ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Экономика және құқық факультеті «Экономика және менеджмент» кафедрасы Өндірістік практикадан өткендігі туралы ЕСЕБІ
Мазмұны Кіріспе
1."Ақтөбе қаласы әкімдігінің Қаржы басқармасы " мемлекеттік мекемесінің жалпы сипаттамасы
2."Ақтөбе қаласы әкімдігінің Қаржы басқармасы " мемлекеттік мекеменің бюджетін қарастыру
3. "Ақтөбе қаласы әкімдігінің Қаржы басқармасы " мемлекетті мекемесінің атқарылған жұмыстары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе 2021 жылғы 1ақпан 19 - шы наурыз кезеңінде “ Ақтөбе қаласының Қаржы басқармасы ” мемлекеттік мекемесінде өндірістікдипломалды тәжірибеден өттім.Тәжірибедегі ең басты мақсаттарым – мекеме жұмысының барысы мен жұмыстардың жүзеге асырылу тәртібін, құжаттардың дұрыс толтырылуын және әкімшіліктін бюджеттік денгейін зерттеу болды. Мемлекеттік қызметшінің іскерлік қатынасы тиімділігінің аса маңызды шарты олардың өз коммуникативтік мүмкіндіктерін, коммуникативтік құзыреттілігінің деңгейін білуі болып табылады. Мемлекеттік қызметке өздеріне сенетін адамдардың қызмет ететіні белгілі, олардың көбісі барлық қатынастарда, соның ішінде іскерлік қатынас саласында да табысты, қабілетті болып саналады. Осы сенімділік көп ретте кәдімгі жаңылысу болып шығады да, мемлекеттік қызметші өзінің коммуникативтік проблемалары туралы білдім. Көптеген оқыған теорияларымды практика жүзінде қолдана алдым. Болашақта өзіме жұмыс барысында керек болатын көптеген мәліметтер қорына ие болдым. Тәжірибе өту барысында орталықтың қызметі мен міндеттерімен, құрылыммен таныстым. Берілген мәлімметтерді, ақпараттарды қолдана отырып, құжаттармен жұмыс жасадым. Мемлекеттік мекеменің нормативтік – құқықтық актілерді талдау барысында қажетті ауданның динамикалық даму жоспарын жасауға өз үлесімді қостым. Арнайы жылдық бюджеттік есептеу жұмыстарын жүргізіп тәжірибеден өту барысында алған мәліметтерді қорытындыладым. «Ақтөбе қаласы қаласы әкімдігінің Қаржы басқармасы » мемлекеттік мекемесі әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жергілікті бюджет арқылы қаржыланатын мемлекеттік мекеме болып табылады. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей міндеттер бекітілді:
1. Ақтөбе қаласы әкімшілігінің Қаржы басқармасы жалпы сипаттамасымен танысу; 2. Ақтөбе қаласы әкімшілігінің Қаржы басқармасының жүргізген бюджеттік есептеу жұмыстарын талдау