Қаңғыбас иттер
Қарасы сиреді
№5 округ тұрғындарының алдында
есеп берген шаһар басшысы Нұржан
Календеров қой жылы атқарылған
жұмыстарды саралап, алда тұрған межелі
міндеттерге тоқталды.
Былтыр осы аумақтық округте өткен
есепті кездесу барысында 5 азамат сөз
сөйлеп, 8 ұсыныс-пікір түсіпті. Оның
6-уы толық орындалса, 2 сұрақ бойынша
жұмыстар жүргізіліп жатыр екен.
- Былтыр осы округте тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылықты жаңғырту
аясында 290,2 млн. теңгеге 12 үй күрделі
жөндеуден өтсе, қайтарылған қаражат
есебінен 55,0 млн. теңгеге 6 үйге
ағымды жөндеу жұмыстары атқарылды.
Сондай-ақ Төле би даңғылының 4,75
шақырымына (құны - 499,4 млн. теңге),
Тәуке хан көшесіндегі жол өткеліне
(құны - 274,1 млн. теңге), Жамбыл
даңғылының тротуарына жөндеу
жұмыстары жүргізілді,-деді Нұржан
Сәбитұлы.
«Қарасу» иінінің байырғы тұрғыны
Гүлзада Абдуллина бірқатар мәселелерді
алға тартты. Оның айтуынша, округте
қаңғыбас иттер көбейіп, қоқыстан көз
ашылмайтын болған. Нұржан Сәбитұлы
былтыр осы округте 110 бас қаңғыбас
иттер ұсталып жойылғанын, алдағы
уақытта бұл жұмыс жалғасатынын
жеткізді. Сондай-ақ қоқыс мәселесіне
тоқталған шаһар басшысы қаладағы
мөлтек аудандардағы қоқыс контейнерлері
уақытында жиналатынын, тазалық
мәселесіне әр азамат жауапты екенін тілге
тиек етті. Ал осы округтің тұрғыны Рахат
Итқұлов қала басшысына тараздықтарға
кеңінен танымал «Әулие бұлақтың»
айналасын қоршап, абаттандырып беруі
және қураған ағаштарды кесуді сұрады.
Нұржан Календеров ұсақ-түйек мәселелер
күнделікті жойылатынын, алдағы уақытта
бұл істер жалғасатынына сендірді.
газ есептегішінің
айырМасына кіМ
жауапты?
Тараз қаласының әкімі Нұржан
Календеровтің №6 аумақтық округ
тұрғындары алдындағы есебі №8 Төле
би атындағы гимназияда өтіп, оған
жиналғандар қарасы көп болды.
Өткен жылғы осы аумақтық округте
өткен әкімнің есепті кездесуі барысында
2 азамат сөз сөйлеп, 8 ұсыныс-пікір
түскен екен. Оның 5-і толық орындалып,
3 сұрақ бойынша жұмыстар жүргізілген.
Олардың қатарында Западная көшесі,
71 үй тұрғыны Л.Кочалова Опытный
көшесіндегі тұрмыстық қалдықтарға
арналған контейнерді бұрынғы орнына
қою туралы сұранысы орындалып,
тұрмыстық қатты қалдықтар тастайтын
орындар күнделікті тазаланып отыр
екен. Сонымен қатар, өтініш иесінің
сұранысына байланысты, «Жасыл Ел-
Тараз» ЖШС-і қызметкерлері Қалауыр
ақын көшесі жағындағы Зербұлақ көлі
маңындағы тұрмыстық қалдықтарды
да тазалап келеді. №52 кварталдық
комитеттің төрағасы Е.Кнышова
Зербұлақ көліне қарама-қарсы Қалауыр
ақын көшесін жарықтандыру тура-
лы ұсынысы сыртқы жарықтандыру
желілеріне техникалық қызмет көрсету
есебінен қалпына келтіріліпті.
- 2015 жылы 607,3 млн. теңгеге
Әйтиев, Сүлейменов, Қарахан
көшелерінің 3,5 шақырымы және Жамбыл,
Төле би даңғылдары жаяу жүргіншілер
жолының 13,6 шақырымы мен Қазыбек
би көшесіндегі балалар тіс емханасының
алдындағы тротуар жөндеуден өтті.
Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында
облыстық драма театрының алдындағы
Б.Момышұлы ескерткішіне, «Атша-
бар» скверіндегі ескерткішке, Ауған
соғысының қатысушыларына арналған
ескерткіш пен А.Сухамбаев ескерткішіне
ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жергілікті бюджет есебінен №20 орта
мектеп шеберханасының шатыры (2,9
млн. теңге), №8 гимназияның спорт
және мәжіліс залдары (7,3 млн. теңге),
№9 балабақшаның шатыры (2,2 млн.
теңге) ағымды жөндеуден өтті. Білім
мекемелері 14 дана компьютер техника-
сымен жабдықталды, №12 мектеп-гим-
назиясы жаңа модификациялы биология
кабинетімен (2,8 млн. теңге) қамтылған.
Округте орналасқан орта мектептердің
аз қамтылған, көп балалы отбасының 153
оқушысы жазғы маусымда «Болашақ»,
«Рауан» лагерлерінде демалды (№8-12,
№12-73, №20-68), аз қамтамасыз етілген
отбасының 168 оқушысы (№8-8; №12-
35; №20-125) тегін ыстық тамақпен
қамтылды, - деді Нұржан Сәбитұлы.
Ал, есепті кезеңде округтің 23 тұрғыны
қала әкімінің жеке қабылдауында болып,
оның 6-уы жер, 9-ы баспана мәселелерін
көтеріп, 8-і әлеуметтік көмек сұраған
екен. Және жеке тұлғалардан 572 өтініш
түсіп, оның 546-сына түсіндірме жауап
берілсе, 26-сы қанағаттандырылыпты.
Сондай-ақ жиында округ тұрғындары
№52 кварталдық комитеттің төрағасы Га-
лина Есенова округтегі денсаулық сақтау
мекемелеріндегі кейбір олқылықтарды
алға тартып, Моленская көшесіндегі
мекенжайдың қараусыз жатқаны және
онда тұрмыстық қалдықтар көп төгіліп
жатқандығына наразылық танытты. Бұл
мән-жай көптен бері таныс екендігін
айтқан қала әкімі жер учаскесі жеке меншік
қолында екендігін, бүгінде иесі анықталып
жатқандығын жеткізді. Мұнда тұрмыстық
қалдықтар шығарылып жатыр екен. №51
кварталдық комитеттің мүшесі Людмила
Кочанова аумақтағы кей көшелерге жарық
сымдары тартылғанымен, әлі күнге
жарық берілмегенін айтып өтсе, Татьяна
Субботина көгілдір отынның жеткізу
бағасын есептеуде жауапты мекеме
қызметкерлері түсінік берсе деп талап
етті. Бұл мәселелердің барлығы әкімнің
назарында болатын болды.
тал-дараҚҚа
кҮтіМ керек
№13 орта мектепте қала әкімі Нұржан
Календеров №7 округ тұрғындарының
алдында есеп берді.
Жиында шаһар басшысы атқарылған
жұмыстарға жіті тоқталып, алдағы жо-
спарлармен бөлісті. Былтырғы есепте
округ тұрғындарынан төрт адам сөз
сөйлеп, 11 ұсыныс айтылған. Бүгінгі
таңда оның алтауы орындалып, 5
мәселе бойынша жұмыстар жүргізіліп
жатқандығы жиын барысында белгілі
болды.
– Округ бойынша жасалынған
жұмыстарды тұрғындар көріп, біліп жүр.
Шешілмеген мәселелер бойынша алдағы
уақытта жұмыстар жүргізіледі. Құзырлы
сала мамандарына тапсырма берілген.
Мемлекет басшысының тапсырған тап-
сырмаларына сәйкес қалада көптеген
мемлекеттік бағдарламалар аясында
іске асып жатқан жұмыстарға мына
сіздер баға бересіздер. Қаламыздың хал-
ахуалын жақсартуда барлығымыз бірдей
үлес қосуымыз керек, – деп өз сөзін
аяқтаған Нұржан Сәбитұлы тұрғындар
тарапынан ұсыныстардың бірқатарын
тыңдады.
Алдымен, Қ. Сәтбаев көшесі 25
үй, 43 пәтер иесі Разия Есенбекова өзі
тұрып жатқан көп қабатты үйдің жөндеу
көрмегеніне ұзақ жылдар болғанын
және үйдің шатырынан су ағатынын
айтып, көмек сұрады. Сонымен қатар,
аталмыш үйдің ауласында балалар ойын
алаңшасының жоқтығын да тілге тиек
етті. Ал, Прозовная 15 мекенжайында
тұратын Л.Печерская үй жанынан ағатын
арықтардың сын көтермейтіндігін,
тал-дарақтардың қурап кетуіне жол
бермеуді және газ құбырларының көше
бойында жүргізілу тәртібін жіті назарда
ұстауды сұранды. Сондай-ақ, Байзақ
батыр көшесі 146 үй, 22 пәтер тұрғыны
З.Хизматуллина аталмыш көше мен Абай
көшесінің қиылысында бой көтерген
«Бала мен ана» монументінің құрылысы
дұрыс аяқталмағандығын алға тартып,
ондағы кейбір олқылықтардың орнын
толтыруды өтінді. Сондай-ақ, өзі тұрып
жатқан көшедегі ескірген, қураған
талдардың адам өміріне қауіпті екендігін
айтып, қала әкіміне құзырлы сала ма-
манадарына оларды кесіп тастауды
тапсыруын сұранды. Барлық ұсыныстар
мен шағымдарды тыңдаған Нұржан
Календеров құзырлы сала манандарына
тапсырма беріп, айтылған өтініштер
ескерусіз қалмайтындығын айтты.
Қала Өркендеп, даМып келеді
бүгінгі күнге дейінгі қала әкімінің есептерінде тұрғындар тарапынан талап та, тілек те, тіпті жеке өтініш
те болды. ал күні кеше №11 округ тұрғындары қала әкімі нұржан календеровке алғыс хат табыс етіп,
ризашылықтарын білдірді.
Әкім бол, халқыңа жақын бол!
Суреттерді түсірген В. Алсуфьев
5
// «Жамбыл - Тараз» // №6 (1294), 10 ақпан 2016 Жыл //
Халық пен билік
ойын баласына
ойын алаңы
№8 округ тұрғындарының алдында
есеп берген қала басшысы Нұржан
Календеров өткен жылғы есеп кезінде
округ тұрғындары тарапынан көтерілген
мәселелерге тоқталып, атқарылған
жұмыстарды нақтылап айтып берді.
2015 жылы осы аумақтық округте
өткен есепті кездесу барысында 9 азамат
сөз сөйлеп, 11 ұсыныс-пікір түскен, оның
9-ы толық орындалған. 2 сұрақ бойынша
жұмыстар жүргізіліп жатыр екен.
- Тұрғын үй-коммуна лдық
шаруашылықты жаңғырту аясында 255,3
млн. теңгеге 11 үй күрделі жөндеуден
өтсе, қайтарылған қаражат есебінен 171,5
млн. теңгеге 17 үйге ағымды жөндеу
жұмыстары атқарылды. Ұлы Жеңістің 70
жылдығына орай «Жеңіс» саябағындағы
Б.Момышұлы ескерткіші ағымды
жөндеуден өтті.
«Нұрлы жол» мемлекеттік
бағдарламасы аясында «Салтанат» мөлтек
ауданындағы балабақша ғимаратын
бұзып, 280 орындық жаңа балабақша
құрылысын салуға ҰҚ-дан 150,0 млн.
теңге, ОБ-дан 16,7 млн. теңге бөлініп,
қаржы толық игерілді. Құрылыс нысаны
2016 жылға өтпелі. Округте орналасқан
мектептердің аз қамтылған, көп балалы
отбасының 327 оқушысы жазғы маусым-
да «Болашақ», «Рауан» лагерлерінде де-
малды, 467 оқушы тегін ыстық тамақпен
қамтылды,- деді Нұржан Сәбитұлы.
Кездесуде аймақ тұрғындары қала
әкімі Н. Календеровтің атқарып отырған
ісін оң бағалады. Бірқатар азаматтар
ортаға шығып, шаһар басшысына
көкейлерінде жүрген сауалдарын қойды.
9 мөлтек аудан тұрғыны Людмила
Себрюкова: «Арық-атыздардан су
жүрмейді. Жаз туып, күн ысығанда тал-
дарақтар қурап қалады ма деп қорқамыз.
Көше шамдарының жарықтандырылуы
да толыққанды емес. Жарық болмаған соң
біздің аймақта қылмыс та көп орын алады.
Және де бір ұсынысым балалар ойнайтын
ауланы қолға алсаңыздар»,- деді. 7 мөлтек
аудан тұрғыны Людмила Азариева болса:
«Біз үшін басты мәселе - балалар ауласы.
Балалар ауласы қолға алынса қоршап
берулеріңізді өтінемін. Жеткіншектерге
футбол ойнауға мүмкіндік туса дейміз.
Ең болмаса, құм төгетін қауыз жасап
берсеңіздер. Және де 5-ші қабатқа мұздай
судың келуі қиын. Сосын көшедегі
қоқыста атжалмандар жүреді. Олар
жертөлеге де кіреді. Тазалық мәселесін
қолға алсаңыздар » - деді. Сонымен қатар
жиын барысында аялдамаларға жарнама
қағаздарын ілу жайы да сөз болды.
- Арық-атыздардың жаңартылуы
міндетті. Тазарту жұмыстарын қолға
алып жатырмыз. Қалада 65 пайыз ойын
аулаларын соғу, жөндеу жұмыстары
жүргізілсе, соның барлығы демеушілердің
көмегімен жасалған. Демеушілер та-
былып жатса, бұл мәселелер де қолға
алынады,- деді қала басшысы өз жауа-
бында. Және де барлық ұсыныс-пікірлер
қарастырылатынын жеткізді.
таксистер тар
жерге Үйір
Қала әкімі Нұржан Календеровтің
9 округ тұрғындары алдындағы есепті
кездесуі Т. Рысқұлов атындағы №48
мектептің акт залында өтті.
«Алатау» мөлтек ауданында
өткен кезекті басқосуға қала проку-
роры, Ардагерлер кеңесінің төрағасы,
қалалық мәслихаттың хатшысы, аумақ
тұрғындары қатысты. Кездесу тәртібі
бойынша қала басшысы жыл бойы
атқарылған сапалы жұмыстарды толық
атап шықты. Алдағы мақсат-міндеттерді
де саралап өтті. «100 нақты қадам» Ұлт
жоспарында белгіленген межелерді
бағындыру жолында атқарылатын істер
мен алдағы Парламент Мәжілісі мен
жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау
жұмыстарының маңыздылығын да тілге
тиек етті. Есеп беру кезеңінде қала бас-
шысы бақылауға алған барлық істердің
аяқ асты қалмайтындығына тұрғындар
да сенімін білдіріп отыр. Өткен жылы
аталған аумақтық округте өткен есепті
кездесу барысында 11 азамат сөз сөйлеп,
23 ұсыныс-пікір түссе, оның 16-сы толық
орындалған (4 сұраққа дер кезінде,
7-іне жазбаша түрде түсінік берілген),
ал 7 сұрақ бойынша әлі де жұмыстар
жүргізіліп жатыр екен. Мәселен, өткен
жылы тұрғындардың «Жібек жолы»
базары жолында көліктердің қозғалысын
реттеу туралы ұсынысына сай, Саңырақ
батыр көшесі бойымен бағдаршам және
жаяу жүргіншілер өткеліне тиісті жол
белгілері орнатылыпты. Сондай-ақ,
қаңғыбас иттерді аулау мәселесі бой-
ынша 8 мөлтек ауданның айналасынан
барлығы 130 қаңғыбас иттер ұсталған.
Бұдан бөлек, тұрғын үй - коммуналдық
шаруашылықты жаңғырту аясында 148,3
млн. теңгеге 5 үй күрделі жөндеуден
өтсе, қайтарылған қаражат есебінен
9,1 млн. теңгеге 1 үйге ағымды жөндеу
жұмыстары атқарылыпты. Және №48
мектептің су құбырлары мен кәріз
жүйелеріне (4,9 млн. теңге), №16 орта
мектеп ғимаратына, су құбырларына (5,4
млн. теңге), №28 орта мектептің еденіне
(3,3 млн. теңге), №17 балабақшаның
шатырына (2,7 млн. теңге) ағымды
жөндеу жұмысы жүргізілген. Білім
мекемелері 89 дана компьютер тех-
никасымен жабдықталған. №48 орта
мектеп жаңа модификациялы био-
логия (2,8 млн. теңге), №43 орта мек-
теп физика кабинеттерімен (4,2 млн.
теңге) қамтамасыз етілген. Жалпы
есепті кезеңде округтің 21 тұрғыны қала
әкімінің жеке қабылдауында болып, 8-і
жер, 6-ы баспана мәселелерін көтеріп,
2-і әлеуметтік көмек пен жұмыс сұраған.
Жеке тұлғалардан 512 өтініш түсіп,
495-іне түсіндірме жауап берілсе, 17-і
қанағаттандырылыпты.
- Қалада әлі де қолға алатын
жұмыстар жетерлік. Алдағы уақытта
оларды іске асыру бағытында тиісті
жұмыстар жүргізілетін болады. Оның
барлығы Ел Президентінің Жолдауында
жергілікті атқарушы органдарға және
әкімдердің алдына қойған міндеттерден
туындайды. Біз де осы жауапкершілігі
жоғары міндеттерді абыроймен атқарсақ
дейміз, - деді өз сөзінде Нұржан
Сәбитұлы.
Бұдан әрі сөз алған 17 кварталдық
комитетінің төрағасы Тамара
Андреевна аумаққа қарасты жөн-
жосықсыз жол бойында тұрып алатын
такси жүргізушілеріне шағым айтты.
Оның айтуынша, аумақта туындайтын
жол апаттары мен көлік кептелістерінің
басым көпшілігі такси жүргізушілерінің
орынсыз жерлерде тұруының салдары-
нан орын алуда. Сол себепті оларға дереу
шара қолдану қажеттілігін айтты. Бұл
мәселені қала басшысы ІІБ Жергілікті
полиция қызметінің басшысы Талғат
Саулебаевқа тапсырды. Бұдан әрі сөз
алған аумақ тұрғыны Мақұлбек Жа-
налиев қала басшылығы тарапынан
атқарылып жатқан жемісті жұмыстарға
тұрғындардың атынан жоғары баға
беріп, мамандардың ісіне табыс тіледі.
Жиын соңында жазбаша көтерілген
тұрғындардың мәселесі бойынша арнайы
хаттама толтырылды.
аялдар
аялдаМа керек
Қала әкімі Нұржан Календеровтің
кезекті есебі №10 округте өтті. Шаһар
басшысы бұл аумақта күрмеуі көп
мәселелер бар екенін жасырмады. Бұған
тұрғындарды мезі еткен сапасыз жол-
дар, жарықсыз көшелер, тротуарлардың
жоқтығын айтуға болады. Әкімнің негізгі
есебінен соң, тұрғындар өткен жылы
есептік кездесуде көтерілген бірқатар
мәселелер шешімін тапқанын жеткізіп,
алғыстарын білдірді. Округ тұрғыны
Альфия Наам көпшілікті толғандырып
келген қоқыстың уақытылы шығарылуы
бір жолға қойылғанын қуана жеткізіп,
енді Есенин, Анарбаев, Ақтөбе көшелерін
жөндеп, аялдама орнатып беруін өтінді.
Қала әкімі жол мәселесі ұдайы
бақылауда екенін, көктемде бұл бағытта
жұмыстар қайта басталатынын атап өтті.
- Біз ауданды арнайы құрылатын
комиссиямен жіті аралаймыз. Биыл
сіздердің округте ауқымды жұмыстар
атқарылатын болады. Былтыр
аялдамаларға 700 миллион теңге бөлініп,
50 аялдаманы жаңарттық. Жалпы қалада
бір жарым мың аялдама бар. Енді бізге
қанша қаражат керек екенін өздеріңіз
бағамдай беріңіздер,-деді ол.
Шалғай Қарасу тұрғындары
жаңадан салынған жеке үйлердің ауыз
су мәселесін көтерсе, №34 кварталды
комитет төрағасы Гузель Бармина Ишин,
Тынышбаев көшелерін асфальттап әрі
жарықтандырып беруді сұрады. Сондай-
ақ, ол Қарасу каналының тазаланбағанына
5 жыл болғанын, мұнда автокөлік иелері
өз темір тұлпарларын жууды әдетке
айналдырғанына қынжылыс танытты.
Тұрғындар тарапынан жолданған
сауалдардың көпшілігі көшелерді
жарықтандыруға бағытталған соң, қала
басшысы бұл мәселе бір күнде шешіле
қоймайтынын кесіп айтты.
- Қала бюджеті шаһардағы барлық
көшелерді жарықтандыруға шамасы
жетпейді. Былтыр бұл бағытта 400
миллион теңге бөлінген еді. Қаржылық
дағдарысқа байланысты биыл бұл
сомма арта түспесі анық. Негізі шағын
көшелердің, бұрылыстардың жөндеуі
мен жарықтандыруын тұрғындар өздері
жасауы тиіс,-деді Нұржан Сәбитұлы.
ұрлыҚ-ҚарлыҚ
тұсауланса
«Көлтоған» шағын ауданына
қарасты №57 орта мектепте қала әкімі
Нұржан Календеров №11 аумақтық
округ тұрғындарымен кездесіп, халықты
алаңдатып отырған мәселелерді
талқылады.
Нақты уақытта қалаға қарайтын
шағын ауданда өткен басқосуда шаһар
басшысы тұрғындарды атқарылған
шаруалар, алдағы жұмыстармен таны-
стырып өтті. Қала өміріндегі өзгерістерді
тарқатып айтып өткен Нұржан Сәбитұлы
аталған аумақтың ахуалына байланысты
өткен жылы көтеріліп, биыл шешімін
тапқан сұрақтарды да тілге тиек етті.
Мәселен, 2015 жылы осы аумақтық
округте өткен есепті кездесу барысында
14 азамат сөз сөйлеп, 30 ұсыныс-пікір
түскен екен. Оның 22-сі орындалған
(16 сұраққа дер кезінде, 3-іне жазбаша
түрде түсінік берілген), ал 8 сұрақ бой-
ынша жұмыстар әлі жүргізіліп жатқан
көрінеді. Атап айтсақ, тұрғындардың
сұранысы бойынша өткен жылы 21,6
млн. теңге қарастырылып, №19 негізгі
және №№55, 56, 57 орта мектептерге
барлығы 4 автобус алынып беріліпті.
Сонымен қатар, Шөлдаланың мектепке
баратын бұрылысына жол белгілері
мен жасанды жол кедергісі орнатылған.
Бұдан бөлек, «Арайстрой-GROUP»
ЖШС-мен Көлтоған ауылына кіреберіс
жолдың ұзындығы 4,74 шақырымы
(145,4 млн. теңге) орташа жөндеуден
өткен. Және алқаптың су құбырына
30,0 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу
жұмыстары жүргізіліпті. Қалаға қарағалы
бері атқарылған қыруар жұмыстардың
нәтижесіне тұрғындардың өздері куә.
Есепті кезеңде округтің 18 тұрғыны
қала әкімінің жеке қабылдауында бо-
лып, 4-і жер, 7-і баспана, 3-і тұрғын жай
мәселелерін көтеріп, 2-і әлеуметтік көмек
сұраған. Жеке тұлғалардан 115 өтініш
түсіп, 103-іне түсіндірме жауап берілсе,
12-сі қанағаттандырылыпты. Десек те,
жиын барысында әлі де шешілмей келе
жатқан бірқатар мәселелер айтылды.
Мәселен, аумақ тұрғыны, зейнеткер Ілияс
Жұмағұлов былтырғы жылы тұрғындар
тарапынан бірнеше рет көтерілген газ
мәселесін сұрады.
- Өткен жылы көгілдір отын сұраған
едік. Жауабын ешкім айтпады ақыры.
Және жаңа мектепке апаратын Сейфул-
лин, Қ.Рысқұлбеков көшелеріне жөндеу
жұмыстары мен жарықтандыру қажет.
Сондай-ақ, аумақта жастарға арналған
ештеңе жоқ. Спорттық нысан, мәдениет
үйі керек. Біздің аумақ тұрғындары
учаскелік полиция қызметкерін та-
нымайды. Бұл – олардың жұмыс
істемейтіндігінің нақты дәлелі. Ал
медициналық пунк әбден ескірген, тар,-
деді зейнеткер.
Қала басшысы құны 693млн. 200 мың
теңгені құрайтын газ жобасының дайын
екендігін, тек жұмыс сол қаражаттың
бөлінуін күтіп тұрғандығын айтты.
«Көше мәселесі де газға байланысты. Жер
асты желілері толық орнатылғаннан кейін
көшелер де жөнделеді» - деді әкім. Со-
нымен қатар, қала басшысы дағдарысқа
байланысты мәдениет үйін салуға қаржы
бөлінбейтіндігін де ескертті. Ал қалалық
денсаулық сақтау бөлімінің басшы-
сы Серік Қасмақасовтың айтуынша,
аталған аумақ тұрғындарының саны
30 мыңға жетсе ғана жаңа емхана са-
лынады екен. Қазір 32 саяжай мен 5
ауылды қосқанда, мұнда халық саны
19 мыңнан енді асқан. Сейфуллин
көшесі №19 үйдің тұрғыны Нұрғали
Сәрсенбеков Шөлдаланың маңдайына
біткен жалғыз аялдама бар екендігін
және халық санының артуына байла-
нысты №36,47 қоғамдық көліктерінің
бірін жаңа мектепке дейін жеткізуді
сұрады. Ал Шөлдала тұрғыны Жиенғали
Жолмағамбетов екі жарым сағатта
бір-ақ қарасы көрінетін қоғамдық
көлік шопырларының үнемі шылым
шегіп отыратындығына шағымданды.
Бұған қоса, тұрғын аумақтағы мал мен
мүлік ұрлығына тұсау салуды өтінді.
Аумақ тұрғыны, ақсақал Аңғарбай
Ербосыновтың айтуынша, №55
орта мектеп алдында 2014 жылы бір
оқушыны көлік қағып мерт қылған.
Себебі кешкісін мектептің маңы тас
қараңғы. Жолда белгілер жоқ. Тұрғын
мектептің алдын жарықтандыруды,
мүмкіндік болса бағдаршам орнату-
ды сұрады. Мәселелерімен бөліскен
тұрғындар қала басшылығына айтылған
сұрақтардың жерде қалмайтындығына
сенімді. Өйткені өткен жылы айтылған
мәселелердің басым көпшілігі халық
алдында шешімін тапқан. Ол үшін аумақ
тұрғындары қала әкімдігіне дән риза.
Тіпті, жиын соңында аумақ тұрғыны
Күнсұлу Үскімбаева ауылдастарының
атынан қала басшысы Нұржан Календе-
ровке Алғыс хат тапсырып, атқарылған
жұмыстарға алғысын жеткізді. «Әрине,
мәселе әр жерде бар. Дегенмен,
халық сенімін ақтап жүрген атқамінер
азаматтарға оң бағасын берді. Сіздердің
жүйелі жұмыстарыңыздың арқасында
тұрғындардың мәселесі біртіндеп
шешіліп келеді» - деген ол Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаевқа, облыс, қала
басшылығына және аумақтың гүлденуіне
атсалысқан барлық мамандарға табыс
тіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |