2021 жылдың жазғы кезеңінде қала оқушыларының демалысын, сауықтырылуы мен бос уақытын ұйымдастыру туралы



Дата09.05.2022
өлшемі36,5 Kb.
#33669
Байланысты:
жазғы демалыс-2021



2021 жылдың жазғы кезеңінде қала оқушыларының демалысын, сауықтырылуы мен бос уақытын ұйымдастыру туралы
2021-2021 оқу жылында Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты –151 жалпы білім беретін мектептерінде – 213 337 оқушы білім алуда. Оның 11-сыныпта 9342 бала бітіруші түлектер. Демалыспен қамтылуы тиіс 1-10 сынып аралығында 203 995 оқушы.

Жалпы оқушының көп балалы отбасы балалары – 11 789, аз АСП алатын отбасның балалары – 43 384, жетім ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 565, төтенше жағдайға душар болған отбасының балалары 10. Жалпы аз қамтыған отбасының 55 748 баласы мемлекеттік білім беру ұйымдарында білім алуда.

Аз қамтылған отбасылардың балаларын қала сыртындағы лагерлерде демалдыру мақсатында қала бюджетінен 249 млн. 652 мың теңге қаралған. Аталмыш қаржыға жалпы орта мектептерінен 7 341 бала, балалар үйінің 157 баласы және дарын мектептерінің 300 баласы қала сыртындағы лагерлерде демалатын болады. Одан бөлек Ата-аналар есебінен 22 655 бала демалатын болатын болады.

Оқушылар сарайына қарасты «Ақсу» лагеріне 40 млн.906 мың теңге бөлініп, 1200 баланы 8 ауысымда қамту жоспарлануда. Әр ауысымда санитарлық талаптарды сақтай отырып 150 баладан қамтылатын болады.

Қала сыртындағы лагерлермен қатар, мектеп жанындағы мектеп алды алаңдары жұмыс жасайтын болады.

Қала сыртында демалатын отбасының балаларының әлеуметтік жағдайы:

- 157 жетім балалар;

- 4093 АСП алатын отбасының балалары;

- 2653 көп балалы отбасныңы балалары;

- 895 жартылай жетім отбасының балалары;

- 22 655 ата-аналар есебінен қала сыртындағы лагерлерде демалыс аймақтарында демалатын болады.

Қаладағы санитарлық эпидемологиялық жағдайға және «Қызыл аймақта» аймаққа қайта-қайта ауысуға байлынсты қала мектептерінің жанынан жазғы демалыс алаңшаларын ашу мүмкіндігі болмай отыр. Бала өмірінң қаупісізідігінің маңыздылығын ескере отырып, жаз мезгілінде онлайн форматта оқушылармен күніне бір рет қатынас орнатып, түрлі тәрбиелік мәні бар сағаттар ұйымдастыру жоспарлануда.

Биылғы жылы аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы лагерлерде демалу үшін ата-анадан өтініш қабылдау E.gov порталы арқылы онлайн қабылданатын болады.

Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушлықтың алдын алу, бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 12 аула клубында ақысыз үйірмелер ашылып, көпшілік мәдени іс-шаралар өткізіледі. Сонымен қатар, аталмыш аула клубтарындағы балаларды ата-аналардың демеушілігімен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облысымыздағы тарихи-мәдени орындарға экскурсия, саяхатқа апару жұмыстары жүргізіледі. Балалардың бос уақытын тиімді өткізу тұрақты бақылауға алынады.

Барлық жазғы сауықтыру орталықтары қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан жұмыс жүргізу үшін рұқсат қағаздарын алып, залалсыздандыру (дезинфекциялау) жұмыстары жүргізілді.

Барлық лагерлерде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, осы жылдың 5 маусымынан бастап балаларды қабылдайтын болады.



Оқушылардың жаз мезгілінде алаңсыз тынығып-демалуы, жаңа оқу жылына қуанышпен және тың күшпен келуі білім басқармасының назарында болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет