2015 жыл, сәрсенбі


„ қалалық мәдениет үйінде өткен «Hұp отан» партиясы «қазақстан. 2017



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата06.03.2017
өлшемі5,15 Mb.
#7790
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

„

қалалық мәдениет үйінде өткен «Hұp отан» партиясы «қазақстан. 2017 



мақсаттары. ұлттық ic-қимыл жоспары» сайлауалды тұғырнамасын іске асыру 

жөніндегі аймақтық жоспардың орындалу барысы талқыланды.

тұғырнаМаның орындалуы қарқынды

Ерман ӘБДИЕВ

Алқалы  басқосуда  негізгі  ха-

барламаны облыс әкімі, партияның 

облыстық  филиалының  төрағасы 

Кәрім Көкрекбаев жасады.

-    «Hұp  Отан»  партиясының 

«Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық 

ic-қимыл  жоспары»  Сайлауал-

ды тұғырнамасы- партия төрағасы 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 

басшылығымен  еліміздің  негізгі 

даму бағыттары айқындалған саяси 

құжат және  партияның ел алдына 

қойған биік межесі. Аталған кезеңде 

«Жұмыспен қамту және тұрғындар та-

бысы», «Мемлекеттік басқару жүйесі», 

«Әйелдерді қолдау», «Білім және 

ғылым», «Жастарды қолдау», «Шағын 

және  орта  кәсіпкерлікті  қолдау», 

«Ұлт  денсаулығы»  бағытындағы 

сарапшы топтарының белсенділік 

танытқанын айта кету керек. Оларға 

түскен  нақты  ұсыныстар  тиісті 

мемлекеттік және де басқа құзырлы 

органдарға жіберіліп, шешімдерін та-

уып отырды. Партияның Сайлауалды 

тұғырнамасында қамтылған 12 бағыт 

бойынша192 мақсатты индикатор мен 

77 нәтиже енгізілген. Сол мақсатты 

индикаторлардың173-і орындалып 

отыр. Аймақтық жоспар қабылданғалы 

бері  мерзімде  жоспардың  негізгі 

тармақтарына қатысты индикаторлық 

көрсеткіштері  90  пайызға  орын-

далды. Атап айтқанда, «Білім және 

ғылым – табысты болашақтың негізі» 

атты бірінші тармаққа сәйкес 3-6 

жас аралығындағы балалардың  73 

пайызын мектепке дейінгі тәрбиемен 

және оқытумен қамту жоспары 75,0 

пайызды құрап (2012 жылы – 64,6% 

, 2013 ж.-67,6%, 2014 ж.- 70,7%,), 

индикаторлық көрсеткіш 1,5 пайызға 

артығымен орындалды. Ал, 2012 жыл-

мен салыстырсақ,  11,6%-ға артық. Об-

лыста 421 (255 балабақша – 36391 бала, 

166 шағын орталық – 8608 бала) мек-

тепке дейінгі білім мекемелерінде 45 

мың бала тәрбиеленуде. Мемлекеттік, 

жеке  меншік  әріптестік  негізінде 

37 (33 б/б, 4 ш/о) мектепке дейінгі 

білім мекемелері жұмыс істеп, онда 

3423    бала  тәрбиеленуде.  Бүгінгі 

күнде облыстың білім мекемелерінде 

5-6 жастағы балалар  мектепалды 

дайындықпен 100% қамтылған. 2012-

2014 жылдар аралығында 77 мек-

тепке дейінгі білім мекемесі ашылса 

(58 балабақша, 19 шағын орталық), 

биылғы жылы 14 мекеме ашылды (9 

балабақша, 5 шағын орталық).Сай-

лауалды тұғырнамада мемлекеттік 

балабақшалармен қатар, жеке меншік 

мектепке дейінгі ұйымдар санын арт-

тыру көзделген.  Бұл көрсеткіш шағын 

және орта бизнес субъектілерінің 

үлес қосуының нәтижесінде 6 есе 

артық орындалды.Үш ауысымды және 

апатты жағдайдағы мектептерді жою  

– партия тұғырнамасының ең басты 

басымдықтарының бірі. 

 Елбасы тапсырмасына  сәйкес 

Сайлауалды тұғырнамада белгіленген 

техникалық және кәсіби білім беру кад-

рларын дайындауды дамыту бойынша 

жұмыстар жалғастырылуда. 2011 жылы 

кәсіптік- техникалық кадрлар даярлау 

жөнінде өңірлік Кеңес құрылған. Осы 

Кеңестің қолдауымен техникалық және 

кәсіптік білімді дамыту мақсатында об-

лыста жүйелі жұмыстар  атқарылуда. 

2014 жылы 4 колледж Дүниежүзілік 

даму банкінің грантына ие болды, 

республикалық  бюджет  есебінен 

Тараз қаласының «Арай» алқабында 

600 орындық колледж пайдалануға 

берілді. Ағымдағы жылдан бастап, 

Жамбыл политехникалық колледжі 

дуальды оқытудың эксперименттік 

алаңы болып бекітілді. 2015-2016 оқу 

жылында 27 колледжге 26 мамандық 

бойынша оқытудың дуальды жүйесі 

енгізіліп, оған 1464 оқушы қамтылды. 

Аймақтық тұғырнаманың «Ұлт 

денсаулығы  –  ел  қуаты»  тармағы 

бойынша тегін медициналық көмектің 

кепілді көлемі биыл 2012 жылмен 

салыстырғанда 50%-ға артып, 30 млрд.

теңгені құрады. Денсаулық сақтау 

саласындағы  маңызды  мәселенің 

бірі –халықты тегін дәрілік заттар-

мен қамтамасыз ету. Республикалық 

және жергілікті бюджет есебінен 61 

денсаулық сақтау нысаны ел игілігіне 

берілді.

  «Өңірлерді  дамыту  –  2020» 

бағдарламасының тұрғын үй бағыты 

бойынша үстіміздегі жылы 259 мың 

шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға 

беру жоспарланған. Бүгінде «Нұрлы 

жол» бағдарламасы аясында  ішкі 

кварталдық және магистралдық жылу 

желілерін ауыстыру бойынша 2016-

2020 жылдарға арналған кешенді 

жоспар  әзірленуде.  Партия  2017 

жылға қарай жұмыссыздық деңгейі 

5,4 пайызға дейін қысқарады деп 

жоспарлаған еді. Дегенмен, біз қазірдің 

өзінде 5 пайыздық деңгейге жетіп 

отырмыз. Халықты жұмыспен тұрақты 

әрі нәтижелі қамту, жұмыссыздықты 

қысқарту  үшін «Жұмыспен қамтудың 

жол картасы - 2020» бағдарламасын 

іске  асыру  барысы  партияның 

тұрақты  бақылауында. 2012-2015 

жылдары аралығында Бағдарламаны 

қаржыландыруға  18  млрд.теңге 

бөлінді. Бағдарламаға қатысқандар 

саны 29 мыңға жуық адамды құрады. 

Осы кезеңде барлығы 113 мыңнан аса 

адам жұмысқа орналастырылды.

Жұмыспен қамтудың белсенді 

түрлерін іске асыру нәтижесінде, 

ағымдағы жылдың 2-ші тоқсанында 

жұмыссыздық деңгейі 5,0-тен 4,9 

пайызға  төмендесе,  15-28  жас 

арасындағы жұмыссыздық деңгейі 

7,0-ден 4,9 пайызға  төмендеді (15-24 

жас арасында 4,7 пайыздан 4,8 пайызға 

өскен). Мәселен, «Кедергісіз келешек» 

жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі 

азаматтар үшін 5 рет бос жұмыс орын-

дар жәрмеңкесі өткізіліп, 571 адам 

жұмысқа орналасты. 

Құрметті әріптестер!Партияның 

Сайлауалды тұғырнамасында дамудың 

жаңа кезеңінің міндеттерін табысты 

іске асырудың басты шарты -ұлттың 

бірлігі мен тұтастығы. Қазіргі уақытта 

күллі әлемді дүрліктіріп жатқан Таяу 

Шығыстағы, Еуропадағы оқиғалар 

орын алып жатқанда, еліміз азаматтық 

бірегейлік пен халықтар дәстүрін 

сақтаудың үлгісін көрсетіп отырғаны 

өздеріңізге мәлім. Әлемде орын алып 

жатқан тұрақсыз жағдайға қарамастан, 

облысымыз жоспарлы түрде дамуда.  

Енді экономиканың секторларында 

қол жеткізілген деңгейді одан әрі 

ұлғайтуымыз керек. Елбасы Нұрсұлтан 

Әбішұлы  Назарбаев  үстіміздегі 

жылдың 30 қараша күнгі Қазақстан 

халқына «Қазақстан жаңа жаһандық 

нақты ахуалда: өсім, реформалар

даму» атты Жолдауында «Бүгінгі 

ахуал - біздің жетістіктерімізді сынға 

салып, елдігімізді шыңдай түсетін 

уақыт тезі. Жауапты сәтте бірлігімізді 

сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай 

тер төгуіміз керек. Біріміз бәріміз үшін, 

бәріміз біріміз үшін» деген қағиданы 

ұстанып, еңбек етуге тиіспіз!»  деп атап 

өтті. Партияның барлық ресурстарын 

осы мақсаттарды орындауға жұмсап, 

жамбылдықтардың хал-жағдайының 

төмендеп кетпеуіне баса назар ауда-

руымыз қажет, - деді аймақ басшы-

сы Кәрім Нәсбекұлы. Бұдан кейін 

жарыссөзге шыққандар қатарында Сая-

си кеңес мүшелері, облыс әкімдігі білім 

басқармасының басшысы Сұлушаш 

Құрманбекова, Тараз қаласының әкімі 

Нұржан Календеров, облыс әкімдігі 

денсаулық сақтау басқармасының 

басшысы Ерлан Масалимов, Қордай 

ауданының әкімі Қайрат Досаев және 

Қазақстандық салалық білім және 

ғылым қызметкерлері кәсіподағы Жам-

был облыстық ұйымының төрайымы 

Гүлсін Орынбаевалар салалар бой-

ынша   Сайлауалды тұғырнамадағы 

көрсеткіштердің орындалғандары 

бойынша хабарлама жасады. Саяси 

кеңес отырысының соңында қаулы 

қабылданып, айтылған ұсыныстар 

қаулыға енгізілді.



техникалық мамандар көкжиегі

 

„

қр президенті нұрсұлтан назарбаевтың «қазақстан 



жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» 

атты Жолдауын №13 тараз темір жол колледжінің  ұжымы 

ұйымшылдықпен тыңдады. 

Елбасының  жаңа  Жолдауы,  ондағы  әрбір 

тың идеялар, нақты бастамалар жүректің төрінен 

орын  алды.  Биылғы  бас  құжаттың  ерекшелігі 

жаһандық дағдарыстағы жағдайларға байланысты 

Президенттің аталған қиындықтардан шығудың 

нақты бес бағытын айқындап беруінде болды. 

«Біздің мақсатымыз елі бақытты, жері гүлденген 

қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік ел» 

етіп, әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына 

қосып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру. Біз 

бұл мақсатымызға міндетті түрде жетеміз» деді 

Елбасы. Сондай-ақ Ұлт көшбасшысы тәуелсіздік 

алғаннан бері 1300 денсаулық сақтау нысандары, 

1700 астам білім ошақтары салынғандығын атап 

өтті. Ал 2016 жылы бірінші қаңтардан бастап 

білім беру саласы қызметкерлерінің жалақысы 

29% дейін және  білімгерлердің шәкіртақысы да 

көтерілетіндігін жариялады.

«Жастар,  білімді,  еңбекқор,  белсенді 

болсаңдар,  шеберліктің  шыңына  жетесіңдер. 

Қазір  техникалық  мамандардың  ғылым  мен 

инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек 

еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника 

меңгерген адам озады. Бұның бәрі болашақ үшін 

жасалынған. Кезінде мен де жұмысшы киімін 

киюден бастадым, донна пеші от - жалынның 

жанында тұрдым. Үлгі алыңдар!» деген Елба-

сы  Нұрсұлтан  Назарбаев  жастарға  жұмысшы 

мамандығын белсенді меңгеру қажет екендігін 

баса  айтты.  Ендеше  Елбасының  стратегиясын 

жүзеге  асыруда,  әрбір  қазақстандық  болып 

атсалысуымыз  қажет.  Жолдауды  басшылыққа 

алып,  еңбек  етуге  шақырамын.  Бұл  Жолдау  – 

болашағымыздың жарқын болуына бастама және 

әрбір қазақстандықтың жүрегінен орын алаты-

нына сеніміміз мол. Тәуелсіз еліміздің болашағы 

білімді де  білікті жастар болғандықтан, оларға са-

палы білім , саналы тәрбие беру бағытында аянбай 

еңбек етеміз. Қала берді Елбасы айтқандай, 2017 

жылдан бастап кәсіптік-техникалық мамандық 

игергісі келгендер тегін оқумен қамтылады. Бұл 

өндірісі қарыштап дамыған, талай индустриялық 

бағдарламалардың  жүзеге  асуына  сеп  болар 

өндіріс ошақтарында маман тапшылығын бол-

дырмайды деген сөз. Сондықтан бұл бастамаға 

біздің №13 Тараз темір жол колледжінің де ұжымы 

белсене атсалысады деген сенімдемін.



Нұржан НҰраЛИЕВ,

№13 Тараз темір жол колледжінің 

директоры, Тараз қалалық 

мәслихатының депутаты

5

//   «ЖАмбыл - ТАрАз»  //  №50 (1285), 9 ЖЕлТОҚСАН 2015 Жыл  //

Жолдау

 

„

қала әкімдігінің мәжіліс залында Елбасы нұрсұлтан назарбаевтың 



«қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» 

Жолдауын талқылау бойынша қала активінің жиыны өтті.

дағдарысқа қарсы құЖат

Ерман ӘБДИЕВ

Жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары 

Елбасы Жолдауын қала аумағында түсіндіретін 

ақпараттық-насихаттық  топтың  жетекшісі                           

Бекболат  Орынбеков  қатысып,  оны  қала  әкімі 

Нұржан  Календеров  жүргізіп  отырды.  Алқалы 

жиында  хабарлама  жасаған  қала  әкімі  Нұржан                                                                                                    

Календеров  Мемлекет  басшысы  Жолдауда 

Қазақстанның  дағдарысқа  қарсы  7  мүмкіндігін 

атап  көрсеткендігін  алға  тартып,  осы  мақсатта 

атқарылатын жұмыстарға тоқталып өтті.

- «Біріншіден, индустриялық-инновациялық 

дамудың екінші бесжылдығы - шикізат ресурстарға 

тәуелсіз экономика құрудамыз. Екіншіден, «Нұрлы 

жол»  Мемлекеттік  инфрақұрылымдық  даму  

бағдарламасын  қабылдадық.  Үшіншіден,  «100 

нақты  қадам»  Ұлт  жоспарын  жүзеге  асыруда-

мыз. Оның аясында 2016 жылдың 1 қаңтарынан 

бастап 80-нен астам заң жұмыс істейтін болады. 

Төртіншіден, қажетті мемлекеттік қор мен алтын-

валюта резервін жинақтадық. Бесіншіден, мұнай 

бағасы  баррелі  30-ға  дейін  және  20  долларға 

дейін  төмендеген  жағдайларға  ойластырылған 

іс-қимылдар  нұсқасы  әзірленді.  Алтыншыдан, 

Қазақстанда  инновациялық-индустрияландыру 

шеңберінде құрылған экономиканың жаңа секторла-

ры экономикалық өсімнің драйверлеріне айналуда. 

Жетіншіден, қазақстандықтардың экономикалық 

мінез-құлықтары  өзгеруде.  Еңбек  өнімділігі  60 

пайыздан астамға артып отыр. Біздің халқымыз 

ешқашан бүгінгідей бақуатты тұрмыс кешіп көрген 

жоқ»  деген  Мемлекет басшысы бес жылда көптеген 

өңдеуші салалар өсім көрсетіп отырғанын, 800-ден 

астам индустриялық жобалар жүзеге асырылғанын, 

Тәуелсіздік алғаннан бері 1300-ден астам денсаулық 

сақтау нысаны мен 1700-ден астам білім беру ошағы 

салынғанын атап өтті.

Тараз қаласында соңғы бес жылда 34 мектепке 

дейінгі білім беру мекемесі ашылып, 1 мектеп, 9 

денсаулық сақтау нысаны салынды (3 аурухана, 1 

емхана, 1 перинаталдық орталық,  4 медициналық 

орталық),  олардың  барлығы  ең  соңғы  үлгідегі 

құралдармен  жабдықталды.  Қалада  үдемелі 

индустриялық-инновациялық дамуының бірінші 

кезеңінде 11 жоба пайдалануға берілді. Олардың 

жалпы құны шамамен 35,5 млрд. теңгені құрап, 

1861 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Сондай-ақ Жолдауда дағдарысқа қарсы және 

құрылымдық өзгерістердің  5 бағыты ұсынылды. 

Отандық қаржы секторын тұрақтандыруда  6 ірі 

қадамға тоқталды. Ұлттық қор қаржысы есебінен 

ұлттық валюта бағамын үздіксіз қолдау тәжірибесі 

бұдан былай болмайды. Ұлттық Банк орта мерзімді 

перспективада  инфляция  деңгейін  4%-ға  дейін 

төмендетіп, алдағы жылы Бірыңғай жинақтаушы 

зейнетақы  қорын  Ұлттық  банк  бақылауынан 

шығарып,  жеке  қазақстандық  немесе  шетелдік 

компаниялардың басқаруына берілмек. 

Мемлекет  басшысы  жаңа  әлеуметтік  сая-

сатты жария етті. Онда үш мәселеге баса назар 

аударылып  отыр.  Біріншісі,  халық  алдындағы 

барлық мемлекеттік-әлеуметтік міндеттемелерді  

қамтамасыз ету. Бұл жалақы төлеудің жаңа жүйесіне 

көшуге байланысты мемлекеттік қызметкерлердің 

жалақысын көтеру, мүмкіндігі шектеулі жандарға 

әлеуметтік  төлемдерді,  шәкіртақыны  арттыру. 

Алдағы жылдың 1 қаңтарынан денсаулық сақтау са-

ласы қызметкерлерінің еңбекақысы 28 пайызға дейін, 

білім беру саласы қызметкерлерінікі 29 пайызға 

және әлеуметтік қорғаудағы қызметкерлердікі  40 

пайызға дейін арттырылмақ. Сондай-ақ, 2016 жылы 

«Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің 

еңбекақысы 30 пайызға көбейетін болады. Алдағы 

жылы мүгедектігі мен асыраушысынан айырылуға 

ақпараттық топ таныстырылды. 

  Суретті түсірген Е.Пак

байланысты  әлеуметтік  жәрдемақылардың 

25  пайыздық  өсімі,  сондай-ақ  стипендиялар 

қамтамасыз етілмек. 2016 жылдың 1 қаңтарынан 

бастап,  инфляция  деңгейін  алдын  ала  отырып, 

ынтымақты зейнетақы 2 пайызға индекстелінетін 

болады. Екінші мәселе - атаулы әлеуметтік көмек 

бойынша    Үкіметке  үш  ай  ішінде  әлеуметтік 

қамсыздандыру жүйесін оңтайландыру жөнінде 

ұсыныс  енгізуді  тапсырды.  Үшіншісі,  атаулы 

әлеуметтік көмек көрсету барысындағы әлеуметтік 

әділеттіктің бұрмаланбауына назар аударылды. 

Келесі мәселе - халықты жұмыспен қамтамасыз 

ету. Елбасы Үкіметке 2016 жылдың 1-ші тоқсанының 

соңына дейін жұмыспен қамтудың жаңа жол карта-

сын әзірлеуді тапсырды. Елбасының айтуынша, бұл 

жаңа бағдарламада 2007-2009 жылдардағы тәжірибе 

қамтылуы  шарт.  Біздің  негізгі  мақсатымыз-   

«Мәңгілік ел» болу. Біз Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 

жасампаз Жолдауы міндеттерінің өңірде орында-

ларына үлкен сеніммен қараймыз. Баршаңызды 

Елбасы  Жолдауына  нақты  іспен  жауап  беріп, 

ерен еңбектің үлгісін көрсетуге шақырамын! – 

деді  Нұржан  Сәбитұлы.  Бұдан  соң  жарыссөзге 

шыққандар қатарында қала аумағында ақпараттық-

насихат жұмыстарын жүргізетін топ мүшелері, 

облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасы жанындағы 

ақпараттық-талдау орталығының маманы, белгілі 

жазушы  Елен  Әлімжан  осындай  жасампаздық 

жолда кешегі өткен жолымыздың да дара екендігіне 

тоқталды. «Елбасы «Мәңгілік Ел» идеясын текке 

айтып отырған жоқ. Күні кеше ғана Моңғол дала-

сынан «Мәңгілік тастың» көшірмесі Астана төріне 

әкеліп қойылды. Ол таста 70-80 таңба таңбаланған. 

Ғалымдар бүгінде сол таңбалардың 15-ін ғана ашып 

отыр. Яғни, осы тарихи тастың құпиясы біздің 

еліміздің «Мәңгілік Елге» айналу идеясының тым 

тереңде  жатқандығын  айшықтаса  керек.  Тіпті, 

осыдан 1,5 ғасыр бұрын Ұлытау етегінде бас қосқан 

тайпалардың келешекте «Ұлы дала еліне» айналу 

мақсатының терең мағыналы мәмлесін жеткізіп 

отыр» - деді ол. Ал Жамбыл облысы Кәсіпкерлер 

палатасының директоры Қарлығаш Аралбекова 

бүгінде аймақтағы кәсіпкерлерге - жасалып отырған 

қамқорлықтың, қолдаудың жаңа жолы жылдың 

бас құжатында ашық айтылғандығына тоқталды. 

«Бүгінде аймақта ірі кәсіпкерлермен қатар шағын 

және орта кәсіп иелері де өз істерін дөңгелетіп 

отыр. Тіпті олардың үлесі басым десем де бола-

ды.  Сондықтан,  кәсіпкерлерге  қолайлы  жағдай 

жасалу тетіктері аталмыш Жолдауда кең айтылды. 

Қала берді мүліктерін, ақшаларын жария етуде 

де көптеген жеңілдіктер болады кәсіпкерлерге»-  

деді  Қарлығаш  Әмірқызы.  Қала  әкімдігі  білім 

бөлімінің басшысы Гүлзия Заурбекова білім саласы 

бойынша атқарылған жұмыстарды баяндай келе, 

Жолдауда 2017 жылдан бастап кәсіптік-техникалық 

білімнің қолжетімділігі көптеген кәсіпорындарда 

мамандардың жетіспеушілігін толтыратындығына 

сенім білдірді. №2 қалалық аурухананың бөлім 

меңгерушісі  Дүниядар  Абдулаев  Жолдаудың 

негізгі басымдықтарына тоқталып: «Сіздер мен 

біздер  бейбіт  өмір  сүріп  отырмыз.  Ынтымағы 

жарасқан елдің тірлігі де жарасымды. Ал осындай 

бірлігі жарасқан ел Елбасының Жолдауындағы 

басымдықтарды жүзеге асыруда ынталы жұмыс 

атқарады. Өзім денсаулық сақтау саласының мама-

ны болғандықтан, Президентіміз айтқан саладағы 

сақтандыру шаралары әрбір азаматқа денсаулығын 

түзеуде емдеу мекемелеріне қолжетімділігін және 

таңдауын қанағаттандырады деп ойлаймын» - деді. 

Ал жиынды қорытындылаған Тараз қаласы бойын-

ша ақпараттық-насихаттық топ жетекшісі, облыс 

әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков 

жиналғандарға топ мүшелерін таныстырып, Жол-

дауды насихаттауда барша тараздықтар белсенділік 

танытуы керек екендігін атап өтті.



Әлеумет әлеуетінің көші

 

„

 «нұр отан» партиясы 



тараз қалалық филиалының  

ұйымдастыруымен №2 қарттар 

мен мүгедектер үйінде Мемлекет 

басшысының «қазақстан 

жаңа жаһандық ахуалда: өсім, 

реформалар,  даму» атты 

қазақстан халқына Жолдауы 

талқыланды.

Шынболат СЕЙДУаЛИЕВ

Жиынға Тараз қаласының әкімі Нұржан 

Календеров,  облыстық  туберкулезге  қарсы 

диспансердің дәрігерлері мен №2 Қарттар мен  

мүгедектер үйінің қызметкерлері, №54 және №26 

мектеп, №25 және №15 балабақша мұғалімдері, 

бастауыш  партия  ұйымдарының  мүшелері 

қатысты.  Шарада  «Облыстық  туберкулезге 

қарсы диспансері» бастауыш партия ұйымының 

төрағасы Қайрат Жетібаев Елбасы Жолдауындағы 

көзделген негізгі мақсат-міндеттерге тоқталып 

өтті.


- Елбасы Жолдауының қоғамда алатын орны 

және стратегиялық маңызы жоғары. Бұл құжатта 

еліміздің дамуы үшін алдымызға жаңа міндеттер 

қойылды. Сондай-ақ экономиканы нығайтудың, 

халықтың әл-ауқатын көтерудің жаңа кезеңі де 

айқындалды. Еліміз бүгінде бірлігі мызғымас 

кемел елге айналып отыр. Бұл жолы да Мемлекет 

басшысы өз Жолдауында халықты толғандырып 

жүрген мәселелерге мән беріп, ауқымды істерге 

ерекше тоқталды. «Бәріміз біріміз үшін, біріміз 

бәріміз үшін» деген қағиданы ұстанып еңбек 

етуге тиістіміз,-деді Қайрат Қыдырәліұлы. Со-

нымен қатар №2 Қарттар мен мүгедектер үйі 

директорының әлеуметтік жұмыстар жөніндегі 

орынбасары Райхан Сейдалимова мен Жамбыл 

облыстық Тері аурулары ауруханасының дәрігері 

Сабыр Пәмбетқұлов жарыссөзге шығып, биылғы 

Жолдаудың мән-маңызын ерекше атап өтіп, оны 

іске асыру барша халықтың міндеті екендігін 

жеткізді. 

Басқосудың  соңында  қорытынды  сөзді 

алған  Тараз  қаласының  әкімі  Нұржан                                                             

Календеров:  «Елбасының кезекті Жолдауын 

халыққа жеткізе насихаттап, ары қарай жан-

дандыруымыз керек. Күні кеше облыс әкімінің 

қатысуымен идеологиялық жұмыстар жөнінде 

актив өтті. Сонымен қатар бүгін өңіріміздің әр 

ауданына үгіт-насихаттық керуен жолға шықты. 

Олардың құрамында дәрігерлер де бар. Мұның 

барлығы  әрине  халық  үшін.  Бұл  жұмыстар 

қаламызда да басталды. Қазіргі таңда біріншіден, 

ақпараттық-насихаттық жұмысты жандандырып, 

жүргізуіміз керек. Одан кейін барып, сіздер мен 

біздер болып Жолдауда көрсетілген тапсырмалар-

ды орындауымыз керек» - деді.    

ой-пікірлер сараланды. 

  Суретті түсірген Ю.Ефимов


НҰрлы Жол

6

//   «ЖАмбыл - ТАрАз»  //  №50 (1285), 9 ЖЕлТОҚСАН   2015 Жыл  //



 

„

Халықпен жұмыстың тиімділігін 



арттыру мақсатында «нұр отан» 

партиясының Жедел желісі 7 

желтоқсаннан бастап іске қосылды. 

Желінің бірыңғай он бір сандық нөмірі-  

8 800 080 4441.

Енді  азаматтардың  Қазақстанның  кез  келген  нүктесінен 

тегін қоңырау шалуға мүмкіндігі бар (осы уақытқа дейін облыс 

орталықтарынан тек 59-78-50 нөміріне тегін хабарласуға болатын 

еді. Бұл желі 7 желтоқсаннан бастап өшірілді).

Жедел желінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі - жұма аралығында, 

сағат 8-ден 19-ға дейін. Жұмыс уақытынан тыс және демалыс 

күндері соғылған қоңыраулар жазылып отырады. Ешбір өтініш 

қараусыз қалмайды.

Сондай-ақ,  азаматтар  хабарламаларды  және  Whatsapp 

мессенджері арқылы сурет пен видеоны + 7 700 800 4441 нөміріне 

жібере алады.

Азаматтар жедел желімен:

1)  «Нұр Отан» партиясы мүшесінің Әдеп кодексін бұзғаны 

мен заңсыз әрекеттері, оның ішінде мемлекеттік органдағы лауа-

зымды тұлғалардың жемқорлық заң бұзушылықтары, бюджеттік 

қаржылардың,  оның ішінде «Нұрлы жол» бағдарламасына, сондай-

ақ,  басқа да мемлекеттік және салалық, өңірлік бағдарламаларға 

байланысты тиімсіз пайдаланылған деректері бойынша хабарлай 

алады;


2) азаматтар жеке мәселелері бойынша қабылдауға жазылып, 

өтініштердің қаралу барысын біліп, кеңес алып, мемлекеттік ор-

гандар қызметінің тиімділігін арттыру, заңнаманы жетілдіру т.б. 

бойынша ұсыныстар бере алады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет