2021 ж. В. Жұбаниязова тіркеу № 2021 ж. «Жол және станса құрылғысы»



бет1/8
Дата01.02.2022
өлшемі27,44 Kb.
#24640
  1   2   3   4   5   6   7   8



ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

«БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН Колледж әдіскері Директордың оқу жұмыстары ________ А.Ш.Сарбалаева жөніндегі орынбасары

«___»____________2021 ж. __________ В.Жұбаниязова

тіркеу № «___»_________2021 ж.
«Жол және станса құрылғысы» пәнінен

курстық жобаны орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық

Мамандығы: 1203000 - «Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және көлікті басқару»

Оқытушы: Смайлова Жазира Серікқызы

Оқу тобы: ОПДТ-19/9

«Техникалық мамандықтар» циклдік комиссия

отырысында қаралды және мақұлданды

_____хаттама «__ » ________ 2021 ж.



ПЦК жетекшісі ___________________ Г.Ешжанова


КІРІСПЕ
Курстық жоба- оқушылардың алған теориялық білімдерін бекіту, тереңдету және теориялық материалдарды өндіріс жағдайларында пайдалану, іскерлігін арттыру мақсатында орындалатын жұмыс болып табылады.

Курстық жобада оқушы өзінің жан-жақтылығын, эрудициясын қәзіргі заманғы ғылыми-техникалық таңдаған мамандығында пайдалана білуін, өндірістік және тұрмыстық нысандарының қауіпсіздігі мен еңбек қорғауды қамтамасыз ету, қоршаған ортаның ластанбауын, жол және станса құрылымдары кезіндегі апаттық жағдайларды болдырмауды қамту керек.

Курстық жобаны Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және көлікті басқару мекемелерінде өндірістік тәжірибеден өткен кезде жинаған материалдар және де түрлі техникалық әдебиеттерден алған материалдар негізінде жасайды және де дипломдық жұмысты орындауға дайындық болып табылады.

Білім алушы курстық жоба орындау барысында теориялық білімдерін, сол саладағы оқыған лекция курсынан, техникалық оқулықтардан алынған білімдерін қолдануды үйренеді. Жобалау процесінде оқушы қойылған міндетті тізбекті түрде шеше білуі керек, нақты және қысқаша қойылған техникалық шешімдерді, графикалық және анықтамалық жазу материалдарын сауатты орындай білуі керек.

Курстық жоба және оның мақсаттары- студенттердің логикалық ойлау шығармашылық қабілеттерінің оқу- тәрбиесіндегі дағдысын,

ғылыми- зерттеушілік шеберлігінің деңгейін, теорияны практикамен ұштастыра білу мүмкіншілігін практикада қолданып, қалыптастыру.

Оқу жоспарына сәйкес нұсқау 1203000 - «Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және көлікті басқару» мамандығының 3 курс білім алушылары «Темір жол көлігінде қозғалысты ұйымдастыру» пәні бойынша курстық жоба жасап, оны қорғайды.

Курстық жобаны орындауға ілім алушы алдыңғы курстар бойынша өтілген теориялық және тәжірибелік материалдарды меңгеріп, нұсқаумен берілген әдебиеттерді оқып, тәжірибе жүзінде игергеннен кейін кіріседі. Курстық жоба оқушының пән бойынша оқыған материалдарына сәйкес орындалады.

Курстық жоба мақсаты- оқушының теориялық және тәжірибелік жағынан терең білім алуға, өзінің оқу негізінде мамандығы бойынша тәжірибе жинауға, оқу және ғылыми әдебиеттерді зерттеуге, оқу пәндерін өту кезіндегі білік- дағдыларын тәжірибе жүзінде іске асыруға жетелеу. Мазмұнды және ұқыпты жазылған курстық жобаны көлемін толтыра отырып алдағы уақыттағы дипломдық жұмысқа немесе оның бір бөлімі ретінде қолдануға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет