Мағжан Жумабаев атындағы халықаралық колледжі
БЕКІТЕМІН
Колледж директоры
_______Елеусизова Р.Х
«___»_______2023 ж.
Мамандық: 0201000 «Құқықтану»
Тобы: ҚҚ-31
«Азаматтық құқық және Азаматтық іс жүргізу құқығы» пәндерінен
қорытынды аттестаттау
Емтихан билеті № 30
Заңды мұрагерлік
Сараптама жүргізу тәртібі
Есеп № 30
Арнайы пәндер циклдік комиссия отырысында қарастырылды және бекітілді
Хаттама №______ «_____»__________2023 жыл
ПЦК төрайымы ______________Жарылқасын А.М.
Оқытушы ___________________Сағидолла А.С
«Азаматтық құқық», «Азаматтық іс жүргізу құқығы»
пәндерінен мемлекеттік емтихан есептер
Есеп №1
Жергілікті әкімшілік шешімімен Сапарованың некелік жасы 17 жасқа дейін түсіріледі, содан соң барып ол Нышановқа тұрмысқа шығады. Басқа ауылда тұратын күйеуінің үйіне көшуіне байланысты Сапарова өсиет бойынша еншілікке тиген үйін сатпақшы болады. Ол үйді сатып алуға ешкім ниет білдірмегендіктен, ол көршілерінің бірі Нақыповқа 500 АҚШ долларына үйді құрылыс материалы ретінде сатуға келісім жасайды. Сапарованың ата-анасы үй бағасының төмен болуына байланысты бұл келісімге қарсылығын білдіреді. Сапарова Нақыповпен шарт жасасып қойғанын және оны өзгертуге немесе бұзуға ниеті жоқ екенін айтады. Ата-анасы жасы кәмелетке толмаған қыздарының олардың рұқсатынсыз шарт жасасқандықтан, Нақыповпен жасасқан шартын жарамсыз деп тану жөнінде талап арызбен сотқа жүгінеді.
Сот қандай шешім шығаруы тиіс?
Есеп №2
Прокурор Сексеновты әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тануды ұсынып сотқа арызданады. Арызда жалғыз өзі коммуналдық пәтердің бөлмесінде тұрып жатқан Сексенов арақ ішіп көршілерінің мазасын алатыны көрсетілген. Прокурордың арызына қосымша ретінде Сексеновтың созылмалы маскүнемдікпен ауыратыны және әрекет қабілеттігін шектеу керектігі жайында психоневрологиялық диспансердің анықтама қағазы қоса тапсырылады. Сот Сексеновты “әрекет қабілеттігі шектеулі” деп тану жөнінде шешім шығарады.
Соттың шешімі дұрыс па?
Есеп №3
Өткелова өзінің бұрыңғы күйеуін “өлді” деп жариялау жөніндегі арызбен сотқа барады. Арызда Өткеловтың қайда жүргені туралы 5 жылдан астам уақыт хабарсыз екенін, оған дейін Өткеловтың алимент төлеуден қашып, соған байланысты іздестірілгенін көрсетеді.
Сот Өткелованың арызы мен Өткеловтың соңғы тұрған жерінің тұрғын үй кеңсесі берген анықтама қағазы негізінде оны хабар-ошарсыз кеткенін мойындау туралы шешім шығарады және бұл шешім заңды күшіне енген соң 3 жылдан соң арызданушыға оны өлді деп жариялау жөніндегі арызбен сотқа баруға болатынын түсіндіріп береді.
Соттың шығарған шешімі дұрыс па?
Есеп №4
14 жасар Дәулет Қашқынбаев көркем фильмді түсіруге қатысқан болатын, ол үшін 5000 теңге көлемінде сыйақы төленеді. Сол ақшаға ол кеңсе заттарын: қалам, қаламсауыт және жазу кітапшасын сатып алады. Дәулеттің әке-шешесі оны “ақшаны қалай-болса солай жұмсады” деп санап, сатып алынған заттарды қайтадан дүкенге апарады да бастықтан оны оларды қайта қабылдап алуды және ақшасын қайтаруды талап етеді. Дүкен меңгеушісі кәмелетке толмағандардың өз еңбегімен тапқан табысын өз еріктері бойынша жұмсауға болатынын айтып, ата-ананың талабын орындаудан бас тартады.
Дүкен меңгеушісінің пікірі дұрыс па?
Есеп №5
Некені бұзуға байланысты ерлі-зайыпты Қуанышевтар арасында бірге жинаған мүлікті бөлу жайында дау туады. Асан Қуанышев жиһаз гарнитуры, асханалық және шай сервиздері, көркем әдебиет кітапханасын және басқа да мүліктің бағасын ескере отырып, теңдей етіп бөлуін талап етеді. Бөлісу нәтижесі заттардың құнсыздануына әкелетіндіктен, Сабира Қуанышева ондай бөлініске қарсылығын білдіреді және Қуанышевқа жиһаз гарнитурын алып, ал оған асханалық және шай сервиздерін беруді ұсынады.
Пайда болған дауды шешу кезінде заттардың қандай жіктелуін ескеру керек және істің сотқа берілу жағдайында көрсетілген мүлік қалай таратылуы тиіс?
Есеп №6
Серікжанов комиссиялық дүкенге скрипка сатып алу үшін келеді. Скрипка қияғымен бірге қынапта жатқан болатын және олардың қасына бағасы қойылған. Серікжанов кассаға барып, көрсетілген сомаға чек соқытырып алады. Сатушы Серікжановқа қияқ пен қынаптың берілуін талап етеді. Сатушы оған баға тек скрипка үшін қойылғанын айтып жауап береді.
Бұл дауда кімдікі дұрыс?
Есеп №7
Авторлар мен театр арасында шарт жасалды. Ол шарт бойынша белгіленген мерзімге қарай біреуі либретто жазуға, ал басқасы музыка шығаруға міндет алады. Театр болса, тапсырылған шығарманың ойдағыдай болу жағдайында спектакль қоюды өзіне міндет етіп алады. Студенттер арасында осы құқықтық қатынастың объектісі шығарма шығаруды өзіне міндет етіп алған либретто авторы мен композитордың іс-қылығы болып табылады. Басқаларының айтуынша, бұл жағдайды авторлар шығармасын орындау міндетін алған театрдың іс-қылығын объект деп санау керек. Үшіншілері бұл қатынас шығарма сияқты игілік жөнінде туған деп ойлайды. Кейбіреулері осы құқықтық қатынаста тіпті объектінің бар болуына күмән білдірді.
Ал сіздің пікіріңіз қандай?
Есеп №8
Манарбаев, құрамына көне алтын ділдәлар мен алтын қасықтар, шанышқылар, сонымен бірге марқұмның қолжазбалық туындылары бар мұраға ие болады. Заңды бұзып аламба деп күмәнданған Манарбаев, өзінің ие болған алтын ділдәлары мен мұра қылдырушының қолжазбаларына ие болу құқығын түсіндіріп беруін сұрап, заң кеңесшісіне барады.
Қандай түсініктеме берілуі тиіс?
Есеп №9
Кәсіпорынды, мүлік кешені ретінде сату кезінде, сатып алушыға өтетін мүліктің құрамын анықтау жөнінде, сатушы мен сатып алушы арасында келіспеушіліктер туады. Сатушы оның билеуінде кәсіпорынның сатылмаған өзі шығарған өнімі қалуын, сонымен қатар өткізіліп жатқан кәсіпорын құрамынан мүліктік емес құқықтардың (фирмалық аталу құқығы, тауарлық белгі құқығы) шығарылуын талап етеді.
Сатып алушы өз алдына, тек активі бар қолдағы мүлікті ғана қабылдауға тиіс деп санап, өткізілетін кәсіпорынның құрамынан оның қарыздарын шығарып тастауды талап етеді.
Бұл дауда кімдікі дұрыс?
Достарыңызбен бөлісу: |