2007  ббк 74. 00 Б 12 Пiкiр жазғандар



жүктеу 2.04 Mb.
Pdf просмотр
бет1/33
Дата06.03.2017
өлшемі2.04 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33



Ñ. Á. Áàáàåâ

Áàñòàóûø ìåêòåï 

ïåäàãîãèêàñû

Îºó º½ðàëû

Àëìàòû

2007




ББК 74.00

Б 12

Пiкiр жазғандар:

E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы

Ш. Оразов – доцент, педагогика ғылымдарының кандидаты

Жауапты редакторы: 

Қ. Ералин – педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Тақырыптар бойынша тiрек конспект-сөздік түзуде 



Қарлығаш Сәбетқызы Бабаева қатысты.

Б 12  Бабаев С.Б.

Бастауыш мектеп педагогикасы: Оқу құралы: Алматы: 

“Нұр-пресс”, 2007. – 413 бет. 

ISBN 9965-813-12-4

Оқу  құралында  педагогиканың  жалпы  негiздерiн 

қарастырумен бiрге бастауыш мектеп педагогикасымен тiкелей 

байланысты  келесi  мәселелер  шешiмiн  тапқан:  балалардың 

жас ерекшелiктерi, кiшi жастағы оқушыларды оқытудың прин-

циптерi мен ережелерi, оқу мен тәрбие түрлері және формала-

ры, бастауыш мектеп мұғалiмдер алдында тұрған мiндеттері 

және т.б. 

Оқу құралы жоғарғы оқу орындарының мұғалiм дайындай-

тын факультеттерi мен педагогикалық колледждердiң студент-

терiне арналады. 

 

 



 

ББК 74.00

Б

 

 



 

 

 



© Бабаев С.Б., 2007.

ISBN 9965-813-12-4      

            © Нұр-пресс, 2007.

4303000000

00(05)-06


3

Ұлағатты ұстаздарым, Нүкіс университетінің

 ғұламалары  Әнуар Жақсыбаев  және

 Әнес Омаров құрметтеріне арнаймын

Автор

К і р і с п е

Бүгінгі таңдағы өркениетті елу ел қатарына қосылуды мұрат 

тұтқан тәуелсіз Қазақстан Республикасының қоғамы болашақ 

түлектерді  жедел    өзгерісті  дүниеде  өмір  сүруге  дайындау 

қажеттігінен оқу-білімдену жүйесіне жаңа да күрделі талаптар 

қоюда. Ал мұндай дайындық балада әрқилы ғылыми салаларға 

тән біршама білім-біліктер жиынтығын қалыптастырумен ғана 

шектеліп  қоймастан,  оның  бойында  жоғары  шығармашыл 

және икемшіл тұлғалық мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған 

нақты істерді қамтуы тиіс. Соңғы жылдарда жалпы және орта 

білімді  гуманизациялау  мен  гуманитаризациялау  ниеті  айқын 

әрі мақсатты бағыт ала бастады. Ал бұл ұлағатты мақсаттың 

тиімді  іске  асуы  бала  тәрбиесінің  қайнар  көзі  бастауыш  мек-

тепке тәуелді болатыны айдан анық.  Адамға табиғаттан беріл-

ген  ізгілікті  мүмкіндіктердің  80%  осы  бастапқы  оқу    кезеңінде 

қалыптасатынын ғылым дәлелдеп отыр. 

Бастауыш  мектеп  педагогикасы  –  кіші  оқу  жасындағы 

балаларды  тәрбиелеу,  білімдендіру,  оқыту  заңдылықтарын 

зерттеумен  айналысып,  сол  заңдылықтарға  орай  білімдерді 

тәжірибелік  іс-қызметте  тиімді  пайдаланудың  жолдары  мен 

әдістемелерін  нақтылап,  ұсынушы  ғылым.  Қай  дәрежеде 

болмасын тәрбие, білім және оқу-оқыту мәселелерімен әрбір 

адам  –  мейлі  ол  ата-ана,  оқушы,  оқытушы,  мұғалім,  мектеп 

ұйымдастырушылары мен басшылары болсын, -міндетті түрде 

айналыспай  қала  алмайды.  Педагогикалық  ептіліктер  мен 

дағдыларды меңгеру күнделікті тұрмыста да, кәсіби қызметте де 

әрбір адам үшін әбден қажет. Ал бастауыш мектеп маманының 

бұл  салаларды  тереңдей  теориялық  тұрғыдан  игеріп  алғаны 

– оның тиімді педагогикалық қызметінің мызғымас кепілі. 

Ұсынылып отырған оқу құралы Қазақстан Республикасының 

«Мемлекеттік  білім  стандартына»  сәйкес  жоғары  мектеп 

түлектерін  дайындауда  назарға  алынуы  тиіс  міндетті  білім 

деңгейі  мен  мазмұнына  орайласқан  отандақ  және  шет  ел-

  


4

дік  жаңашыл  педагогикалық  тұжырымдамалар  негізінде 

жинақталды.  Сонымен  бірге,  өткен  жарты  ғасырдан  астам 

дәуірімізде  жалпы  педагогикалық  көзқарастар  мен  жаппай 

мектеп  тәжірибесінде  орын  алған  елеулі  кемшіліктер  және 

олардың саяси-әлеуметтік себептері сын сарабына салынып, 

тарқатылды. 

Оқу  құралының  мазмұндық  негізіне  бүгінгі  балғын  жас, 

болашақ тұлғаның біртұтас педагогикалық үдерісте жан-жақты 

дамуын қамтамасыз етуші ізгілікті-гуманистік педагогика (табиғи 

сәйкестік, қызметтестік, ықпалдастық, тұлғалық бағытты және 

т.б.) тұжырымдамалары алынды.

Оқулық  мазмұнын  игеруді  жеңілдету  үшін  бағдарламалық 

әрбір тақырып бірнеше дербес сұрақтар күйінде бөлектей беріл-

ген.  Тақырыптар тізбегі оқырман үшін жаңалықты ақпараттар 

тобын  қабылдау  қисынын  ескерумен  дәстүрлі  педагогикада 

қалыптасқан, сонымен бірге мемлекеттік білім стандарты бел-

гілеген жаңа талаптарды арқау етумен құрылды.

Әр тақырып мазмұнын қабылдап, игеруді жеңілдету үшін сту-

дентке тірек конспект – сөздік ұсынылады. Мұндағы  өзекті тер-

миндер түсінігі, есте сақталуы тиіс анықтамалар, тұжырымдар, 

қысқаша  пікір-қорытулар  семинарлар  барысында,  емтихан 

алдындағы дайындықта жәрдем болар деп сенеміз. Тақырып-

тар мәтіні ізімен  өзіндік бақылауға арналған көлемді сұрақтар 

тобы берілді, ал барша материалдар соңында  әрқайсысы  өз 

алдына  қазақ  және  орыс  тілдерінде  жарық  көрген  әдебиет-

тердің ауқымды тізімі қосымша тіркелді.

Автор  тілегі:  ұсынылған  оқу  құралын  тыянақты  көзден 

өткеріп,  ондағы  мазмұнға  зер  салумен  бүгінгі  бастауыш  мек-

тептегі  мұғалім,  сондай-ақ,  ертеңгі  оның  орнын  басар  сту-

дент  педагогикалық  теория  мен  тәжірибеде  болып  жатқан  

өзгерістердің  түпкілікті  мәнін  түсініп,    өз  қызметтерінің  мән-

мағынасын гуманистік педагогика талаптарына сай бағыттап, 

оқушыға  тек  сауат  беруші  емес,  оның  ұлағатты  ұстаз-досы, 

мейірлі қамқор – тәрбиешісі болса екен. Сонда ғана біздің мек-

тебімізде  тәрбие  алып  жатқан  сәби  болашақ  қоғамымыздың 

жарқын  тұлғасы,  шығармашыл  да  жасампаз  өндіргіш  күші, 

сондай-ақ  адамгершілігі  мол  ұрпақ  жалғастырушысы  болып 

жетілуі сөзсіз.

Автор


5

1-ТАРАУ

БАСТАУЫШ МЕКТЕП ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ПӘНI

МЕН МIНДЕТТЕРI

Жоспар:

Педагогика – тәрбие жөнiндегi ғылым

Педагогиканың пайда болуы және дамуы

Педагогиканың негiзгi ұғымдары

Педагогикалық ғылыми ағымдар

Педагогикалық ғылымдар жүйесi

Педагогикалық зерттеу әдістерi

Тiрек конспект – сөздік

 

Педагогика – 1. Адам тәрбиесi жөнiндегi ғылым. 2 Тәрбие, 

оқу (обучение) және бiлiмдену (образование) теориясы.

Субъект  –  танымдық  қабiлетке  және  қоршаған  дүниеге 

ықпал жасап, оны  өзгерiске келтiре алатын адам.



Нысан  –  субъекттің,  яғни  адамның  таным  және  iс-әрекет 

аймағы.


Жантану  (психология)  –  болмысты  психикалық  бейнелеу 

және  адамның  iс-әрекет  желiсi  мен  жануарлардың  әрекет-

қылығы жөнiндегi ғылым.

Әлеуметтану  (социология)  –  тұтастай  жүйедегi  қоғам  мен 

жекешеленген  әлеуметтiк  құрылымдар  (институты),  желiлер 

(үдерiсi), қоғамдық топтар жөнiндегi ғылым.

Философия  –  табиғат,  қоғам  және  ой  дамуының 

жалпыланған  заңдылықтары  мен  ғылыми  танымның  жалпы 

әдіснамасы жөнiндегi ғылым.

Индивид – жеке адам, тек өкiлi.

Педагогика пәнi (предмет) – тұлға тәрбиесi, оқуы, бiлiмде-

нуi, дамуы, қалыптасуы.



6

Педагогиканың қызметтерi (функции) – 1. Тәрбие, бiлiм-

дену, оқу заңдарын ашу. 2. Нақтама (диагностика) мақсаттары 

мен мiндеттерiн анықтау. 3. Көзделген тәрбие мақсаттарының 

iске асу жолдарын көрсетiп беру.



Педагогиканың  теориялық  қызметтерi  –  1.  Сипаттау 

немесе  түсiндiру,  яғни  озық  және  жаңашыл  педагогикалық 

тәжiрибенi  зерттеу.  2.  Нақтама  (диагностикалық),  яғни 

педагогикалық  құбылыстардың  күйiн;  педагог  пен  оқушы  iс-

әрекеттерiнің тиiмдiлiгiн анықтап,  оларды iске асыру шарттары 

мен  себептерiн  белгiлеу.  3.  Болжам  жасау  (прогностикалық), 

яғни  педагогикалық  болмысты  (действительность)  экспери-

менталды  зерттеп,  соның  негiзiнде  қалыптасқан  жағдайды 

қайта түзу жобаларын ұсыну. 

Педагогиканың  технологиялық  қызметi  –  1.  Жобалау, 

яғни  педагогикалық  iс-әрекеттер  мен  олардың  мазмұнын,  си-

паттамасын қамтыған әдістемелiк материалдар (оқу жоспары, 

бағдарламасы,  оқулықтар  мен  оқу  құралдары,  педагогикалық 

нұсқаулар)  жөнiндегi  көрсетпелер  беру.  2.  Қайта  жасау  (пре-

образовательный), яғни жетiлдiру және жаңадан түзу (реконс-

трукция)  мақсатында  педагогика  ғылыми  жетiстiктерiн  тәлiм-

тәрбиелiк тәжiрибеге енгiзу. 3. Бағалау (рефлексивный) және 

реттеу  (корректировочный),  яғни  ғылыми  зерттеулердің  оқу 

және  тәрбие  барысына  тигiзген  әсер  нәтижесiн  бағамдаумен 

ғылыми  теория  және  тәжірибелік  iс-әрекет  арасындағы 

қатынасты реттеп бару.



Технология - қандай да қызмет, iс-әрекеттердi (үдерiстердi) 

жүзеге келтiрудің жолдары мен шаралары (средства) жөнiндегi 

бiлiмдер жиынтығы.

Модель - үлгi (эталон, стандарт).

Педагогика  мiндеттерi  (задачи)  –  1.  Тәрбие  жөнiндегi 

ғылыми  бiлiмдердi  (знании)  жинақтау  және  жүйелестiру.  2. 

Тәрбие, бiлiмдену, оқу теориясын түзу.

Негiзгi  педагогикалық  ұғымдар  –  тәрбие,  оқу,  бiлiмдену, 

даму, қалыптасу.



Тәрбие  (воспитание)  –  1.  Жинақталған  тәжiрибенi  (опыт) 

аға  ұрпақтан  жас  әулетке  өткiзу.  2.  Жас  балада  нақты  бiлiм-

дер,  көзқарастар  мен  наным-сенiмдер  (убеждения),  iзгiлiктi 


7

(нравственный)  құндылықтарды  қалыптастыруға  бағытталған 

ниеттi  ықпал-әсерлер  топтау.  3.  Оқушыда  көзделген  сапа-

қасиеттi  қалыптастыруға  бағытталып,  оқу-тәрбие  мекеме-

лерiндегi  тәлiм-тәрбие  үдерісін  толықтай  қамтып,  арнайы 

ұйымдастырылған  басқарымды  қызмет.  4.  Нақты  тәрбиелiк 

мiндеттердi  шешуге  арналған  тәрбиелiк  жұмыстар  барысы 

және олардың нәтижесi.



Оқу – орындалу барысында бiлiм, ептiлiк, дағдылар игерiлiп, 

көзқарастар  қалыптасып,  оқушылардың  ақыл-ой  қуаты,  да-

рыны  мен  қабiлеттерiн  дамытуға  бағышталған  мұғалiм  және 

оқушы арасында арнайы ұйымдастырылған, мақсат бағдарлы 

және басқарымды iс-әрекет ықпалдастығы. 

Бiлiмдену  –  оқу  барысында  шәкiрт  игерген  бiлiм,  ептiлiк, 

дағды және ойлау тәсiлдерi жүйесi.



Даму – адам ағзасында жүріп отырған сандық және сапалық  

өзгерiстер желiсi мен нәтижесi.



Қалыптасу  –  барша  жағдаят  (экологиялық,  әлеуметтiк, 

экономикалық, психологиялық және т.б.) ықпалдары негiзiнде 

адамның  әлеуметтiк  өмiр  өкiлi  ретiнде  бой  тiктеуi.  Тәрбие  – 

тұлға қалыптастырушы жағдаяттар арасында аса маңыздысы.



Педагогикалық үдеріс – оқу мен тәрбие бiрлiгi арқасында 

орындалатын  бiлiмдену  мақсатынан  оның  нәтижесiне  қарай 

болған iс-әрекет, iлгерi қозғалыс.

Педагогикалық  жүйе  (система)  –  тұлғаны    дамыту  үшiн 

бiлiмдендiру (образовательный) мақсатын көздеп, бiрiккен әрi 

бiртұтас  (целостный)  педагогикалық  үдерiсте  атқарылатын 

өзара  бірлесе  байланысқан  көптеген  құрылымдық  бiрлiктер 

тобы.

Педагогикалық  iс-әрекет  (деятельность)  –  бiлiмде-

ну  мақсатын  iске  асыруға  қаратылған  әлеуметтiк  (кәсiптiк) 

қызметтің ерекше түрі.

Әмiршiл-әкiмшiл (авторитарная) педагогика – көзсiз бағыну 

тәрбиесiн алға тартқан педагогика.



Iзгiлiктi 

(гуманистическая) 



педагогика 

– 

шәкiрттi 



педагогикалық  үдерiстің  субъектi  ретiнде  танып,  адам  мен 

адам арасындағы қатынасты ұлықтай бiлген педагогика.



8

“… қазақ мектептерi – 

қазақтарға  бiлiм  берудің  басты 

құралы  …  бiздің  барлық  үмiтiмiз,  қазақ 

халқының  келешегi  осы  мектептерде. 

Сондықтан  мектептерде  жақсы  бiлiм 

берiлетiн болсын … Ғылыммен қаруланған, 

әр  нәрсеге  дұрыс  көзқарасы  бар  адамдар 

қазақ арасында көбейiп, бүкiл халыққа әсер 

ете алады”.

 Ы. Алтынсарин

Педагогика – тәрбие жөнiндегi ғылым

Адам  биологиялық  тiршiлiк  иесi  ретiнде  дүниеге  келедi. 

Оның  тұлға  болып  жетiлуi  үшiн  –  тәрбиелеу  қажет.  Дәл  осы 

тәрбие  адамды  iзгiлендiрiп,  оған  қажет  қасиет  сапалар-

ды  қалыптастырады.  Қазіргі  қоғамда  тәрбие  жұмыстарын 

жүргізу  үшiн  арнайы  мекемелер  түзiлген.  Бұл  үдерiстi  кәсiби 

білімді  адамдар  басқарады.  Тәрбие  жөнiнде  арнайы  ғылым 

қалыптасқан. Мiне, сол ғылымды үйренудi ендi бастаймыз. 

Адамды тәрбиелеу жөнiндегi ғылым педагогика деп атала-

ды. Ол өз атамасын грек сөздерi “пайдес” – балалар және “аго” 

– жетектеу дегеннен алған, тiкелей аудармасында “педагогика” 

сөзі бала тәрбиесiн бағыттау өнерi дегендi аңдатады, ал “педа-

гог” сөзі бала жетелеушi мәнiн бiлдiредi. 

Барша  дәуiрлерде  педагогтар  балалардың  табиғаттан 

берiлген  мүмкіндiктерiн  iске  асырып,  жаңа  сапаларды 

қалыптастырудың тиiмдi жолдарын тауып, оларға көмектесумен 

келедi. Мың жылдар бойы қажеттi бiлiмдер тырнақтап жиналып 

педагогикалық жүйе дүниеге келдi, тексерiлдi, қажет болмаған 

тұстары қолданымнан шығарылды, ақырында өмiршең, ең пай-

далы педагогикалық идеялар сақталып, бүгiнгi күнiмiзге жеттi. 

Ұзаққа созылған даму жолын бастан кешiрген бүгiнгi заман пе-

дагогикасы  адам  тәрбиесi  заңдылықтары  жөнiндегi  ғылымға 

айналды. 

Педагогикалық  басшылық  барша  адамдарға  өте  қажет. 

Бірақ  мектепке  дейінгі  және  кіші  мектеп  жасындағы  тәрбие 

мәселелері  әрдайым  көкейтесті  болып  қалуда,  себебі  бұл 



9

дәуірде  адамның  барша  негізгі  қасиет-сапалары  қаланады 

және  дамиды.  Мектепке  дейінгі  және  кіші  мектеп  жасындағы 

балалардың  тәрбиесімен  педагогика  ғылымының  арнайы  са-

ласы – бастауыш мектеп педагогикасы шұғылданады. Кей-

де  бұл  пән  бірнеше    өзара  байланысқан  салаларға  бөлініп 

қарастырылады: отбасы педагогикасы, мектепке дейінгі педа-

гогика және бастауыш мектеп педагогикасы. Бастауыш мектеп 

педагогикасының негізгі мәселесі  – мектепке дейінгі және бас-

тауыш мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу.

Педагогика  мұғалiмдердi  белгiлi  жас  тобындағы  балалар-

ды  тәрбиелеу  ерекшелiктерi  жөнiндегi  кәсiби  бiлiмдермен 

қаруландырып,  әрқилы  жағдайлардағы  оқу,  тәрбие  үдерісін 

болжастыруға, жобалауға және iске асыруға, оның тиiмдiлiгiн 

бағалауға  үйретедi.  Тәрбие  үдерісін  ұдайы  жетiлдiрiп  оты-

ру  қажет,  себебi  адамдардың  өмiр  жағдайлары  өзгермелi, 

ақпараттар  көлемi  ұлғаюда,  адамға  қойылған  талаптар  жыл 

сайын  күрделене  түсуде.  Қоғамның  мұндай  талаптарына  пе-

дагогтар өсiп келе жатқан әулиеттi оқыту, тәрбиелеу және оған 

бiлiм берудің жаңа технологияларын құрастырумен жауап бе-

редi.

Бұдан  бұрынғы  мыңдаған  жылдардағыдай-ақ  баланың 



өмірлік  мектебі  оның  алғашқы  демімен  бірге  басталады. 

Осыдан  бастауыш  мектеп  педагогтары  мәңгі  мәселелер  

құрсауында  келеді.  Олар  ірі  қоғамда  баланы  адамаралық 

қатынастар  дүниесіне  енгізуді    өзінің  ең  басты  парызы  деп 

біледі. Алайда, осы уақытқа дейін тәрбиелік қызмет мұншама 

қиын,  күрделі  және  жауапты  болып  көрінген  емес.  Дүние 

басқаша  кейіпте  болған,  онда  бүгінгі  балаларға  төніп  тұрған 

қауіп-қатерлердің кейбір түрлері тіпті болған емес. От басында, 

мектепке дейінгі балалар мекемелерінде,  бастауыш мектепте 

болашақ  азаматқа  қандай  негіз  қаланса,  оның  болашақ  өмірі 

мен бақыты, бүкіл қоғамның берекесі соған тәуелді болып тұр.

Қазіргі  заман  педагогикасы  үлкен  қарқынмен  дамудағы 

ғылым.  Сол  дамуға  байланысты  өзгерiстердің  iзiмен  асығу 

қажеттiгi пайда болып отыр. Педагогиканың iркiлiс, кешеуiлде-

уi адамдардың даму дағдарысына алып келедi, яғни ғылыми-

техникалық прогрестің баяулауына соқтырады. Сондықтан да 

педагогика  қалаған  дерек  көздерiнен  жаңа  бiлiмдердi  терiп, 


10

жинақтап  баруы  қажет.  Педагогиканың  дамуына  себепшi 

көздер – адамдардың өмiр салтында, дәстүрлерiнде, халықтық 

тәлім-тәрбиеде  бекiген  көп  ғасырлық  тәрбие  тәжiрибесi,  iс-

қызметтерi;  философиялық,  қоғамтану,  педагогикалық  және 

психологиялық еңбектер; әлемде және елiмiзде жүріп жатқан 

тәрбие  тәжірибесі;  арнайы  ұйымдастырылған  педагогикалық 

зерттеулер  деректерi;    жаңа  идеялар,  жаңарған  бағдар-

бағыттар,  жылдам  өзгерiстерге  келiп  тұрған  бүгiнгi  дүниедегi 

тәрбиенің тиiмдi соңғы технологиялары. 

Сонымен,    бастауыш  мектеп  педагогикасы  –  ар-

найы    ұйымдастырылған  бастапқы  тәрбие  жөнiндегi 

ғылым.  Оның  басты  мiндетi  адам  тәрбиесi  жөнiндегi 

ғылыми  бiлiмдердi  жинақтау  және  жүйелестiру.  Бас-

тауыш    мектеп  педагогикасы  адамдарды  тәрбиелеу, 

бiлiм беру және оқыту заңдылықтарын ашып, соның не-

гiзiнде алға қойылған мақсаттарға жетудің ең пайдалы 

педагогикалық  жолдары  мен  тәсiлдерiн  көрсетiп  оты-

рады. 

Педагогиканың пайда болуы мен дамуы

Тәрбие  тәжірибесі    өз  бастауларын  адамзат  өркениетiнің 

бiрiншi  қадамдарымен  байланыстырады.  Тәрбие  жөнiндегi 

ғылым  геометрия,  астрономия  және  басқа  ғылым  салалары-

нан көп кейiн қалыптасқан. 

Барша  ғылым  салаларының  пайда  болуындағы  алғышарт 

-  өмiр  қажеттiгi.  Бертiн  келе  тәрбие  адамдар  өмiрiнде  аса 

маңызды  рөл  атқара  бастады.  Әрқандай  қоғам  өсiп  келе 

жатқан  әулетке  берген  тәрбиесiне  орай  жылдам  немесе 

баяу  дамитыны  белгiлi.  Осыдан  тәрбие  тәжiрибесiн  топтас-

тыру  және  қортындылау,  арнайы  оқу  –  тәрбие  мекемелерiн 

ұйымдастырып, жастарды өмiрге дайындаудың қажеттiгi туын-

дады. 

Ежелгi  дүниенің  Қытай,  Индия,  Египет,  Греция  сынды  аса 



дамыған  елдерiнде  сол  заманның  өзiнде  тәрбие  тәжiрибесiн 

бiр арнаға келтiрiп, теория түзу қадамдары жасалды. Ол кез-

де  табиғат,  адам,  қоғам  жөнiндегi  барша  бiлiмдер  филосо-

фия  шеңберiнде  жинақталып,  сол  ғылыми  аумақта  алғашқы 

педагогикалық тұжырымдар дүниеге келдi. 





Барша замандарда адамдардың рухани және тән-дене да-

муында шешуші рөл атқарған қуатты халық педагогикасы жа-

сап келген. Инабаттылық, еңбектік, тән-дене тәрбиесі бойын-

ша халық қайталанбас ғажайып өміршең жүйе түзді.

Еуропалық тәрбие жүйесiнің бесiгi ежелгi Греция философи-

ясында қалыптасқан. Оның көрнектi өкiлi Демокрит (460-370 

ж.ж.  б.э.д.)  –  балалар  тәрбиесi  бойынша  алғашқы  нұсқаулар 

кiтабын жазған. Ол сол уақыттың  өзiнде: “Табиғат және тәрбие 

ұқсас.  Дәлiрек  айтсақ,  тәрбие  адамды  қайта  жасайды  және 

оны  өзгерте отырып, болмыс табиғатын түзедi… Жақсы адам 

болу табиғат ықпалынан гөрi тәрбиеге көбiрек тәуелдi”. Адам 

тәрбиесіне  және  тұлға  қалыптастыруға  байланысты  идеялар 

мен  тұжырымдар  ежелгі  Грек  ойшыларды  Сократ  (469-399 

ж.ж. б.э.д.), Платон (427-347 ж. ж. б.э.д.), Аристотель (384-322 

ж.ж.  б.э.д.),  Тертуллиана  (160-222  ж.ж.  б.э.д.)  еңбектерінде 

жарияланған.

Орта  ғасырлар  дәуiрiнде  шiркеу  қуатқа  мiнiп,  тәрбиенi 

толығымен 

дiни 


арнаға 

бұрды. 


Ғасырдан 

ғасырға 


догматикалық  оқу  принциптерi  шыңдала  бердi.  Бұл  бағыт 

Еуропада  12  ғасыр  бойы  үстемдiк  еттi.  Солай  болса  да,    өз 

философиялық  тұжырымдары  мен  педагогикаға  үлес  қосқан 

шiркеу  өкiлдерi  Августин  (354-430  жж.),  Фома  Аквинский 

(1225-1274)  есiмдерi  ғылым  тарихында  сақталған.  Бүгiнгi 

күйiнде жалпы бiлiм беретiн мектептi ойлап, iске қосқан Лойола 

(1491-1556) және оның iзбасарлары. 

Қайта  тiктелу  заманы  аса  жарқын  ойшыл  педагог-гума-

нистердi  ғылым  сахнасына  келтiрдi.  Олардың  қатарында 

голландиялық  Эразм  Роттердамский  (1466-1536),  италиялық 

Витторино де Фельтре (1378-1446), француздық Франсуа Раб-

ле  (1483-1553)  және  Мишель  Монтень  (1553-1592)  өздерiнің 

педагогикалық еңбектерiмен әйгiлi болды. 

Педагогика  көп  заманға  дейiн  философияның  бөлiгi  бо-

лып  келдi,  тек  қана  ХVII  ғасырда  ол  дербес  ғылым  лауазы-

мына ие болды. Осыдан педагогика бүгiнгi күнде де филосо-

фиямен аса тығыз байланысты. Себебi бұл екi ғылымның да 

шұғылданатыны адам, оның өмiрi мен дамуын зерттеу. 

Педагогиканың философиядан бөлiнiп, өз алдына ғылыми 

жүйеге  келуi  ұлы  чех  педагогы  Ян  Амос  Коменскийдің 





(1592-1670)  есiмiмен  байланысты.  Оның  1654  жылы  Амс-

тердамда  жарық  көрген  “Ұлы  дидактика”  атты  басты  еңбегi 

алғашқы  ғылыми  –  педагогикалық  кiтаптардың  бiрегейi  бол-

ды.  Ондағы  айтылған  идеялардың  көпшiлiгi  осы  күнге  дейiн 

өзiнің  көкейтестiлiгiн  және  ғылыми  маңызын  жоғалтқан  емес. 

Я.А.Коменский  ұсынған  табиғи  сәйкестiк  принципi,  сынып-

сабақтық оқу жүйесi және басқа да оқу принциптерi, әдістерi, 

формалары  педагогикалық  теорияның  алтын  қорынан  орын 

иеледi. “Оқу негiзiне басқалардың зат жөнiндегi бақылаулары 

мен айғақтарын жаттау алынбай, сол заттар мен құбылыстарды 

танып, бiлу қалануы тиiс”; “Естiгендi – көргенмен, сөзді – қол 

әрекетiмен  байланыстыру  қажет”;  “Әрқандай  үйрету  сыртқы 

сезiм  және  ақыл-парасат  байланысы  негiзiндегi  дәлелдерге 

сүйенуі  қажет”…  ұлы  педагогтың  осы  тұжырымдары  бiздің 

заманымыздың талаптарына да сәйкес келiп тұр. 

Ағылшын  философы  және  педагогы  Джон  Локк  (1632-

1704)  өз қайрат-күшiн тәрбие теориясына бағыштады.  Өзiнің 

“Тәрбие  жөнiндегi  ойлар”  атты  басты  еңбегiнде  ол  өзіне 

сенiмдi,  ауқымды  бiлiмдiлiгiн  iскерлiкпен,  берiк  наным-сенiм-

дерiн сұлу мәнерлiкпен ұштастыра бiлген адам – джентельмен 

тәрбиелеуге арналған көзқарастарын жариялады. 

ХVIII  ғасырда  бастауыш  мектеп  педагогикасы  бойын-

ша  өз  шығармаларымен  танылған  француз  материалист-

ағартушылары  Д.Дидро  (1713-1784),  К.Гельвеций  (1715-

1771), П.Гольбах (1723-1789), әсiресе Ж. Ж. Руссо (1712-1778) 

болды.  “Затқа  назар!  Затқа!  Мен  ешқашанда  бiздің  мылжың 

тәрбиемiзбен сөзге аса көп маңыз берiп, құрғақ сөзді адамдар-

ды жасайтынымызды қайталап айтудан жалықпаймын”, – деп 

ұрандаған ол.

Бастауыш  мектеп  педагогикасында  И.Г.Песталоцийдің 

(1746-1827)  есiмi  аса  құрметпен  аталады.  “О  сүйікті  халқым! 

Сенің  қаншалықты  төмен  жасап  жатқаныңды    мен  байқап 

жүрмiн,  мен  саған  көтерiлуге  жәрдем  беремiн”  –  деп,  ол 

жан  айқайын  салды.  И.Г.Песталоций    өз  дегенiне  жеттi.  Ол 

мұғалiмдерге балаларды оқыту мен адамгершiлiк тәрбиесiнің  

iзгiлiктi теориясын ұсынды. 

“ Өзгерiстерден басқа тұрақты ешнәрсе жоқ”,  - деп үйреткен 

немiс  педагогы  Фридрих  А.В.Дистервег  (1790-1886)  барша 



13

педагогикалық құбылыстарға тән тәрбиенің қозғаушы күштерi 

мен қарама-қарсылықтарын зерттеген. 

Орыс  ойшылдары,  философтары  және  жазушыларының 

арасында  педагогикалық  шығармаларымен  белгiлi  болған 

есiмдер:  В.Г.Белинский  (1811-1848),  А.И.Герцен  (1812-

1870),  Н.Г.Чернышевский  (1828-1889),  Н.А.Добролюбов 

(1836-1561).  Бүкiл  әлемде  Л.Н.Толстойдың  (1828-1910), 



Н.И.Пироговтың    педагогикалық  идеялары  әйгiлi  болды. 

Олар таптық мектептi қатаң сынға алып, халықтық тәрбие са-

ласын түбегейлi  өзгерту қажеттiгiн ұрандады. 

Қазақ  халқының  да  тәлiм-тәрбиелiк  жүйесi  ұланғайыр  да 

мәуелi.  Бұл  салада  халқымыздың  тәлiм-тәрбиелiк  қорына 

елеулi  үлес  қосқан  арыстарымыз  Абай,  Ы.Алтынсарин, 



С.Торайғырұлы 

және 


т.б. 

Олардың 


тәлiм-тәрбиелiк 

өсиеттерi талай зерттеулерге арқау болған. Кемеңгер Ахмет 



Байтұрсынұлының өткен ғасыр басында – “Мектептің жаны 

мұғалiм. Мұғалiм қандай болса, мектебi һәм сондай болмақшы. 

… Әуелi бiз елдi түзетудi, бала оқыту iсiн түзетуден бастауы-

мыз  керек.  Неге  десек,  болыстық  та,  билiк  те,  халықтық  та 

оқумен  түзеледi.  Қазақ  iшiндегi  неше  түрлі  кемшiлiктің  көбi 

түзелгенде, оқумен түзеледi”- деген ұлағатты ескертпесi бүгiнгi 

қазақ мектебiнің ұлттық бiлiм стратегиясының тұғыры ретiнде 

қабылдануда.

Орыс педагогикасын әлемдiк даңққа бөлеген Константин 

Дмитриевич  Ушинский  (1824-1871).  Ол  оқу-тәрбие  теори-

ясын  түбегейлi  өзгерiске  келтiрiп,  педагогикалық  тәжірибеде 

төңкеріс  жасады.  Ушинскийдің  педагогикалық  жүйесiнде  же-

текшi  орын  тәрбие  мақсаттарына,  принциптерiне  және  оның 

мәнiне берiлген. “Тәрбие, егер ол адамға бақыт бағыштағысы 

келсе,  оны  бақыт  үшiн  тәрбиелемей,  өмiрлiк  еңбекке  баулуы 

тиiс” – деп жазған едi ұлы ғұлама. 

Тәрбие  жолындағы  жетекшi  рөл  мектеп  және  мұғалiмнің 

билiгiнде:  “Тәрбиедегi  барлық  iстер  тәрбиешi  тұлғасына  не-

гiзделуi тиiс, себебi тәрбие күшi тұлғаның адамилық қадiр-са-

паларынан бастау алады”. “Ешбiр жарғы немесе бағдарлама, 

ешқандай  жасанды  мекеме  ағзасы,  қаншалықты  айламен 

құрылса да, тәрбие жұмысындағы тұлға беделiнің орнын баса 

алмайды”.  Ушинский  бүкiл  педагогиканы  қайта  қарастырып, 



14

жаңа ғылыми деректер негiзiнде бiлiм беру жүйесiн толығымен 

түбегейлi  қайта  құруды  талап  еттi:  “…теориядан  алшақтаған 

педагогикалық  тәжірибеның  бiр  өзi  –  медицинадағы 

тәуiпшiлдiкпен тең”.

ХIХ ғ. аяғы – ХХ ғ. басында педагогикалық мәселелер АҚШ-та 

қарқынды зерттеле бастады. Ол жерде адам тәрбиелеудің жал-

пы  принциптерi  мен  заңдылықтары  өрнектелдi,  әрбiр  адамға 

белгiлеген мақсаттарына тез әрi табысты жетуге мүмкіндiк бе-

ретiн тиiмдi бiлiм технологиялары қалыптасып, тәжірибеге ендi. 

Американ педагогикасының белгiлi өкiлдерiнің бiрi Джон Дьюи 

(1859-1952).  Оның  зерттеу  жұмыстары  бүкiл  батыс  Еуропа, 

Америка және Австралия аймақтарында педагогикалық ойдың 

дамуына  үлкен  ықпал  жасады.  Американ  педагогтарының 

және бiр көрнектi тұлғасы Эдвард Торндайк (1874-1949) оқу 

үдерісін  зерттеумен  атын  әйгiлеп,  әрекетшіл  (бихевиористік) 

тәрбие технологиясын бүкiл әлемге жария еттi. 

Елiмiзде  аты  танымал  американ  педагогы  және  дәрiгерi 



Бенджамен Спок. Ол қауымға, бiр қарағанға қарпайым ғана, 

тәрбиеде басты не болу керек: қаталдық па, әлде қайрымдылық 

па  –  деген  сұрақ  қойып,  көпшiлiктің  санасына  жаңа  тәрбие 

лебiн  жеткiздi.  Бұл  сұрақтардың  астарынан  күтiлген  жауап 

–  педагогика  қай  бағытта:  әмiршiл-әкiмшiл  немесе  гуманистiк 

–  жолымен  дамуы  қажет  пе?  Оны  Б.Спок    өзiнің  “Бала  және 

оған  қамқорлық”,  “Анамен  сұхбат”  және  т.б.  еңбектерiнде  iз-

дестiруде. 

ХХ ғасырдың басында әлемдiк педагогикада еркiн тәрбие 

және бала тұлғасының дамуы идеялары белсендi жария етiле 

бастады. Бұл бағдарда көп еңбек сіңiрген италиян мұғалiмi Ма-


Каталог: repository -> history
history -> С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009
history -> М. Б. Әмірханов ¤. Д. Сандықбаева
history -> Анықтамалық қолданба Пікірлер Ұғымдар
history -> Айг‰л Аязбайқызы Жумадуллаева
history -> Сəбет Балтаұлы Бап-Баба (Бабаев)
history -> Графикалық компьютерлік модельдеу
history -> Мәшімбаев С. М. Еуропа және америка
history -> Лекциялар курсы Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С. Қаражан Алматы
history -> Булгакова Д. А


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет