Аспаптармен және құрылғылармен жұмыс iстеу кезiндегi қауiпсiздiк қағидаларын бекiту туралы



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі199,31 Kb.
#5940

Аспаптармен және құрылғылармен жұмыс iстеу 

кезiндегi қауiпсiздiк қағидаларын бекiту 

туралы 

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 8 маусымдағы № 765 

Қаулысы 

 

"Егемен Қазақстан" 2012.08.15. № 510-515 (27588); "Казахстанская 



правда" от 15.08.2012 г., № 268-270 (27087-27089); 

 

 



      «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 

2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 4-бабының 28) тармақшасына сәйкес 

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI

      1. Қоса берiлiп отырған Аспаптармен және құрылғылармен 

жұмыс iстеу кезiндегi қауiпсiздiк қағидалары бекiтiлсiн. 

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап 

күнтiзбелiк он күн ӛткен соң қолданысқа енгiзiледi. 

      Қазақстан Республикасының 

      Премьер-Министрi                                  К. 

Мәсiмов 

Қазақстан Республикасы  

Үкiметiнiң        

2012 жылғы 8 маусымдағы  

№ 765 қаулысымен    

бекiтiлген        



Аспаптармен және құрылғылармен жұмыс iстеу кезiндегi

 

қауiпсiздiк қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

      1. Осы Аспаптармен және құрылғылармен жұмыс кезiндегi 



қауiпсiздiк қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Электр 

энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 

шiлдедегi Заңының 4-бабының 28) тармақшасына сәйкес әзiрлендi 

және аспаптармен және құрылғылармен жұмыс iстеу кезiндегi 

қауiпсiздiктi қамтамасыз ету тәртiбiн айқындайды. 

      2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар мен анықтамалар 

пайдаланылады: 

      1) арнайы дайындалған персонал – белгiлi бiр жабдыққа 

қызмет кӛрсету бойынша оқытылған персонал; 

      2) аспап – электрлендiрiлген қол аспабы, қауiпсiздiктi 

тӛмендететiн трансформаторлар мен алып жүретiн электр қол 

шамдары; 

      3) жерге қосу – жерге қосу құрылғылары бар электр 

қондырғылары немесе жабдықтары желiлерiнiң қандай да бiр 

нүктелерiн әдейi электрлi жалғау; 

      4) жоғары ӛрмелеу жұмыстары – жердi ң, аралық жабынның 



немесе жұмыс тӛсемi бетiнен 5 м астам биiктiкте орындалатын 

жұмыстар, олардың бетiнде монтаждау немесе жӛндеу кезiнде 

тiкелей конструкциялармен немесе жабдықтармен жұмыстар 

жүргiзiледi; 

      5) қауiпсiз аса тӛмен кернеу – ӛткiзгiштер мен жердiң 

арасындағы 42 Вольттан (бұдан әрi – В) аспайтын номиналды 

кернеу; 

      6) аспаптық үй-жай – аспаптар мен құрылғыларды сақтауға 

арналған үй-жай; 

      7) құрылғылар – монтерлiк жүк кӛтергiштер, имек темiрлер, 

қадауыл iстiктер мен ӛрмелiктер; 

      8) I сыныпты электр аспабы – кернеуде болатын барлық 

бӛлшектерiнiң оқшаулығышы бар және штепсель айыры бӛлшектерiнiң 

жерге қосу байланысы бар аспап; 

      9) II сыныпты электр аспабы – кернеуде болатын барлық 

бӛлшектерiнiң қосарлы немесе күшейтiлген оқшаулауғышы бар және 

жерге қосу байланысы жоқ аспап. 

      I және II сыныпты электр аспабының номиналды кернеуi 

тұрақты ток үшiн 220 В артық емес, ал ауыспалы ток үшiн 380В 

құрайды. 

      10) III сыныпты электр аспабы – iшкi де, сыртқы да 

тiзбектерi басқа кернеуде болмайтын қауiпсiз аса тӛмен кернеуден 

қоректенетiн аспап; 

      11) электр қауiпсiздiгi бойынша рұқсат берудiң I, II, III 

топтары – Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Электр 

қондырғыларын пайдалану кезiндегi қауiпсiздiк техникасының 

қағидаларына сәйкес берiлетiн электр қауiпсiздiгi бойынша 

персоналдың бiлiктiлiк деңгейi. 



2. Аспаптармен және құрылғылармен жұмыс iстеу кезiндегi

 

қауiпсiздiктi қамтамасыз ету тәртiбi

 

Электрлендiрiлген қол аспабымен және қауiпсiздiктi төмендеткiш

 

трансформаторлармен жұмыс iстеу кезiндегi қауiпсiздiктi 



қамтамасыз ету тәртiбi

 

      3. Электр тогынан зардап шегу қаупi жоғары үй-жайларда 



және үй-жайлардан тысқары жерлерде I сыныпты электр аспабымен 

жұмысқа электр қауiпсiздiгi бойынша II топтан тӛмен емес, ал II 

және III сыныпты электр аспабымен жұмысқа – электр қауiпсiздiгi 

бойынша I тобы бар персонал жiберiледi. 

      Электр аспаптарымен жұмыс iстеуге рұқсат берiлген адамдар 

алдын ала оқытылып, еңбектi қорғау жӛнiндегi нұсқау бойынша 

бiлiмi тексерiледi және электр аспабын қолдана отырып, 

жұмыстарды орындауға рұқсат беру туралы бiлiктiлiк куәлiгiнде 

бұл туралы жазба жасалады. 

      Электр қауiпсiздiгi бойынша II және одан жоғары топтағы 

электр техникалық персонал арнайы жұмыстарды жүргiзу құқығына 

бiлiктiлiк куәлiгiне жазбасыз электр аспабымен жұмыс iстеуге 

жiберiледi. 

      4. Желiден қоректенетiн электр аспабы штепсель айыры бар 

алмалы-салмалы емес иiлгiш кабельмен (баумен) жабдықталады. 

      I сыныпты электр аспабының алмалы-салмалы емес иiлгiш 



кабелiнде электр аспабының жерге қосу қыспағын штепсель айырының 

жерге қосу түйiспесiмен жалғайтын талсым кӛзделедi. 

      Электр аспабына қосылатын жердегi кәбiл оқшаулау 

материалынан жасалған икемдi түтiкшемен майысудан және қажалудан 

қорғалады. 

      Аспаптан тыс түтiктi кәбiлге бекiтуге жол берiлмейдi. 

      5. Бiр фазалы электр аспабын шлангiлiк кәбiлге қосу үшiн 

үш талсым кӛзделедi: екеуi – қоректену үшiн, бiреуi - жерге қосу 

үшiн. 

      Үш фазалы аспапты қосу үшiн тӛрт талсым кәбiл қолданылады. 



      6. Қол тигiзуге болатын I сыныпты электр аспабының металл 

бӛлшектерi жерге қосу қысқымен жалғанады. II және III сыныпты 

электр аспаптары жерге қосылмайды. 

      Электр аспабының корпусын жерге қосу жұмыс тогының 

ӛткiзгiшi болып табылмайтын қоректену кәбiлiнiң арнайы 

талсымының кӛмегiмен жүзеге асырылады. Нӛлдiк жұмыс ӛткiзгiшiн 

пайдалануға жол берiлмейдi. 

      Ашаның конструкциясы қосу кезiнде және оны ажырату кезiнде 

барынша кеш ажыратқан кезде жерге қосу түйiспесiнiң тұйықталуын 

болдырмауды қамтамасыз етедi. 

      7. III сыныпты электр аспабының штепсель айырының құрылымы 

42 В жоғары кернеулi розеткалармен оларды бӛлуге жол бермейдi. 

      8. Алып жүретiн тӛмендеткiш трансформаторларда, бӛлгiш 

трансформаторларда және түрлендiргiштерде ұзындығы 2 метрден 

(бұдан әрi – м) аспайтын электр желiсiне қосылу үшiн басқа 

жағынан штепсель айыры бар жоғарғы кернеулi кәбiл (бау) 

кӛзделедi. Трансформатордың ең тӛмен кернеулi жағында штепсель 

айырына арналған ұя болуы кӛзделедi. 

      9. Бастапқы орамнан қоректенетiн желiнiң бейтарап режимiне 

байланысты түрлендiргiштiң бӛлгiш және тӛмендеткiш 

трансформаторлардың корпустары жерге қосылады және нӛлге 

айналады. 

      Тӛмендеткiш трансформаторлардың екiншi орамы жерге 

қосылады. 

      Трансформаторлардың екiншi орамын немесе орамдары бӛлек 

түрлендiргiштердi жерге қосуға жол берiлмейдi. 

      10. Әрбiр электр аспабын iске қосуда: 

      1) бӛлшектердi бекiтудiң жиынтықтылығы мен сенiмдiлiгi; 

      2) кабельдердiң және штепсель айырының ақаусыздығы, 

корпустың оқшаулағыш бӛлшектерiнiң, қылшақ ұстағыштарының 

саптары мен қақпақтарының бүтiндiгi, қорғайтын қаптамаларының 

болуы және олардың ақаусыздығы (сырттай қарау); 

      3) ажыратқыш жұмысының анықтығы; 

      4) бос жүрiс кезiндегi жұмысы; 

      5) корпусы мен штепсель айырының жерге қосу түйiспесi 

арасындағы жерге қосу тiзбегiнiң (I сыныпты электр аспабы үшiн) 

жарамдылығы мен электрден қорғану құралдары тексерiледi және 

жеке қорғаныс құралдары немесе бӛлгiш трансформатор немесе 

орамдары бӛлек түрлендiргiш немесе қорғаныстық- ажырату 

қондырғысы берiледi. 

      Осы Қағидалардың 10-тармағының 1) – 5) тармақшаларында 

келтiрiлген талаптарға сәйкес келмейтiн немесе мерзiмдi тексеру 

күнi ӛтiп кеткен электр аспабын беруге жол берiлмейдi. 


      11. Жұмысты бастар алдында: 

      1) электр желiсiндегi ток кернеуi мен жиiлiгiнiң 

тақтайшада кӛрcетiлген электр аспабының электр қозғалтқыш 

кернеуi мен ток жиiлiгiне сәйкестiгi; 

      2) жұмыс iстеп тұрған атқару аспабын бекiтудiң 

сенiмдiлiгi: абразивтi шеңберлер, дӛңгелек аралар, саптама 

кiлттер тексерiледi. 

      12. I сыныпты электр аспабымен жұмыс iстеу кезiнде 

тӛмендегi жағдайларды қоспағанда, электрден қорғау құралдары мен 

жеке қорғау құралдары қолданылады, егер: 

      1) бӛлгiш трансформатордан тек қана бiр электр аспабы 

қорек алса; 

      2) электр аспабы дербес қозғалтқыш-генераторлы қондырғылар 

немесе бӛлгiш орамдармен жиiлiк ӛңдегiштерден қорек алса; 

      3) электр аспабы қорғанышты ажырату қондырғысы арқылы 

қорек алса. 

      Электр тоғымен жұмыс iстейтiндердiң зақымдану қауiпi жоқ 

үй-жайларда электр қуатын ӛткiзбейтiн қолғаптар, ал ток ӛткiзгiш 

едендерi бар үй-жайларда электр қуатын ӛткiзбейтiн кебiс және 

кiлемшелер қолданылады. 

      13. Электр тогымен зақымдану қауiпi жоғары үй-жайларда II 

және III сыныпты электр аспаптарын жеке қорғау құралдарын 

қолданусыз жұмыс iстеуге рұқсат етiледi. 

      14. I және II сыныпты электр аспаптарын қолдану ыдыстарда, 

аппараттарда және тасымалдау мүмкiндiгi шектелген басқа да 

металл құрылыстарда және олардан шығу: 

      1) дербес қозғаушы-генераторлы қондырғыдан; 

      2) бӛлгiш трансформатордан немесе бӛлгiш орамдары бар 

жиiлiк түрлендiргiштен қорек алған кезде жол берiледi. 

      Қоректену кӛзi ыдыстан тыс орналасады, ал оның екiншi сымы 

жерге қосылмайды. 

      15. Автотрансформатор, резистор немесе потенциометр арқылы 

кернеуi 42В дейiн болатын электр аспабын жалпы пайдаланылатын 

электр желiсiне қосуға жол берiледi. 

      16. От жағатын жердiң және қазан барабандарының iшiнде, 

турбиналардың конденсаторларын, трансформаторлардың бактарын 

және басқа ыдыстарды электр аспабы қосылған трансформаторларды 

немесе жиiлiк түрлендiргiшiн алып жүруге рұқсат етiлмейдi. 

      Жер асты құрылыстарында (құдықтарда, камераларда және 

басқаларында), сондай-ақ жердегi жұмыстар кезiнде трансформатор 

осы құрылыстардан тыс орналасады. 

      17. Желiге қосалқы жабдықтарды (трансформаторларды, жиiлiк 

түрлендiргiштердi, қорғаныштық- ажыратқыш қондырғылар және 

басқалары) қосуды (ажыратуды), оны тексерудi, сондай-ақ 

кемшiлiктердi жоюды электр қауiпсiздiгi бойынша деңгейi III 

тӛмен емес топтағы арнайы дайындалған персонал жүргiзедi. 

      18. Электр аспабының кабелi кездейсоқ зақымданудан және 

оған ыстық, шикi және майлы нәрселердiң тиiп кетуiнен қорғалады. 

      Кабелдi керуге, қайта айналдыруға және майыстыруға, жүктi 

қоюға, сондай-ақ оны арқандармен, кабелдермен, газбен дәнекерлеу 

қолғабымен қиылыстыруға жол берiлмейдi. 

      19. Патронға электр аспабының жұмыс iстеп тұрған 

бӛлiктерiн орнату және оны патроннан алу, электр аспабын реттеу 


штепсель айырын желiден ажыратқаннан кейiн және толығымен 

тоқтатылғаннан кейiн орындалады. 

      20. Электр аспаптарымен жұмыс iстейтiн адамдардың электр 

аспабын, кабельдi, штепсель жалғастырғыштарын ӛздерi 

бӛлшектеуiне және жӛндеуiне жол берiлмейдi. 

      21. Қосалқы баспалдақтарда электр аспабымен жұмыс iстеуге 

жол берiлмейдi. 

      22. Аспаппен жұмыс iстеу уақытында жоңқаны немесе 

үгiндiсiн қолмен алып тастауға жол берiлмейдi. Электр аспабы 

толық тоқтатылғаннан кейiн жоңқа арнайы iлмектермен немесе 

қылшақпен алып тасталады. 

      23. Электр бұрғысымен жұмыс кезiнде бұрғылануға жататын 

заттарды нық бекiту қажет. Айналып тұрған, кесетiн аспапқа қолды 

тигiзуге жол берiлмейдi. 

      24. Тарту сабын қолданып электр бұрғымен бұрғылаған кезде 

қысу үшiн тарту сабының ұшы оның сырғуы мүмкiн бетiне тiрелмеуiн 

қадағалау қажет. 

      Жұмыс үшiн қолданылатын тарту саптары мүкәммал болып 

табылады және аспаптар үй-жайында сақталады. Тарту саптары 

ретiнде кездейсоқ заттарды қолдануға рұқсат етiлмейдi. 

      25. Қатып қалған және дымқыл тетiктердi электр аспабымен 

ӛңдеуге жол берiлмейдi. 

      26. Үй-жайлардан тыс жерде электр аспабымен тек қана 

құрғақ ауа-райында, ал жауын-шашын немесе қар жауған кезде 

тӛбесi жабылған құрғақ жерде немесе тӛсенiште жұмыс iстеуге жол 

берiледi. 

      27. Желiге қараусыз қосылған электр аспабымен пайдалануға, 

сондай-ақ оны олармен жұмыс iстеуге құқығы жоқ адамдарға беруге 

жол берiлмейдi. 

      28. Электр аспабы кенеттен тоқтап қалған кезде ол 

ажыратқыштан ажыратылады. Электр аспабын бiр жұмыс орнынан 

екiншi жерге тасымалдаған кезде, сондай-ақ жұмыс үзiлiсi мен 

жұмыс соңында электр аспабы штепсель айыры арқылы желiден 

ажыратылады. 

      29. Егер жұмыс кезiнде электр аспабында ақау байқалса 

немесе онымен жұмыс iстеушi ток әлсiздiгiн байқаған кезде жұмыс 

тоқтатылады және жарамсыз аспап тексеру және жӛндеу үшiн 

тапсырылады. 

      30. Мерзiмдi тексеру мерзiмi ӛткен кезде, сондай- ақ 

мынадай: 

      1) штепсель қосылысы, кабель немесе оның қорғаныш 

түтiгiнiң зақымдануы; 

      2) қылшақ ұстағышы қақпағының зақымдануы; 

      3) ажыратқыштың анық жұмыс iстемеуi; 

      4) жинаушыда шӛткенiң ұшқындауынан оның беттерiнде 

айналмалы оттың пайда болуы; 

      5) редуктордан немесе желдету арнасынан майдың ағуы; 

      6) жанатын оқшаулауға тән түтiн немесе иiстiң пайда болуы; 

      7) жоғары шудың, қағудың, дiрiлдiң пайда болуы; 

      8) корпусты бӛлшекте, саптарда, қорғау қоршауларында 

сынықтардың немесе жарықтардың пайда болуы

      9) аспаптың жұмыс бӛлiгiнiң зақымдануы; 

      10) корпустың металды бӛлiктерiмен және қоректендiру 


айырының бiлiгiмен нӛлдiк қысқышының аралығындағы электр 

байланысының жоғалуы ақаулардың бiрi туындаған кезде электр 

аспабымен жұмыс жасауға жол берiлмейдi. 

      31. Электр аспабы және оған қосалқы жабдықтар 

(трансформаторлар, жиiлiк түрлендiргiштерi, қорғаныш–ажырататын 

қондырғы, кабель-ұзартқыштар) 6 айда кемiнде 1 рет тексерiледi. 

      Электр аспаптары мен қосалқы жабдықтар бойынша мыналар 

мерзiмдi түрде тексерiледi: 

      1. сыртқы тексеру; 

      2) кемiнде 5 минут бос тұрған кездегi тексеру; 

      3) ажыратқыш қосылған кезiнде 1 минут iшiнде 500 В 

кернеуге мегаомметрмен оқшаулау кедергiсiн ӛлшеу, бұл ретте 

оқшаулау кедергiсi кемiнде 0,5 МегаОм-ды (бұдан әрi – МОм) 

құрайды; 

      4) жерге қосу (I сыныпты электр аспабы үшiн) тiзбегiнiң 

жарамдылығын тексеру. 

      32. Электр аспабында корпусқа және сыртқы металл 

тетiктерiне қатысты орамдар мен ток ӛткiзетiн кабельдердiң 

кедергiсi ӛлшенедi; трансформаторларда – алғашқы және екiншi 

орамдардың аралығындағы әр орамдар мен корпустың аралығындағы 

кедергi ӛлшенедi. 

      33. Жерге тұйықтау тiзбегiнiң жарамдылығы кернеуi 12 В 

артық емес қондырғының кӛмегiмен тексерiледi, оның бiреуi 

штепсельдi айырдың жерге тұйықталу байланысына, ал басқасы – 

аспаптың металл тетiктерiне жанасуына қол жетiмдi жерге (мысалы 

шпиндельге) қосылады. Егер қондырғы токтың бар екенiн кӛрсетсе, 

аспап жарамды деп есептеледi. 

      34. Электр аспабын күрделi жӛнделгеннен немесе оның электр 

бӛлiгi жӛнделгеннен кейiн ол сыналуы тиiс. 

      Сынау бағдарламасына: 

      1) электр аспапты номиналды кернеуге қосылған ажыратқышта 

сыртқы тексеру мен үш есе қосу және ажыратқышты ажыратудың 

дұрыстығын тексеру; 

      2) жерге қосу тiзбегiнiң жарамдылығын (I сыныпты электр 

аспабы үшiн) тексеру; 

      3) электр берiктiгiне оқшаулауды сынау; 

      4) жұмыс режимiнде кемiнде 30 минут айналдыру кiредi. 

      35. Электр аспабының күрделi жӛндеуiнен кейiн кернеу 

тетiктерi мен корпус немесе негiзгi оқшаулауға арналған тетiктер 

арасындағы оқшаулау кедергiсi – 2 МОм, қосымша үшiн – 5 МОм, 

күшейтiлген – 7 МОм. 

      36. Электр аспабының оқшаулау электр берiктiгiн сынау I 

сыныпты электр аспабы үшiн – 1000 В, II сынып – 2500 В, III 

сынып – 400 В үшiн жиiлiгi 50 герц болатын ауыспалы ток 

кернеуiмен жүргiзiледi. 

      Сынақ қондырғыларының электродтарын штепсель айырын ток 

ӛткiзетiн байланысының бiреуiне және шпиндельге немесе металл 

корпусқа немесе оқшаулау материалынан жасалған электр аспабының 

(ажыратқыш қосылады) корпусына оралған фольгаға жапсырылады. 

      37. Тӛмендеткiш және бӛлшектегiш трансформаторын, жиiлiк 

ӛңдегiштерi мен қорғаныш-ажыратқыш қондырғыларын пайдалануға 

енгiзуде, сондай-ақ күрделi жӛндеу жұмысынан кейiн олардың 

орамдарын оқшаулауды сынау олардың әрқайсысында кезек-кезегiмен 


болатын жоғары кернеумен (сынаумен) жүргiзiледi. Бұл ретте ӛзге 

орамдар жерге қосылған корпуспен және магнит ӛткiзгiшiмен 

электрлiк тұйықталады. Сынақ ұзақтығы – 1 минут. 

      Мына жағдайларда сынақ кернеуi қабылданады: 

      1) трансформатордың екiншi орамының номиналды кернеуi 

кезiнде 500 В және жиiлiк түрлендiргiшi 42 В дейiн; 

      2) трансформатордың бастапқы және екiншi орамына сәйкес 

номиналды кернеуi кезiнде 1350 В және ток жиiлiк түрлендiргiшi 

127-220 В, қорғаныш-ажыратқыш қондырғысының қоректендiретiн 

кернеу кезiнде 127-220 В; 

      3) трансформатордың бастапқы және екiншi орамының 

номиналды кернеуi кезiнде 1800 В және жиiлiк түрлендiргiшiнiң – 

380-400 В, қорғаныш- ажыратқыш қондырғысының қоректендiретiн 

кернеу кезiнде 380-400 В. 

      38. Электр аспабын, тӛмендеткiш және бӛлшектегiш 

трансформаторларын, жиiлiк түрлендiргiш, қорғаныш-ажыратқыш 

қондырғыларын және кәбiлдерiн тексеру мен сынау нәтижелерi осы 

Қағидаларға 1-қосымшада белгiленген нысанда электр аспабы мен 

оның қосалқы жабдықтарын есепке алу, тексеру және сынау 

журналына енгiзiледi. 

      Журналды электр аспабының сақталуы мен жарамдылығы 

қамтамасыз ететiн кәсiпорын бӛлiмшесiнiң ӛкiмi бойынша 

тағайындалған адам жүргiзедi. 

      39. Электр аспабының корпустарында келесi тексерудiң 

түгендеу нӛмiрлерi мен күндерi, ал тӛмендеткiш және бӛлшектегiш 

трансформаторларда, жиiлiк түрлендiргiштерде, қорғаныш-ажыратқыш 

қондырғыларда оқшаулау кедергiсiнiң келесi элементтерiнiң 

түгендеу нӛмiрлерi мен күндерi кӛрсетiледi. 

      40. Электр аспаптары мен оған қосалқы жабдықтары олардың 

сақталуын қамтамасыз ететiн арнайы стеллаждармен, сӛрелермен, 

жәшiктермен жабдықталған құрғақ үй-жайларда жүзеге асырылады. 

Бұдан басқа, электр аспабының паспортында кӛрcетiлген сақтау 

шарттарына қойылатын талаптары орындалады. 

      Электр аспабын ораусыз екi және одан да кӛп қатарға тiзiп 

жинауға жол берiлмейдi. 

      Кәсiпорын шегiнде электр аспабын тасымалдау кезiнде оның 

зақымдануын болдырмайтын сақтық шаралары қолданылады. Металл 

бӛлшектерiмен және бұйымдарымен бiрге электр аспабын тасуға жол 

берiлмейдi. 

Алып жүретiн электр қол шамдарымен жұмыс iстеу кезiнде 

қауiпсiздiктi қамтамасыз ету тәртiбi

 

      41. Алып жүретiн электр қол шамдарды (бұдан әрi – шамдар) 



рефлекторлар, қорғаныш торы, аспаға арналған iлмектер мен айыры 

бар шлангiлiк жетек кӛзделдi, тор тұтқышқа бұрандамен немесе 

қамытпен бекiтiледi. 

      Патрон шам корпусына патронның ток ӛткiзетiн бӛлiктерi 

және шамның түбiне жанаспайтындай орнатылады. 

      42. Кернеуi 12 және 42 В айырлар кернеуi 127 және 220 В 

розеткаларға қосу мүмкiндiгiн болдырмайтын түрде орындалады. 

Кернеуi 12 және 42 В штепселдi розеткалар кернеуi 127 және 220 В 

желi розеткаларынан ажыратылады. 


      43. Қауiптiлiгi жоғары және аса қауiптi үй-жайларда 

шамдарды қоректендiру үшiн 42 В аспайтын кернеу қолданылады. 

      Үлкен метал жерге қосылған бедерлермен тығыз жұмыс 

iстейтiн ыңғайсыз жағдаймен байланысты ерекше қолайлы емес 

жағдайлар болған кезде қолды шамдардың қоректенуi үшiн 12 В 

аспайтын кернеу қолданылады. 

      44. Қазандық барабандарының, газ ӛткiзгiштерi мен 

оттықтарының, туннельдер мен басқа да жылжымалы тӛмендеткiш 

трансформаторлардың iшiне енгiзуге жол берiлмейдi. 

      Тӛмендеткiш трансформатордың корпусын жерге қосу және 

қайта орау, сондай-ақ электр тӛзiмдiлiгiн ӛлшеу осы 

Қағидалардың 31 және  (37-тармақтарынасәйкес жүргiзiледi. 

      45. Кернеудi тӛмендету үшiн автотрансформаторларды, 

дросселдi орамаларды және реостаттарды пайдалануға жол 

берiлмейдi. 

      46. Шамдарды электр желiсiне қосу үшiн поливинихлоридтi 

немесе резеңке қабықшасы бар пластмасса немесе резеңке 

оқшаулағышысының қиылысы 0,75-1,5 мм2 мыс талсымы бар сымдар 

қолданылады. 

      Шамдарды қосу орындарына сым үйкелiсу мен қисаюдан 

қорғалады. 

      47. Шам сымының ылғалды, ыстық және майлы беттерге жанасу 

мүмкiндiгiн болдырмау жӛнiндегi iс-шаралар орындалады. 

      48. Егер жұмыс уақытында электр шамдарының, сымдардың 

немесе трансформатордың жарамсыздығы анықталса, алдын ала электр 

желiсiнен ажырата отырып, оларды жарамдыларымен ауыстырылу 

қажет. 

      49. Шамдар құрғақ үй-жайда сақталады. 



      50. Шамдарды (шамдар, патрондар, штепсель айырлары, 

сымдары) тапсырушы және қабылдаушы адамдарға шамдарды беру 

кезiнде шам элементтерiнiң жарамдылығы мен жұмысқа қабiлеттiлiгi 

тексерiледi. 

      51. Шамдарды жӛндеудi электр техникалық персонал атқарады. 

      52. Пайдалануға берiлген шамдардың 6 айда кемiнде 1 рет 

кернеуi 500 В мегаомметрмен оқшаулау кедергiсiн ӛлшеу 

жүргiзiледi, бұл ретте оқшаулау кедергiсi кемiнде 0,5 МОм 

құрайды. 

      Жүк кӛтергiштер ме имек темiрлермен жұмыс кезiнде 

қауiпсiздiктi қамтамасыз ету тәртiбi 

      53. Электр жүк кӛтергiштерiнiң электр жабдықтарының 

корпустары жерге қосылады. 

      Еденнен басқарылатын жүк кӛтергiштерiн басқарудың 

батырмалы аппаратының корпусы оқшаулау материалынан жасалады 

немесе кем дегенде екi ӛткiзгiштермен жерге қосылады. 

      Жерге қосылатын ӛткiзгiштердiң бiрi ретiнде оған батырмалы 

аппарат iлiнген шағын арқанша пайдаланылады. 

      54. Жүк кӛтергiштерiн қолмен басқарудағы iске қосу 

аппараттары кӛтерiлетiн жүктен қауiпсiз қашықтықта тұрып 

механизмдi басқару мүмкiндiгi бар қажеттi ұзындықтағы болатты 

шағын арқаншамен iлiнiп қойылады. 

      Басқару аппараты еденнен 0,5 м тӛмен орналасқан кезде оны 

1-1,5 м биiктiкке шағын арқаншамен бекiтiлген iлмекке iлуi 

керек. 


      55. Қолды жүк кӛтергiштерiн кӛтеру механизмi автоматты жүк 

тiрейтiн тежегiшпен жабдықталады. 

      Тежегiш тарту күшiнiң және жүктiң автоматты тоқтауының 

әсерiнен оның iсi тоқтаған кезде жүктi бiртiндеп түсiрудi және 

оның қолданысы тоқтаған кезде жүктi атоматты түрде тоқтатуды 

қамтамасыз етедi. 

      56. Құбырларға және олардың аспаларына қолды жүк 

кӛтергiштерiн бекiтуге жол берiлмейдi. 

      57. Электрлi жүк кӛтергiштер жүк қарпығыш орган кӛтеру 

механизмiн автоматты тоқтату үшiн түпкiлiктi ажыратқыштармен 

жабдықталады. Жүксiз кӛтеру кезiнде жүк қарпығыш орган 

тоқтағаннан кейiн олардың арасындағы саңылау оны мен тiрегiш 

кемiнде 50 миллиметр (бұдан әрi – мм) құрайды. 

      Жүктi электр жүк кӛтеруштермен кӛтерген кезде iлмек 

сауытының түпкiлiктi ажыратқанға дейiн және автоматты тоқтату 

үшiн пайдалануға жол берiлмейдi. 

      58. Екi жылдамдықты электрлi жүк кӛтергiштiң қозғалысы 

қозғалыс механизмiнде тежегiшшпен жабдықталады. 

      Жүк кӛтерушiлiгi 1,0-ден 5,0 т дейiн электр жүк 

кӛтергiштер кӛтеру механизмдерiнде екi тежеуiшпен жабдықталады. 

      Моно рельс ұштарында моно рельстен тыс электр жүк 

кӛтергiштерiне кедергi келтiретiн тiректер, ал жүк 

кӛтергiштердiң корпусына серпiмдi буферлер орнатылады. 

      59. Жүк кӛтергiштердi мерзiмдi тексеру, сондай-ақ 

техникалық куәландыру олардың тазалығын тексере отырып, жақпаның 

болуына, шестерналар мен жұлдызшалары тiзбегiнiң, сым темiр 

арқандарының, тiстерiнiң жағдайына, басты осьтiң ұштарындағы 

шплинттердiң немесе шегiнiң дұрыстығына, жұлдызшалардағы 

тiзбектiң тiзбектелуiнiң және барабандағы сым темiр арқанның 

бекiтуiнiң сенiмдiлiгiне, қозғалыс роликтерiнiң тербелiс бетiнiң 

тозуына, роликтердiң доңғалқырлар мен моно рельстi жолдардың 

шеткi жиегiннiң арасындағы қашықтығына, электр жүк 

кӛтергiштердiң электр магниттi тежеуiшiнiң дұрыстығына және 

фрикциялық тӛсемдердiң тозу деңгейiне, электр қозғалтқыштарының, 

электр ӛткiзгiштердiң және байланыстардың, басқару 

аппараттарының, ток қабылдағыштардың және шеткi ажыратқыштардың 

жағдайына, тетiктердiң және шынжырлардың тiрелiп қалудың 

болмауына, сондай-ақ жүк кӛтергiштердiң жұмысы кезiнде туындаған 

шуылының деңгейiне жүргiзiледi. 

      60. Мыналар ауыстыруға жатады: 

      1) жарығы бар (дәнекерлеуге жол берiлмейдi) мойыншалар; 

      2) бұрамдық доңғалағындағы және бұрамдық подшипнигiндегi 1 

мм артық саңылау бар тӛлке; 

      3) қалыңдығынан тiстердiң 10 %-дан астам тозуы кезiнде қос 

бұрамдық, бұрамдық доңғалағында жарықтың болуы немесе тiстер 

бӛлiгiнiң болмауы; 

      4) қалыңдығынан тiстердiң 10 %-дан астам тозуы кезiнде, 

содай-ақ жарық болған кезде жүк жұлдызшалары; 

      5) бастапқы қалыңдығынан тозуы 0,5 асқан кездегi 

фрикциялық тӛсемдерi; 

      6) жеке тiзбектердiң деформациялары кезiнде жүк және тарту 

шынжырлары; 

      7) деформацияланған iлмектер. 


      61. Жұмысқа iске қосу алдында (күрделi жӛндеуден кейiн 

және кезең-кезеңмен, бiрақ жылына кемiнде бiр рет) 500 В 

кернеуде мегаомметрмен жүк кӛтергiштiң электр жабдығының 

оқшаулау кедергiсi ӛлшенедi. Оқшаулау кедергiсi кемiнде 0,5 МОм 

құрайды. 

      62. Кемiнде 0,5 МОм оқшаулау кедергiсi бар жүк 

кӛтергiштердiң электр жабдығы құрғатуға жатады. 

      63. Станционарлық жүк кӛтергiштер мен имек темiрлердi 

сынау оларды орнату орнындарында жүргiзiледi. Жылжымалы жүк 

кӛтергiштер сынақ үшiн үштұғырлы немесе кез-келген басқа да 

конструкцияға iлiнедi. 

      Электрлiк жүк кӛтеругiштердi статикалық сынау кезiнде 

сыналатын жүк кӛтеру механизiмiнiң iлмегi арқылы 200-300 мм 

биiктiкке кӛтерiледi және 10 минут iшiнде ұсталады, бұл ретте 

жүктi түсiру бақыланбайды. 

      Электрлiк қол жүк кӛтергiштерiн статикалық сынау кезiнде 

сыналатын жүк жұлдызшаның толық айналымын қамтамасыз ететiн 

биiктiкке кӛтерiледi және жүк кӛтергiш сәйкестi бiр келетiн 

қалыпты үш мәрте ұзындыққа қозғалыс ролигiнiң кемiнде бiр 

айналымына жылжытылады. 

      Сыналатын жүктi кӛтерiп, имек темiрдi сынау кезiнде 

қалыпты үш мәрте имек темiр екi жағы қашықтыққа балкада 

бiрқалыпты қозғалады, қозғалыстағы доңғалақтардың екi толық 

айналымына сәйкес келетiн. 

      Бұл ретте қол жүк кӛтергiштерi мен имек темiрлер балкаға 

барлық қозғалыстағы доңғалақтарға сүйенедi. Сондай-ақ 

шынжырлардың жүгiрiп кетуi және үзiлудiң болмағаны тексерiледi. 

Тартылыс күшiнiң қозғалысы астында тартылыс дӛңгелегiнiң айналуы 

кезiнде жүктi бiр қалыпты түсiрудi қамтамасыз ететiн жүк 

кӛтергiштердiң автоматтық жүк тӛзiмдi кӛтергiш тежегiшiнiң 

жұмысы және тартылыс күшiнiң қозғалысы тоқтаған кезде жүктi 

автоматты түсiру, сондай-ақ жүк кӛтергiштiң тӛменгi iлмегiнiң 

жүксiз еркiн бұрылуы тексерiледi. 

      64. Қол жүк кӛтерушiлерi мен имек темiрлердi серпiндi 

сынау кемiнде 1 м биiктiкте қайта (кемiнде 6 рет) кӛтерудi және 

жүк кӛтергiштерiнiң тежегiшiн, жүк және тарту шынжырлары 

жұмысының бiрқалыптығын тексеру мақсатында сынама жүктi түсiрудi 

бiлдiредi. 

      Электрлiк жүк кӛтергiштердi серпiндi сынау кезiнде кӛтеру 

және тежегiш механизмдерiнiң жұмысы жүк кӛтерушi 

конструкцияларының берiктiгi және оның жолдау қисық сызықтық 

учаскелерiнде ӛтуi тексерiледi. 

      Электрлiк жүк кӛтерушiлердi серпiндi сынау кезiнде кемiнде 

әрбiр 5 рет кӛтеру және түсiру кезiнде тоқтай отырып, кемiнде 6 

м биiктiкте сынақ жүгiн екi есе кӛтерудi бiлдiредi. 

      Биiктiгi кемiнде 6 м болатын жүк кӛтерушiлер үшiн жүктi 

кӛтеру толық биiктiкте жасалады. 1 тонналық (бұдан әрi – т) және 

одан жоғары жүк кӛтергiш механизмiнде екi тежегiш болған 

жағдайда, олардың iс әрекетiн бiрге және жеке тексеру қажет. Жүк 

кӛтергiштiгi 0,25 т және 0,5 т болатын жүк кӛтергiштердiң 

тежегiштерiнiң iс әрекетiн тексеру бiрге жасалуы керек. 

      Жүкке тӛзiмдi тежегiштi қолданған жағдайда 800 мм түскен 

кезде жүктiң барынша шығуы. 


      Жүктi кӛтеру және түсiрудiң шектегiштер жұмысы кемiнде үш 

рет тексередi. 

      Жолдың қисық сызықтық учаскелерi бойынша жүк 

кӛтергiштердiң жүрiп ӛтуiн тексерген кезде, жүк кӛтергiш екi 

бағытта қозғалған кезде жүк кӛтергiштер үшiн ең аз доғада айналу 

радиусы 90? жол учаскелерi бойынша еркiн ӛтуi тиiс. 

      65. Жүк кӛтергiштерi мен имек темiрлердi сынау кезiнде 

жүктiң ӛздiгiнен түсiрiлуi байқалмайды. 

      Шынжырдың жұлдызшамен және жүк дӛңгелектерiмен ойнақтауы, 

ӛткiзуi немесе сырғанауы анықталған кезде, жүк кӛтергiштер мен 

имек темiрлердегi жарықтар, үзiлулер мен деформациялар. 

      66. Жүк кӛтергiштер мен имек темiрлердiң жағдайы оларды 

әрбiр қолдану алдында тексерiлуi тиiс. 

      67. Қол және электрлiк жүк кӛтергiштердiң барлық үйкелетiн 

бӛлiктерi, сондай-ақ имек темiрлер айына кемiнде бiр рет 

майлануы керек. 



Монтер өрмелiктерiмен және қадауыл iстiктермен жұмыс iстеу 

кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету тәртiбi

 

      68. Монтер қадауыл iстiктерi ағаш және ағаш темiр-бетон 



сүйемелерiмен электр беру желiлерi тiректерiнiң жұмыстарына, 

сондай-ақ байланыс тораптарының тiректерiне арналған. 

      Қадауыл iстiктерi Св 110 түрлердiң трапеция қимасының 

темiр-бетон тiректерiне кӛтеру үшiн және Св 105-10 кв-тiң 3, 5 

электр беру желiлерiне және Св 95-тiң түрi – 0,4 шаршының электр 

беру желiлерiне (2а) арналған. 

      69. Қадауыл iстiктер мен ӛрмелiктердiң металл бӛлшектерi 

майысқан жерлер, жарықтар, сынықтар, қабыршақтар, ӛткiр шеттерi 

болмауы керек. 

      70. Бекiту үшiн материалдар мен белбеулердiң 

конструкциялары әртүрлi ауа-райының жағдайына және жыл 

мерзiмдерiнiң, жұмыстардың сенiмдiлiгiн және ыңғайлылығын 

қамтамасыз етедi. 

      Кәсiпорындардың бӛлiмшелерi бойынша ӛкiмiмен қадауыл 

iстiктер мен ӛрмелiктердiң жарамдылығына жауап беретiн тұлға 

тағайындалады. 

      71. Жоғарыға ӛрмелейтiн жұмыстарды ӛз бетiмен орындауға 

медициналық тексеруден ӛткен, жоғары ӛрмелеу жұмысына жарамды 

деп танылған, кемiнде бiр жыл ӛтiлi бар адамдарға (жұмысшыларға 

және инженерлiк-техникалық қызметкерлерге) жол берiледi. 

      Жоғарыға ӛрмелеу жұмыстарына бiрiншi рет жiберiлген 

жұмысшылар, бiр жылдың iшiнде тiкелей тәжiрибелi жұмысшының 

қадағалауымен кәсiпорын бойынша бұйрықпен тағайындалған тұлғамен 

жұмыс iстейдi. Жоғарыға ӛрмелеу жұмыстарын ӛз бетiмен орындауға 

жiберiлген тұлға, бiлiктiлiк куәлiгiнде осы жұмысты жүргiзу 

құқығында тиiстi жазба болуы тиiс. 

      72. Тiрекке кӛтерiлудiң алдында қадауыл iстiктер мен 

ӛрмелiктердi қарап, олардың сынау күнiнiң мерзiмi ӛтпегенiне 

және тораптар мен бӛлшектердiң жарамдығына кӛз жеткiзу қажет. 

      Қадауыл iстiктер мен ӛрмелiктердi қарау жiктердi 

дәнекерлеудiң берiктiгiне, тиектердiң қатты қорытпалық 

қондырудың бүтiндiгiне, белбеулердiң тiгiсiне және тоқудың 



сенiмдiлiгiн сақтауға, қосалқы бұрандалардың, шплинттердiң 

болуына және созылмалы тетiгiнiң барабанында қосарланған 

серiппелi лентаның ұшының бекiтiлу сенiмдiлiгiне, сондай-ақ 

тетiктiң корпусы ұясындағы әмбебап ӛрмелiктер арқан топсасының 

ұшы бекiтiлуiнiң сенiмдiлiгiне, созылмалы тетiгiнiң сабын 

айналдырумен жарамдылығы жүргiзiледi. 

      73. Мұқалып қалған немесе сынған тиектерi бар қадауыл 

iстiктер мен ӛрмелiктердi қолдануға жол берiлмейдi. 

      74. Қадауыл iстiктер мен ӛрмелiктердi статикалық жүктемесi 

1350 Н (135 кгс) мерзiмдi сынау 6 айда кемiнде 1 рет 

жүргiзiледi. 

      Статикалық жүктеменi сынау кезiнде әрбiр қадауыл iстiкке 

немесе ӛрмелiкке 5 минут iшiнде жүктеме осi басқыштың ортасы 

арқылы ӛтуi үшiн бекiту белдiктерге тiкелей салынады. 

      Қадауыл iстiктi немесе ӛрмелiктi және тiреу белдiктердi 

сынау, егер қадауыл iстiктi немесе ӛрмелiктiң конструкцияларын 

олардың бекiту белдiктерiмен бiрге сынауды бӛлек ӛткiзуге жол 

берiледi. 

      75. Сынауға ұсынылған монтер қадауыл iстiктерi бастапқыда 

сырттай мұқият байқауға жатады. 

      Қадауыл iстiктердi қараған кезде (орақ тәрiздi бӛлiктi 

басқышқа, тиекке бекiту) барлық бӛлшектердiң табалдырыққа 

бекiтiлу жағдайына кӛңiл бӛлу, тоқу қысқыштарының сенiмдiлiгi, 

белдiктердiң тiгiсiнiң сақталуын қарау. Тоқтатқыш бұранданы 

сенiмдi тартуды және оны тоқтатқыш дӛңгелекпен қатайтудыы 

қамтамасыз етедi. Байқалғаннан және анықталған ақауларды 

жойғаннан кейiн жүктемемен қадауыл iстiктерге сынау жасалады. 

Қадауыл iстiктiң берiктiгi статикалық жүктемемен жұмыс 

жағдайында қадауыл iстiктiң нӛмiрiне сәйкес келетiн диаметрмен 

ағаш бағанда тексерiледi. 

      Қадауыл iстiк қалған деформацияларсыз және дәнекерлеу 

жiктерiнiң үзiлуiнсiз, сондай-ақ белдiктi үзбей немесе тоқыманы 

зақымдамай статикалық жүктемеге шыдауы керек. 

      Статикалық жүктеме алынғаннан кейiн қалған деформацияларға 

жол берiлмейдi. 

      Қалған деформациялардың болмауын сынаққа дейiн және одан 

кейiн ерiтiндiнi ӛлшеумен және қадауыл iстiктердi кӛтерумен 

тексерiледi. 

      76. Ӛрмелiктердi байқаған кезде бӛлшектердiң тораптарының, 

бұрандалардың қосылуларының жағдайы, сондай-ақ қосалқы 

бұрандалардың және шплинтердiң болуы, белбеулi бекiтулер жағдайы 

тексерiледi. Әмбебап лазадағы арқанды iлмектiң тораптары және 

оның ерiтiндiсiн реттеу механизмiнiң жағдайы тексерiледi. 

      Арқан iлмегiн байқаған кезде, қосарланған серiппелi 

таспаның тармақтары, оның арқанмен қосылысының сенiмдiлiгi, 

арқан сымдарының тозу деңгейi анықталады. Дәнекерлеу жiктерiнде 

жарылудың немесе қандай да бiр механикалық зақымданудың жоқтығы 

тексерiледi. Ескiрген немесе зақымданған тиектер алынып 

тасталады және жаңаларымен алмастырылады. 

      Ӛрмелiктердiң анықталған ақауларын қарап және жойылғаннан 

кейiн сынауға жатады. 

      Ӛрмелiктердiң сынау кезiнде оларға арналған электр беру 

желiсiнiң тӛменгi тiрегi бӛлiгiнiң конфигурациясын 


имитациялайтын арнайы сынау стендтiндегi жұмыс күйiне 

орнатылады. 

      Әрбiр ӛрмелiк статикалық жүктемемен сынаулардан кейiн 

сырттай байқауға жатқызылады. Бӛлшектердiң қалған 

деформациялары, жарықтары, бекiту белбеулерiнiң үзiлуi немесе 

арқан iлмегiндегi қоспасын реттеу механизмi жұмысында желiну 

байқалған ӛрмелiктер, жарамсыздыққа шығарылып, одан әрi 

пайдалануға жол берiлмейдi. 

      77. Имек темiр мен ӛрмелiктердi сынау нәтижелерi 

такелаждық құралдарды, механизмдердi және құрылғыларды байқау 

және есепке алу журналына енгiзiледi, оның нысаны 

Қағидалардың 2-қосымшасында белгiленген. 

      Әрбiр имек темiрде немесе ӛрмелiкте жеңiл сатының 

белбеуiнде олардың нӛмiрi және келесi сынаудың күнi жазылған 

таңба бекiтiледi. 

      78. Шүйденi жүктемемен тарту үшiн белбеулер сыналмайды, 

олардың одан әрi пайдалануға жарамдылығы байқаумен белгiленедi. 

Аспаптармен және құрылғылармен жұмыс  

iстеу кезiндегi қауiпсiздiк қағидаларына  

1-қосымша                   

Нысан 

Электр аспабы мен оның қосалқы жабдықтарын еспке алу, тексеру 

және

 

сынау журналы

 

Элек


тр 

аспа


бы 

мен 


қоса

лқы 


жабд

ық 


атау

ы

 



Түге

ндеу 


нӛмi

рi

 



Соңғы 

куәланды


рылған 

күнi


 

Сынау, 


тексеру 

себебi


 

Жоғары 


кернеул

оқшаула



уды 

сынау


 

Оқшаула


у 

кедергi


сiн 

ӛлшеу


 

Жерге 


қосу 

тiзбегi


нiң 

жарамды


лығын 

тексеру


 

Бос 


жүру 

кезiнде


гi iшкi 

тексеру 


мен 

тексеру 


жұмыста

ры

 



Келе

сi 


сына

у, 


текс

еру 


күнi

 

Тексе



ру, 

сынау 


жүргi

зген 


адам

 

жұмы



стан 

кейi


н

 

мерз



iмдi

 

кү



нi

 

нәти



жесi

 

кү



нi

 

нәти



жесi

 

кү



нi

 

нәти



жесi

 

кү



нi

 

нәти



жесi

 

ат



ы- 

жӛ

нi



 

қо

лы



 

1

 



2

 

3



 

4

 



5

 

6



 

7

 



8

 

9



 

10

 



11

 

12



 

13

 



14

 

15



 

16

 



Аспаптармен және құрылғылармен жұмыс  

iстеу кезiндегi қауiпсiздiк қағидаларына  

2-қосымша                   

Нысан 


Такелаж аспаптарын, механизмдер мен құрылғыларды есепке алу 

журналы

 

Жүккӛтергiш 



механизмдер 

мен 


құрылғылардың, 

такелаж 


құралдарының 

атауы


 

Түгендеу 

нӛмiрi

 

Жүккӛтергiштiгi, 



кг

 

Соңғы 



сынақ 

күнi


 

Сынақ 


(қарау) 

себебi


 

Ӛндiрiстiк 

жӛндеу 

туралы 


мәлiметтер 

және 


ӛткiзiлген 

күнi


 

Техникалық

 

куәландыру



 

Сынақ 


(қарау) 

күнi мен 

нәтижесi

 

Келесi 



техникалық 

куәландыру 

күнi

 

Сынақ 



(қарау) 

жүргiзген 

комиссия 

тӛрағасы 

немесе 

тұлға


 

Қарау


 

Статикалық 

сынақ

 

Динамикалық 



сынақ

 

Аты-



жӛнi

 

Қолы



 

1

 



2

 

3



 

4

 



5

 

6



 

7

 



8

 

9



 

10

 



11

 

12



 

13

 



 

  

 



  

 

  



 

  

 



  

 

  



 

  

 



  

 

  



 

  

 



  

 

  



 

  

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет