2012 жылєы Ўбт-ы бойынша тест тапсырмаларыныѕ їлгісі


ОРЫС ТІЛІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ



бет34/57
Дата15.02.2023
өлшемі3,59 Mb.
#68222
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   57
ОРЫС ТІЛІ
ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ

4 нұсқа


ҚАЗАҚ ТІЛІ



1. Тарихи сөзді табыңыз.
A) Торқа.
B) Сәукеле.
C) Кебеже.
D) Жебе.
E) Лашық.

2. Езулік дауыстылардың саны қанша екенін белгілеңіз.
A) 10
B) 5
C) 4
D) 7
E) 8

3. Бітеу буынды сөзді белгілеңіз.
A) Арман.
B) Тоқ.
C) Жазба.
D) Отан.
E) Ұршық.

4. Дыбыстық өзгеріске түскен біріккен сөзді белгілеңіз.
A) Айшуақ, Ақмаржан, Айзере.
B) Әкел, әкет, әпер.
C) Ақсеңгір, Ақбұлақ, Атасу.
D) Аққу, аққұтан, ақләйлек.
E) Ақтанкер, Ақбақай, Ақжелең.

5. Топтау сан есімін табыңыз.
A) Үштің бірі.
B) Елуге тарта.
C) Елуінші.
D) Елу шақты.
E) Үш-үштен.

6. Жіңішке дауысты дыбыстан құралған еліктеуіш сөз қатарын табыңыз.
A) Шіңк, күмп.
B) Саңқ, былш.
C) Шорт, тарс.
D) Қалт-құлт.
E) Жалт-жұлт.

7. Омоним бола алмайтын сөзді табыңыз.
A) Ұзақ.
B) Шағын.
C) Күрес.
D) Жылқы.
E) Сіңір.

8. Дара сөзді табыңыз.
A) Баспасөз.
B) Ақбозат.
C) Некен-саяқ.
D) Қаламгер.
E) Пединститут.

9. «Кейбіреу тыңдар үйден шыққанынша» сөйлеміндегі зат есімнің қызметін анықтаңыз.
A) Толықтауыш.
B) Анықтауыш.
C) Бастауыш.
D) Баяндауыш.
E) Пысықтауыш.

10. Қатыстық сын есімі бар қатарды табыңыз.
A) Көңілді топ.
B) Үлкен дода.
C) Өмірді сүю.
D) Кішілеу доп.
E) Көгілдір аспан.

11. Есімдіктердің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.
Халық оған өзінің арғы бабасының атын берді.
A) Толықтауыш, бастауыш.
B) Пысықтауыш, анықтауыш.
C) Анықтауыш, бастауыш
D) Бастауыш, пысықтауыш
E) Толықтауыш, анықтауыш.

12. Негізгі етістікті табыңыз.
A) Үйіп, ойна, молай.
B) Кел, бар, көгер.
C) Жайды, жарқыра, ескер.
D) Ая, жүр, ал.
E) Азай, жүр, ал.

13. Дефис арқылы жазылатын бірыңғай күрделі үстеулерді көрсетіңіз.
A) Өз өзінен, кей кейде, бірінен бірі.
B) Қолма қол, емін еркін, күні түні.
C) Үш төрттей, он оннан, мың мыңдап
D) Ағалы інілі, үлкенді кішілі ұзынды қысқалы.
E) Жылдан жылға, ауызба ауыз, үйден үйге.

14. Шылауы бар сөйлемді анықтаңыз.
A) Жақып кеткеннен кейін Жидебайға қайта оралған кісі болған жоқ.
B) Енді ештеңені жасырғысы келген жоқ.
C) Адамның сырты – алдамшы.
D) Нағашыбек ағайдың әңгімесі бәрімізге ой салады.
E) Допты алып балаларға берді.

15. Етістікті сөз тіркесін көрсетіңіз.
A) Ыдысқа сыяды.
B) Сыйлаған жан.
C) Сый-құрмет.
D) Сыйлы сияқты.
E) Сыйлы адам.

16. Лепті сөйлемді анықтаңыз.
A) Бұдан былай жиі келіп тұрамыз
B) Туып-өскен жер оңай дейсің бе
C) Ол тым ұзақтау ғой
D) Апырай, қонақтардың бәрі әнші екен-ау
E) Ау, Сәлмен, ән не туралы

17. Бастауышты табыңыз.
Туады, туады әлі нағыз ақын,
Нағыз ақын бал мен у тамызатын.
A) Әлі.
B) Ақын.
C) Нағыз.
D) Тамызатын, туады.
E) Бал мен у.

18. Шартты бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз.
A) Елін сүйер азамат өспей, халық күйі түзелмес.
B) Сабағыңды жаман оқып, мені ұятқа қалдырма.
C) Ойымдағыны айтпақшы едім, ол кетіп қалды.
D) Кітабын оқып болғандықтан, досына бере салды.
E) Тоғыз санына жеткізіп сый-сияпат жасау немесе айып салу дәстүрі қазақ арасында бертін келгенше сақталған.

19. Қыстырма сөзі бар сөйлемді табыңыз.
A) Жұмысты істеген соң, осылай істеу керек, бәрекелді!
B) Ләззат-ау, өзіңдей өжет көремісің мені?
C) Е, сен біздің қақпанға талай кездескен кәрі қасқыр көрінесің.
D) – Бұл етті турап бересіз бе, нағашы? - деді Жанар.
E) Ол, меніңше, тапсырманы орындамай келмейді.

20. Мәтелді ажыратыңыз.
A) Асы бар аяқтан аттама.
B) Кекшіл болма, көпшіл бол.
C) Қалуын тапса, қар жанар.
D) Талапты ерге нұр жауар.
E) Білім қымбат, білу қиын.

21. «Бозшағыл» сөзіндегі кейінді ықпалдың орнын анықтаңыз.
A) Түбір мен қосымшаның аралығында.
B) Күрделі сөздің соңында.
C) Біріккен сөздегі көршілес дыбыстардың аралығында.
D) Қос сөздегі көршілес дыбыстардың аралығында.
E) Сөз тіркесіндегі көршілес дыбыстардың аралығында.

22. Жақсыз сөйлемді белгілеңіз.
A) Ауру жайын баққан біледі.
B) Сөйлегенді үндемеген жеңеді.
C) Жан ашырдың жоқ болғаны ғой!
D) Шоқпар ұстаған жерінен сынбайды.
E) Қыстың қамын жаз ойла.

23. Төлеу сөздегі күрделі толықтауышты табыңыз
Бұның сол хатқа жауап екенін білдірді.
A) Сол хатқа.
B) Хатқа.
C) Бұның.
D) Білдірді.
E) Жауап екенін.

24. Үтір қойылмайтын орынды анықтаңыз.
A) Одағай сөздерге.
B) Қаратпа сөздерге.
C) Қыстырма сөздерден кейін.
D) Жалпылауыш сөзден кейін.
E) Бірыңғай мүшелердің арасына.

25. «Шешен сөз» ұғымын термин ретінде тұңғыш қолданып, ғылым ретінде зерттеген ғалым мен оның еңбегін белгілеңіз.
A) С.Сейфуллин «Қазақ әдебиеті».
B) А. Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш».
C) Ә.Бөкейханов «Би һәм билік».
D) М.Әуезов «Әдебиет таримхы».
E) Шәкәрім «Би һәм билік туралы».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет