2015 жыл, сәрсенбі



жүктеу 5.15 Mb.
Pdf просмотр
бет1/10
Дата06.03.2017
өлшемі5.15 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 №50 (1285)  9 желтоқсан

 

2015 жыл, сәрсенбі



www.z-taraz.kz

Үлкен ел –

үлкен отбасы 

Бүгін – Халықаралық 

сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы 

күрес күні

 

„



«Баласағұн» орталық 

концерт залында Қазақстан 

халқы Ассамблеясы 

жылы қорытындыланып, 

онда ҚР Мемлекеттік 

хатшысы Гүлшара 

Әбдіқалықова елдік 

шарада жамбылдықтардың 

жасампаз ісін атап өтті. 

  

 



„

Елімізде бұл күн 2004 

жылдан бастап жыл сайын 

аталып өтіледі. Қоғамның 

дертіне айналған сыбайлас 

жемқорлықпен күресуде 

Қазақстан өз моделін 

ұсынып отыр.  

 

2-бет.

 

8-бет.



 7-бет.

құрыш қолдар

 

„



Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, 

даму» Жолдауында «Қазақстанда жасалған әрбір бұйымда төрт қасиет - сапалы

ыңғайлы, әдемі және арзан болуы керек» деді. Осындай төрт қасиетке ие отандық 

өнім - алюминий радиаторларын шығаруды «Арайстроймаркет-2003» ЖШС-і қолға 

алған. Серіктестік директоры Арман Еділбаевтың ұстанымы - жергілікті мамандарды 

қолдау. Еңбек адамының мерейін тасытқан құрыш қолдар осындай ортада 

шыңдалады. 


 

„

Жамбыл өңіріне іссапармен келген қр Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова облыс 



орталығындағы «Баласағұн» орталық концерт залында өткен қазақстан халқы ассамблеясы жылының 

қорытындысына арналған «Үлкен Ел – Үлкен отбасы!» форумына қатысты. 

Шаңырақ


2

//   «ЖАмбыл - ТАрАз»  //  №50 (1285),  9 ЖЕлТОҚСАН 2015 Жыл  //



ҮлкЕн Ел – ҮлкЕн отБасы

Ерман ӘБДИЕВ

Шара алдымен аймақтағы өнерпаздардың 

достық пен бірлікті, ынтымақ пен татулықты 

насихаттаған концерттік бағдарламасымен 

бастау алды. Елдік шарада ҚР Мемлекеттік 

хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова құттықтау 

сөз сөйледі.

-  Құрметті форумға қатысушылар! Тарихы 

терең көне Тараз жерінде сіздермен бүгінгідей 

бірлік пен келісімнің іс-шарасында кездесіп 

отырғаныма  аса  қуаныштымын.  Жамбыл 

өңірі де жарасымды істердің ұйытқысы бо-

лып отырғаны анық. Жамбыл өңірі – берекелі 

мекен. Өңірде экономикалық және әлеуметтік 

шаралардың жүзеге асуы алдымен халықтың 

ынтымағы мен бірлігінде көрініс табуда. Ел-

басы Нұрсұлтан Назарбаев белгілеп берген 

«Бес институционалдық бағыттың» төртінші 

бағыты – бірегейлік пен бірлікті нығайтуда 

Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарып 

отырған жұмыстары көңіл қуантады. Ел бірлігін 

одан әрі нығайту мақсатында қазақстандық 

бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту 

ісінде, сондай-ақ ҚХА 2025 жылға дейінгі даму 

Тұжырымдамасы әзірленді. Бүгінгі кездесуіміз 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан 

халқына арнаған кезекті Жолдауынан кейін 

болып  тұр.  Ағымдағы  жылы  елімізде  ҚР 

Конституциясының және Қазақстан Халық 

Ассамблеясының 20 жылдығы кең көлемде 

аталып өтсе, Елбасының кезекті Жолдауы 

да мерейлі жиырмасыншы Жолдауы болды. 

Қазақстан халқы бұл жылдың бас құжатынан 

өмірдің барлық салаларына толық жауаптар ала 

алады. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың 

Қазақстан халқын «Мәңгілік елге» айналды-

ру идеясы – өміршең идея. Бұл идеяға жету 

жолы Жолдауда сан сала бойынша айтылды. 

Біздің мақсатымыз алдағы жылдары әлемнің 

дамыған  отыз  мемлекетінің  қатарына  ену. 

Елбасы  өз  сөзінде  жаһандық  дағдарыстан 

өту жолы – даму жолы екендігін ашық айтты. 

Дағдарыспен күресу жолы Елбасы ұстанған 

«Өсу, реформалар, даму» жолы. «Нұрлы жол» 

бағдарламасы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспа-

ры сынды бағдарламалар ел дамуының айқын 

жолы. Ағымдағы жылдың 30 қарашасында 

Қазақстан Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүше 

болды. Бұл Қазақстанды әлемнің өзге елдерінің 

алдында экономикалық әріптестік қадамының 

нық екенін дәлелдеді. Мұндай ірі қадамдарға 

баруымыз еліміздегі бірлік пен ынтымақтың 

көрінісі. ҚХА алдында тұрған           басты міндет 

-Елбасы Жолдауын жүзеге асыру. Ол әрбір 

қазақстандықтың, әрбір азаматтың парызы. 

Елбасы «Ұлы дала елінде» «Мәңгілік ел» орнату 

идеясын жүзеге асыруда. Бұл - бабалар аманаты, 

бұл - бүгінгі ұрпақтың арманы. Елбасы 2015 

жылды – «Қазақстан халқы Ассамблеясының 

жылы» деп текке жариялаған жоқ. Оның үстіне 

ағымдағы жылы ел аумағында бірнеше елдік ша-

ралар өтті. Оның қатарында Қазақ хандығының 

550, Ұлы Жеңістің 70, Конституцияның 20 

жылдығы өтті. Осы шаралардың бел ортасынан 

табылған қазақстандықтар бірліктің туын жыр 

етті. Ағымдағы жылы елімізде 33 мың елдік 

шаралар өтсе, оған тоғыз миллионға жуық 

қазақстандықтар қатысты. Қазақ хандығының 

550 жылдығы және ҚХА бастамасымен жүзеге 

асқан  «Ұлы  дала  елі»  экспедициясының 

қорытындылау  кезеңі  көне  Тараз  төрінде 

өтті.  Өздеріңіз  де  Қазақ  хандығының  550 

жылдығынан кейін көне шаһардың түрлене 

түскенін көріп отырсыздар. Бүгінде Жамбыл 

өңірінде 87 этнос өкілдері бір шаңырақтың 

астында тату-тәтті ғұмыр кешуде. 73 этно-

мәдени орталықтары жұмыс жасайды. ҚХА 

Жамбыл бөлімшесі биылғы жылы екі мыңға 

жуық  іс-шаралар  өткізіп,  оған  665  мың 

жамбылдық тартылған.Оның қатарында ҚХА 

ұйымдастырған «20 мейірімді іс!» акциясы ая-

сында 800-ге жуық іс-шара өтіп, оған 120 мың 

адам қатысты. Ұйғыр этно-мәдени орталығы 

жоғарыдағы акция барысында бес іс-шара 

өткізіп, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген және 

көп балалы отбасыларға 655 мың теңгеге көмек 

көрсетті.  Ғылыми-сараптама  орталығы  да 

мазмұнды жұмыстар жүргізіп, жыл барысын-

да 30 шақты ғылыми шаралар өткізді. Оның 

қатарында ҚХА 20 жылдығына орай «Тарих 

және бүгінгі заман» жинағы жарық көрді. Оны 

ғылыми-сараптама тобының мүшесі Бақтияр 

Алдашов пен Татьяна Журавлева жазып шықты. 

Сондай-ақ өңірде 17 қоғамдық келісім кеңестері 

жұмыс жасайды.

Құрметтің  қауым!  Елбасы  Нұрсұлтан 

Назарбаевтың  сындарлы  саясатын  жүзеге 

асыруда халықтың бірлігі мен ынтымағы зор 

рөл атқаратындығы анық. Сондықтан Жамбыл 

облысының басшылығына және Ассамблея 

мүшелеріне  өңірдегі  келісім  мен  бірлікті 

нығайтудағы  еңбектеріңізге  үлкен  алғыс 

білдіргім келеді. Баршаңызды алдағы келе 

жатқан еліміздегі ең ұлық мереке Тәуелсіздік 

күнімен шын жүректен құттықтаймын! - деді 

Гүлшара Наушақызы. Бұдан соң көпшілікті об-

лыс әкімі Кәрім Көкрекбаев құттықтады.

-  Биылғы жыл - еліміз үшін тарихи оқиғаларға 

толы жыл болды. Қазақстан халқы Ассамблея-

сы жылымен бірлесе келген Ұлы Жеңістің 70 

жылдығы, Ата Заңның 20 жылдығы және Қазақ 

хандығының 550 жылдығы сияқты айтулы 

мерекелер - Қазақ елі үшін мәні мен маңызы 

айрықша  зор  шаралар.  Ассамблея  жылы– 

этносаралық толеранттылық пен қоғамдық 

келісімнің «қазақстандық үлгісінің» салтанат 

құрған жылы  болды. Біз Ассамблеяның мерейін 

асыру арқылы Қазақстан халқының мызғымас 

бірлігі мен ынтымағын ұлықтай түстік. Біз 

Тәуелсіздігімізді, егемендігімізді, елдігімізді 

әлемге тағы бір паш еттік. Біз туған жеріміз - 

Ұлы Дала еліне деген ерекше сүйіспеншіліктің 

арқасында қол жеткізген жетістіктерімізді 

айшықтадық. Кез келген елдің тілегі де, оның 

арманы да -  халқының бейбітшілігі. Өйткені, 

бейбіт өмір өрлеу мен өркендеуге жол аша-

ды. Дана халқымыз «Байлық байлық емес, 

бірлік - байлық» деп бекер айтпаса керек. Елін 

ынтымаққа жетелеген Елбасымыздың да арма-

ны - Қазақстанды Мәңгілік ел ету.Ұлт лидері 

Тұңғыш Президент күні қарсаңында жариялаған 

Жолдауында «Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі 

мығым Мәңгілік ел болу үшін бізде бәрі бар. 

Тәуелсіздіктің  туын  желбіретіп,  тұғырын 

нығайтқан  біздің  тарих  алдында  жүзіміз 

жарқын! Біздің тірегіміз – Тәуелсіздік, тілегіміз– 

тұрақтылық, білегіміз– бірлік!» деп атап өтуі 

осының айғағы. Елбасы елімізді жан-жақты 

жаңғыртудың нақты бағыттарын айқындап, 

осынау жауапты кезеңде «біріміз бәріміз үшін, 

бәріміз біріміз үшін» қағидатын ұстана отырып, 

ел игілігіне тер төге еңбек етуге шақырды. Ал 

қасиетті  Әулиеата жері – қашан да достық 

пен ынтымақтың, өзара келісімнің  ордасы 

болған жер. Мұнда татулығы жарасқан, бірлігі 

ұласқан 80-нен астам этнос өкілдері өңірдің 

қарқынды дамуы жолында аянбай еңбек етуде. 

Осының бәрі - Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы 

Назарбаевтың сындарлы саясатының жемісі деп 

білеміз. Біз мұны мақтанышпен айта аламыз. 

Қазіргі күні Жолдауда қойылған міндеттердің 

іске асырылуына облыстық Қазақстан халқы 

Ассамблеясы тікелей атсалысуда. Бүгінгі шара 

барысында аймақтағы Ассамблея жұмысының 

дамуына белсенді түрде атсалысқан азамат-

тар – Федор Клименко, Рамзан Магомедов, 

Георгий Буюкиди, Светлана Чаутиной, Амир 

Халиковтерге және этно-мәдени бірлестіктердің 

жетекшілері – Махмутжон Давришев, Латиф 

Айдаров, Мухабат Турдыева,  Лели Узденова, 

Лариса Калкова, Галина Воробьева, Руслан 

Исмазовтарға алғысымды жеткізгім келеді. 

Сондай-ақ аймақта халықтар достығын наси-

хаттауда мыңдаған шақырымдарды жүріп өтіп, 

жергілікті тұрғындармен жылы жүздесулер 

ұйымдастыруда  өздерінің  азаматтығын 

танытқан ҚХА мүшелері, ҚХА мега-жобасы 

«Бейбітшілік  пен  келісім  жол  картасына» 

қатысушылар – «Вынхуа» Жамбыл облысы 

дүнгендер қауымдастығының вице-президенті 

Идрис Юнусов пен «Радонеж» орыс қоғамының 

мүшесі Антонина Беляеваны ерекше атап өткім 

келеді, - деді Кәрім Нәсбекұлы. Сондай-ақ об-

лыс әкімі ҚХА ұйымдастырған «20 ізгі іс!» 

әлеуметтік жобасына қатысушы бір топ этно-

мәдени орталық мүшелерін «Мейірімділігіңіз 

үшін»  естелік  сыйлығымен  марапаттады. 

Мұндай құрметке «Отау Групп» ЖШС дирек-

торы Қ.Молдасейітов, «Қазфосфат» ЖШС бас 

директоры М.Ескендіров, «Кардиохирургия 

және  трансплантация» ғылыми-клиникалық 

орталығы»  ЖШС  басшысы  С.Жошыбаев, 

ҚХА Жамбыл бөлімшесі аналар кеңесінің 

төрайымы М.Миржапова, «Kara-oil» ЖШС 

және    «Тараз  Көк  Су  Сервис»  ЖШС  ди-

ректоры Ж.Тоғызақов, «Мыңарал Тас Ком-

пани»  ЖШС  директоры  М.Бұлытай,  ҚХА 

Жамбыл  бөлімшесі  «Ақ  желкен»  жастар 

лигасының төрағасы З.Махусеев, «Кнауф Гипс 

Тараз» ЖШС директоры М.Бекназаров,«Altais 

Group» ЖШС директоры Ә.Жұмабаев, Луговой 

рельс дәнекерлеу кәсіпорнының директоры 

Қ.Терлікбаев, «Компания Марк» ЖШС дирек-

торы Н.Ким, «Наурызбай – К» ЖШС директоры 

Ә.Аубакирова, «Жуалы» механизацияланған 

ауыл шаруашылығы станциясының дирек-

торы Л.Оздамиров, «Жасұлан-Флора» ЖШС 

директоры м.а. Н.Анабеков,«Төлебаев» шаруа  

қожалығының төрағасы А.Төлебаев, М.Қашқари 

атындағы ұйғыр этно-мәдени бірлестігінің 

төрайымы М.Турдыевалар ие болды. Сондай-

ақ форумда сөз сөйлеген ҚХА төрағасының 

орынбасары, ҚР Президенті әкімшілігі ҚХА 

хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов 

жиналған көпшілікті құттықтап, Ассамблея 

жылында жарияланған бірқатар байқаулардың 

жеңімпаздарын марапаттады. 

Жасампаз жамбылдықтар. 

  Суреттерді түсірген В.Алсуфьев

тараз қалалық мәслихаты 

депутаттарының назарына!

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті  

мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару 

туралы» Заңының 10-бабының 3-тармағының 

негізінде,бесінші шақырылған Тараз қалалық 

мәслихатының  кезекті  қырық  сегізінші 

сессиясы қала әкімі аппаратының мәжіліс 

залында 2015 жылдың 23 желтоқсанында 

сағат  10.00-де  болады  деп,  Сіздердің 

назарларыңызға хабарлаймын.

 

Кезекті сессияның қарауына келесі мәселе  



ұсынылады:

1. 2016-2018 жылдарға арналған қалалық 

бюджет туралы.



2.  Тараз  қа ла лық  мәслихатының 

перспективалық жоспарын бекіту туралы.



3.  Бюджет  және  қаланың  әлеуметтік-

экономикалық  дамуы  жөніндегі  тұрақты 

комиссиясының  есебі.

4. Әр түрлі

Сессияда қаралатын мәселелерді қалалық 

мәслихат депутаттарымен алдын ала қарау 

2015  жылдың  22  желтоқсанында  сағат               

16-00-де өтеді.

Б.НарБаЕВ, 

Тараз қалалық мәслихатының хатшысы


қала-қарбалас

3

//   «ЖАмбыл - ТАрАз»  //  №50 (1285), 9 ЖЕлТОҚСАН 2015 Жыл  //



талап, тілек 

жауапсыз алмайды

 

„

«нұр отан» партиясы 



Жамбыл облыстық 

филиалының төрағасы, 

облыс әкімі кәрім 

көкрекбаев азаматтарды 

жеке мәселелері бойынша 

қабылдады. 

Шынболат СЕЙДУаЛИЕВ

Қоғамдық  қабылдауға  алғашқылардың 

бірі болып келген Тараз қаласының тұрғыны, 

«Союз  Чернобыль»  ҚҰ  төрағасы  Руслан 

Саржанов алдағы жылдың 26 сәуірінде Черно-

быль апатының жойылғанына 30 жыл толуына 

байланысты  мерекелік  шара  өткізуді,  сол 

апатты жоюға қатысушыларды марапаттап, 

оларға жеңілдіктер мен жәрдемақы қарастыру 

жайын қозғай келді. Мұнымен қоса, сол атал-

мыш датаға орай қаладан ескерткіш орнатып 

беруін де сұрады. Сондай-ақ ол Ауған соғысы, 

Чернобыль апатын жоюға қатысушылар мен 

Семей  ядролық    полигонында  зардап  шек-

кен азаматтар арасынан қалалық, облыстық 

мәслихат депутаттығына үміткер ұсынғысы 

келетіндігін  жеткізді.  Аталмыш  қоғамдық 

ұйымның төрағасы өзінің 2006 жылы тұрғын 

үй кезегіне тіркелгенімен, сол жылы кезектен 

шығарылып тасталғанын айтып, осы мәселені 

шешіп беруді де өтінді. Бұл азаматтың көтерген 

мәселесімен толықтай құлағдар болған аймақ 

басшысы  алдағы  жылы  аталынып  өтілетін 

Чернобыль  апатының  30  жылдығы  елеусіз 

қалмайтындығын, ал қалалық және облыстық 

мәслихат депутаттығына кандидат ұсынуын, 

бірақ оны халық шешетіндігін жеткізді. Ал 

тұрғын үй кезегі бойынша сала мамандары 

азаматтың ешқандай кезекке тұрмағандығын 

айта келе, қайтадан тұрғын үй кезегіне тұруына 

кеңес берді. Мұнан соң, жеке кәсіпкер Балакүл 

Махатованың «Көксай қазақ ауылы» бизнес 

жобасын жүзеге асыру мақсатында жобасын 

облыс  бойынша  көзделген  «Бизнестің  жол 

картасы-2020» бағдарламасына енгізу туралы 

ұсынысын тыңдаған Кәрім Нәсбекұлы аталған 

ұсынысты бірден қолдайтындығын баса айтты. 

Сонымен  қатар  Байзақ  ауданы,  Сарыкемер 

ауылының тұрғыны, оралман Шапай Таңатаров 

өзі тұратын ауылдың 16 көшесіндегі 200-ден 

астам тұрғын үйлердің жер телімдерін рәсімдеу 

туралы мәселесін шешіп беруді сұрай келіпті.

Және осы ауылдың тағы екі тұрғыны, оралман-

дар Таңатар Есалиев пен Жеткербай Мухамбетов 

2009 жылы қазіргі таңда өздері тұрып жатқан 

ауылдан жер телімдерін алып, үйлерін соғып 

алған. 2015 жылы «ИнтерГаз Орталық Азия» АҚ 

өз құбырымен тұрғын үй жер телімін тиісті  ара 

қашықтықты сақтамадыңдар деп оларды сотқа 

берген. Осы жайтқа орай тұрғындар  үйлерін 

бұзбай, өздерінің  жеке меншігіне аударуына 

ықпал етуін жеткізді. Партия төрағасы аталған  

мәселелерді  шешуді  Байзақ  ауданы  әкімі 

Мұратхан Шүкеевке тапсырды. 



ҮГіт пойызы Жолға шықты

 

„

Жамбыл 



вокзалынан 

Елбасының 

«қазақстан жаңа 

жаһандық нақты 

ахуалда: өсім, 

реформалар, 

даму»  Жолдауын 

түсіндіру үшін  

ақпараттық пойыз 

жолға шықты. 

Ерман ӘБДИЕВ

Аймақтағы бес ауданға аттанған 

пойыз екі бағытты ұстанып отыр. 

Ақпараттық-насихаттық  топты 

шығарып салуға вокзалға жиналған 

көпшіліктің алдында сөз сөйлеген 

облыс  әкімі  Кәрім  Көкрекбаев 

ш а р а н ы ң   м а ң ы з д ы л ы ғ ы н а 

тоқталды.

-  Біздің ендігі міндетіміз -Ел-

басы  ұстанымын  халыққа  дұрыс 

жеткізу. Кеше ғана ақпараттық және 

азық-түлік керуендері  аудандарға 

барып,  елмен  кездесіп  қайтты. 

Оның барысында 90-нан аса кез-

десу өткізіліп, 7 мыңға жуық адам 

қамтылды. Үш жыл қатарынан жолға 

шығып жүрген ақпараттық керуен, 

міне бүгін «Нұр Отан» партиясының 

бастамасымен,  теміржолшылар 

қолдауымен  өз    жұмысын 

жалғастырмақшы. Өңірде 15 мыңға 

жуық болат жолдың қызметкерлері 

жемісті еңбек етуде. Ал жылдың бас 

құжатын насихаттауда әулиеаталық 

теміржолшылар  да  өз  үлестерін 

қосатынына сенімдімін. Өйткені, 

Жамбыл жерін басып өтетін болат 

жолдың  бойында  тоқсан  мыңға 

жуық  тұрғындар  тұрады.  Бүгін 

ақпараттық топ мүшелеріне сәттілік 

тілеймін! - деді облыс әкімі Кәрім 

Көкрекбаев. Бұдан кейін сөз алған 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ы филиалы – Жам-

был жол бөлімшесінің директоры 

Дәулетбай Есімбеков: «Елбасының 

30  қараша  күні  жариялаған 

«Қазақстан жаңа жаһандық нақты 



насихаттық топ аудандарды аралайды

 

„

«достық» алаңынан Елбасының «қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, 



реформалар, даму» тақырыбындағы қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында 

ақпараттық керуен аймақтағы он ауданға аттанды.

Шынболат СЕЙДУаЛИЕВ

Салтанатты керуенді шығарып салуға «Нұр Отан» партиясы 

облыстық, қалалық филиалының өкілдері, облыс басшылары, 

мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің бас-

шылары мен жетекшілері, спортшылар, жас отандықтар мен қала 

тұрғындары қатысты. Шараны ашып, жүргізген «Нұр Отан» пар-

тиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынба-

сары Масат Берік: «Елбасы Жолдауы бұл – ел болашағының бастау 

бұлағы, ел дамуының шырқау шыңы. Елбасы Жолдауы бұл–жаңа 

міндеттер, жаңа үміттер. Елбасы Жолдауы – дағдарыстан шығар 

сара  жол,  жаңа  жетістіктерге  деген  ұмтылыс,  жаңа  істерге 

құлшыныс. Сондай-ақ бұл жолдау – ел халқының ертеңгі күнге 

деген берік сенімі»,-деп көпшілікті жігерлендірді. Мұнан соң сөз 

алған «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы, об-

лыс әкімі Кәрім Көкрекбаев автокеруен мүшелеріне сәттілік тіледі.

- Елбасы Жолдауы – әрдайым  уақыт талабына бейімделген 

стратегиялық  жоспар,  қоғамды  топтастырушы,  береке  мен 

бірлікті ұйыстырушы негізгі фактор. Мемлекет басшысының 

әрбір сөзі халықтың болашаққа деген сенімін арттырып отыр. Ел-

басы жаңа жаһандық ахуал талабына сай әрекет  етудің жолдарын 

көрсетті. Еліміздің үдемелі және сенімді дамуын қамтамасыз 

етудің жаңа міндеттерін қойды. Сондықтан мемлекет басшысы 

белгілеген тапсырмаларды орындау – қашанда  үлкен абырой, 

мәртебелі міндет. Автокеруен мүшелеріне шалғай ауылдарға 

із салып, әрбір отбасына Жолдауда белгіленген тұғырлы тап-

сырмаларды жеткізу міндеті жүктеліп отыр. Құрметті акцияға 

қатысушылар,  Елбасы  атап  өткендей,  дағдарыстардың  бәрі 

өткінші,  өтеді  де  кетеді.  Ел  тәуелсіздігі,  ұлт  мұраты,  ұрпақ 

болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мәңгі қалады. Біздің 

негізгі мақсатымыз – Мәңгілік  ел болу. Болар елдің болашағын 

айқындайтын Жолдауға қолдау көрсету  - аталы елдің пара-

саты,  перзентінің  парызы.  Мен  Елбасының  жасампаз  Жол-

дау  міндеттерінің  өңірімізде  орындаларына  үлкен  сеніммен 

қараймын.  Ұлттың  қамына,  мемлекеттің  гүлденуіне  терең 

мән  берген  Елбасы,  Ұлт  көшбасшысы  Нұрсұлтан  Әбішұлы 

Назарбаевтың салиқалы саясаты өркендей берсін,-деген өңір 

басшысы облыс жұртшылығын Жолдауға нақты іспен қарап, 

ерен  еңбектің  үлгісін  көрсетуге  шақырды.  Сонымен  қатар 

облыстық  Кәсіпкерлер  палатасының  директоры  Қарлығаш 

Аралбекова, Тараз химия-технология колледжінің директоры 

Гүлнар Тұрсынбекова, М.Қашқари атындағы ұйғыр этно-мәдени 

бірлестігінің төрайымы Мухабат Турдыева, Тараз мемлекеттік 

педагогикалық институтының 4 курс студенті, жас ақын Шоқан 

Жолдасбай Елбасы жолдауында қойылған міндеттерді атап өтті. 

Насихат керуені құрамында «Нұр Отан» партиясы облыстық 

филиалының  спикерлері,  облыс  әкімінің  орынбасарлары, 

басқарма басшылары, жастар, ардагерлер мен үкіметтік емес 

ұйымдардың жетекшілері, мәдениет саласының өнерпаздары, 

ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері және спортшылар, жал-

пы саны 200-ге жуық адам тартылған. Топ мүшелері арнайы 

жабдықталған автобуспен жолға шықты. Олар шалғай жатқан 

әрбір елді мекен тұрғындарымен кездесулер, дөңгелек үстел 

отырыстары, қоғамдық қабылдау сияқты іс-шаралар өткізіп, 

түсіндіру  жұмыстарын  жүргізетін  болады.  Сонымен  қатар 

насихаттық топпен қоса, азық-түлік керуені де жол тартты. 

Атап айтқанда, 270 тонна 30 түрлі ауыл шаруашылық тауарлары 

тиелген 8 жүк көлігі арзандатылған бағамен 3 ауданға шықты. 

Жалпы, арнайы кестелерге сәйкес азық-түлік керуені барлық 

аудандарға  800  тоннаға  жуық  азық-түлікті  арзандатылған 

бағамен сататын болады.   

азық-түлік қолжетімді болады. 

  Суретті түсірген А.Қартабаев

Жастар да Жолдауды қолдайды. 

  

ахуалда: өсім, реформалар, даму»  



Жолдауын  түсіндіру  мақсатында 

бүгін  ақпараттық-насихаттық 

топ  мүшелері  мінген  үгіт  пой-

ызы  жолға  шыққалы  тұр.  Жол-

дауды  теміржол  қызметкерлері 

де  зор  ықыласпен  талдауда. 

Жылдың бас құжатын жүзеге асы-

руда жамбылдық теміржолшылар 

қауымы да үлкен жауапкершілікті 

сезінуде. Атап айтқанда, Елбасының 

«Нұрлы жол» бастамасы аясында 

құрылысы басталған Алматы-Шу 

бағытындағы темір жол желісінің 

екінші  бағытының  құрылысы 

Үкіметтің  назарында  тұрған  ба-

стама. Бұл  құрылысқа  мыңдаған 

жұмысшылар тартылды. Бұл жоба 

іске  асқан  уақытта  пойыз  өткізу 

қабілеті 25 миллион тоннадан 80 

миллион тоннаға дейін қуаты ар-

татын  болады.  «Нұр  Отан»  пар-

тиясы  Жамбыл  облыстық  фили-

алы мен Жамбыл жол бөлімшесі 

бірлесе  ұйымдастырып  отырған 

үгіт-насихат пойызы биыл екінші 

рет  сапарға  аттанғалы  тұр.  Үгіт 

пойызы Жамбыл жол бөлімшесіне 

қарасты 45 станцияларда болып, 

ақпараттық іс-шараларды өткізеді. 

Үлкен саяси маңызы бар мәдени-

ақпараттық істі жоғары деңгейде 

ұйымдастыруға  жамбылдық 

теміржолшылар бел шеше үлестерін 

қосады. Оған сеніңіздер. Бүгінде 15 

мыңға жуық теміржолшылардың 

басын  біріктіріп  отырған  Жам-

был  жол  бөлімшесінің  ұжымы 

Елбасы, «Нұр Отан» партиясының 

төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 

Қазақстан халқына арнаған Жолда-

уын толығымен қолдап, қуаттайды. 

Іске  асыруда  жұмыс  жасайтын 

болады» - деді. Сондай-ақ шарада 

«Нұр  Отан»  партиясы  облыстық 

филиалы төрағасының орынбасары 

Шәбден  Тілеумұрат  және  зиялы 

қауым өкілдері атынан сөз алған 

Әлібек  Әмзеев  сапарға  аттанған 

топқа сәттілік тіледі. Салтанатты 

түрде облыс әкімі Кәрім Көкрекбаев 

пен «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ы филиалы – 

Жамбыл жол бөлімшесінің дирек-

торы Дәулетбай Есімбеков қоңырау 

соғып, ақпараттық пойызды вокзал-

дан  шығарып салды. Ақпараттық 

пойызға әртүрлі саладан барлығы 

40-қа жуық адам тартылды. Олардың 

құрамында «Нұр Отан» партиясы 

облыстық филиалының басшылары 

мен өкілдері, жастар, зиялы қауым 

өкілдері, ардагерлер мен үкіметтік 

емес  ұйымдардың  жетекшілері, 

дәрігерлер,  мәдениет  саласының 

өнерпаздары мен БАҚ өкілдері бар. 

Айта кетерлігі, акпараттық пойыз екі 

бағытта бет алса, алғашқы бағыт– 

Жамбыл  –  Б.Момышұлы  бағыты 

және екінші бағыт – Жамбыл – Шу, 

Жамбыл  –  Мыңарал  және  Жам-

был - Отар бағытымен жүріп,  45 

станцияда түсіндірме жұмыстарын 

жүргізеді. Сондай-ақ аталған пой-

ызбен  шалғай жатқан елді мекен 

тұрғындары  үшін  төмендетілген 

бағамен  300  тоннадан  астам 

ауыл  шаруашылық  өнімдері(ұн, 

қант,  күріш,  картоп,  пияз,  сәбіз, 

жұмыртқа)  жеткізіліп,  арнайы 

дәрігерлер  тегін  медициналық 

қызмет көрсетеді. Шара барысында 

өңірдегі мәдениет өнерпаздарының 

концерттік  бағдарламалары  да 

ұйымдастырылатын болады.


мәңгілік ел

4

//   «ЖАмбыл - ТАрАз»  //  №50 (1285), 9 ЖЕлТОҚСАН 2015 Жыл  //



Ұлттық құжат талқылануда. 

  Суретті түсірген В.Алсуфьев



Каталог: images -> PDF-kaz
PDF-kaz -> 2015 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> Ерлер денсаулығы елеусіз қалмауы тиіс
PDF-kaz -> №9 (1244) 3 наурыз 2015 жыл, сейсенбі „ «Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт, Ел бірлігін сақтаған татулықты айт!»
PDF-kaz -> «Жасыл белдеулер» қанат жайып келеді
PDF-kaz -> Конференцияда талқылады басқосуда облыс әкімінің орынбасары Ерқанат манжуов ашып, жүргізіп отырды. Ол ағымдағы жыл аймақта өтетін қазақ
PDF-kaz -> Құрметті тұтынушылар!
PDF-kaz -> Бақытты, Базарлы Балалық! №22 (1257)
PDF-kaz -> №1 (1341) 5 қаңтар 2017 жыл, бейсенбі „ Жаңа жыл мерекесінде облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев жүзуден ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Рио-де-Жанейро қаласында өткен XV жазғы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Зульфия Габидуллинаның арманын
PDF-kaz -> 2016 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> 2 бет. Тарихыңды таны


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет