2016 жыл №89 (8009 ) 12 Қараша сенбі (Жалғасы 3-бетте)



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата02.01.2017
өлшемі12,39 Mb.
#1037
  1   2   3   4

АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ - САЯСИ ГАЗЕТ

2016 ЖЫЛ

№89 (8009 )

12 ҚАРАША

СЕНБІ

(Жалғасы 3-бетте)

Ең...


Баян ҮСЕЙІНОВА.

ЖЫЛ 


ҚҰСЫНДАЙ

ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҢЫ ТАРИХҚА КЕТКЕН 

ЕСЕСІН ТҮГЕНДЕП, ЕСІН ЖИНАҒАН ӨСЕР 

ЕЛДІҢ БАЛАСЫНА ӨРКЕНИЕТТІҢ ЕСІГІН 

АЙҚАРА АШТЫ. ХАЛЫҚТЫҢ ТҰРМЫСЫН 

ТІКТЕУДЕ ЖАҢАРУЫМЫЗДЫҢ ТЕГЕРШІГІ 

БОП ТАНЫЛҒАН БАҒДАРЛЫ ТЕТІКТІҢ БІРІ – 

БАЛАБАҚША МӘСЕЛЕСІН ЕЛДІҢ НАЗАРЫ-

НА ҰСЫНҒАН МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ 

ҮКІМЕТКЕ ИЕК АРТЫП ҚАНА ҚОЙМАЙ ЖЕКЕ 

ТҰЛҒАЛАРДЫ ИГІЛІКТІ ҚАДАМҒА ТӘУЕКЕЛ 

ЕТУГЕ ҮНДЕГЕН ТАЛАБЫ КӨКІРЕГІНДЕ 

СӘУЛЕСІ БАР ТАЛАЙ АЗАМАТТЫҢ ЖІГЕРІН 

ЖАНЫДЫ, ЖҮРЕГІНЕ ОЙ САЛДЫ. СОЛ 

АЗАМАТТАРДЫҢ ҚАТАРЫНДА ҚОЖАМБЕРДІ 

АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ – ЭЛЬМИРА 

ДІЛМАНТАЕВА ДА БАР ЕДІ.

Мемлекет  басшысы  Корея  Республикасына  мемлекеттік 

сапарының  қорытындысы  бойынша  отандық  БАҚ  өкілдері  үшін 

баспасөз брифингін өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз 

қызметі.

Қазақстан  Президенті  Оңтүстік  Корея  көшбасшысымен  келіссөздің 

жемісті өткенін және іскер топтар өкілдерімен кездескенін айтты.

«Олар  Қазақстанға  зор  қызығушылық  танытып,  біздің  делегацияға 

айрықша  ықылас  білдірді.  Сондай-ақ  тиісті  құжаттарға,  Корея  үшін 

Қазақстанның  Орталық  Азиядағы  стратегиялық  мәнін  айқындайтын 

бірлескен мәлімдемеге қол қойылды», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті екіжақты ынтымақтастықтың сауда-экономикалық 

маңызын  атап  өтіп,  корей  бизнесінің  Қазақстан  экономикасына  10  млрд. 

долларға  жуық  қаражат  салғанына  және  жаңа  инвестициялар  тарту 

жөніндегі жұмыстардың жалғасып келе жатқанына назар аударды.

«Біз  корей  компанияларының,  соның  ішінде  LG  компаниясының  газ-

химия  кешенінің  ірі  жобасына  атсалысуы  жөнінде  әңгімелестік»,  –  деді 

Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан  Назарбаев  Қазақстан  өнеркәсібінің  өңдеу  секторының  да-

мып, экономиканың әртараптандырылып жатқан кезеңінде Оңтүстік Коре-

ямен өзара іс-қимылды жандандырудың ерекше мәні бар екенін айтты.

«Бұл  сапар  индустриялық-технологиялық  даму  тиімділігін  көрсететін 

маңызды елмен ынтымақтастығымызды тағы бір рет пысықтау үшін қажет 

болды», – деді Қазақстан Президенті.

Соңында  Мемлекет  басшысы  өзге  елдермен  өзара  байланыстар-

ды  жетілдірудің  мақсаты  ең  алдымен  отандық  экономика  үшін  жаңа 

мүмкіндіктерді іздестіру екеніне назар аударды.

«Менің шет елдерге 2016 жылдың соңындағы экономикалық сапарларым 

жақсы  нәтижелермен  аяқталуда  –  жаңадан  достар  тауып,  әріптестермен 

бірге бағытымызды айқындадық. Бұл Қазақстан экономикасының дамуына 

да, бүкіл халықтың әл-ауқатының одан әрі жақсаруына да пайдалы», – деді 

Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кететіні, оған дейін Қазақстан Президенті Жапонияға ресми сапар-

мен барды. Сапар аясында Жапонияның императоры Акихитомен кездесу 

өтіп, Премьер-Министр С.Абэмен келіссөздер жүргізіледі. Сондай-ақ, Мем-

лекет басшысы Жапонияның Парламентінде және «Токай» университетінде 

сөз сөйлеп, іскер топтар өкілдерімен кездесті.

СЕРІКТЕСТІКТІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ СИПАТЫ



ҚАЗАҚСТАН-КОРЕЯ:

жаңалық әкелген

(немесе ауданда тұңғыш 

жеке бөбекжайдың қазығын қаққан 

қаракөз)

Қандай  іске  болмасын  тыңнан  түрен  салу  қиын.  Те-

ледидардан  Елбасының  сөзін  тыңдағаннан  бастап  тыны-

шы  кеткен  Эльмираны  жатса-тұрса  бір  ой  мазалады.  Жеке 

балабақша  ашу  мәселесін  неге  өзі  қолға  алмасқа?  Алды-

мен  ақыл  сұрап  аудандық  білім  бөліміне  барды.  Нақты  мән-

жайы айқындалмаған мәселені бірден кесіп-пішуге тәуекел ке-

рек.  Бұл  сол  кездегі  облыстық  білім  басқармасының  басшы-

сы  Жаңыл  Жонтаеваның  алдынан  бір-ақ  шықты.  Жаңыл  апа-

сы:  «Жағдайың  жете  ме?  Балабақшаны  аш»  деп  кеңес  берді. 

Жағдай болғанда ол кезде мұның қалтасында бір тиын артық 

қаржысы болған жоқ. Өзі де, күйеуі де мектепте мұғалім. Анда-

санда көтерме бағада көкөніс әкеп сатып, күнкөрістің қосымша 

әрекетін  жасайтын  дағдысы  бар  еді.  Ол  жолдасы  Қанатпен 

ақылдасты. Сөйтіп екеуі құмбыл құрылыс жұмысына кірісіп кетті. 

Мақсаттары – он бөлмелі балабақша ғимаратын тұрғызу.



«ГҮЛДЕНСЕ АУЫЛ – 

ГҮЛДЕНЕМІЗ БӘРІМІЗ»

Ауылшаруашылығы саласының мамандары ко-

оперативтер  құру  техниканы  тиімді  пайдалануға, 

халықты  жұмыспен  қамтуға  оң  әсер  ететінін  ай-

туда.  «Жалғыздың  үні  шықпас,  жаяудың  шаңы 

шықпас», – дейді халық даналығында. Сондықтан, 

ауылшаруашылығында  бірігу,  ірілену  арқылы 

жетістікке  қол  жеткізуге  болады.  Демек,  бірі 

жер  өңдеумен,  бірі  тұқым  дайындаумен,  бірі  мал 

бағумен  және  асылдандырумен,  енді  бірі  қысқы 

жем-шөп  базасын  даярлаумен  шұғылданса,  жер 

пайдаланылудың  тиімділігі  де  арта  түсетіні  анық. 

Осыны  зерттеп,  зерделеген  Үкімет  кооператив 

құру ісіне қолдау көрсетіп отыр. Мұның әлеуметтік 

тұрғыдан  оң  әсері  де  бар.  Мәселен,  елді-

мекендердегі мәдениет үйлері, балабақшалар, по-

шта қызметі сынды барлық құрылымның ісі ілгерілей 

түседі.  Өйткені,  жұмыс  бар  жерде  өркендеу  бо-

лады.  Ал,  жергілікті  әлеуметтік  мәселені  шешуге 

ауылшаруашылығы  жерін  пайдаланушылар  атса-

лысады. Өйткені, олардың ағайын-туысы, жақыны 

сол елді-мекеннің ауасын жұтып, суын ішіп отыр. 

Бұл ретте кооперативтердің маңызы үлкен. Міне, 

барлық  ауданның  ауылшаруашылығы  саласы  ма-

мандары қатысқан шарада осыны ұқтық.

Жиында сөз алған облыстық ауылшаруашылығы 

басқармасының басшысы Бақыт Жаханов: 

–  Ауылдық  округте  кооперативтер  құрып, 

онда 


машина-трактор 

стансалар 

ашып, 

ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуді жолға қою ке-



рек. Бір сөзбен айтқанда, маусымдық жұмыстармен 

ғана  шектелмей,  қысы-жазы  жұмыс  жасауды 

жолға  қою  керек.  Сондай-ақ,  ауылшаруашылық 

саласына  ғылым  жетістіктерін  көптеп  енгізу 

қажет.  Өйткені,  қай  саланы  болсын  ғылымсыз 

ілгерілету мүмкін емес. Бұл бұрын айтылғанымен, 

жүзеге аспай жүрген негізгі мәселелердің бірі бо-

латын.  Бұл  үшін  адамдардың  барлығы  бірдей 

ғылыммен  шұғылдануы  тиіс  те  емес.  Тек  ғылыми 

жетістіктерден  уақытылы  хабардар  болып,  шару-

асына  соңғы  технологияны  енгізе  білсе  болғаны. 

Ал,  мұндай  ауқымды  жұмыстарды  ұсақ  шаруа 

қожалықтары жүргізе алмайды. Елбасы  өндірістік 

кооперациясын  құруды  міндеттеуі  осыдан  болса 

керек.

Қазақ  ұлттық  аграрлық  университетінің  про-



фессоры Ғалымжан Мәдиев:

–  Кооперация  сөзiнiң  мағынасы  ауылшаруа-

шылығы  тауарын  өндiрушiлердiң  экономикалық 

тұрғыдан  iрiленуiн  бiлдiредi.  Фермерлердiң 

бiрiгуiнiң  арқасында  еңбек  өнiмдiлiгi  арта-

ды,  нарықта  өнiм  тапшылығы  азайып,  баға 

тұрақталады.  Iрiленген  шаруа  қожалықтарына 

мемлекет тарапынан берiлетiн түрлi жеңiлдiктерге 

қол  жеткiзу  оңайға  түседi.  Фермерлердi  коопе-

ративтерге  бiрiгуге  ынталандыру  мақсатында 

Ауылшаруашылығы  министрлiгi  агроөнеркәсiп 

кешендерiне  төленетiн  субсидия  нормативтерiн 

жоғарылатудың 

механизмдерiн 

қайта 

қарастырады.  Шаруа  қожалықтары  коопера-



тивтерге  бiрiксе,  пайдаланылмай  жатқан  егiстiк 

жерлер  игерiлiп,  өнiм  түсiмдiлiгi  артып,  егiн 

шаруашылығы дами түсер едi. Ауылшаруашылығы 

және балық өнiмдерiн өндiру, оларды қайта өңдеу 

мен өткiзу және сақтау, сондай-ақ, қажеттi өндiрiс 

құралдарымен,  материалдық-техникалық  ресур-

стармен қамтамасыз етіледi, – деп кооперативтің 

артықшылығын сөз етті.

Ғалымның  сөзіне  қарағанда,  бүгінде  дамыған 

елдерде  ауылшаруашылық  өнімдерінің  60  пай-

ызын  кооперативтер  өндіреді.  Финляндия-

да  сүт  өнімдерінің  65-70  пайызы  бірлескен  ша-

руа қожалықтар үлесінде. Бұл ретте Жапонияның 

тәжірибесі  үлгі  болуға  лайықты  екен.  Күншығыс 

елі  екінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейін  52  пайыз 

жерінен айрылды. Енді 75 миллион. Халыққа азық-

түлік тауып беру мәселесі күрделеніп, агросектор-

ды дамытатын мүмкіндік аз болып, қиындық есе-

лене  түсті.  Дегенмен,  жапондықтар  батыл  қадам 

жасап, кооперативтер құрды. Сөйтіп, шаруаларға 

барынша  жағдай  жасалды.  Ал,  бүгінде  Жапония 

ауылшаруашылық  өнімімен  өз-өзін  қамтамасыз 

етіп отырған мемлекеттің бірі.

Бір  сөзбен  айтқанда,  ауылшаруашылығы 

өнімдерін  өндірушілер  қолындағы  тауарды 

қайда  сатамын  деп  уайым  жемейді.  Себебі,  бір 

орталықтандырылған  кооперативте  өнімді  сату 

тікелей  нарыққа  жіберіліп,  өткізудің  жолдарын 

шешеді.  Келісімшарт  негізінде  әр  адам  өз  ісімен 

айналысады. 

Тағы бір айта кететіні, алдағы уақытта коопе-

рация құрамына кірген кәсіпкерлерге техника мен 

құралдар  сатып  алу  үшін  50  пайыз  жеңілдікпен 

қаржы ұсынылатын болады. Бұл дегеніңіз, құны 10 

млн-тұратын тракторды сіз 5 млн-ға алатын бола-

сыз.  Салық  мәселесін  шешуге  де  оңтайлы.  Міне, 

осындай жеңілдетілген несиелер түрлерін ұсынып 

отыр, – деді.

Ең  бастысы,  мемлекеттің  қолдауы  бар. 

Кооперативтің  атқаратын  міндеті  мен  бағыты 

айқын. 

Маңыздысы, 



кооперативтер 

әрбір 


адамның  жер  алдындағы,  болашақ  алдындағы 

жауапкершілігін сезінуге толық мүмкіндік береді. 

Білім  және  ғылым  министрлігі  ұлттық 

бірыңғай  тестілеуді  екіге  бөліпті.  Ендігі 

уақытта 

мектепті 

бітіру 

емтиxаны 



оқушының 

орта 


білімді 

бітіргенін 

дәлелдесе,  ұлттық  бірыңғай  тестілеудің 

қорытындысымен  мектеп  түлектеріне 

мемлекеттік  гранттар  тағайындалады 

екен.


Нұрбек  Әбубекұлының  айтуынша, 

2017  жылы  түлектер  үшін  қорытынды 

аттестациялау  өздері  оқыған  мектепте 

өткізіледі,  яғни,  келесі  жылдың  1-10  ма-

усым  аралығында  өткізу  жоспарланып 

отыр.  Ал,  ұлттық  бірыңғай  тестілеу,  яғни 

жоғары оқу орнына түсу емтиxаны 20-шы 

маусым мен 1-ші шілде аралығында респу-

блика бойынша 165 тестілеу бекеттерінде 

өткізіледі. Егер талапкер шектік деңгейге 

балы жетпеген жағдайда ҰБТ-ны тамызда 

немесе келесі жылдың қаңтарында қайта 

тапсыра алады екен.

Мектептегі  қорытынды  аттестация-

да  төрт  міндетті  пән  мен  бір  таңдау  пәні 

болады.  Міндетті  пәндердің  қатарында 

орыс  немесе  қазақ  тілінде  тапсырады 

және  әдебиеттен  эссе  формасында  тап-

сырса,  ал,  Қазақстан  тарихы  ауызша  ем-

тихан  ретінде,  математика  —  бақылау 

жұмысы,  сонымен  қатар,  оқу  тілі  бойын-

ша тестілеу болады (қазақ тілінен тестілеу 

–  орыс  мектептерінде  және  орыс  тілінен 

тестілеу  қазақ,  ұйғыр,  өзбек  және  тәжік 

тілінде білім алғандар үшін). Таңдау пәні 

де тестілеу бойынша тапсырылады – фи-

зика, химия, биология, география, геоме-

трия,  дүниежүзі  тарихы,  әдебиет  немесе 

шетел тілі», – деді орталық коммуникаци-

ялар  қызметіндегі  брифингте  Білім  және 

ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және 

орта білім беру департаментінің директо-

ры Жаңыл Жонтаева.

Айта 


кететіні, 

соңғы 


жылдары 

Жаңақорған  ауданы  ҰБТ  қорытындысы 

бойынша  сенсациялық  нәтижеге  қол 

жеткізе  білді.  Мәселен,  2012  жылы  ҰБТ 

қорытындысы бойынша ауданның орташа 

балл көрсеткіші – 60,2 балды құраса, 2014 

жылғы  орташа  көрсеткіш  –  68,5  балға 

жетті. Ал, 2015 жылы 81,6 балды еңсерсе, 

2016  жылы  83,6  балға  тұрақтады.  Яғни, 

білім  саласында  ілкімді  жұмыстар  мен 

серпіліс бар. Мұны «Алтын белгі» санымен 

де өлшеуге болады. 2014-2015 оқу жылы 

–  10  «Алтын  белгі»  иесі  үмітті  ақтаса, 

2015-2016 оқу жылы – 19-ға жетті.

Жаңа  форматқа  да  жаңақорғандық 

білім беру саласы тез бейімделіп, жоғары 

көрсеткіштер көрсететініне сенеміз.

ЕНДІ, ЖАҢА ФОРМАТҚА СӘЙКЕС, «АЛТЫН 

БЕЛГІ» ТАҒАЙЫНДАУДЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ 

ӨЗДЕРІ ЖҮРГІЗЕДІ. ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ 

ТЕСТІЛЕУ КЕЗІНДЕ АТАЛҒАН АТАҚТЫ РАС-

ТАУ ҚАЖЕТ ЕМЕС. ТЕСТІЛЕУ ТЕК ГРАНТ 

ИЕГЕРЛЕРІН ҒАНА АНЫҚТАП, ЖОҒАРЫ 

ОҚУ ОРНЫНА ТҮСУ МҮМКІНДІГІН БЕРЕДІ. 

МҰНЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДА 

БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫН-

БАСАРЫ НҰРБЕК ОРШУБЕКОВ ОРТАЛЫҚ 

КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІНДЕ ӨТКЕН 

БАСПАСӨЗ МӘСЛИXАТЫНДА МӘЛІМДЕДІ.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.

БЕЙІМБЕТ МАЙЛИННІҢ БҰЛ СӨЗІ ҚАЗАҚТЫҢ БАР БОЛМЫС-БІТІМІН АШАТЫНДАЙ. СОНДЫҚТАН, АУЫЛ ДЕСЕ 

ЕМІРЕНБЕЙТІН ҚАЗАҚ ЖОҚ. БҮГІНДЕ АУЫЛДАҒЫ АҒАЙЫНДЫ ТҰРМЫС-ТІРШІЛІГІН ТҮЗЕП, ӘЛЕУМЕТТІК 

ХАЛ-АХУАЛЫН КӨТЕРУ ҮШІН НЕ ІСТЕГЕН ЖӨН? ДЕГЕН САУАЛ ТОЛҒАНДЫРАТЫНЫ ШЫНДЫҚ. ӘЛБЕТТЕ, 

ОЛ ҮШІН БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ ЖҰРТТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫҒАН ЛӘЗІМ. АЛ, ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН АШУ 

ҮШІН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АЙРЫҚША КӨҢІЛ БӨЛУ ҚАЖЕТТІЛІГІ АНЫҚ. ЕЛБАСЫ МҰНЫ ШЕШУДІҢ 

ЖОЛЫ РЕТІНДЕ ӨНДІРІСТІК КООПЕРАЦИЯСЫН ҚҰРУ КЕРЕКТІГІН АЙТТЫ. ЖАҚЫНДА «ЖАҢАҚОРҒАН ШИПА-

ЖАЙЫНДА» ӨТКЕН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАРДА ОСЫ ӘДІСТІҢ  АРТЫҚШЫЛЫҒЫ МЕН МАҢЫЗЫ ТАРҚАТЫЛДЫ.



Мақпал ПӘТЕНОВА.

ҰБТ:

ЖАҢА ФОРМАТ –

ЖАҢА ЖАУАПКЕРШІЛІК 

ЖҮКТЕЙДІ

2

12 қараша, 2016 жыл

100

сұрақ –

жауап

(Басы газеттің №87 (8007), №88 (8008) нөмерінде. 

Жалғасы бар)

11.  Неше  жасқа  дейінгі  балалар  ММС 

жүйесіне  енгізетін  салымдардан  босаты-

лады?

– 18 жасқа дейінгі балалар, студенттер және 

жоғары оқу орындарының түлектері бітіргеннен 

кейін 6 айға дейін ӘлМСҚ-қа төлейтін салымдар-

дан босатылады. 

12.  МӘлМС  шипажайлық  –  курорттық 

емдеу алуды қарастырады ма?

–  Жоқ,  шипажайлық-курорттық  емде-

лу  көзделмеген.  Бірақ,  ӘлМС  шеңберінде, 

сақтандыру  қаражаты  есебінен  бірқатар  ауру-

лар  (инсульт,  инфаркт,  онкология,  трансплан-

тология) бойынша оңалту көмегін кеңейту бол-

жануда.   

13. 

Қазақстанның 

медициналық 

сақтандыру  қорымен  аумақтық  белгісі 

бойынша  шарт  жасаған  медициналық 

ұйымдар туралы қайдан білуге болады?

–  Медициналық  сақтандыру  қорының  рес-

ми порталында ӘлМСҚ-пен келісімшарт жасаған 

медициналық  ұйымдардың  тізбесі  орналасады. 

Сондай-ақ  қордың  ақпараттық  қызметтерінде 

мәлімет алуға болады.



14.  ӘлМСҚ-пен  шартқа  отырмаған 

коммерциялық  емхананың  дәрігері  жа-

зып  берген  дәрілік  заттарға  жұмсалған 

шығыстарды ӘлМСҚ өтей алады ма?

– Коммерциялық емхананың дәрігері жазып 

берген  дәрілік  заттарды  ӘлМСҚ  арқылы  өтеу, 

Қор мен емхана арасында келісімшарт жасалған 

жағдайда болады.

15.  Емханаларда  ұйымдастырушылық 

техника  жетіспейді.  Ал,  қолданыста  бары 

ескірген,  сондықтан  сараптама  құрамын 

немесе жолдаманы 40 минуттай тосуға тура 

келеді (осындай жағдай 6 емханада бар). 

Оған қоса қабылдау кестесі сақталмайды. 

Сонымен қатар медициналық персонал екі 

есептілікті жүргізуге мәжбүр – қағаз және 

электрондық.    Нәтижесінде,  тар  көлемді 

маманға  жету  үшін  алдымен  терапевт 

кабинетінің  жанында  жарты  күн  тұру  ке-

рек. Одан кейін УДЗ немесе басқа да тексе-

рулерге жету үшін тағы 2-3 апта күту керек. 

Осындай  жағдайларда,  ақылы  дәрігерге 

қаражаты  жоқ  науқастар  ал-

тын  уақыттарын  жоғалтады, 

ауру  келесі  кезеңге  көшеді. 

Бұл  проблема  медициналық 

сақтандыруға  көшкен  кезде 

шешіледі ме? Қалайша?

– 

Біріншіден,әлеуметтік 



медициналық  сақтандыру  жүйесі 

жағдайында, 

медициналық 

қызметтерді  көрсетуге  арналған 

конкурсқа 

жұмыскерлерінің 

саны,  техникалық  жабдықталу 

және 


медициналық 

көмек 


ұйымының 

құрылымы  белгіленген  минималды  талаптарға 

(стандарттарға)  сәйкес  келетін  медициналық 

ұйымдар  ғана  қатыса  алады.  Екіншіден,  кон-

курсты  тек  сапалы  медициналық  қызмет 

көрсеткендер  ғана  жеңе  алады.  Ал,  ауылдық 

денсаулық сақтауға қатысты болса, онда оларға 

жалғыз  қызметтерді  жеткізушілер  ретінде, 

ӘлМСҚ, ұсынылатын медициналық көмектің са-

пасын  жыл  сайын  арттыру  талаптарын  қояды. 

Үшіншіден,  2018  жылдан  бастап  ауруханалар 

мен емханаларда техникалық қайта жабдықтау 

мүмкіндігі  пайда  болады,  өйткені  осы  жыл-

дан  бастап  Қор  амортизациялық  аударымдарға 

қаражат  бөледі.  Төртіншіден,  қолданыстағы 

ақпараттық  жүйе  бүгінгі  таңда  қабылдауға 

E-GOV, медициналық ұйымдардың өз порталда-

ры  арқылы  жазылуға  мүмкіндік  береді.  МӘлМС 

енгізу сәтіне қарай барлық ұйымдардың МӘлМС-

тің АТ-жүйелеріне рұқсаты болуға тиіс.



(Басы газеттің алдыңғы нөмерінде. 

Жалғасы бар)

ҚАЗАҚ АҒАРТУШЫСЫ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ «ГА-

ЗЕТ – ХАЛЫҚТЫҢ КӨЗІ, ҚҰЛАҒЫ ҺӘМ ТІЛІ» ДЕП  

БАСПАСӨЗДІҢ БАЛАМАСЫН БІР ҒАНА СӨЗБЕН 

ӨРНЕКТЕП ЖЕТКІЗЕ БІЛДІ. ИӘ, БАСПАСӨЗ – 

ҚОҒАМНЫҢ КЕМШІН ТҰСЫН ОҢТАЙЛАУҒА СЕБЕП-

КЕР БОЛАТЫН ҮЛКЕН КҮШ ДЕСЕК ҚАТЕ БОЛ-

МАС. СОНДЫҚТАН, ӘРБІР ҚОҒАМ МҮШЕСІ 

ТӨЛ БАСЫЛЫМҒА ЕРЕКШЕ ЫҚЫЛАС ПЕН 

ЫЖДАҚАТТЫЛЫҚПЕН ҚАРАП, ГАЗЕТКЕ ЖА-

ЗЫЛУДЫ АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМ ДЕП САНА-

УЫ ТИІС-АҚ. БҰЛ ҰСТАНЫММЕН ЖИІ САНА-

САТЫН БАЛАБАҚШАЛАР ДА АУДАН АЙНА-

СЫ «ЖАҢАҚОРҒАН ТЫНЫСЫ» ГАЗЕТІНЕ 

ЖАЗЫЛЫП, ЖОҒАРЫ КӨРСЕТКІШКЕ 

ИЕ БОЛДЫ. ОҚЫРМАН САНЫНЫҢ 

КӨПТІГІМЕН АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРДАН 

КӨРІНГЕН №28  «АЛПАМЫС» 

САНАТОРИЯЛЫҚ БӨБЕКЖАЙЫ МЕН 

КЕЛІНТӨБЕ АУЛЫНДАҒЫ «ҚҰРАЛАЙ» 

БАЛДЫРҒАНДАР ҮЙІ ӨЗ БЕЛСЕНДІЛІГІН 

ТАНЫТТЫ.  

«БОЛАШАҚ» ЖӘНЕ ТӨМЕНАРЫҚТАҒЫ 

«БАЛАУСА», «БАЛДӘУРЕН» БӨБЕКЖАЙЫ 

ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙГЕ ОРЫН ТЕПСЕ, «БАЛҒЫН» 

МЕН ӨЗГЕНТТІК «ЖАДЫРА»  БАЛАБАҚШАСЫ 

ҮЗДІК ҮШТІКТЕН КӨРІНДІ. 

ИӘ, АУДАН ЖҰРТШЫЛЫҒЫН ЗАМАНАУИ 

АҚПАРАТПЕН СУСЫНДАТЫП, ЖАҢАЛЫҚПЕН ХАБАР-

ДАР ЕТУДЕ ТӨЛ БАСЫЛЫМНЫҢ АТҚАРАР РӨЛІ БА-

СЫМ.  СОНДЫҚТАН, ТҰҒЫР ТӨРІНЕН ТАНЫЛҒЫСЫ 

КЕЛГЕН ТӘЛІМ ҰЯЛАРЫ ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУДА 

БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТАДЫ ДЕП СЕНЕМІЗ.

?

Кім алда

беті


Тәжірибесі мен тәлімі, біліктілігі мен 

білімі қатар ұштасқан №28 «Алпамыс» 

санаториялық балабақшасында тұғырлы 

тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай бірнеше 

іс-шара жоспарланып, арнайы апталық 

ұйымдастырылды.

Балбөбектердің бойындағы 

отаншылдық пен жасампаздық сезімді 

қалыптастырмақ мақсатында «Мәңгілік 

Ел», «Ата заң – айбыным» атты тәрбие 

сағаты орын алды.  Сондай-ақ, Набат 

Жаханова мерейлі мерекеге 25 іс-шара 

әзірлеп, баспасөз бетінде жариялануына 

атсалысты. 



Орынкүл ИМАНБЕРДИЕВА.

***

Қоршаған ортадан күздің кере-

мет көз тартар сыйын теріп, жеміс-

жидек пен күздік өнімді қолына 

жиған балдырғандар «Нұр и хан» 

балабақшасында өтетін «Күз сыйы» 

атты көрмеге асықты. «Нұрсезім» 

мен «Нұрсая» тобы өзара сайысқа 

түссе, Жұрымбай Әсел «Күз ханшайы-

мы» атанды. Сондай-ақ, ерекше көзге 

түскен Сәуле Домбаева мен Динара 

Тұрманова «Шебер ата-ана» номина-

циясымен марапатталды. Ал, тәрбиеші 

Нұрзия Қоржынбаева дайындаған күздік 

өнімдер көз жауын алып, ерен еңбектің 

көрсеткішін көз алдымызға әкелді.



Ажар ӘЛІМБЕКОВА.

***

Аудан орталығындағы «Бағнұр» жеке 

балабақшасында  да тәуелсіздікке тар-

ту ретінде «Тәуелсіздік – теңдігім, теберігім» 

атты апталық орын алды. Бүлдіршіндердің 

ықыласын арттырып, қызығушылығын оятқан 

апталық барысында бөбектер топ-топқа 

бөлініп, сайысқа түсіп, тәуелсіздік тәңір сыйы 

екенін жүрекпен жеткізді. 

Балабақша ұжымының мақтанып ай-

тар жемісті жетістігі жоқ емес. Соның бірі, 

жас маман Айдана Әлиакпарова аудандық 

«Мамандығым – мақтанышым» сайысына 

қатысып, «Көрермен көзайымы» номинациясы-

на ие болды. 

Набат СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ.

***

Қолына  желбіреген  жалау  ұстап,  мерейлі 

мерекеге  атсалысуға  асыққан  балалар  саны 

көп.  «Толағай»  тобының  тәрбиеленушілері 

Ұлан Есенғазы, Толғанай Омар  мен Амангелді 

Ақылжан  жырдан  жақұт  тақса,  «Қарлығаш» 

тобындағы  Айзере  Сапарәлі,  Еркемай  Сай-

фуллин  мен  Нұрислам  Кәрімқұл  әуезді  әнмен 

мереке  көркін  қыздыра  түсті.  Салтанатты 

шараға  арнайы  дайындалған  балдай  тәтті 

балдырғандардың дүбірлі думаны тәуелсіздіктің 

25 жылдығына арналды.

Балапандарға қуаныш сыйлаған «Құралай» 

балабақшасының ауқымды шарасы апта бойы-

на жалғасын тапты. Балдырғандар арасындағы 

ертеңгіліктен  басталған  мерекелік  думан 

тәрбиешілер  арасындағы  сайыспен  өрбіді. 

Үздік нәтижелі бастамаға оң лебізін білдірген 

балабақша  меңгерушісі  Ләззат  Қалдыбаева 

ұжымның табысты еңбек етуіне тілек білдіріп, 

жүрекжарды лебізін жеткізді. 

Балнұр ЖАҚЫПБЕКОВА.

ҚЫСҚА-НҰСҚА

Балапан


Балапан

Қаратерге  түсіп  кесек  құйып,  қатар 

қатар  тізілген  кесектердің  жартысын 

сатып,  қажетті  құрылыс  материал-

дарын  алды.  Таңнан  кешке  дейін 

тырбанған  екеуі  ауылдастарына 

үлгі  көрсетіп  қана  қоймай,  жа-

сампаз істің жаршысына айнал-

ды... 

Иә,  екеуі  барын  салып 



еңбектене  берді.  Жаз 

бар,  күз  бар,  ақыры  он 

бөлмелі  үйдің  құрылысын 

бітірді  ғой.  Енді  оның 

ішін  қажетті  инвентарь-

лармен  жабдықтау  ке-

рек.  Жаңа  айттық 

қой,  қалтада  қосымша  қаржы  жоқ, 

бірақ  Құдай  бұл  екеуіне  телегей-теңіз 

күш-қуат,  қайрат  беріп  қойды.  Қазір 

сол  жұмысты  қолға  алуға  жүрек  да-

уаламас  еді,  қаншама  ауыртпалықты 

қалай  атқарғанбыз  деп  таң  болады 

екеуі.  Бәлкім  періште  қамы  үшін  ет-

кен  қарекетке  Тәңір  өзі  мейірімін  төгіп, 

желеп-жебеді ме екен? Жоқ деп жасыма-

ды. Барды қолмен құрап, темірден түйіп, 

ағаштан жонып жиһаз жағы да бүтінделе 

бастады.  Жолдасы  Қанаттың  бұрыннан 

ұсталығы  бар  еді,  енді  ұстаның  ұстасы 

болып  кетті.  Кісі  шын  намысқа  тырысса 

тауды  да  тесіп,  тасты  да  жарады  екен. 

Осылайша  жаңа  жылдың 

алдында 


сыңғырлаған 

жаңа 


балабақша 

үйі 


дап-дайын 

әзір 


болғанда  қос  жұптың 

қуанғанын  көрсеңіз. 

Ұлымның  есімін  беріп 

«Бақберген»  деп  ат 

қойды...

Осы тұсқа келген-

де  сұхбаттасымның 

жаудыраған 

жана-

рынан 


тырс-тырс 

жас  тамып  кетті.  Мен 

мұның  сырын  түсіндім. 

Бұл 


тәуекелшілдігінен 

танбаған 

танакөз 

келіншектің 

Құдыретке 

шексіз  шүкіршілік  еткен  шы-

найы көңілінің көрінісі еді.

2009  жылдың  қаңтар  ай-

ында  ауданда  ашылған  ең 

алғашқы жеке балабақшаның 

қазығы осылай қадалды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет