2015 жыл №4 (77) сәуір саяси фактор



Pdf көрінісі
Дата11.01.2017
өлшемі1,06 Mb.
#1681

2015 жыл  №4 (77) сәуір

САЯСИ    ФАКТОР.  Қазақ    хандығының    пайда  

болуы    Қазақстан    жерінде    XIV-XV    ғасырларда    орын  

алған    әлеуметтік  –  экономикалық    және    этникалық  – 

саяси    процестерден    туған    заңды    қоғамдық    құбылыс. 

Өндіргіш    күштердің    дамуы,  көшпелі    ақсүйектердің  

экономикалық    қуатының    артуы,  феодалдық    топтардың  

тәуелсіздікке  ұмтылуы, осы  негізде Әбілхайыр  хандығы  

мен  Моғолстан  арасындағы  тартыстың  өршуі, әлеуметттік  

қайшылықтардың  үдеуі  XV ғасырдың  екінші  жартысында  

бұл    мемлекеттердің    құлдырап    ыдырауына    апарып  

соқтырды. Дешті  Қыпшақ  жеріндегі  көшпелі  еңбекшілер  

бұқарасы  феодалдық  қанаудың  күшеюіне,  соғыстар  мен  

тартыстардың    өршуіне,  хандар    мен    феодалдардың    қол  

астынан  көшіп  кетіп,  қоныс  аударуымен  жауап  берді.  

Сөйтіп,  XV  ғасырдың    50-70  жылдары    арасында  

Әбілхайыр    хандығынан    Жетісудың    Шу    мен    Талас  

өзендерінің  жазығына  200 мыңдай  адам  көшіп  келді. Бұл  

кезде  Жетісуды  билеп  отырған  Моғолстан  ханы  Есенбұға 

(1434-1462) қазақтардың  мұнда  қоныс  аударуына  қарсы  

болмады. Өйткені  оның  да  өз  есебі  бар  еді. Есенбұға 

қазақ ру-тайпаларын  өзінің  ішкі  және  сыртқы  саясатында, 

атап    айтқанда,  Әбілхайыр    хандығына    және    Шығыстан  

күшейіп  келе  жатқан  ойраттар  шапқыншылығына  қарсы  

күресте,  сондай-ақ    хандықтың    өз    ішіндегі    феодалдық  

алауыздықпен  талас-тартысты  тоқтату  үшін пайдалануды  

көздеді. 

Ал  қазақтардың  Жетісу  жеріне қоныс  аударуының  басты 

бір себебі, Әбілхайырдың  қол  астында   қанаушылықтың  

күшеюі    болса,  екінші  бір  себебі,  оларды    Шыңғыс  

әулетінен    шыққан    Керей    мен    Жәнібек    сұлтандардың  

жаңа  қалыптасып  келе  жатқан  қазақ  халқының  дербес 

мемлекетін  құру, оның  тәуелсіз  саяси  және экономикалық  

дамуын,  қамтамасыз  ету  жолындағы  қадамы  мен  қызметі  

өзінің  ықпалын  тигізді. 

Сонымен  1465  жылы  Керей  мен  Жәнібек  Жетісудағы  

Қозыбасы  деген  жерде  алғаш  қазақ  хандығынң  туын  тікті. 

Керей  мен  Жәнібек  құрған  қазақ  хандығының  жалауы  

көк  түсті,  жиегінде  үш  жұлдызы  және  ортасында  алты  

бағытқа  тараған  оюлы  өрнек  болған.  Жаңадан  құрылған  

Қазақ  хандығының  алдында  тарихи  үш  үлкен  міндет  

тұрды.  

Біріншіден,    жаңа    қоныстанған    аймақта    бұрыннан  

Дешті-Қыпшақ    даласында    қалыптасқан    дағдылы    мал  

жайылымдарын    қалпына    келтіру.  Көшпенділір    үшін  

жайылым  мәселесі  өте  маңызды  болатын. 

Екіншіден,  «Ұлы  Жібек  жолы»  бойында  орналасқан  

ірі қолөнер-сауда  орталықтары  –  Сығанақ, Созақ,  Сауран, 

Отырар,  Ясы  (Түркістан)    қалаларын    қазақ    хандығына  

қарату. 

Үшіншіден, бытырап  жүрген  қазақ  ру-тайпаларын   бір  

орталыққа  біріктіріп,  қазақтың  этникалық  территориясын  

қалыптастыру.

Сонымен      Қазақ    хандығының    құрылуының    саяси  

Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  тапсырмасымен  2015  жыл  Қазақ 

хандығының 550  жылдығын тойлау жылы деп жарияланған еді. Мемлекет құрылуының 

мерейтойы  ең  алдымен  азаматтардың  патриоттық  сезімдерін  арттыру  мен 

қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуға бағытталып отыр.

Жалпы,  барлық    мемлекеттердің  тарихына    сараптама    жасап    қарасақ,    олардың  

құрылуына  үш  негізгі  фактор  себеп  болады. 

Қазақ  хандығының   да құрылуына  тікелей әсер еткен  саяси, этностық  және  тұлға  

факторы. 

фактор    аспектісін    қорыта      айтқанда,  Қазақ  

хандығының  құрылуына  XV ғасырдың  екінші  

жартысында   Қазақстан  жерінде  екі  мемлекеттің 

– Әбілқайыр  хандығы  мен   Моғолстанның  ішкі  

саяси  ахуалы  нақты  жол  ашты.  



ЭТНОСТыҚ  ФАКТОР.   Қазақ  халқының  

құрылуына    себеп    болған    этногенетикалық  

процестердің    бастау    көзі    мүлде    ежелгі   

уақыттан – алғашқы  қауым  қоғамының  ыдырау  

дәуірінен  барып  шығады.  Бастапқы  кезде  бұл  

процес  байырғы  халықпен  байланысты  болған. 

Бірақ   содан  кейінгі  даму  барысында  ол  бірте-

бірте  Орталық  Азияның  байтақ  жазығында  өтіп  

жатқан    этникалық    процестерге    тәуелді    бола  

берді. Қазақстан  жеріндегі  этникалық  тарихтың  

жылжуы,  әртүрлі  кезеңдерде  аса  ірі  этникалық  

және    этносаяси    қауымдастықтардың      ақыр  

соңында – Қазақ  халқының  құрылу  тарихына  

әкеп  соқтырды.

Бұның  тарихи  маңызы  мынада – бұл  кезде  

қазақтардың    барлық    жергілікті    этникалық  

топтарында  да, яғни  олар  қоныстанып  жатқан  кең  

байтақ    жерде    олардың    этникалық    туыстық    сана  

сезімі,  барлық  сезімі  көзге  анық  түсетіндей  дәрежеге  

жеткен  еді.

Егерде  қазақ  хандығының  құрамындағы  тайпалар  

арасында  этностық  туыстық қатынас  болмаса  олар  бір  

шаңырақ  астына  ешқашан  бірікпес  еді. Нәтижесінде  

қазақ    хандығы    да    құрылмас    еді.    Сондықтанда 

этностық  факторды  қазақ  хандығының  құрылуына  

әсер  еткен негізгі факторлардың  бірі  санаймыз.



  ТұЛғА    ФАКТОРы.  Қазақ    хандығының  

құрылуына  Керей  мен  Жәнібектің  үлесі  зор. Осы  екі  

тұлғаның  харизмасы  арқылы  дербес  мемлекет  идеясы 

туындады. Керей  мен  Жәнібек  алғашында  аз  болса  

дүйім жұртты  өз  артынан ерте  білді. Егерде  Керей  

мене  Жәнібек  дер  кезінде  саяси  ахуалды  пайдаланып  

Әбілқайырдан    бөлініп    шықпағанда    қазақ    хандығы  

құрылмас  еді.

  Керей    мен    Жәнібек    қазақ    үшін    тарихи    өр  

тұлға.  Бұл екеуі  атақты  Ұрыс  ханның  шөберелері, 

Шыңғыс      тұқымынан    шыққан    сұлтандар.  Ертеден  

өздерінің    жауынгерлік,  ел    билеушілік    қабілеттерін  

халыққа    таныта  білген    жандар.  Бұлар  Орда    Ежен  

әулеті    мүшелері.  Негізінен    қазақ    жері    ертеден  

Орда    Ежен    тұқымдарына    тиесілі    болатұғын.  Бірақ 

1428 жылы  Жәнібек  ханның әкесі  Барақтың  қайтыс  

болуы    мен    елде    таққа    талас    басталды.  Тақ    үшін  

күресте    төрелердің    қолдауы  мен    он    сегіз    жасар  

Шайбани  ұрпағы  Әбілқайыр  отырады. Ол  Ақ орда  

мемлекетін  түпкілікті  жойып  жіберіп  жаңа  жүйедегі  

өз    хандығын    құрады.  Керей    мен    Жәнібек    әрине  

бұған  қарсы  болды, бірақ  өздерінің  көрегенділігінің  

арқасында  әскери  төңкеріс  жасамады.  Олар  түсінді  

дәл  сол  кезде  көтеріліске  шығатын  болса  жеңілетінін 

және    қарамағындағы    халықты    босқа    шығынға  

ұшырататынын.  Сондықтан    олар    сабырлықпен  

ұтымды  сәтті  күтті. 

1457 жылы ондай  сәт  туды  және  олар  өздеріне  

берілген    мүмкіндікті    дұрыс    пайдалана    білді.  Сол 

жылы  ешбір  ұрыста  жеңіліп  көрмеген  Әбілқайыр  

Ойраттардың    Үзтемір    Тайшысынан    Сығанақ  

түбінде    масқара    болып    жеңілді.  Осы  кезде 

бұрыннан  дайындалып  отырған  Керей  мен  Жәнібек  

Әбілқайырдан    біржола    іргесін    аулақ    салды.  Қазақ  

хандығының  құрылып  өркендеуіне  осы  Керей  мен  

Жәнібектің  дер  кезінде  Әбілқайырдан  бөлінуі, одан  

арғы    олардың    саяси    сауаттылығы,  тарихи    тұлға  

ретіндегі  күш  қуатының  молдығы  зор  әсер  етті.  



Анар Бақытжанқызы,

тарих ғылымдарының кандидаты.

Келтай Өмірбеков, 

тарих маманығының 1 курс студенті.

«ЖАЙДАРМАН»  

күлкі  

сыЙлАДы


Жастардың  қызығып  ойнайтын,  көрерменнің 

тамсана  тамашалайтын  Жайдарман  ойыны  тағы  да 

жалынды  жастардың  басын  қосты.  Семей  қаласының 

Шәкәрім  атындағы  мемлекеттік  университетінде 

дәстүрге айналған бұл ойын студенттердің тұлға болып 

қалыптасуына үлкен септігін тигізетіні сөзсіз. 

Бұл  жолы  Жайдарман  ойыны  Тәрбие  жұмысы  және 

жастар  саясаты  бөлімі  мен  Жоғары  оқу  орнына  дейінгі 

даярлау  орталығының  ұйымдастыруымен  университет 

ректорының  кубогына  арналған  Семей  қаласының  мектеп 

командалары арасында өткізілген болатын. 

Ойынға  мектеп  оқушыларынан  құралған  8-ден  аса 

команда  қатысып,  өз  өнерлерін  ортаға  салды.  Осылайша, 

қатысушылар  «Сәлемдесу»  кезеңі  бойынша  бақ  сынасып, 

әзілге толы тамаша ойын өрнегін көрсетті. 

Ойын  қорытындысы  бойынша  көрерменнің  ерекше 

ықыласына  бөленген  №35  мектептің  «Апамның  ыстық 

бауырсақтары»  командасы  1-орынмен  жеңіске  жетті.  Ал, 

2-орынды  №23  мектептің  «Қызғалдақтар»  командасы 

иеленсе,  3-орынды  №37  мектептің  «Голливуд»  командасы 

қанағат тұтты. 

Оқушылардың айтуы бойынша, «Жайдарман» ойынының 

жоғары деңгейде өткізілуі қуантарлық жайт. Себебі, мұндай 

игі іс-шаралар өнерлі жастардың шыңдалуына үлкен септігін 

тигізеді.  Сондықтан  да,  оқушылардың  аталмыш  көңілді 

тапқырлар  ойыны  әлі  де  жалғасын  табатынына  сенімдері 

мол.


Нұрсұлу Саветқызы

Производственная 

Практика - основа усПешного 

трудоустройства

Производственная 

практика 

студентов 

является 

важнейшим элементом подготовки высококвалифицированных 

специалистов.

Целью  практики  является  закрепление  и  практическое 

применение  студентами  полученных  теоретических  знаний, 

а также приобретение ими навыков научных исследований по 

специальным дисциплинам. 

В  подготовке  специалистов    необходимо  обеспечить 

сочетание  высокого  уровня  теоретических  знаний  с 

приобретением  практических  навыков  экономической 

деятельности в организациях, предприятиях различных форм 

собственности.

Основными  задачами  практики  являются:  углубление  и 

закрепление  теоретических  знаний,  полученных  в  процессе 

обучения;  выработка  навыков  работы  с  законодательными 

и  инструктивными  материалами;  овладение  практическими 

навыками будущей профессии; сбор материалов для выпускной 

работы.


Производственная  практика  является  заключительной 

частью  подготовки  высококвалифицированных  специалистов 

–  финансовых  менеджеров,  бухгалтеров,  специалистов 

банковских структур, налоговой службы.

Объектом  рассмотрения  и  анализа  являются  такие 

важнейшие  вопросы,  как  основы    финансовой  стратегии  и 

тактики фирмы, политика привлечения заемных средств, нормы 

распределения  дохода,  основы  регулирования  финансово  – 

экономической деятельности предприятия. 

Производственная  практика  дает  студенту  навыки 

аналитического  мышления,  работу  с  бухгалтерскими  и 

финансовыми документами, пополнить свой уровень знаний с 

практической стороны, умение вести расчетную документацию 

и быть готовым работать в коллективе



К.Б Байдаирова, А.К. Ибраева,

старшие преподаватели 

Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл

Өнер жарысы


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет