45
“Young Scientist” . #1.2 (60.2) . January 2014
History
емес, бұл процесті ХХ ғасырдың 40–50 жылдары Ермұхан
Бекмаханов, одан кейін Ж.Қасымбаев, Е.Уәлиханов
еңбектерінде толық талқыланған [7]. Революцияға дейінгі,
одан кейінгі кейбір авторлар Кенесары қозғалысының
статусын көтерілістен гөрі, басқашалау көрсетеді. Мысалы,
1831–33 жылдары Польша азаттық қозғалысына
қатынасқан поляк революционері А.Янушкевич
Кенесарыны бірде Рим империясымен соғысқан Нумидия
патшасы Югуртамен, бірде ХІХ ғасырдың 80-ші
жылдарындағы Алжир халқының азаттық күресінің Абд-
әль-Кадермен салыстырады [8].
ХІХ ғасырдың 50-ші жылдарында Верный қаласында
болған ұлы саяхатшы П.Семенов Тян-Шанский осы
көтеріліс жөнінде әртүрлі мәліметтер жинастырып,
Кенесарыны біздің эрамызға дейінгі екінші ғасырда Кіші
Азиядағы кішкене ғана Понт патшасының билеушісі,
Рим құл иеленуші мемлекетінің жаулағыш саясатына
қарсы тұрған Митридат ҮІ Евпатормен теңейді де қазақ
феодалдық мемлекетін уақытша болса да қалпына
келтірген Кене ханды жоғары бағалайды [9].
Расында да, Кенесарының соғысын 1341–1381
жылдары ағылшын шаруаларының Уолтер Тайлер
көтерілісімен, 1670–1671 жылы Ресейдің оңтүстігінде
болған Степан Разинның, 1707–1709 жылдары болған
Кондратий Булавиннің, 1773–1775 жылдары болған
Емельян Пугачевтің 1857–1859 жылдары ағылшын
отаршыларына қарсы көтерілген сипайлардың, 1916
жылы қазақ даласында орыс отаршыларына қарсы
қазақ жігіттерінің көтерілістерімен салыстыруға
болмайды. Бұлардың бәрі бір мемлекеттің өз ішінде бір
әлеуметтік топтың орталық үкіметке қарсы болған қарулы
қақтығыстары. Ғылыми әдебиетте олар шаруалар соғысы
деп аталады.
Кеңес заманында тарих факультеті студенттеріне
арналған, сол кездің белгілі тарихшылары профессорлар
П.П. Епифанов, В.В. Мавродин редакциясын басқарған,
«ССРО тарихы» тарихы оқулығында шаруалар соғысына
мына төмендегідей анықтама береді: «Крестьянские войны
являются высшей формой кассовой борьбы в феодальной
России. Они направлены не против отдельных светских и
духовных феодалов, а против всего этого класса, против
гнета крепостнического государства и олицетворяющих
его воевод, приказных людей и пр.
Крестьянские войны отличаются тем, что и при
сохранении локальности и стихийности борьбы движение
охватывает значительную часть страны. Оно носит
вооруженный характер — в нем участвует масса крестьян.
Наряду с отдельными выступлениями (индивидуальными,
группами или отрядами) действуют и крупные вооруженные
силы вооставших» [10].
ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында Европа елдері
Африкадағы, шығыс елдеріндегі мемлекеттерді отарлауға
бар күшін салды. Әсіресе, Африка мемлекеттерін отарлау
үшін болған соғыстар миллиондаған адамның өімірін қиды.
Африкадағы Европа отаршыларының саясаты жергілікті
халықты қыру, оларды шахталардағы, кеніштердегі ауыр
жұмысқа салу, сол елдің байлығын мейлінше тонау. Бір
өкініштісі, өз халқын тонауға сол елдің ірі-ірі рубасылары
көмектесті. Африкада Кимберли, Иоханнесбург сияқты
тұрғындарының көпшілігі европалық болып келетін
қалалар пайда болды. Қазақстанда Ресейдің жүргізген
отарлық саясатының Европа мемлекеттерінің Африка
менен Азиядағы отарлық соғыстарынан айырмашылығы
болмады.
ХІХ ғасырдың аяғында Африканың батысындағы Ах-
маду және Самори мемлекеттерінің Францияға қарсы
соғысы Ресейдің қазақ жерінде жүргізген агрессиялық
саясатына өте ұқсас. Бірнеше соғыстарға қатынасып,
тәжірибе жинақтаған француз әскері кішкентай екі мем-
лекетті жаулап алу үшін төрт жылға жақын соғыс жүргізді.
Ал, қазақ әскері қырық жылға жақын қарсыласты. Са-
мори әскері дала көшпенділерінің әскери тактикасын пай-
далана отырып, француз әскерін тізе бүктірді. 1886 жылы
француздар Самори сұлтанымен келісімшартқа қол қоюға
мәжбүр болды [11].
Әлемдік әдебиетте Азия және Африка халықтарының
отаршылдыққа қарсы күресі «Ұлт-азаттық соғыс»,
«Отаршылдық соғыстар» деп аталады. Қазақ халқының
бостандығы мен тәуелсіздігі үшін 1837–1847 жылдары
жүргізілген соғыс ғылымда ұлт-азаттық соғыс статусын
алуы тиіс. Бұл процесс екі мемлекеттің: Ресей патшалығы
мен Қазақ хандығы арасындағы соғыс деп атауымыз
керек. Жүздеген жылдар бойы қазақ жеріндегі Ресейдің
отаршылдық агрессиясы Қазақ әскерінің жеңіліс
тауып, еліміздің Ресей империясының құрамына отар
ел ретінде кіруімен аяқталды. Қазақ халқы жүргізген
соғыс екінші отан соғысы деп атауға әбден лайықты.
Бұл жөніндегі пікірімізді біз осыған дейін жарияланған
мақалаларымызда жазғанбыз. Алғашқы рет қазақ
тарихнамасында 1992 жылы жарық көрген оқулығымызда
ХҮІІІ — ХІХ ғасырларда орыс басқыншыларына қарсы
қарулы қақтығыстарды «Орыс — қазақ соғыстары» —
деп атаған болатынбыз [12]. Біз бұл пікірімізді 2006
жылы наурыздың 17 жұлызында М.Қозыбаев атындағы
Солтүстік Казақстан мемлекеттік университеті өткізген
«Аблай хан — тарих және қазіргі кезең» атты халықаралық
ғылыми практикалық конференциясында да айтқан
едік [13].
2003 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы тарих
және этнология институты Кенесары Қасымұлының
туғанына 200 жыл толуына байланысты Халықаралық
ғылыми-теориялық конференция өткізген болатын.
Баяндамашылар ХІХ ғасырдағы Қазақстан тарихына жан-
жақты талдау жасап, ұлт-азаттық қозғалыстың қыры мен
сырына тоқталып, осы тақырыптың зерттелу деңгейін
анықтады.
Конференцияда сөз сөйлеген Қазақ университетінің
байырғы профессоры, тарих ғылымдарының докторы
Серік Құрманғалиұлы Жақыпбек өз сөзінде, Кенесары
қозғалысы жөнінде былай деді: «В истории Казахстана
некоторые события по своей особой значимости
занимают очень важное место. К числу их прежде всего
46
«Молодой учёный» . № 1.2 (60.2) . Январь, 2014 г.
История
относится народная война казахов под руководством
Кенесары хана против царской России и стремление
царизма превратить Казахстана в полную колонию.
Эта война продолжалась десят лет (1837–1847 гг.)
и охватила почти все казахские земли. Война велась
за свободу и независимость, за сохранение
национальной государственности как залога
единства и целостности Казахстана, будущего
его развития» [14]. Бұған біздің алып қосарымыз
жоқ. Тек қана осындай ұғым бүгінгі тарих ғылымында
қалыптасып, мектеп және жоғарғы оқу орындарына
арналған оқулықтарда өз орнын тапса дейміз.
Әдебиет:
1. // Қазақ тарихы. — 2011. — № 4. — 46–47 бб.
2. http: //ru.wikipedia.org/wiki/восстание
3. http: //ru.wikipedia.org/wiki/война
4. История стран Азии и Африки в новое время. — М.: Изд-во МГУ, 1989. — І часть. С. 38.
5. Кенесарыұлы А. Кенесары және Сыздық сұлтандар. — Алматы: Жалын, 1992. — 8 б.
6. Карпык Аль-Халел. Белая кость прошлого. — Алматы: Агентство Аль-Халел, РГЖИ «Дәуір», 1994. — С.
90– 91.
7. Қараңыз: Бекмаханов Е. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20–40 жылдарында (оқу құралы). — Алматы, «Санат»,
1994. — 416б., Қасымбаев Ж. Кенесары хан. — Алматы: Қазақстан, 1993. — 112 б.
8. Стеклова Ф. Адольф Янушкевич и его книга // Дневники и письма из путешествия по казахским степям. — Ал-
маты, 1966. — с. 1-ХХХҮІІІ.
9. Семенов Тян-Шанский А. Путешествия (Мемуары). — М., 1949. — Т. 2. — С. 48.
10. История СССР. С древнейших времен до 1861 года. Учебник для студентов исторических факультетов педаго-
гических институтов. — М.: «Просвещение», 1983. — С. 221.
11. История стран Азии и Африки в новое время. — М.: Изд-во МГУ, 1991. — ІІ часть. — С. 341.
12. Қараңыз: Кузембайулы А. История дореволюционного Казахстана. Учебник. — Алма-Ата: Республиканский
издательский кабинет по учебной и методической литературе, 1992. — 382 с.
13. Қараңыз: Конференция материалдары. — 105–106 бб.
14. Кенесары Қасымұлы туғанына 200 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция ма-
териалдары. — Алматы, 2003. — 131 б.
47
“Young Scientist” . #1.2 (60.2) . January 2014
Political Science
П О Л И Т О Л О Г И Я
Кеңес берудің саяси ғылымдардағы орны
Насимов Мурат Орленбаевич, саяси ғылымдарының кандидаты, доцент;
Паридинова Ботагоз Жаппаровна, философия магистрі, аға оқытушы
«Болашақ» университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан)
Б
үгінгі қоғамдық өмірде кеңес берудің маңыздылығы
артып келе жатқандығы жасырын емес. Кеңес
беру бойынша мәселелер салық салу мен заң қызметін
көрсетуде, экономикалық мәселелерді қамтитын аудит,
бухгалтерлік есеп пен тексеру салаларында, басқарудың
барлық салалары мен ақпараттық технологиялар жүйесі
шеңберінде қолданылады. Сонымен қатар, саяси қызмет
саласында кеңес берудің өзіндік орнын саяси ғылымдар
анықтап береді.
Мақала авторы осы уақытқа дейін зерттеу ныса-
нына айналып отырған мәселені тереңірек зерттеді.
Зерттеу жұмыстары «Life Science Journal» [1], «Молодой
ученый» [2], «Социосфера» [3] журналдарында және бір-
неше халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция-
ларда [4] жарық көрді.
Саяси кеңес берудің негізгі қырлары саяси
жарнаманың [5] рөлі мен мемлекет пен қала имиджін [6]
қалыптастыру арқылы анықталатындығын айқындаумен
бірге, пайда болуының тарихи тамырларын [7] анықтаған
зерттеулер де жүргізілді. Сонымен қатар, кеңес берудегі
кинематография [8] мен театрдың [9], музыканың [10]
басымдықтары анықталған ғылыми мақалалар жарық
көрді. Қоғамдық өмірде саяси жағдайды зерттеудің орны
ерекше екендігіне байланысты, берілген жұмыстар құнды
деп есептейміз.
Саяси кеңес беруді зерттеудің маңыздылығы — жаңа
зерттеу пәні құрылымының саяси ғылымдарда мардымсыз
қарастырылуы деп ойлаймыз. Біздің ойымызша, осы
уақытқа дейін «саяси консалтинг» түсінігінің пәні мен
мазмұны толық ашылмаған. Бұл ұғымға сайлау науқаны
кезеңдерінде мән берелетіндігі және кеңесшінің қызметіне
сай емес жұмыстар атқаратындығы жасырын емес. Со-
нымен бірге, берілген түсінік саясаттану, әлеуметтану,
экономика және психология сынды ғылым салаларымен
пәнаралық байланысқа ие. Отандық саяси ғылымдарда
аталмыш түсініктің қолданбалы саясаттануда жеке бөлім
ретінде толық қарастырылмай жатқандығын мойында-
уымыз қажет.
Жалпы саяси кеңес беру арқылы даярланады:
— саяси міндеттерді шешуге бағытталған ұсыныстарды
дайындау;
— көпшілік имиджін алға жылжыту;
— репутациялық консалтинг;
— тапсырыс берушінің ақпараты негізіндегі баянда-
малар, есептер мен бағдарламаларды дайындау;
— белгілі бір ұйымның бағдарламасы мен идеологи-
ясын дайындау;
— тұрғындармен тиімді үгіт-насихат жұмыстары
әдістері;
— саясаткер, кандидат, партияның имиджіне
психологиялық сараптама мен жөндеу жұмыстарын
ұйымдастыру;
— саяси бәсекелестер имиджіне салыстырмалы сарап-
тама;
— электоратқа ықпал етудің психологиялық
тәсілдеріне сараптама;
— — бәсекелестердің үгіт-насихат науқандарына
қарама-қайшы әдістер, деструктивті саяси технология-
ларды жою;
— бұқаралық саяси акцияларды өткізу ерекшеліктері;
— жеке әлеуметтік категориялармен (жастар, зейнет-
керлер және т.б.) жұмыс жүргізу ерекшеліктері;
— мақсатты аудиторияның негативті ұстанымдары мен
стереотиптерін жеңу жүйесін дайындау;
— БАҚ, партиялық бағдарламалар мен басқа матери-
алдар мәтіндерін арнайы зерттеу;
— саяси баяндамалар мәтіндерін дайындау және
психологиялық сараптама, спичрайтинг.
— саяси ұстаным технологиялары;
— сайлау науқанының менеджменті;
— ақпараттық қауіпсіздік ұйымдастыру;
— сараптамалық материалдарды дайындау;
— саясаткерлер мен саяси құрылымдарды ақпараттық-
сараптамалық қолдау;
— ұзақмерзімді имидждік бағдарламаларды дайындау
және енгізу.
Қазақстан Республикасы саяси консалтингі нарығының
негізгі басымдығы ретінде саяси процестер мазмұнын
48
«Молодой учёный» . № 1.2 (60.2) . Январь, 2014 г.
Политология
терең талдау, саясаттағы негізгі ойыншылар қимылдарын
модельдеу мүмкіндігі, оқиғаның дамуын болжау болып
табылады. Біздің ойымызша, аталған тұжырымдар осы
құбылыстың түрлі сипаттамалық феноменін айқындайды.
Әдебиет:
1. Nassimov M.O., Dosmanbetov D.B., Dosmanbetova S.B., Paridinova B.Zh., Ensepov A.A. Political consulting:
essence, specifics, technologies // Life Science Journal 2013;10 (4):2866–2869.
2. Насимов М.О., Енсепов А.А., Паридинова Б.Ж. Political Consulting: Main Problems // Молодой ученый. —
2013. — № 11.1. — С. 25–26.
3. Насимов М.О., Паридинова Б.Ж. Консалтинг как объект политической науки // Социосфера. — 2013. —
№ 4. — с. 183–185.
4. Nassimov M.O., Primzhanov M.A., Paridinova B.Zh., Kopposynova M.K. Consulting as a subject of political sciences
// »Cоциально-экономическое, социально-политическое и социокультурное развитие регионов»« материалы
международной научно-практической конференции — Прага: Vědecko vydavatelske centrum «Sociosfera-CZ»,
2013. — С. 102–104.
5. Nassimov M.O., Kaldybai K., Paridinova B.Zh. Features of Political Advertisement in the Republic of Kazakhstan //
Middle-East Journal of Scientific Research 14 (8): 1129–1134, 2013.
6. Насимов М.О. Image of the country and the city on the example of the Republic of Kazakhstan and Astana // Мо-
лодой ученый. — 2013. — № 5, Том ІІІ. — С. 564–566.
7. Насимов М.Ө. Саяси консалтинг пайда болуының тарихи тамырлары // ҚазҰУ Хабаршысы. Философия, сая-
саттану, мәдениеттану сериясы. — 2011. — № 1 (36). — 29–32 бб.
8. Кинематография арқылы саяси кеңес берудің жолдары // «Қазіргі заманғы Қазақстанның инновациялық дамуы
және ғылымға деген сұранысы» атты жас ғалымдардың VІ халықаралық конференциясы материалдары. 4 бөлім:
қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар. — Алматы: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасының
қоры, 2012. — 296–300 бб.
9. Насимов М.О., Паридинова Б.Ж. Социология знания и театр: взаимосвязь с консультированием. // Гу-
манитарные научные исследования. — Июнь, 2013 [Электронный ресурс]. URL: http://human.snauka.
ru/2013/06/3361
10. Насимов М.Ө., Паридинова Б.Ж. Қоғам құндылықтарын насихаттау жолындағы музыканың кеңес берудегі
басымдықтары [Priorities of consultation of promotion of values as to society through music] (in Kazakh) // Applied
Sciences and technologies in the United States and Europe: common challenges and scientific findings, proceedings
of the 1st International scientific conference: Volume 1. — New York: Cibunet Publishing, 2013. — P. 133–134.
49
“Young Scientist” . #1.2 (60.2) . January 2014
Education
П е д а Г О Г И к а
Аssessment for and of learning
Аскарова Мадина Абилкасимовна
Филиал акционерного общества «Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу» института повышения квалификации педагогических
работников по Кызылординской области (г. Кызылорда, Казахстан)
C
lassroom assessment, then, is no mere technical de-
vice. Teachers assess by making marks on the page or by
using words. Behind whatever form they use are not just ob-
jective or quasi-objective norms and standards but also as-
sumptions about children’s development, learning and moti-
vation, and values relating to matters such as self-esteem and
the relative importance of ability and effort. Alexander, 2001
Assessment is a term that covers any activity in which ev-
idence of learning is collected in a planned and systematic
way, and is used to make a judgment about learning.
A distinction between formative and summative (sum-
ming-up) purposes has been familiar since the 1960s al-
though the meaning of these two terms has not been well un-
derstood. A more transparent distinction, meaning roughly
the same thing, is between assessment of learning, for
grading and reporting, and assessment for learning, where
the explicit purpose is to use assessment as part of teaching
to promote pupils’ learning.
If the purpose is to help in decisions about how to advance
learning and the judgment is about the next steps in learning
and how to take them, then the assessment is
formative in
function, sometimes referred to as Assessment
for Learning
(AfL). AfL came to prominence, as a concept, after the pub-
lication in 1999 of a pamphlet with this title by the Assess-
ment Reform Group, a small group of UK academics who
have worked, since 1989, to bring evidence from research to
the attention of teachers and policymakers.
If the purpose of assessment is to summarize the learning
that has taken place in order to grade, certificate or re-
cord progress, then the assessment is
summative in func-
tion, sometimes referred to as assessment
of learning. When
summative assessment is used for making decisions that af-
fect the status or future of students, teacher or school (that
is, ‘high stakes’), the demand for reliability of measure often
means the tests are used in order closely to control the na-
ture of the information and conditions in which it is collected.
What is the purpose of assessment?
The most commonly held views of the purposes of assess-
ment are that every teacher must know how to
What does
formative assessment look like, and when should I use it?
What kind of planning does it require, and what kinds of data
does it generate? How will formative assessment improve my
teaching and help to students succeed in a standards-based
environment? How does it relate to application of multiple
intelligences theory, to differentiated instruction, and to ev-
erything else already doing in the classroom? In this volume,
the teacher should gather what you really need to know in
order to make formative assessment a seamless part of your
everyday practice. Emphasizing formative assessment appli-
cation in secondary schools but applicable to teachers of all
grade levels and all subject areas, it provides:
— Straightforward answers to teachers most frequently
asked questions
— Dozens of strategies for measuring student under-
standing and diagnosing learning needs before, during, and
after instruction:
— Illustrations of formative assessment across the con-
tent areas, from math to language arts to science to social
studies to health and physical education
— Guidance on making data-informed instructional ad-
justments
— Sample templates for organizing assessment data to
track both whole-class and individual progress toward iden-
tified goals
— Case studies to illustrate effective and ineffective for-
mative assessment and deepen your understanding If you are
looking to take formative assessment from theory to practice
and from practice to genuine learning improvement this is
the place to begin. Contents:
Fundamentals of formative assessment –
Questions and answers about formative assessment –
Formative assessment prior to instruction –
Formative assessment during instruction –
Formative assessment after instruction –
Improving teaching and learning through formative as-
sessment –
Balancing assessment practices –
Glossary of assessment terms –
50
«Молодой учёный» . № 1.2 (60.2) . Январь, 2014 г.
Педагогика
Lexicon of formative assessment strategies –
What a Student Knows?
Knowledge must be expressed to be assessed. As-
sessing what a student knows is not as simple as it might
sound. Students must express what they know for the teacher
to effectively evaluate it. Whether verbally, through writing or
by some other tangible expression, the student must demon-
strate to the teacher that he knows the material. Using varied
assessment methods to reach all types of learners is most ef-
fective.
How a Student Learns?
Not all students learn the same way. In order to de-
vise lessons that result in student learning, the teacher must
also consider how students learn. Different types of learners
require different types of lessons. For example, a student who
learns best visually will learn better from visual stimuli like
photos or demonstrations where a tactile learner needs to
move around or learn by doing. Once the teacher and stu-
dent have assessed how the student best acquires knowledge,
they can work to structure his working environment accord-
ingly.
How a Student Compares?
Standardized tests compare student achievement scores.
One of the key functions of standardized testing is to com-
pare students to each other across age and grade levels.
Improvement shows learning. Learning is generally as-
sessed in increments over time to evaluate the efficacy of
the teaching methods used. Pre- and post-project assess-
ments determine how much knowledge the student pos-
sessed going into the learning experience and how much
was actually gained by the experience. It is important to re-
member that a student may fail to achieve a set standard
but can still make great strides that demonstrate learning.
Goals. Set realistic learning goals. Assessing what a stu-
dent knows and how he learned it provides valuable infor-
mation to both teacher and student in setting achievement
goals. Setting realistic and individualized academic goals is
the upshot of assessment. While comparison to peers helps
establish appropriate grade level and academic placement,
it is assessment of a student’s improvement that demon-
strates his learning capacity. Carefully designed assess-
ments play a vital role in determining future strategies in
both teaching and learning.
Достарыңызбен бөлісу: |