Курстық жобаның міндеттері:
Оқушының немесе мұғалімнің педагогикалық ғылыми жаңалықтарды меңгеру;
Олардың ғылыми, жүйелік, теориялық практикада тәжірибесімен байланыстылығы, тарихи, дидактикалық қарама-қайшылық, сан мен сапаның бірлігі сияқты категориялық меңгеруін.
Курстық жобаның тақырыбын таңдау және бекіту
Тақырыптар оқытушының жетекшілігімен оқытушының өз таңдауы бойынша бекітіліп, оқу бөлімінде тіркеледі.
Курстық жобаның көлемі мен мазмұны:
Курстық жобаның жоспары оқытушының жетекшілігімен немесе өз бетімен жасалады. Жоспарда таңдалған тақырып бойынша жоспардың құрылымдық элементтерін сақтай отырып барлық сұрақтар енгізілуі тиіс. Курстық жобаның жоспарын құрғанда қажетті әдебиеттерді анықтап алу қажет. Курстық жобаның мазмұны таңдалған тақырыпқа сәйкес келіп, оның негізгі ерекшеліктерін ашу керек.
Курстык жобаның мазмұнында төмендегі бөліктер қамтылуы тиіс:
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
Қорытынды бөлім
Кіріспе бөлімде келесі мәселелер қаралады: өндірісте құрылымдық мінездеме, ұйымдастырылған құрылым, кәсіпорынның ерекшеліктері, өндірістік потенциал.
Негізгі бөлімде оқушы:
Оқылған тақырыпты толық ашуға;
Өндірістік жағдайын жеке-жеке талдауға;
Сызбалар, кестелер арқылы артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтауға тиіс.
Қорытынды бөлімде оқушы шешімдері мен ұсыныстарын жазуы қажет.
Курстық жобаны орындау үшін төмендегідей жұмыстарды орындау қажет:
Жұмыс жоспарын жасау;
Жұмысты орындау үшін қажетті материалдарды жинақтау;
Жоспарға сәйкес курстық жобаны жазу;
Қорытынды жасау;
Жұмысты стандартқа сәйкес орындап, қолданылған материалдарды тіркеу.
Курстық жобаның құрылымы:
Титул парағы
Тапсырма
Жоспары
Есептік-түсіндірме хатының мазмұны
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Бекітілген оқу жоспарына сәйкес сұрақтар мен жауаптардың теориялық және дидактикалық мазмұны толық ашылады және кәсіптік білімді толық меңгереді. Курстық жобаның мәтіні қолданысына қарай нөмірленіп, қажетті сөйлемдермен беріледі. Курстық жобаның мазмұны қарапайым, ойлы, анық тілмен жазылуы тиіс.
Курстық жобаны жазу кезінде білім алушы кез-келген тәжірибелі оқытушылардан кеңес алуына болады. Курстық жоба компьютермен теріп жазылады және сызбалары презентация (слайд) түрінде көрсетеді. Терілген курсытқ жоба баспа құрылғысы арқылы бір жарым жол аралығында анық ұқыпты етіп бір бетке жазылуы тиіс. Барлық беттер кіріспеден 3-нөмірден басталып нөмірленеді. Әр тарау, сұрақтар жоспардың атауына сай беріледі. Курстық жобаның беттері парақтың төменгі бөлігінің ортасына нөмірленеді және әр бетте келесі параметрлер сақталуы керек: сол жағы -2,5см, жоғары бөлігі -1,5см, оң жағы- 1,5 см, төменгі бөлімі-1,5 см. Беттегі сызықтардың көлемі қара қаламмен бөлінбейді, жаңа жол-1 см.
Әр бөлім жаңа беттен басталады, ал бөлімнің тарауларын сол бетте жазуға болады. Кестелер, сызба, диаграммалар мәтіннің ішінде келтіріліп, нөмірленеді. Әр кестеге әдебиеттен сілтеме жасалып отырады. Қосымшалар кестеден бөлек нөмірленеді. Тақырыпқа қатысы жоқ кестелер мен сызбаларды келтірудің қажеті жоқ. Қосымшалардың әр беті де нөмірленеді.
Курстық жобада заңдылыққа сәйкес сөздерден басқа сөздер қысқартылмайды. Курстық жобаның көлемі қосымшадан бөлек таспамен терілген мәтін бойынша 20-25 беттен кем болмауы тиіс. Курстық жобаның барлық беттері сыртқы бетін арнау арқылы папкаға тігіледі.( қосымша№1)
Курстық жобаның бірінші және екінші беттері тақырыпқа сәйкес жоспарға бағытталады. Үшінші беттен бастап кіріспенің мәтіні т.б беріледі және мәтіннің соңғы бетіне оқушы өзінің қолы мен күнді қояды
Достарыңызбен бөлісу: |