Сынып әкімі - Жетенов Максат•Сынып белсенділерімен жұмысты ұйымдастырады және сыныпты барлық істерге бастайды;
•Уақытша ауырып қалған мүшенің қызметін атқарады;
•Сынып намысын, беделін қорғап жүреді;
•Жоспарланған жұмыстарды іске асыруға шабыттандырады;
•Жүргізілген жұмыстардың нәтижесін сараптайды және сынып сағаттарында баяндайды.
Тәртіп секторы – Набатов Расул
•Сабаққа келмегендерді белгілеп отырады;
•Сыныптағы тәртіп мәселесіне қарап отырады;
•Сынып және мектеп ережесін , тәртібін бұзушылармен сынып жиналыстарында әңгімелеседі.
Оқу секторы—Айдарбек0ызы Сабина
•Сынып жетекшісіне оқу процесінде көмек көрсетеді;
•Сабақ кестесіндегі өзгерістерді оқушыларға хабарлайды;
•Сынып жетекшісі, пән мұғалімімен келісіп, сыныпта білім сайыстарын өткізеді;
•Сынып жетекшісіне тоқсан, жыл аяғында табель толтыруға, күнделік соңына оқушы бағасын қоюға көмектеседі;
•Үлгірмеуші сыныптастарына көмек ұйымдастырады.
Мәдениет секторы –Мауленова Айзере
•Сынып жетекшісіне сыныптағы іс-шараларды жоспарлауға көмектеседі;
•Мектептің тәрбие жоспарымен танысады, соларды өз жұмыс жоспарына енгізеді;
•Сыныптың мектепішілік іс-шараларға қаысуына атсалысады;
•Сыныптастарды, мұғалімдерді құттықтау мерекелерін ұйымдастырады;
•Қызықты кештер, диспуттар, мәдени-ағарту іс-шараларын ұйымдастырады.
•Жүргізілген жұмыстардың нәтижесін сынып сағаттарында хабарлайды.
Спорт секторы-Маратулы Темирлан
•Мектепішілік жарыстарға қатысатын команда құрайды;
•Дене-шынықтыру пәні мұғалімімен байланыста болады;
•Жарыстарға қатысу үшін іс-қағаздарды толтырады;
•Сынып жетекшісімен бірігіп, сынып ішінде кіші спартакиада өткізеді;
•Өткізген жұмыстары жөнінде сынып жиналысында баяндайды.
Сынып жиналысын қорытындылай келе қаулы етеді:
1. Жол тәртібін сақтау сынып оқушыларына міндеттелсін.
2.Өзен, көлдерде қауіпсіздік ережелерін сақтау оқушыларға тапсырылсын.
3.Сынып белсенділері қызметін атқару сынып белсенділеріне міндеттелсін.
4.Оқулықты ұқыпты ұстау,жеке бас гигиенасын сақтау сынып оқушыларына міндеттелсін.
Сынып жетекшісі, хатшы: _____________Борикулова А.А.
Достарыңызбен бөлісу: |