2016 жыл, сәрсенбі



Pdf көрінісі
бет1/12
Дата06.02.2017
өлшемі7,93 Mb.
#3543
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 №6 (1294)  10 ақпан 

 

2016 жыл, сәрсенбі



www.z-taraz.kz

 6-7-бет.

 

„



Халық кез келген өңірдің әлеуметтік-экономикалық деңгейін, рухани тірлігін, 

бары мен жоғын ақпарат құралдары арқылы біледі. Облыс орталығының 

айнасына айналған «Жамбыл-Тараз» газеті де бұл күнде өзіндік бағыт-бағдары, 

бет-бейнесімен оқырман көңілінен шығып отыр. Киелі шаһармен бірге жасасып 

келе жатқан газетіміздің келешегі де кемелді! 

Мұқағали Мақатаев

85 жыл

Табиғат, жанымды алсаң, алшы менің, 

Бір түйір жерге түскен тамшың едім. 

Мұқағали жоғалса, қайтер дейсің, 

Артымда қалсын жерім, қалсын елім!

 

11-бет.

Жануарды қорлағанның 

жазасы ауыр

 

„

 Әу баста қорек үшін 



қару көтерген адамзат, 

бүгінде оларды қызық 

қуып қынадай қыруда. 

 

15-бет.

Бір жүректен мың 

жүрекке


 

„

Жақсылық жаса адамға! 



Жақсылықтың майдасы, 

айласы, ірісі болмайды.

 

10-бет.

ҚұрМетті тараз 

Қаласының тұрғындары!

2016 жылдың 13 ақпан 

күні сағат 9:00-ден бастап 

орталық «Достық» алаңында 

төмендетілген бағамен ауыл 

шаруашылығы өнімдерінің 

жәрмеңкесі өткізіледі.

Жәрмеңкеге барлығыңызды 

шақырамыз! 

Тараз қаласы әкімдігі



сіздерМен бірге

20

 



 жыл! 

2

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №6 (1294), 10 ақпан 2016 Жыл  //



Энергиясыз ЭконоМика аҚсайды

 

„

жамбыл облысы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «нұрлы жол» 



мемлекеттік бағдарламасының инфрақұрылымдық жобаларын аймақтағы автомобиль 

жолдарының желісі мен құрылыс саласында жан-жақты жүзеге асыруға бағытталған 

жұмыстар талқыланған жиын өтті.

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

БАҚ  өкілдерімен  бас  қосқан  Жамбыл 

облыстық  құрылыс,  жолаушылар  көлігі  және 

автомобиль  жолдары  басқармасының  басшы-

сы  Рахманқұл  Байтелиев  жиын  барысында 

былтырғы  жылы  сала  тарапынан  атқарылған 

сапалы жұмыстардың бірсыпырасын  атап өтті. 

- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халықтың өмір 

сүру деңгейін  жақсартуға  бағытталған дәстүрлі  

Жолдауларында  қолжетімді тұрғын үй, білім 

беру, денсаулық сақтау объектілерін, сондай-ақ 

спорт және әлеуметтік-мәдени объектілерін са-

луды, жол құрылысының маңыздылығын үнемі 

атап өтеді. Бұл тұрғыда басқармамен 2015 жылы 

атқарылған жұмыстарды үрдіске сай сараптап, 

есеп беретін болсақ, 2015 жылдың 12 айында 

басқармаға  жүктелген  барлық  міндеттемелер 

бойынша қаржыландыру жоспарында 28,4 млрд.

теңге жоспарланып, кассалық шығыстар бойын-

ша 28,3 млрд. теңге төленді, яғни жылдық қаржы 

99,73% игерілді, - деді ол. 

Сондай-ақ,  басқарма  басшысының  айту-

ынша,    64  нысанның  құрылысын  жүргізуге 

өткен жылы  23,0 млрд.теңге бөлінген. Оның 

ішінде  денсаулық  сақтау,  білім  және  тұрғын 

үй  нысандарының  құрылыстары  бар.  «Ақ 

бұлақ»  бағдарламасы  аясында  бой  көтерген 

нысандар  да  ел  игілігіне  берілген.  «Нұрлы 

жол» бағдарламасы аясында облыс аумағында 

«ҚИК» акционерлік қоғамы тапсырыс беруші 

болып  табылатын  жалпы  31,9  мың  шаршы 

метрлі  450  пәтерлі  4  тұрғын  үй  құрылысы 

жүргізіліп, 16,7 мың шаршы метрді құрайтын 

үш  тұрғын  үй  пайдалануға  тапсырылыпты. 

Олардың қатарында Тараз қаласы, Маяковский 

көшесінде 3,0 мың шаршы метрді құрайтын 40 

пәтерлі тұрғын үй құрылысы мен  «Бәйтерек» 

мөлтек  ауданынан  13,7  мың  шаршы  метрлі  5 

қабатты 100 пәтерлі 2 тұрғын үй және 15,2 мың 

шаршы метрлік 210 пәтерлі «Атшабар» тұрғын 

үй кешені бар. Ал инженерлік–коммуникациялық 

инфрақұрылыммен  қамтамасыз  етуге,  3  ны-

сан  құрылысына  Ұлттық  қор  есебінен  466,0 

млн.  теңге  бөлініпті.  «Осы  жылы  2  нысан 

пайдалануға тапсырылады» - деді басқарма бас-

шысы. 1 нысан 2016 жылға өтпелі. Олар: «Арай» 

алқабындағы  14  га  тұрғын  кешенін  сумен, 

газбен қамтамасыздандыру, телефонизациялау, 

магистралдық  кәріз  желілерінің  құрылысын 

салу, «Бәйтерек», «Бәйтерек-2» ықшам аудан-

дарын және әлеуметтік объектілерін электрмен 

жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету үшін, 

«Бәйтерек»  (110/10  кВ)  подстанциясының 

екінші кезегінің құрылысы және Сүлейменов 

көшесінің  аяғындағы  жаңа  тұрғын  массивті 

жеткізетін  және  ішкі  кварталдық  инженерлік 

жүйелер  құрылысы  (сыртқы  су  жүйелері). 

Өңірдің  күре  тамырына  айналған  жолдардың 

жағдайы  мен  баспана  мәселесіне  қатысты 

жалпы  ахуалдың  жай-жапсарын  жіті  айтып 

өткен  басқарма  басшысы  жиын  соңында 

тілшілердің  сұрағына  жауап  берді.  Қалалық                                                                                                                

«Жамбыл-Тараз»  газетінің  тілшісі  Н.С. 

Арай массивіндегі тұрғын үйлерге қатысты 

екі сұрақ қойды.  Біріншісі, аталған аумақта 

жаңадан бой көтерген 2 көппәтерлі тұрғын 

үйдің ішкі жобасының жайсыздығына қатысты. 

Яғни,  пәтер  ішіндегі  бөлмелер  дұрыс  жоба-

лау  жұмыстары  жүргізілмегендіктен,  жайсыз 

орналасқан. Жуынатын бөлмелер мен дәліздері 

тым  үлкен,  есесіне  төр  бөлмелер  мен  ас  үй, 

басқа да бөлмелер қысылып қалған. Бұл жөнінде 

басқарма басшысы Қазақстан Ипотекалық Ком-

паниясы арқылы соғылған бұл үйлердің негізгі 

жобасындағы кемшіліктер бойынша компанияға 

ескерту-сын  айтылғандығын,  жаңа  тұрғын 

үйлер  бойынша  мұндай  мәселенің  бірінші 

мәрте орын алғандығын және алдағы уақытта 

ондай  олқылықтар  болмайтындығын  айтты. 

Екінші  сұрақ    аталған  алқапқа  қарасты  сегіз 

ай бойы тоқтап тұрған құрылыс жұмыстарына 

«Агроспецстрой»  ЖШС  жауапты  әлеуметтік 

аз  қамтамасыз  етілгендер  мен  мүмкіндігі 

шектеулі  жандарға  арналған  көппәтерлі  екі 

үйдің  мәселесіне  байланысты  қойылды. 

«Аталған  үйлердің  әлеуметтік  маңыздылығы 

ескеріліп,  Тұрғын  үй  құрылыс  жинақ  банкі 

арқылы республикалық қазынадан 572 млн., ал 

арендалық тұрғын үйдің құрылысына жақында 

ғана  облыс  әкімінің  тікелей  ықпалымен  420 

млн. теңге қаржы бөлінді. Алдағы уақытта екі 

көппәтерлі үй ел игілігіне берілетін болады»-

деді Рахманқұл Тұрсынқұлұлы. Ал облыстық 

«Ақ жол» газетінің тілшісі Нұрым Сырғабаев 



жаңа нысандар – ұлт жоспарының жемісі

 

„

Өткен жылы жамбыл облысында энергетика бағдарламасы бойынша                       



14 жоба іске асырылған. 

Айсана НҰРБАП

Осылай  деп  энергетика  және  тұрғын  үй-

коммуналдық шаруашылық басқармасының  бас-

шысы  Ерік  Көшербаев  Өңірлік  коммуникация 

қызметі баспасөз орталығында өткен брифингте 

мәлімдеді. Жиын барысында өңірдегі коммуналдық-

шаруашылық қызметті жаңғырту жобалары  мен 

өткен  жылы атқарылған ауқымды жұмыстар кеңінен 

айтылды. 

-2015 жылдың жоспарына сәйкес, жылу энерге-

тикасы бағдарламасы бойынша 2073,4 млн. теңгеге 

14 жоба іске асырылды. Оның ішінде республикалық 

бюджеттен 1693,0 млн. теңгеге 10 жоба, ал 4 жобаға 

облыстық бюджеттен 380,4 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі 

күнге қаржының игерілгені 2073,4 млн. теңге не-

месе 100%. Нысандар пайдалануға берілді, - деген 

басқарма басшысы Ерік Әубәкірұлы «Нұрлы жол», 

«Бизнестің жол картасы - 2020», «Өңірлерді дамыту- 

2020» және «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 

жылдарға арналған», «облыстық бюджеттерге, Аста-

на және Алматы қалаларының бюджеттеріне жылу, 

сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструк-

циялау және құрылыс үшін кредит беру» бюджеттік 

бағдарламалары      аясында  игерілген  қаражат 

көлемі мен атқарылған ауқымды  жұмыстардың 

нәтижесін тілге тиек етті. Мәселен, «Нұрлы жол» 

инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы бойынша 

өткен жылы үш жобаны жүзеге асыру мақсатында                

1 миллиардтан астам қаржы бөлініпті. Оның ішіндегі 

екі жоба - 70 пайызға жуық тозығы жеткен қаладағы 

магистралды  жылу  желісі  мен  30  пайызының 

тозығы жеткен ішкі кварталдық желілердің жұмысы 

екен.  Бұл  жұмыстар  қаладағы  Қойбақов,  Га-

малей, Сәтбаев көшелерінде жүргізілген. Ерік 

Әубәкірұлының айтуынша, биыл «Нұрлы жол» 

бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен 

қажетті қаражат бөлініп, тағы 3 жоба іске асатын 

көрінеді. Жоба аясында қаладағы Сейфуллин және 

Б. Момышұлы көшелерінің бойындағы М-8 жылу 

магистралі (ТК313-тен ТК862-ге дейінгі аралық), 

Рахимов, Жұбанышев көшелері, Жамбыл даңғылы 

бойындағы М-5 жылу магистралі мен Қойгелді, 

Сүлейменов көшелерінің бойындағы (ТК-225) ішкі 

кварталдық жылу желілері қайта жаңғыртылмақ.  

Осы секілді өңірдің инфрақұрылымына қатысты 

өзекті мәселелер мен алдағы жоспарларға кеңінен 

тоқталған басқарма басшысына БАҚ өкілдері тара-

пынан сұрақтар қойылды. Қалалық «Жамбыл-Тараз» 

газетінің тілшісі Н.С. қазіргі таңда қала өміріне 

қатысты шешімін таппай тұрған мәселелер мен жаңа 

жобалар, сонымен қатар өңірдегі баламалы энергия 

көздерінің қуатына қатысты қызығушылық білдірді. 

- Тараз қаласында сала жұмысына қатысты 

мәселелер  көп.  Оларды  үлкен  үш  бағытқа 

бөліп  қарастырудамыз.  Біріншісі,  қаладағы 

подстанциялардың  қуаты  жетіспейді.  Мәселен, 

«Бәйтерек»  мөлтек  ауданында  «Бәйтерек»  под-

станциямыз бар (110/35/10кв). Оны кеңейтуге біз 

қазір жобалық сметалық құжатын әзірлеп, бюджетке 

ұсыныс бердік. Оның құны - 312 млн. теңге. Ол қаржы 

бөлінбесе, аталған мөлтек ауданындағы шағын және 

орта бизнестер дамымайды. Екінші, «Астана» мөлтек 

ауданына 16 мың кв. трансформатор орнатуымыз 

керек. Оған тағы 512 млн. қаржы қажет. Ол бойын-

ша да министрлікке ұсыныс бердік.  Ал келешекте 

соғылатын «Сабалақов» мөлтек ауданы мен автобекет 

аумағында 14-ші мөлтек ауданы болады. Ол жерге 

тағы екі подстанция салынуы қажет. Екеуіне де кем 

дегенде 1 млрд. 300 млн. қаржы қажет. Сол қаражат 

әлі шешілген жоқ. Бұл - үлкен мәселе. Қаланың 

экономикалық дамуына тікелей әсер етуі мүмкін. Ал 

су мен жылудан, газдан ешқандай мәселе жоқ. Соны-

мен қатар, тұрғын үй саласы бойынша  біздегі КСК-

лардың жұмыстары өте төмен деңгейде. Қалада 426 

есептеуіш құралдар қойылған. Оның да жұмыстары 

төмен  деңгейде.  Модернизация  жұмыстарының 

90%-ы Тараз қаласында, ал оған қаражат бөліну 

бойынша жұмыстар өте төмен деңгейде жүргізіліп 

жатыр,-деген басқарма басшысы өңірдегі баламалы 

энергия көздерінің жұмысына да тоқталып өтті. Оның 

айтуынша, бүгінгі таңда облыс тұтынатын 350 МВт 

электр энергиясының 78-80 МВт-ы баламалы энер-

гия көздерінен алынатын көрінеді. Индикаторлық 

көрсеткішті орындау мақсатында 2020 жылға дейін 

баламалы энергия қуатын 120-200 МВт-қа дейін 

арттыру көзделіп отыр екен. 

Байзақ  батыр  және  Айша  бибі  көшелерінің 

қиылысындағы жиырма жыл бойы темір жолдан 

аса  алмай  тұрған  көпірдің  құрылысына  және 

қаладағы  көлік  кептелістері  мен  жаяу  жолсыз 

көшелерге қатысты сұрақ қойды. «Аталған көпір 

іске  қосылса,  сырттан  келетін  көліктер  мен 

экологияға  нұқсан  келтіретін  жүк  көліктерінің 

70%-ы  сол  арқылы  қатынайтын  еді.  Көпірді 

қайта қалпына келтірудің жалпы құны 1,8млрд. 

теңгені құрайтын жобалық құны жасалған. Қаржы 

бөлу үшін республикаға бірнеше мәрте ұсыныс 

жасағанбыз. Өкінішке орай, қаржы дағдарысына 

байланысты әлі ешқандай ақша бөлінген жоқ. Де-

генмен, бұл мәселе күн тәртібінен түспейді» - деді 

Р.Байтелиев. Ал қалада 5-6 жылда екі есе өскен 

көлік кептелістерін азайту мен жаяу жолдарды 

жаңарту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар 

әлі  де  жалғасын  таппақ.    Облыстық  «Арай» 

газетінің  тілшісі  Қамар  Қарасаеваны    доллар 

бағамының шарықтауына байланысты құрылыс 

материалдарының құны қызықтырды. Басқарма 

басшысы қолданыстағы материалдардың 70%-дан 

астамы отандық өнім екендігін алға тартып, баға 

теңгемен теңесетіндігін баса айтты. Р.Байтелиев 

тілшілер тарапынан қойылған барлық сұрақтарға 

жауап беріп, сөз соңында қоғамдық көліктердегі 

мәдениетті  көтеру  бағытында  бірлесе  жұмыс 

жасауға шақырды. 



қала-қарбалас

3

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №6 (1294), 10 ақпан 2016 Жыл  //



Қалта ұрлығынан 

сақтаныңыз!

 

„

 «достық» алаңында 



«нұр отан» партиясы 

облыстық филиалы  

жанындағы «жас отан» 

жастар қанаты  жергілікті 

полициямен бірлесіп, 

қоғамдық көліктерде  

ұрлықтың алдын алу 

бойынша ұйымдастырған 

айлық бастау алды.

жаңа мәтіндегі 

кодекс түсіндірілді

 

„

 тараз жастар 



орталығының мамандары 

№51 орта мектебінде  

нашақорлықтың 

алдын алуға арналған 

«нашақорлық - қоғам 

дерті» тақырыбында жиын            

өткізді.

Арайлым БАқЫтжАНқЫзЫ

Аталмыш  жиында  М.Х.  Дулати 

атындағыТарМУ-дың  «Заң»  факультетінің 

аға оқытушысы Асқар Қадырқұлов пен Тараз 

қалалық ІІБ 1-ПБ өкілі, полиция аға лейтенанты 

Арслан Жақсығұлов жасөспірімдер арасындағы 

құқық бұзушылықтың жолын кесу мәселелерін 

талқылады.

ТарМУ-дың  «Заң»  факультетінің  аға 

оқытушысы Асқар Қадырқұлов жастар арасында 

нашақорлыққа қарсы күрес жүргізудің маңызына 

тоқталып, оқушылармен ашық сұхбат жүргізді. 

Сондай-ақ, Асқар Жақсылықұлы оқушыларға 

жаңа  мәтіндегі  Қылмыстық  Кодекстегі 

жасөспірімдерге қатысты баптарды түсіндіріп 

берді. Ал, Тараз қалалық ІІБ 1-ПБ өкілі, полиция 

аға лейтенанты Арслан Жақсығұлов кәмелетке 

толмағандардың құқықтық сауаттылығы тура-

сында әңгіме өрбітті.

Шара соңында, құқық қорғау қызметі мама-

ны оқушылар тарапынан туындаған сұрақтарға 

жауап берді.



құралай СЕЙСЕНБЕКқЫзЫ

Шараға  жиналған  қара  нөпір  -  жол 

патрульдік  полиция  батальоны  мен  ЖОО 

студенттері болды. Бұл іске жұмылдырылған 

патрульдік полицияның 20 көлігі аялдамаларға 

шығып,  қоғамдық  көлікте  орын  алатын 

ұрлықтың алдын алу мақсатында халықты 

сақтандыру, ескерту үшін жазылған плакатта-

рын алып, жолға шығуға сақадай сай тұрды. 

Ал 100-ге жуық студент бес-бесеуден қоғамдық 

көліктерге мініп, алдын ала  дайындалған жа-

дынаманы оқиды. Онда: «Назар аударыңыз,  

қалта ұрлығы! Сіздердің назарларыңызға жеке 

мүлік пен ақша, құжаттарды ұрлау фактілері 

жиі тіркеліп, көбейгенін ескертеміз. Сондықтан 

да темір жол вокзалында, қоғамдық көліктерде, 

ірі сауда орындары мен өзге де қоғамдық 

орындарында - кафе, ресторан, көрмелер және 

т.б. жерлерде болғанда мұқият болуларыңыз 

қажет. Құжаттарыңызды, бағалы заттарыңызды 

және ақшаңызды киімнің ішкі қалтасында 

ұстауға кеңес береміз. Ұялы телефоныңыздың 

ұрлануынан сақтаныңыз. Мүлкіңіз ұрланған 

жағдайда 102-ге хабарласыңыз» деп жазылған. 

Қала  әкімі  Нұржан  Календеровтің 

қолдауымен екі мыңға жуық ескертпе банер-

лер дайындалып, үлкен дүкендер мен қоғамдық 

көліктерге, сондай-ақ аялдамаларға ілінбек. 

Орталық алаңға ат басын тіреген «Бүркіт» 

жасағының автоэкипажы бұл іске арнайы 

жұмылдырылып, алдағы уақытта қоғамдық 

орындарда ұрлық болдырмау үшін күреседі.



 

„

 Қалалық мәдениет үйінде «нұр отан» партиясы тараз қалалық 



филиалының кезектен тыс ХVI конференциясы өтті. 

ҮМіткерлер  тізіМі  

таныстырылды

саяси науқанға дайындық сараланды.  

 Суреттерді түсірген В.Алсуфьев

Арайлым ШАБдЕНовА

Саяси кеңес мүшелері, қалалық мекеме-

лер, кәсіпорын басшылары мен БАҚ өкілдері 

қатысқан алқалы жиынды қала әкімі Нұржан 

Календеров ашып, жүргізіп отырды. Жалпы, 

конференция жұмысына барлығы 212 деле-

гат сайланып, оның 198-і жиынға қатысты. 

Алдымен редакциялық , мандат комиссиясы 

мен хатшылық құрамын сайлап алған деле-

гаттар күн тәртібіне шығарылған бірнеше 

мәселеге қатысты өз жұмыстарын бастады. 

«Нұр Отан» партиясының «Қазақстан-2021» 

Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» Сайлау-

алды бағдарламасы туралы партия облыстық 

филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, қала әкімі 

Нұржан Сәбитұлы хабарлама жасады.  Пар-

тия Тараз қалалық филиалының төрағасы ал-

дымен өткен жылғы атқарылған жұмыстарға 

тоқталып, мемлекеттік бағдарламалардың 

орындалу  барысын  тілге  тиек  етті.  Күн 

тәртібіндегі екінші мәселе бойынша партия 

қалалық  филиалы  төрағасының  бірінші 

орынбасары Балжан Пернебекова хабарлама 

жасап, қалалық мәслихат  депутаттығына 

үміткер азаматтардың тізімімен таныстыр-

ды. Ал  күн тәртібіне шығарылған соңғы 

мәселе  бойынша  «Нұр  Отан»  партиясы 

облыстық  конференциясына  сайланатын 

делегаттардың  сандық  құрамы  партия 

облыстық филиалының өкілдік нормасына 

сәйкес барлығы 71 делегат белгіленді.

  Ж и ы н   с о ң ы н д а   с а й л ау а л д ы 

бағдарламаларды  тұрғындар  арасында 

түсіндіру  туралы,  Елбасының  кезектен 

тыс ХVIІ съезінде айтылған тапсырмалар 

мен алға қойылған мақсаттарды іске асы-

ру бойынша жоспар әзірлеу туралы қаулы 

қабылданды. 



сайлауалды науқан ашық жүруде

 

„

жамбыл облысында қосымша 4 сайлау учаскесі 



ашылды. олардың 3-і тараз қаласында.

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Өңірлік  коммуникациялар  қызметі 

алаңында Жамбыл облыстық аумақтық сай-

лау комиссиясының төрағасы, М.Х. Дулати 

атындағы  ТарМУ    ректоры  Махметқали 

Сарыбековтің қатысуымен  брифинг өтті. 

Басқосу  барысында  комиссия  төрағасы 

Мәжіліске  және  барлық  деңгейдегі 

мәслихатқа кезектен тыс сайлау өткізуге 

дайындық барысын зерделеп, негізгі сайлау 

рәсімдеріне кеңінен тоқталып өтті.

- Жамбыл облысының аумағында 681 сай-

лау комиссиясы бар, олардың 12-сі аумақтық, 

205-і  аймақтық,  464-і  учаскелік  сайлау 

комиссиялары.  Қазіргі  уақытта  Жамбыл 

облыстық аумақтық комиссия жұмысы 2016 

жылғы 20 наурызға тағайындалған. Сайлауға 

дайындық  жұмыстары    Орталық  сайлау 

комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға 

сәйкес белсенді жүргізілуде, - деді ол. Со-

нымен қатар, М. Сарыбеков биыл облыс 

бойынша 460 сайлау учаскесінде 4 қосымша 

учаске қосылғандығын да атап өтті. Олардың 

үшеуі  Таразда  және  біреуі  Т.  Рысқұлов 

ауданындағы Құлан ауылында. «Жұмыс ба-

рысында біз, сайлау комиссиялары, әсіресе 

учаскелік комиссия мүшелері заңды түрде 

әрекет ететініне баса назар аударамыз. ҚР 

Конституциясының нормаларын, «Сайлау 

туралы» Заңды, халықаралық қағидаларды 

білгенін қадағалаймыз.  Сай-

лаушыларда, бақылаушыларда 

сұрақ туындаған жағдайда, олар 

жауап  бере  білуі  тиіс»,  -  деп 

атап  өтті  М.  Сарыбеков.  «28 

ақпанда облыс, қала және аудан 

әкімдіктері  облыстық  сайлау 

комиссиясына деректер ұсынуы 

тиіс. 4 наурыздан кешіктірмей біз бекітілген 

тізімді  ОСК-ге  ұсынуымыз  қажет.  Қазір 

тізімді нақтылау бойынша жүйелі жұмыстар 

жүргізілуде. Нақты уақытта облыс халқының 

жалпы cаны 1 миллион 100 мың адамнан 

асып отыр. Олардың ішінде сайлаушылар 

525 366 адамды құрайды. Бұл сан 4 наурызға 

дейін нақтыланып, қорытындысы Орталық 

сайлау комиссиясына жолданатын болады. 

Сайлау  –  еліміздің  өміріндегі  маңызды                                                                                           

саяси оқиға. Бұл ретте, сайлау органдарының 

басты  міндеті  –  сайлаудың  заңдылығын 

қамтамасыз  ету,  яғни  сайлау  заңнамасы 

мен жалпыға бірдей танымал халықаралық 

қағидаттар талаптарына сәйкес әділ және 

ашық  сайлау  науқанын  өткізу»,  -  деген  

облыстық аумақтық сайлау комиссиясының 

төрағасы  саяси науқанға орай бөлінетін 

қаражатты  үнемдеуді  баса  айтты.  Жиын 

барысында  Махметқали  Нұрғалиұлы  ел 

өміріндегі  болашақтың  қуатты  қадамын 

айқындайтын сайлау жұмыстарына қатысты 

БАҚ  өкілдерінің  сұрақтарына  жауап 

берді. Қалалық «Жамбыл-Тараз» газетінің 

тілшісі  Н.С.  халықаралық  байқаушылар 

жөнінде  және  сайлау  жұмыстарына 

қажетті  техникалардың  жабдықталуы, 

оралмандардың сайлауға түсуі мен дауыс 

беру мәселесі, жеке төлқұжатын жаңартып 

жатқан  тұрғындар  үшін  саяси  науқанға 

қатысу мүмкіндіктерін сұрады. Комиссия 

төрағасы әлемдік қауымдастықтардың на-

зарында  тұрған  сайлауға  ТМД,  Шанхай 

бірлестіктерінің  өкілдері  қызығушылық 

танытып  отырғандығын,  ал  сайлау 

жұмыстарына  қажетті  техникаларды 

жаңартуға  қаражаттың  бөлінбейтіндігін, 

оралмандардың сайлауға қатысуға ешқандай 

құқығы  жоқтығын  және  төлқұжатын 

жаңартып  жатқан  тұрғындар  уақытша 

құжат  қағазының  көмегімен  дауыс  бере 

алатындығын  айтып  өтті.  Махметқали 

Нұрғалиұлы  бұрын  бас  бостандығынан 

айырылған  азаматтардың  сайлауға  түсу-

түспеуі секілді бірқатар шешімін таппай 

отырған мәселелерді де тілге тиек етті. 



Халық пен билік

4

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №6 (1294), 10 ақпан 2016 Жыл  //



ҚоғаМдыҚ кӨлік 

Мәселесі Қозғалды

Шаһар  басшысының  4-ші  округ 

тұрғындарымен кезекті есепті кездесуі 

М.Мақатаев  атындағы  №14  мектепте 

өтті.  Тұрғындар көтерген  мәселенің 

басым көпшілігі жол жөндеу мен жарық 

мәселесіне қатысты болды. 

Жиынды  қалалық  мәслихаттың 

хатшысы  Балабек  Нарбаев  жүргізді. 

Атқарылған  ауқымды  жұмыстар  мен 

қаланың болашақтағы қуатты жоспар-

ларымен толық таныстырып, сөз тізгінін 

алған Нұржан Сәбитұлы Елбасы Жолда-

уында көрсетілген басым бағыттармен 

қатар, алдағы саяси науқанды да тілге 

тиек етті. Былтыр осы аумақтық округте 

өткен есепті кездесу барысында 8 аза-

мат сөз сөйлеп, 14 ұсыныс-пікір түссе, 

соның 11-і толық орындалыпты, ал 3 

сұрақ  бойынша  әлі  жұмыстар  жүріп 

жатыр  екен.  Жиын  барысында  аумақ 

тұрғындары қала басшылығы тарапынан 

атқарылып жатқан нәтижелі жұмыстарға 

ризашылықтарын  білдіріп,  шешімін 

таппай келе жатқан мәселелерін айтты. 

Мәселен, №24 кварталдық комитетінің 

төрағасы  Галина  Марченко  қазіргі 

уақытта өзі тұрып жатқан Уәлиханов 

көшесіндегі жарықтандыру мәселесінің 

шешілмей келе жатқандығын алға тарт-

ты. «Көшені жарықтандыру мәселесін 

көтеріп келгенімізге бірнеше жылдың 

жүзі болды. Әрине, қайта-қайта мәжбүр 

болғаннан кейін айтамыз.  Тіпті мектеп 

маңайында  да  жарық  жоқ.  Кешкісін  

тас қараңғы көшемен жүру оқушылар 

түгіл үлкен адамдарға да қиын. Әрине 

қараңғы жерде бұзақылық, ұрлық секілді 

қылмыстар да болып жатады. Ол жасы-

рын емес. Біз де елмен бірге жарық, таза, 

қауіпсіз көшеде өмір сүргіміз келеді. 

Сондықтан, жарықтандыру мәселесін 

бірден  болмаса  да,  біртіндеп  шешіп 

берсеңіздер» - деді ол. Сонымен қатар, 

Галина  Николаевна  бірнеше  жылдар 

бойы Спирт зауытына қарап келген 500 

үйдің ауыз су мәселесін де атап өтті. 

Қазіргі таңда аталған сұрақ бойынша 

тұрғындарды  «Тараз-Су»  КММ-нің 

балансына қашан өтеміз деген мәселе 

мазалайды екен. Ауыз су желілерін 90%-

ға тұрғындар өз қаражатымен дайындап 

қойған да көрінеді. Қала басшысының 

тапсырмасымен  мекеме  мамандары 

тұрғындардан қажетті өтініш жасалса, 

балансқа қосамыз деп отыр. Бұдан бөлек, 

№24 кварталдық комитетінің төрағасы 

қысы-жазы аумақ тұрғындарын әбігерге 

салып  келе  жатқан  асфальтсыз,  тар, 

жаяу жолсыз көшелерді де айтып өтті. 

Құрманғазы  көшесінің  тұрғындары 

№38  балабақша маңындағы көшенің 

тарлығына  және  жарықтандырудың 

төмендігіне  байланысты  шағым  айт-

ты.  Ал  №25  кварталдық  комитетінің 

төрағасы Жанар Мырзабекова «Кірпіш 

зауыты»  алқабына  қарасты  бас-аяғы 

17  көшедегі  бағаналардың  шамдары 

аптасына бір рет қана жанатынын ай-

тып, тас қараңғы көшелермен мектепке 

қатынап жүрген оқушылардың мәселесін 

көтерді. «Байқоразов көшесінде жоғары 

вольтті сымды екі бағанаға қалай болса 

солай орнатып кеткен. Жыл сайын жер 

жұмсарғанда  ол  бағаналар  теңселіп, 

құлаудың үстінде тұр. ЖКХ-ның маман-

дары келіп, ешқандай шара қолданған 

жоқ. Ал электр қуаты жоғары бағана қай 

күні, кімнің үстіне құлайтыны белгісіз. 

Осы  мәселені  шешіп  берсеңіздер»-

деді ол. №27 кварталдық комитетінің 

төрағасы  Тамара  Зефтериди  аумаққа 

қарасын  көрсетпей  кеткен  қоғамдық 

көліктердің мәселесін қозғады. «№034 

қоғамдық көлігінің жол жүру кестесі 

біздің  тұрғындар  үшін  қолайлы  еді. 

Бірақ аталған маршрут бір күні бар, бір 

күні жоқ. Тіпті, басында жақсы жүріп 

жүрген ол қазір мүлдем біздің аумаққа 

аяғын аттап баспайды» - дейді тұрғын. 

Дегенмен, бұл тұрғынның да айтып өткен 

басқа мәселелері жолдарды асфальттау 

мен жарықтандыруға қатысты болып 

шықты.  Тар  жолдардың  салдарынан 

көлік апаттары, ал жарықсыз көшелерде 

бұзақылықтар жиі орын алатын көрінеді. 

Ал көше бағаналарындағы  күйіп кет-

кен шамдар қанша өтініш жазылса да 

ауыспайды екен. «Барысхан» алқабына 

қарасты Сүйінбай көшесінің тұрғындары 

да электр жарығы мен миы шыққан қара 

жолдарға байланысты мәселелерін ортаға 

салды.  №14  мектеп  оқушыларының  

ата-аналары  оқу орнының айналасына 

асфальт салып беруді сұраса, «Қарасай» 

алқабынан  3 шақырым жерге келіп білім 

алып жүрген балаларының назын айтқан 

ата-аналар да табылды. «Мүмкіндік бол-

са, оқушыларды тасымалдайтын көлік 

бөлініп, көшелер жарықтандырылса» 

дейді баласы үшін шырылдаған ата-ана. 

Қазіргі  таңда  қала  бойынша  5  мек-

тепке  оқушылар  арнайы  көліктермен 

тасымалданады екен. «Бала саны мен 

арақашықтық талаптары сай болса, ол 

мәселе де шешімін табады» деп отыр 

білім бөлімінің мамандары. Қала басшы-

сы жиын барысында тұрғындар көтерген 

барлық мәселелерге жауап беріп, оларды 

шешуге байланысты бірқатар жауапты 

мамандарға тапсырмалар жүктеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет