  игеруде  оқушылар  алдымен  мұғалiм 

басшылығында  алгоритмдi  де  үйренедi,  ал  кейiн  үйренгенiн 



234

қолданып, жаңа тапсырмалар тiзбегiн орындайды. Ұзақ уақыт 

қолданымға келетiн алгоритмдердi мұғалiм қабырға кестелері 

түрінде өрнектейдi (сөйлем құрылысы мен оның анықтамасы, 

көпқаналы сандардың жiктелуi және т.б.).

Өзiндiк  жұмыстардың  орындалу  сапасы  мен  жеделдiгi 

тапсырманы  бастапқы  ұсыну  тәсiлiне  тәуелдi:  ол  қалай 

өрнектелдi,  оқушыларға  түсiнiктi  ме,  мұндай  қиыншылық 

деңгейiндегi  тапсырмаларға дайын ба, бұл тапсырмаға ұқсас 

жұмыстар  бұрын  орындалды  ма  және  т.б.  Мұғалiм  жiктемелi 

және жеке-дара оқуға қажет кестелерді алдын ала дайындай-

ды. Оқушылардың дайындық деңгейiне байланысты бұл кар-

тиналарда күрделендiрiлген не әдейi жеңiлдетiлген тапсырма-

лар берiледi, алгоритмдерi мен талдау жоспарлары көрсетiлуi 

мүмкін.  Егер  жұмыс  баршаға  бiрдей  бейтаныс  болса,  бүкiл 

сыныпқа нұсқау, кеңес берiледi, ескертпе көрнекіліктер iлiнедi.

Өзiндiк жұмыстың бiр түрі – жаңа материалмен оқушыларды 

оқулық бойынша таныстыру. Таныса отырып оқушы өзбетiнше 

мақсат  белгiлейдi,  белгiсiздерiн  анықтайды,  бастыларын 

бөлiп  алып,  әрекеттер  бiрiздiлiгiн  түзiп,  олардың  орындалуы-

на  бақылау  қояды.  Материалды  оқу  алдынан  мұғалiм  жұмыс 

мақсатын хабарлайды, оқылуы қажет материалдарды атайды, 

бақылау сұрақтарын ұсынады, балалар оларға оқу барысында 

жауаптар iздестiредi. 3-4 сыныптарда оқушылар танымына сай 

мәселелi және зерттеу тапсырмаларын беруге болады.

Оқушылардың  үй  жұмыстары  да  мұғалiмнің  мұқият 

басшылығын қажет етедi. 1-сыныпта үй тапсырмалары берiл-

мейдi,  ал  4-сыныпта  үй  тапсырмаларын  орындауға  бөлiнетiн 

уақыт 1 сағат мөлшерiнен артпауы тиiс. Үйдегi өзiндiк жұмыстар 

сыныпта  өтiлгендердi  бекiтуге  арналады.  Мұндайда  мұғалiм 

мiндетi – бұрыннан белгiлi жаттығуларды қарапайым, көшiрiп 

жазумен  қайталап,  шектелмей,  оқушылар  дамуына  тиiмдi 

шығармашыл элементтердi орындауға бағыттау.

Сыныпта және үйде орындалатын өзiндiк жұмыстарды жос-

парлай отырып, мұғалiм келесi талаптарды ескергенi жөн:

– сабақ құрылымындағы өзiндiк жұмыстар орнын күнi iлгерi 

байыптау;

–  өзiндiк жұмыстардың оқу iс-әрекеттерiнің басқа оқу әдістерi 

және формаларымен үйлестiру жолдарын қарастыру;


235

–   өз  оқушыларының  дайындық  деңгейiне  орай  өзiндiк 

жұмыстардың  тиiмдi  болар  көлемiн  анықтау,  сонымен  бiрге 

игерiлетiн материалдардың күрделiлiк дәрежесiне мән беру;

–  өзiндiк жұмыстарды орындау барысында туындауы мүмкін 

қиыншылықтарды алдын ала көре бiлу;

тапсырма формаларын анықтау;

– қолайлы жұмыстың мерзiм ұзақтығын белгiлеу;

– қажеттi дидактикалық материалдарды iрiктеу;

– оқушы жұмыстарын тексеру мен өзiндiк тексерудің тиiмдi 

тәсiлдерiн ойластыру.

Сонымен, бастауыш сыныптағы өзiндiк жұмыс – оқу-тәрбие 

үдерiсiнің  мiндеттi  құрамды  бiрлiгi.  Ол  рөлi,  мазмұны,  мерзiм 

ұзақтығы оқылатын материалдың мақсатына, оның ерекшелiгi 

мен оқушылардың дайындық деңгейiне тәуелдi анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет