2015 жыл, сәрсенбі


сыбайлас жемқорлықпен күресу қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата06.03.2017
өлшемі5,15 Mb.
#7790
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

сыбайлас жемқорлықпен күресу қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен 

әлеуметтік қасірет болып табылатын ол, саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын  әлемдегі  барлық  

елдердің  қай-қайсысын  да  қатты  алаңдататыны  анық. «Мемлекет пен қоғам біртұтас майдан құрып 

жемқорлыққа қарсы шығуы тиіс. Жемқорлық - жай құқық бұзушылық емес. ол мемлекеттің тиімділігіне 

деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып табылады»  деп атап 

айтқан болатын Елбасы. Жалпы «сыбайлас жемқорлық» деген түсінік «параға сатып алу», «пара» 

ретінде, «corruptio» деген латын сөзінен шыққан.  рим құқығында да «corrumpire» түсінігі болған, ол 

жалпы сөзбен айтқанда, «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу» деген түсінігі 

беріп, құқыққа қарсы іс - әрекетті білдірген. орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас жемқорлықты 

«пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы» ретінде 

сипаттайды. айтулы датаға орай біз әр саладағы өңір азаматтарынан «қазіргі таңда аталған ғасыр 

індетімен жүйелі түрде жүргізіліп жатқан күрес жұмыстарына қанағаттанасыз ба?» деген сұрақ бойынша 

ойларын білген едік.

Марат РАБАНДИЯРОВ,

Жамбыл  облыстық  балалар 

ауруханасының бас дәрігері:

- Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді 

күресу  үшін  халықтың  құқықтық 

сауатсыздығын  жоюдың,  құқықты  

түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапа-

сын арттырудың маңызы зор. Азаматтық 

қоғамның барлық институттарының 

күш-жігерін біріктіру, осы дерттің одан 

әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың 

халықаралық тәжірибесі мен барлық 

амалдарын қолдану арқылы ғана бұл 

құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға  

болады.

Данияр ЖҰМАБАЕВ,

Орталық  «Һибатулла  Тарази» 

мешітінің бас имамы:

- Пайғамбарымыз «Адамдардың ең 

жақсысы - адамдарға пайда тигізгені» 

дейді. Ол міндетті түрде үлкен дүние 

жасау емес. Ал қазақ халқымыз «біреуге 

пайдаң тимесе, зияның  да  тимесін» 

деген. Ең болмағанда, зияным тимесін 

деп өмір сүруіміз керек. Сонда ғана 

біз  әрі  беделді,  өз  мақсатына  жете 

алатын  қоғамның  бір  мүшесі  бола 

аламыз.  Бүгінгі  таңда  жемқорлық 

біздің елде ғана емес, әлемдік деңгейде 

адамзаттың ішін шірітіп жатқан дерт. 

Яғни үлкен қазандыққа, мемлекеттің 

ортақ қазандығына қол салу - үлкен 

ұрлық.  Біле  тұра,  барша  халықтың 

үлесі бар дүниеге қол салу - зұлмат 

күнәлардың бірі. Оның қасіреті өте 

ауыр. Бүгінгі таңда қаншама залалдарын 

көріп жүрміз. Сол қасіреттің кесірінен 

бүгінгі таңда қаншама адам отбасынан 

айырылып немесе істі болып жатыр. 

Әр адам баласы осыны ойлауы керек. 

Бұның астарында үлкен мән жатыр. 

Мәселен, балаларың бірдеңені бүлдіріп 

қойғаннан кейін оған ұрысудың түк 

пайдасы жоқ. Алдын ала тәрбиелесе, ол 

көбіне нәтижелі болар еді. Мемлекеттің 

қолға алған осы ісі құптарлық. «Бәрі 

алып  жатыр  ғой,  өмір  сүріп  жатыр 

ғой» деп бейқам жүру бүгінгі уақытта 

үйреншікті әдетке айналғаны жасырын 

емес. Халықтың ішіндегі ең сорақысы, 

ең  бұзақысы  солар  деген  қөзқарас 

қалыптасса, жемқорлықтың түбіне жетер 

күннің де ауылы алыс емес. Қоғамына, 

халыққа, қала берді ұрпағын зардапқа 

душар еткізбес үшін кез келген адам ба-



Белсенділер 

марапатталды

 

„

тарМпИ-де 



Халықаралық сыбайлас 

жемқорлықпен күрес 

күніне орай дөңгелек 

үстел өтіп, жиында 

жемқорлыққа қарсы 

күресуде белсенділік 

танытып жүрген бірқатар 

азаматтар марапат 

төрінен көрінді.

асылы ӘДІЛ

Шараны ҚР Мемлекеттік қызмет істер 

және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-

қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойын-

ша департаменті ұйымдастырды. Басқосуда 

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 

сарабдал саясатының арқасында, сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне 

ерекше назар аударылып келе жатқандығы 

айтылды.   

 Бүгінгі таңда ҚР Мемлекеттік қызмет 

істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы 

іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлықпен 

күресуде жаңа бағыт алды. Агенттіктің                                                                                                                 

баст амасымен  қоғамдық  пікір 

көшбасшылары  мен  үкіметтік  емес 

ұйымдармен бірлесе отырып сыбайлас 

жемқорлықтың кез келген көріністеріне 

төзбеушілік жағдайын және қоғамда сы-

байлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті 

қалыптастыру  мәселелері  бойынша 

ынтымақтастық туралы Ашық келісім 

әзірленген болатын. Сондай-ақ отырыс 

барысында  сыбайлас  жемқорлықпен 

күресуде өзге де органдардың, азаматтық 

институттардың жұмыстары туралы да 

талқыланды. Ал отырыс соңында сыбай-

лас жемқорлықпен күресудің ашықтығын 

қамтамасыз ету аясында бұқаралық ақпарат 

құралдарымен жүйелі түрде жүргізілген 

жұмыстардың нәтижесінде республикалық 

басылымдардың бірқатар журналистеріне 

Агенттік Төрағасы Қайрат Қожамжаровтың 

Алғыс  хаттары  және  Департамент 

басшылығы тарапынан осы бағытта белсене 

жұмыс атқарған бірқатар азаматтарға Алғыс 

хаттар тапсырылды. 

біліктіліктері шыңдалды. 

 

ласы адал өмір сүруге барын салуы қажет.



 

Мекемтас МЫРЗАХМЕТҰЛЫ,

Филология ғылымдарының докто-

ры, профессор:

- Бұл дертті ешкім зорлап қойдыра 

алмайды. Қазір дүниетаным өзгерді. 

Материализм, модернизм төңкерістері 

жалған болып шықты. Сондықтан қазіргі 

таңда жүрегінде иманы бар адам ғана 

жемқорлық әрекетіне бармайды. Яғни 

адамзатты имандылыққа алып келу керек. 

Сонда ғана парақорлықтан құтыламыз. 

Жемқор адамның өзі имандылыққа барса, 

ол ешқашан ондай әрекетке екінші рет 

бармайды. Бірақ қазір қоғамдық ғылымға 

ешкім мән бермейді. Технократтарға ғана 

мән береді. Олар мал табады, жақсы, 

бірақ оларда адамгершілік болмайды. 

XII ғасырда Ахмет Яссауидің өзі «ілім 

екеу дүр, жан ғалымы, тән ғалымы. Жан 

ғалымы ғазыретіне жақын тұрады, тән 

ғалымы  нәпсі пұшып қалады дүр» деп 

айтқаны  бар.  Қазіргі  жемқорлардың 

барлығы сол нәпсі пұшып қалатындар. 

Ал олардың көбінде иман, сенім жоқ. 

Мәселен,  Еуропа  елдері  ешнәрсеге 

сенбейді. Себебі жүректерінде иман жоқ. 

Ал біз бұл індеттен құтылу үшін жүректі 

иманға бұруымыз қажет. Бұның бір ғана 

жолы осы.

Дайындаған 

Нұржан СЕрІКХаНҰЛЫ


әлеумет

9

//   «ЖАмбыл - ТАрАз»  //  №50 (1285), 9 ЖЕлТОҚСАН 2015 Жыл  //



ЖЕлтоқсанның ақИқаты

 

„

қалалық мәдениет үйінің кітапханасында «Желтоқсан ақиқаты» республикалық 



қБ төрағасы Жақсылық Жексембаевтың қатысуымен қаладағы желтоқсан 

жауқазындары бас қосқан мерекелік жиын өтті.

Бірлігі жарасқан орта

 

„

Биыл елімізде қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдық 



мерейтойы кең көлемде аталып өтуде. татулық, бірлік, келісім - кез 

келген ел үшін  ең асыл іс. қазақстан тәуелсіздік алғалы бері осы ұранды 

ту етіп келеді. достық үйінде облыстық М.қашқари атындағы ұйғыр этно-

мәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен  «көп ұлтты қазақстан: болашағы 

мен даму бағыты» атты конференция өтті. 

Индира БаЙҚОНЫС

О н ы ң   ж ұ м ы с ы н а   Ж а м -

был  облыстық  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясы  хатшылығының 

меңгерушісі  Л.Лысова,  облыстық 

ұйғыр  этно-мәдени  орталығының 

төрайымы М.Турдиева, мемлекеттік 

мекемелердің басшылары, аудандағы 

ұйғыр этно-мәдени орталықтарының 

жетекшілері қатысты.

Жиынды  ашып,  жүргізген 

М.Турдиева орталықтың қызметіне 

жан-жақты  тоқталып,  Қазақстан 

халқы  Ассамблеясы  жылында 

атқарған іс-шаралар туралы баяндап 

берді. 


-  Биыл  еліміз  үшін  мерейлі 

жыл  болды.  Отандастарымыз 

Ұлы  Жеңістің  70  жылдығын, 

Конституцияның  20  жылдығын, 

Қазақ хандығының 550 жылдығын, 

Қазақстан халқы Ассамблеясының 

20 жылдығын кең көлемде атап өтті. 

Бүгінгі таңда орталыққта 610 адам 

мүше. Елбасының сарабдал саяса-

тын ел ішіне насихаттауда, халықтар 

арасындағы  достықты  нығайтуда  

біздің  орталық  аянбай  тер  төгіп 

келеді,-деді ол.        

Ал  Л.Лысова    ұлтаралық 

келісімді  нығайтуда  ұйғыр  этно-

Нұржан СЕрІКХаНҰЛЫ

29 жыл бұрын елім деп еміреніп, 

жерім деп тебіреніп, азаттықты аңсаған 

алаштың жанына аяздай батқан сол шақта 

үш жүз жыл бойы ата-бабалардың ама-

натын бойтұмар етіп, бас көтерген 16-17 

жастағы жастар, ел ертеңі үшін жанын 

пида етуден де тайынған жоқ. 1986 жылғы 

Желтоқсан  оқиғасы  қазақтың  басын 

біріктіріп, бір жұдырыққа жұмылдырған 

бақытты да қайғылы күн еді. Желтоқсан 

жаңғырығы көзден де, көңілден де кетер 

емес. Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба 

түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, 

халықтың ар-намысы таразыға салынған 

сын сағатта дүлей күшке қаймықпай 

қарсы шыққан жастардың ерен еңбегі 

ұрпақтан-ұрпаққа үлгі. Бұл оқиға дүниені 

дүр сілкіндірді. 

Әрине, тәуелсіздік бізге аспаннан 

түскен жоқ. Ауыр сындар мен ерен ерліктің 

арқасында елдің еншісіне бұйырды. Бұл 

мәңгілік ақиқат. Сол кезді өз көзімен 

көріп, сол аты шулы көтеріліске қатысқан 

азаматтар арамызда жүр. Бүгінде әр салада 

еңбек етіп, ел ағасы атанып жүргендері 

де бар. Тәуелсіздік күніне орай Алматы 

қаласынан республикалық «Желтоқсан 

ақиқаты»  ҚБ  мүшелері  Тараздағы 

желтоқсаншылармен бас қосып, мереке-

ге орай Желтоқсан куәліктерін табыс етті. 

Басқосуды республикалық «Желтоқсан 

ақиқаты»  ҚБ  Тараз  қаласы  бойынша 

төрағасы Санат Қонарбаев ашып, жүргізіп 

отырды. 

-  Бұл біздің екінші рет кездесуіміз. 

Қазақ  хандығының  550  жылдығында 

алғаш  рет  жолығысып,  халық  үшін 

қабырғасы  сөгілген  азаматтармен 

айтулы күннің астарлы сыры. 

  Суреттерді түсірген В.Алсуфьев

қауышқан едік. Бізге дейін алты ұйым 

болған. Олардың барлығы да Үкіметтің 

жарғысымен  ақталған  азаматтар.  Ал 

қудаланып  кеткендерді  ешкім  іздеп 

жатқан жоқ. Осындай азаматтарға қолдау 

білдіру мақсатында Желтоқсанның 20 

жылдығында қоғамдық бірлестікті құрған 

едік. Мақсат – Желтоқсанның ақиқатын 

анықтау.  Ақталғандарға  заң  жүзінде 

арнайы куәлік беріледі. Ол куәлікті алған 

азаматтар мемлекет тарапынан ҚР Заңында 

белгіленген жеңілдіктерді алуға толық 

құқығы бар,-дейді «Желтоқсан ақиқаты» 

ҚБ төрағасы Жақсылық Жексембаев.

Желтоқсанның сонау ызғарлы күнінде 

алаулап алаңға шығып, қаза тапқандардың 

санында  қисап  жоқ.  Ол  қара  тізімді 

ешкім де білмейді екен. Ел ұрпағының 

тағдыры сынға түскен сәттен сыр шерт-

кен «Желтоқсан» зерттеу орталығының 

жетекшісі  Шырын  Өсер  алманиялық 

журналистердің материалдарынан алынған 

сол  кездегі  құжаттама  деректерінен 

айғақтарды  атап  өтті.  Мәселен  оның 

айтуынша, желтоқсан айында  бекітілген 

құжаттамада Қазақстанның тоғыз облысын 

бөліп жіберуге дейін де әрекеттер жасалған 

екен.  «Ол  кездегі  сорақы  саясаттың 

мақсаты бір ұлтты бір ұлтқа қарсы қою 

еді. Біз алаңға шыққанда бейбіт шықтық, 

ешқандай ұлтқа қарсы шыққан жоқпыз. 

Тек сол кездегі режимнің терістігіне на-

разы болдық. Тарихтан білесіздер, кезінде 

Жұмабек Тәшенов ағамыз Қазақстанның 

бес өңірін ешкімге бермей, алып қалған. 

Кейін  тоғыз  облысты  алып  қоюға  да 

әрекеттер жасалды. Солтүстік Қазақстанды 

Ресейге қосу, Шымкентті Өзбекстанға беру 

сынды арам пиғылдар айтылды. Бес об-

лыста нанымыз, үш облыста мұнайымыз, 

тарихымыз кетіп бара жатты. Ал тарих пен 

наның, индустрия кетсе, қалай ел болатын 

едік? Автономия болуға да жарамай қалар 

едік қой» - дейді Шырын Әжіқызы. Бұдан 

әрі республикалық бірлестіктің комиссия 

жетекшісі Ұлбосын Сейітқазиева мен 

Алматы облыстық филиалының төрағасы 

Болат Құрымбаев та атаулы күннің аста-

рында жатқан деректермен бөлісті. Өз 

кезегінде тараздық желтоқсаншылар да 

естен кетпес естеліктерін айтып, салмақты 

жиында сыр тарқатты. Жиын соңында 

12 желтоқсаншыға мереке қарсаңында 

Желтоқсан куәліктері табысталды. 

мәдени орталығының қосып отырған 

сүбелі үлесін тілге тиек етіп, өзінің 

жоғары бағасын бере келе, ҚР  еңбек 

сіңірген әртісі Рабиға Мамедованы 

арнайы төсбелгімен марапаттады.  

- Ассамблея жылын жемісті аяқтап 

отырмыз. Қоғамдық институттың ел 

үшін атқарған ісін халық арасында на-

сихаттап, мән-маңызын ашып көрсету 

басты назарға алынды. Этносаралық 

қатынас,  ынтымақ  пен  келісім 

тұрғысында Ассамблеяның алар орны 

айшықталды,-деді Л.Лысова.  

Мұнан  кейін  конференцияға 

қатысқан  мәртебелі  меймандар 

аталған орталықтың атқарып отырған 

жұмысына ризашылықтарын білдіріп, 

оның жетекшісі М.Турдиеваның әрбір 

салада белсенділік танытып жүргені 

үшін де ыстық ықыластарын жеткізді.

Өз кезегінде, Мухабат Турдиева 

шығармашыл  балалар  арасында 

ұйымдастырылған бірқатар байқаудың 

жеңімпаздарын  марапаттап,  сый-

сияпаттарын ұсынды. Сондай-ақ ол 

Қ.Сармолдаев атындағы №1 Балалар 

үйінің тәрбиеленушілеріне өз тарту-

таралғысын табыс етті.  

  Әр  бірлестіктің  емін-еркін 

жұмыс істеп, ойлаған игі бастамала-

рын жүзеге асыруына мемлекет тара-

пынан қолдау зор. Әрбір өзге этнос 

өкілі баршаның баласын қанатының 

астына  алып,  қамқорлық  танытып 

отырған Қазақстандай ел жоқ екенін 

тілге тиек етті ол.   

мақсат - ортақ, бірлігіміз - бекем. 

  Суретті түсірген О.Макарова

Мерекенің тарихын таныды

 

„

қр тұңғыш президенті күніне орай тараз 



қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және 

әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мүмкіндігі 

шектеулі балаларға мерекелік шара өткізді.

Мекемеге қарасты Балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімше есебінде 

қызмет алушы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған іс-шара облыстық балалар 

мен жасөспірімдер кіпатханасында атап өтілді. Мерекелік іс-шараға 25 қызмет 

алушы мүгедек бала қатысты. Оларға бұл мерекенің тарихы, Елбасының көрнекті 

еңбектері мен қызметтік еңбек жолы туралы слайд пен кітаптар көрсетілді. Ба-

лалар да Отан, Астана тақырыбында және Елбасы туралы өлең жолдарын оқып, 

өз өнерлерін көрсетті. Ал жас ақын Дания Доминова ел Президентіне арналған 

шығармаларын оқыды. Кітапхана ғимаратының өзі мүмкіндігі шектеулі азамат-

тарды қабылдауға барлық жағдайларын (пандус) жасау мақсатында үлгі боларлық 

ғимараттың бірі. Кітапхана тарапынан мүмкіндігі шектеулі балалардың үйлеріне 

барып, оларды қажетті кітаптармен қамтамасыз ету жұмыстары да жүргізіліп 

келеді. Осындай іс-шаралар еліміздің және Елбасының жеткен жетістіктері 

туралы мәлімет беріп, балалардың бойында патриоттық рухты, Отанына және 

туған қаласына деген сүйіспеншілікті оятатынына сеніміміз мол. Тараз қаласы 

әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік 

қызметкерлері облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұжымына 

бірлесіп атқарылған жұмыстары үшін үлкен алғысын білдірді.



Жанар ЖОЛДЫБаЕВа,

Тараз қаласы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік 

бағдарламалар бөлімінің бөлімше меңгерушісі

10

//   «ЖАмбыл - ТАрАз»  //  №50 (1285), 9 ЖЕлТОҚСАН   2015 Жыл  //

алуаН

Жеңіс үшін талас. 



    Суретті түсірген В.Алсуфьев 

 

„

тараз қаласындағы 



И.панфилов атындағы 

№39 мектеп-гимназияның 

9 «Б» сынып оқушысы 

зарема қасымжанова 

2000 жылы 25 тамызда 

алматы қаласында дүниеге 

келген. кәмелеттік жасқа 

толмаған жасөспірім туу 

туралы куәлігін туылған 

күнінен бастап, отбасылық 

себептерге байланысты 

ала алмай келген болатын. 

Жақында  Зарема  №39  мектеп-

гимназия директоры Зәуре Ботабаева, 

Тараз қаласы әкімі аппаратының АХАТ 

бөлімшесінің  басшысы  Бахытнұр 

Тлеубекқызы,    АХАТ  бөлімшесінің 

бас  маманы    Ербол  Назаров,  Тараз 

қаласы прокурорының аға көмекшісі, 

№7 мобильді топ жетекшісі Жамбыл 

Молдабаевтың араласуымен туу туралы 

куәлігін қолына алды. Осы азаматтарға 

алғыс білдіреміз.

Зареманың қазіргі тегі Мадемарова 

болып өзгертілді. Зарема Мадемарова 

өз басын растайтын туу туралы куәлігін 

алғанда, ерекше қуанышқа бөленді.



Марат ТҰрЫСБЕКОВ,

№ 39 мектеп-гимназия 

директорының

құқықтық тәрбие ісі жөніндегі 

орынбасары.

құжатын 

рәсімдеп берді

Бір атаның Балалары  алаңда

 

„

 республикалық «Sport» 



және «спорт» газеттерін  

ұзақ жыл басқарған 

танымал спорт журналисі 

несіп Жүнісбайұлының 

ұйымдастыруымен жыл 

сайын отбасылық командалар 

арасында футболдан «Бір 

атаның балалары футбол 

ойнайды» деген  айдармен 

турнир өткізіліп келеді.  Биылғы 

жылы тараз төрінде өткен 

жарысқа еліміздің әр аймағынан 

32 команда қатысты. 

Индира БаЙҚОНЫС

Спорттық шараның ашылу салтанатына 

облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат 

Орынбеков  қатысып,  жарысқа  қатысушы 

командаларға сәттілік тіледі.

Үш күнге созылған турнир  «Олимпик» 

және «Қазфосфат» ЖШС  спорт кешенінде 

өтті. Доп додасында  Қордай ауданынан кел-

ген  Сәрсембаевтар отбасының мерейі үстем 

болды.


Бұл  турнирдің  тұңғыш  жеңімпаздары 

Көкеевтер  әулеті  де  алаңға  шықты.  Сегіз 

топқа бөлінген командалар айналым жүйесі 

бойынша бәсекеге түсіп, 1\8 финалға шығатын 

командаларды анықтады. Одан кейін ширек, 

содан  соң  жартылай  финалдың  ойындары 

өтті.    Үздік  төрт  команданың  қатарынан 

көрінген  қордайлық  Сәрсембаевтар  әулеті  

финалда Көкеевтермен кездесті. Бұл ойын-

да  қордайлықтар    жеңіске  жетсе,  Алматы 

облысының  намысын  қорғаған  Көкеевтер  

командасы 2-ші орыннан көрінді. Жүлделі 

үшінші орын  жерлестеріміз Отар ауылының 

тұрғындары  Жақсылықовтарға  бұйырса, 

төртінші орынды  Алматы облысы, Ұзынағаш 

ауданынан келген  Иманбековтер еншіледі.  

С о н д а й - а қ ,     т у р н и р д і ң   ү з д і к 

ойыншыларының есімдері де белгілі болды.  

Мәселен, ең жас ойыншы  Фархат Дамир  10 

жаста (Терлікбаевтар әулеті),  ең жасы үлкен 

ойыншы  Әзімбек Тлешев 64 жаста (Тлешевтер 

әулеті),  турнирдің үздік ойыншысы  Әлішер 

Сүлей (Сулеевтер әулеті) болып танылды. 

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер және 

үздік ойыншылар Жамбыл облысы әкімдігінің 

дене шынықтыру және спорт басқармасының 

Кубоктарымен, медальдерімен және турнир 

демеушілерінің бағалы сыйлықтарымен ма-

рапатталды. 

-  Жанұялық  футбол  шарты  қызық  әрі 

маңызды. Өйткені бұл жарыс шарты бойын-

ша бір командада бір ғана атаның балалары 

ойнай алады. Бұл, біріншіден, отбасында са-

лауатты өмір салтын орнықтырса, екіншіден, 

патриоттық сезімге тәрбиелейді, татулыққа 

баулиды,-деді ардагер спорт журналисі Несіп 

Жүнісбайұлы.  


айНа

11

//   «ЖАмбыл - ТАрАз»  //  №50 (1285), 9 ЖЕлТОҚСАН 2015 Жыл  //



сЕн сұлусың, қазақ қызы!

 

„

ай дидарлы, күн нұрлы арулардың әсемдігі мен нәзіктігі, өнері мен 



өресі, талдырмаш мүсініне үйлескен жүріс-тұрысы сын тезіне түсер 

сәт жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Биыл да М.Х. дулати 

атындағы тарМу-да «тарМу аруы-2015» байқауы өтті.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Сән мен сұлулық сынға түскен сайысты    М. Х. Дулати 

атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры, педагогика 

ғылымдарының докторы, профессор Сарыбеков Махметғали 

Нұрғалиұлы ақ тілегімен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Нәзіктік  салтанат  құрып,  жылылық  жарасым  тапқан  алаңда  

Тараз өнерпаздары «Ясмин», «Асылай» топтары мен «Арай» 

ансамблі, «Евразия» дуэті мен «Tarsu. кz»,  «Дива» бишілер тобы 

өз өнерлерін көпшілікке кезектесе тарту етті.

Байқаудың  алғашқы  кезеңін      «RED  STYLE»  коктейль 

көйлектер үлгісінде киінген арулар ортаға шығып, олардың аяқ 

алысы мен жүріс-тұрысы, тал бойының мінсіздігі талқыланды.Ал 

әрбір қатысушының шығармашылық деңгейін анықтау мақсатында 

ел арасында «қырық жанды, қырық шырақты» атауын алған 

нәзік жандылар екінші кезеңде өздерінің өнерден кенде еместігін 

дәлелдеп бақты. Үшінші кезең кешкі сән көйлектеріне берілді. 

Жарысқа қатысушы қыздарға факультеттер атынан плазмалық 

теледидар, қысқа толқынды пеш, мультипісіргіш (мультивар-

ка)  сыйға тартылды. Конкурстың қорытындысында қазылар  

алқасына сұлулық аруын таңдау оңайға түспеді. Дегенмен, сын 

сағатында  қабілет-қарымымен ерекше көзге түсіп, қатарынан 

оқ  бойы  озық  шыққандар  әділ  бағаланды.  Атап  айтқанда, 

«Көрермендер  көзайымы»  номинациясын  «Гуманитарлық-

әлеуметтік ғылымдар» факультетінің студенті Жанерке Серікова, 

«Кербез ару» номинациясын  «Технологиялық» факультетінің 

студенті  Ләззат Исаева, «Өзгешелік аруы» номинациясын «Су 

шаруашылығы» факультетінің студенті Мерейлім Темірханқызы 

«Сүйкімді ару» номинациясын «Заң» факультетінің студенті 

Балнұр Жұмабаева иеленіп, «Сымбатты ару» номинациясына 

Асыл Жексебек ие болды. «Екінші вице-мисс–2015» атағын 

«Экономика  және  бизнес»  факультетінің  студенті  Сабина                                                                     

Абдумуталипова  жеңіп  алса,  «Бірінші  вице-мисс  –2015»  

жүлдегері «Ақпараттық технологиялар» факультетінің студенті 

Адель Рсанова атанды. «Экономика және бизнес» факультетінің 

студенті    Алима    Делебаева  «Мисс  ТарМУ  –2015»    атағын 

иемденді. Университет ректорының шешімімен  «Мисс ТарМУ– 

2015»  аруына 100 000 теңге, вице -мисс атанған қос аруға 75 

000 теңгеден, басқа аталымдағы қыздардың барлығына 50 000 

теңгеден ақшалай   сыйлық табысталды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет